Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Аукцион сабақ "Информатика әлемі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Аукцион сабақ "Информатика әлемі"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Информатика әлемі» аукцион сабақ.
Мақсаты:
• Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .
• Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
• Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Түрі: аукцион сабақ.
Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.
І-кезең Компьютермен жұмыс. Екі топтан бір оқушыдан компьютерге отырып MS Word мәтіндік редакторы тарауында орындалатын зертханалық жұмыстар орындайды.
ІІ-кезең Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.
ІІІ-кезең «Мақал – сөздің мәйегі». Оқушылар мақалдардың баламасын табулары керек.

ІҮ-кезең.Сергіту сәті. Оқушылар информатика пәнінде кездесетін терминдерді пайдаланып, үйден дайындап келген эсселерін оқиды.
Ү-кезең. Білім аукционы. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды және сақтап қалады.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Информатика әлемі» атты аукцион сайыс сабағымызғы қош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).


«Ғаламтор» дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетеміз бойга жинап ілімді.


«Эврика»- тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.
Аукционда информатика пәндерінен алған білімдерінізді көрсетесіздер.


1кезең. Әр топтан бір оқушыдан компьютерге отырып, MS Word мәтіндік редакторы тарауына жұмыстар орындайды. 6 тапсырма беріледі. Әр тапсырманың өз бағасы бар. Оқушы қалаған тапсырманы алып орындай алады.Тапсырмаларды орындау арқылы өз тобының ақша қорын көбейте алады.

1.тапсырма- Қарапайым мәтін теру.

2. тапсырма- Желтоқсан 2015 күнтізбесін жасау.

3. тапсырма- Рефераттың титул бетін жасау.

4. тапсырма- Сабақ кестесін жасау.

5.тапсырма-Мамандыққа байланысты автофигуралармен жұмыс жасау.

6. тапсырма-Формулалар теру.


2кезең.Эрудиттер сайысы. Әр топ 10 минут ішінде 10 сұраққа жауап берулері керек.

1-2сұрақ-200т

3-4сұрақ-500т

5-6 сұрақ-1000т

7-8 сұрақ-2000т

9-10 сұрақ-5000т

Әр сұрақ теңгемен бағаланып отырады.
1 топқа арналған сұрақтар:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
3. Сурет салуға аранлған программа (Пайнт)
4. Вирусты тауып жоятын программа (Антивирус)
5. Қағаз бетіндегі мәліметті жүйелік блокқа ендіретін құрылғы (Сканер)
6. Бір байтта қанша бит бар? (8 бит)
7. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)
8. Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі.(Интернет)
10. Екілік санау жүйесінің сандары (0,1 сандары)

2 топқа арналған сұрақтар:
1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
2.
Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған программа (MS Word)

3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
4. Ең алғашқы программаны кім жазған? (Ада Лавлейс)
5. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
6. Windows сөзінің аудармасы (Терезе)
7. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
8. Компьютер деген не? (Ақпаратты өңдеу құралы)
9. Пернетақтаның қызметін атаңыз (Жүйелік блокқа мәліметтерді енгізу құрылғысы)
10. Microsoft фирмасының президенті (Билл Гейтс)


3кезең. «Мақал- сөзің мәйегі».Оқушылар әр мақалдың баламасын табулары керек. Әр мақал теңгемен бағаланған. Дұрыс жауап беру арқылы оқушылар өз топтарының капиталын көбейтеді.

1.Байт биттен құралады.

2. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас.

3. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

4. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

5. Білмесең, «анықтама»- дан сұра.

6. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядоролы одан да жақсы.


4кезең.Сергіту сәті. Оқушылар үйден дайындап келген эсселерін оқиды.

1.Әлеуметтік желілер

Өтіп еді mail.ru-мен күн-түнім

Менсізбейміз mail.ru-ды біз бүгін

Күні-түні отырамыз бас алмай

Тауып алдық ВК деген үздігін.

Зияндығын денсаулыққа білеміз

Біле тұра күнде кіріп жүреміз

Бір Алладан бір несібе күткендей

Көзімізді тырнап ашып кіреміз.

Бұл заманда қолданамыз Facebook

Қосып алдық тағы-да Твиттер-ін

Өміріміздің бір бөлшегі секілді

Твиттерден қазағыма биік бер.

2."Заманауи техника"

Компьютер деген бір құрал

Қақтырады таңдайды,

Таңғажайып бұл нарсе

Бізге қатты ұнайды.

Қазір заман құрғырың

Шарықтап тұрған шеті ғой,

Айфон,Самсунг Галаксий

Телефонның түрі ғой.

Баспасөздің беттері

Жарыстыра жазуда

Зиянды деп бұл құр

Бірақ әрі кетпей

Сәл кідіріп көрейік

Пайдасы да бар шығар

Ыбырай атам айтқандай

Мың шақырым жеріңнен

Көзіңді ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызар

Қарап шықтық біртіндеп

Техникалар мекенін

Бұның бәрі қолыңда

Болашақтың жолында

Болады саған керегі.

3.Информатика

Біздің заман-компьютердің заманы,

Үйренеміз интернеттен бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну

Компьютерді, интернетті, бәрінде!

Біздің апай үйретеді жалықпай

Үйренсін деп,бізді білім алсын-деп

XXI ғасыр-компьютердің заманы

Нанотехнология әлі даму үстінде

Жаңалықтар көптеп ашылу үстінде

Адамзаттың қолы жетер бәріне.

4.Қазіргі заман

Бәріміздің бар ойымыз компьютер

Құртамыз біз уақытымды тым бекер

Компьютермен ұзақ уақыт ойнамай

Бармайсың ба, кітапхана-"Пушкинге"

Компьютердің басқанынша тақтасын

Істемейді-ау сенің анау дәу басың

Ойын ойнап интернетті ақтармай

Сабақ оқы, жүр Алланың жолымен

Жақсылыққа ниет етте жол баста

Ақ жолменен жүрген бізгі болмас па

Компьютерді жинастырып бауырым

Оқу, білім, спорт жаққа жол баста.

5.Компьютер сен қандайсың?

Компьютер жан қаңдайсың?

Ақылды болып қоймайсың

Антивирус киіп алып

Вирустарды алдайсың.

Компьютер-ау қандайсың

Ақымақсың-ау қоймайсың

Өтірік ойын жазып ап,

Оқушыларды алдайсың.

Компьютер жан мықтысың

Ұнап тұр ғой бұл ісің

Бұл заманда дамытып

Жақсы ғой бұл бір ісің.

6.Компьютер тарихы

1948 жылы адамзат баласы есептеуге ыңғайлы машина создать етіпті.Машиналарды олар жыл сайын обновить етіпті.Қазіргі кезде машиналар үлкен мүмкіндіктерге ие.Ол машинаның есімі-Компьютер.Алғашқы компьютердің басы-жүйелік блок,беті-монитор,қолы-клавиатура болған. Жылдар өте оның түрлі сезім мүшелері пайда болды.Олар тышқан,наушник,принтер,сканер,модем,упс.Компьютер әлі де жетілу үстінде.

7. Достық

Компьютер үйренбей мақтанба,

Кнопка баспай баптанба

Құмарланып компьютерге

Сабақты жайына тастама

Монитормен клавиатура дос

Мышкамен процессор дос

Винчестер CD- ROM мен дос

Мегалайн интернетпен дос

8. Компьютердің зияны

Әлемнің вирусын

Жинадың сен маған

Ойынның барлығын

Сыйладың сен маған

Сен берген ойынды

Тоқтамай ойнадым.

Көзімнен айрылып

Ойында тоқтаттым

9. Техниканы меңгеру

Мультимедиялық кабинет

Техниканы үйреніп жет

Керек болады өмірде

Компьютер мен интернет

Жастарымыз ғаламтормен жасайды жұмыс

Сол арқылы өзгеріп жатыр Өмір- тұрмыс

Тағы айтам керек болар өміріңде

Меңгерейік техниканы барлығымыз !

10. Графикалық редактор

Пайнтта түрлі- түсті бояулар бар

Әр түрлі құрал- жабдық саймандар бар

Қара, ақ, қызыл, жасыл түрлі түсті

Сурет сала қоюға тышқаным бар.

Сызғыш бар, қалам бар, өшіргіш бар,

Шеңбер мен төртбұрышты фигура бар

Керек болса, сохранить ету де бар

Болмаса удалить ету де бар.


5кезең.Білім аукционы. Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, алдыңгы кезеңде жинаған ұпайлары да күйеді, яғни топ банкротқа ұшырайды.

Аукционға - ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
№1. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян).
№2. Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
№3. Ұлы тұлғалар галериясы. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс)
№4. Ақпаратты қорғау. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа? (Вирус)
№5. Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
№6. 1642 жылы 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

7. АҚШ-тағы алғашқы автоматты компьютер: ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна.Құрастырушысы Говард Айкен. Атауы, жылы? (МАРК-І. 1944ж.)
№8. 1673 жылы арифметикалық машина шығарған . Ол кім? (неміс математигі Лейбниц)
№9. ЭЕМ-ның дамуы неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)

10. Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың-5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді? Бұл құрал қазір қалай аталады? (Есепшот)

11. Ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы болып табылады. Санау үшін осы жолақтарға салынған мәрмәр шариктер қолданылған.(абак)
№12. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1843жылы).




Эксперт мүшелері мен көрермендермен ойын. Ең алғашқы дұрыс жауап бергенге сыйлық беріледі.

«АУЫСТЫРМАҚ»

Терчесвин- винчестер

Такедис- дискета

Сорцеспро- процессор

Магрампро- программа

Ретпьюком- компьютер

Шытқан- тышқан

Акткомксиди- компакт- диск

Тамикатема- математика

Дакротре- редактор

Енюм- меню
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 24 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Ендеше, «Информатика әлемі»аукцион сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Кезек эксперттерде.(Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).


Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров71
Номер материала ДБ-090018
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх