Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Ауыл мектебі - әлеуметтік-мәдени ошақ" ғылыми жоба

"Ауыл мектебі - әлеуметтік-мәдени ошақ" ғылыми жоба

Скачать материал

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі КМ

Аймақ негізгі мектебі КММ

Аймақ ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба

«АУЫЛ МЕКТЕБІ – ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ОШАҚ»

 

 (Білім кеңістігінің моделі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тәрбие ісі меңгерушісі;

Куттугожин О.С.

Аймақ негізгі мектебі

Аймақ ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2014ж.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.....………..………………………………………………………...….....3

 

Жобаның теориялық және ұйымдастырушылық кезеңі...………………............................................................................…..……7

 

Жобаға қатысушыларға ақпарат және мерзімі……………………..........................................................………..….….7

 

Жоба тақырыбының маңыздылығы.………………………………………………..............................7

 

Жобаның  орындалу объектісі…....…………………………...……………...................................…13

 

Жобаның зерттеу оъектісі.....……………………………………………...........................…..….13

 

Мақсаты мен міндеттері…….………………………………….................………………….13

 

Негізгі концептуалды ашылуы ……………………...........…………..............................................……....……14

 

Жобаның орындалуының негізгі бағыты.....………………………………..................................................….....16

 

Ғылыми және практикалық нәтиже,

зерттеу нәтижесінің безендірілуі…………………………………….......................................…….17

 

Қорытынды........................................................................................................18

 

   

 

 

 

 

                                                                                             

 

 

 

 

                  Ұрпақты ойлап балдырған,

Ауылға мектеп салдырған.

Сейфуллин Сәкен «Аймақ» -деп,

Өшпестей ізін қалдырған.

(ҚР мәдениет қайраткері,

жерлесіміз- ақын, сазгер

Тыныштық Дәндекұлы Шәменов)

 

   Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

 

 

Кіріспе

 

Мектеп 1961 жылы салынған. Қазіргі кезде мектебімізде 86 оқушы оқиды.  Шағын орталықта 23 бүлдіршін, жас аралығы 6-17 жасқа дейін. Мұғалімдер саны- 20, оның ішінде жоғары санатты- 3(15%), бірінші санатта 4(20%), екінші санатта 9(45%), санатсыз 4(20%), орта арнаулы 1(1%).,жоғары білімді -19(99%).  

Мектептің жұмыс кестесі – 6 күндік оқу ұзақтығы, білім беру жүйесі екі ауысым.

Мектебімізде 2007 жылдан бастап, шағын орталық жұмыс істейді. Мектеп жанында 0,8 га. жерге картоп отырғызылады. Жаппай оқумен қамту қорынан ыстық тамақпен 30 оқушы қамтамасыз етіледі.

         Оқу кеңістігінің мақсатын құруда, тұлғаның өмірде қалыптасу сапасын интеграция арқылы мектеп мүмкіншілігі және ауылдың әлеуметтік-мәдени байланыстары арқылы, баланың шығармашылық қалыптасуы мақсатында және әлеуметтік қалыптасуына, сонымен қатар Отанға деген патриоттық сезімінің оянуын, оқушының денсаулығын нығайту және қорғау, әлеуметтік-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және ауылдағы әлеуметтік-педогогикалық қызметті ұйымдастыру, дарынды оқушыларды қорғау, түлектердің жаңа моделін қалыптастыру, ауыл мектебінің жаңа үлгісін қалыптастыру, мемлекеттік-қоғамдық ұйымға айналу. Мектепте «Жасұлан», «Балдырған», «Денсаулық», «Тимур» ұйымдары, КВН командасы, қыздар  домбыра ансамблі, тоғызқұмалақ, «Шебер қолдар», «Жас ұстаздар», «Өлкетану», ата-аналар ұйымдары құрылған. Осылардың барлығы ауылымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, сонымен қатар мектептің қалыптасқан салт-дәстүрлерін көбейту және сақтау мақсатында жұмыс істейді.  

Заңды мекен-жай: Қазақстан Республикасы, СҚО, Тайынша ауданы, Аймақ ауылы, Бейбітшілік көшесі.

Оқу орнының толық аталуы: Аймақ негізгі мектебі, мемлекеттік коммуналды мекеме. Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы.

Қысқартылған оку орнының атауы: АНМ МКМ

            Білімнің шамшырағын жағып, нұрын  таратқан мектепті халық қашаннан қадір тұтады. Ел басына күн туған небір қиын замандарда да мектептің отын сөндірмей, болашаққа жалғап отырған. Мектеп халық жүрегінде үміт отын жағып, болашаққа деген сенімін ұялатты. Әрбір ауыл мектебі білім мен мәдениеттің орталығы, ел бірлігінің алтын қазығы болды. Қазақ мектебі – халқымыздың ұлттық асылдары мен қазыналарын сақтау, дамыту мен болашаққа аманаттаудың кепілі. Өткен ХХ ғасырдың басында Алаш ардақтыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...» - деген болатын.

Описание: http://www.taynshatany.kz/images/Shkola.jpg

  Солардың бірі –  Тайынша ауданындағы Аймақ негізгі мектебі. Алиева Сақыш Сұлтанқызы басшылық ететін бұл қазақ негізгі мектебі – жылдар бойы өзіндік  дәстүрі қалыптасқан іргелі әрі өзіндік тарихы бар оқу орындарының бірі. Ең бастысы сол, мектептің педагогикалық ұжымы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тынбай еңбек етіп келеді. Мектептегі  педагогикалық ұжым мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс атқаруда. 

   Мектепте 86 оқушы білім алуда, оларға 20 ұстаз саналы білім беруде. Мұғалімдер арасында  шәкірт жүрегіне білім нұрын құя білетін, ұлағатты тәрбие бере алатын жоғары,  бірінші санаттағы ұстаздар бар. Мектеп пән мұғалімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілген. Олардың 90% пайызы жоғары білімді. Оқу үлгерімі – 100 пайыз,білім сапасы – 45-47 пайыз төңірегінде. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – қоғамның басты міндеті. Сондықтан мектептің келелі мәселесі дұрыс таңдалып, мектеп басқару, сапалы білім беру нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген жұмыс жоспары болуы керек. Педагогикалық ұжым мектептің «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу» келелі мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істейді. Өкінішке орай, ауыл мектебінің оқушыларында білім аз, мұғалімдері дұрыс мамандырылмаған деген пікір қалыптасқан.

   Мектепте барлық мұғалім өз мамандықтары бойынша сабақ береді және барлығы дерлік  білім көтеру курсына барған, педагогикалық ұжым газет-журналдарға жазылып, әдістемелік журналдарда басылып шыққан жаңалықтарды оқып, жаңа  әдістемелерді сабақта қолдануға тырысады. Өткен оқу жылында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 3 мұғалім   деңгейлік курсқа  барып, сертификат алған. Биылғы оқу жылында тағы 1 мұғалім барғалы отыр. Бұл курс мұғалімнің педагогикалық  тәжірибелерін жетілдіретін, технологиялық шеберлігін жаңа деңгейге көтеретін, оқытуға жаңаша көзқараспен қарауға үйрететін курс. Соның нәтижесінде жаңа технологияның көптеген стратегиялары сабақта пайдаланып жүр. 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында инновациялық жоба ресурс орталығы ашылып жатыр. Осындай орталық біздің ауданда да бар. Мектепте 8-9 сынып оқушылары еңбек нарығына  белсенді бейімделуіне дайындық ретінде ресурс орталығына (магниттік мектеп ретінде) қатысып жүр. Шағын  мектеп болғандықтан, мұғалімдер 3 топқа бөлініп жұмыс істейді.

   Гуманитарлық  пән бірлестігіне қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері кіреді. Жаратылыстану-математикалық пән бірлестігіне математика, физика, информатика, география, технология,химия, биология пәндері кіреді. Сонымен қатар бастауыш пән бірлестігі бар. Бұл пән бірлестіктерін тәжірибелі ұстаздар басқарады. Білім берудің қай түрі болса да негізінен сабақ арқылы іске асады. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән берілуі керек. Педагогикалық еңбек үнемі шығармашылық ізденісті, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік жағынан өз деңгейін жетілдіруді талап етеді. Тәжірбиесі аз мұғалімдерге дер кезінде көмек беріп, таланттарын ұштау, әдістемелік шеберліктерін жетілдіру, сабақ барысында әдіс-тәсілдерді насихаттау, олардың ізденуіне мүмкіндік туғызу – мектептің көздеген басты мақсаты. Мектеп оқушылары жыл сайын аудандық, облыстық мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Мәселен, 2012жылы 7 сынып оқушысы Аяп Айя дәстүрлі Абай, Шәкәрім және Махамбет оқуларына қатысып, І орынды иеленген, кейін облыста «Абай өлеңдері» номинациясы бойынша сертификатқа ие болды. Пәндер олимпиадасында 9 сынып оқушысы Казбек Рустем орыс тілі пәнінен 3-орын, ал республикалық «Өзін-өзі тану» пәнінен аудандық олимпиадада 8 сынып оқушысы 1-орынды қанжығаларына байлады.. Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 9-сынып оқушысы Айтмағанбет Манас өз ауылының тарихын зерттеп, жобасын қорғап шықты. «Ақбота» интеллектуалдық марафонға қатысушылар қатары да қалыңдай түсті..

Описание: http://www.taynshatany.kz/images/Kollektiv.jpg

   Мектептің Б.М.Алиев, Қ.Т.Боранбаева сынды мұғалімдері өткен оқу жылында аудандық педагогикалық оқуларға қатысып, 3-ші және 1-орындарды иеленді. Аймақ негізгі мектебі - шалғайда орналасқан шағын мектеп болса да, көштен қалыс қалмауға барынша тырысып бағады. Бастауыш сынып мұғалімдері «Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында өткен семинардың пайдасы оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де зор болғанын жасырмайды. Бүгінде мектеп түлектері жоғары оқу орындарына түсіп, алдыңғы қатары бір-бір маман иесі де атанған. Педагогикалық ұжым ауылдың  рухани және мәдени өмірінің ұйытқысы ретінде жергілікті халықпен тығыз байланыста қызмет атқарады. Дегенмен, шағын мектептердің бүгінгі таңда шешілмеген мәселелері де баршылық. Оның басты себебі - оқу-тәрбие үрдісіне қажетті оқыту-әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі, мектептің материалдық базасының төмендігі, мектеп ғимаратының сын көтермейтіндігі және мектеп оқушыларының оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеуі шығар, сірә... Алдағы уақытта да талай игі істердің куәсі болып, тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелейтінімізге  сеніміміз мол. Бұл істе мектеп ұжымындағы мұғалімдердің білімі мен күш-қайраты жететіні сөзсіз. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Аймақ негізгі мектебінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, міне, осындай.

 

 

Жобаға қатысқандардың ақпараты

Жобаны орындаушы: Куттугожин О.С. тәрбие ісі меңгерушісі.

Жобаға қатысушылар: оқушылар, ата-аналар , ұжымдағы мұғналімдер.

Жобаның орындалу мерзімі: 2013-2014жж.

 

Жобаның маңыздылығы.

 

           Кез-келген мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың өнегелілігімен бағаланады, ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде:«Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дұрыс.Мектеп әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі» деген пікірді айта келе, әсіресе ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлу қажет екеніне мән береді. Осы тұрғыдан қарағанда,  еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру,  ондағы тәрбие процесінің сапасын жетілдіру, жасөспірімдерге ұлттық, өнегелілік негізде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты көкейтесті мәселесіне айналып отыр

        Ауыл мектептері әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары   өмірінде маңызды роль атқарады.

         Гурьянова өзінің мақаласында ауыл мектебіне мынадай сипаттама береді:Бұл ауыл аймағында орналасқан жалпы білім беру ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысады» делінген.

          Ал Л.Ф.Стерлин мен Е.С.Зайцевтің айтуы бойынша «Ауыл мектебі --- ауылда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық үрдістердің белсенді аймағы болып табылады. Ол ауылшаруашылық өндірістерінің кадрларын дайындап, өз оқушыларын еңбекке баулып, туған жердегі жұмысқа сүйіспеншілігін тәрбиелейді».

      «Ашығын айтар болсақ ауыл мектебі дегеніміз – қазақ мектебі. Ол еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлім мен тәрбиенің қара шаңырағы. Осы тұрғыдан келер болсақ, сол ұлттық тәрбиені қазіргі заманға сай ілім мен білімге ұштастыра жүргіземіз десек, ауыл мектебінің жағдайын жасау – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Үкімет түбегейлі шаралар жүргізетін болады» деп кезінде И. Тасмағанбетовтың өзі айтқан болатын.

        Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындай керек.

        Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси-мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру- өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалетикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.
           Қазақ халқы – елін, жерін . оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып жасалуы керек.

         Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен  билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу --- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан -ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық, психологиялық ерекшеліктің болғаны. Сондықтан барлық халықтың мақсаты -- өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін, ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.

         Адамгершілік тәрбиесі — белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдістерін қалыптастырудағы және адамгершілік  сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған .

            Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.

---- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру.

---- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.

---- Салт-дәстүр негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.

      Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам - тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам дегеніміз еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның төрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Осы төрт өлшемге байланысты адамның бойындағы тұлғалық, кісілік, үш дәрежеге бөлінеді:

-- әр адамның  өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқсамайды.

--- адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің материалдық-рухани мәдениеті мен жеткен жетістіктерінен үлгі алады. Оған әлеуметтік этикалық, ұлттық ортасы әсер етеді. Сонымен дәуірге, ортаға, тарихи шежіреге байланысты қалыптасқан білім мен тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді:

---     адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, ұлтына, туысына, туған жеріне тәуелсіз, барлық адамдарға ортақ адамгершілік қасиеттері болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейірімділік, қатігездік, әділдік т.б. Осы рухани, психологиялық қасиеттерді адам бойында қалыптастыратын фактор – тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеген, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» - деген.

           Демек, рухани, өнегелілік қасиеттердің бірі ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын олардың елін-жерін қорғаған батыл істерін мақтан етіп, үлгі-өнеге қылған. Өлең-жыр, дастандарына, аңыз, әңгімелекріне арқау еткен. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлары. Сондықтан оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуге  үйретуіміз керек.

       Әрбір халықтың ерте кездерден қалыптасып келе жатқан салттары мен дәстүрлері діни көзқарасқа негізделген ескіліктің сарқыншағы деп саналып, социалистік қоғамға сай келмейтін әдет-ғұрыптар ретінде әжуаланды. Соның салдарынан халқымыздың өскелең ұрпаққа өнеге беріп, тағылым көрсетерлік көптеген қасиеттерін аяқ асты етіп, ұмытып қалуымызға әкеп соқты. Ал шын мәнінде дәстүрлер мен ғұрыптардың  көбі халқымыздың тарихи өмірімен, тұрмыстық, әлеуметтік, мәдени салт-дәстүрлерімен тығыз байланыста өзара үндесті түрде дамып, психологиялық астарлары мен мәні бала тәрбиесіне орынды пайдаланылса, өскелең ұрпаққа өнегелі қасиетттерін қалыптастырудың бірден бір дұрыс құралы болары анық еді. 90 жылдардан бастап Кеңес Одағының ыдырауымен, Одақтас Республикалардың тәуелсіздік алуымен байланысты «ұлттық»мәселе мен салт-дәстүрге жете көңіл бөлініп, оларды оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданудың маңызы мен мақсат-міндеттері ашып көрсетілді. Психология ғылымы саласында ұлттық психологияның тарихын зерттеуге баса көңіл аударып, ұлттық психологияның тірегі болып саналатын халқымыздың бай салт-дәстүрлеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасалып, арнайы зерттеулер жүргізілуде. Халықтық салт-дәстүрлердің қоғам өмірінен алатын орнын, оның ұрпақтар өміріндегі маңызын ғылыми тұрғыдан пайымдау жастарды адамгершілік пен мейірімділікке, адалдық пен қайырымдылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық көрсетуге, еңбексүйгіштік пен отансүйгіштік қасиеттерге, ержүректік пен батылдыққа тәрбиелеудің қуатты құралы екені анықталды.  

 

Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту.

 

  Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын    саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана өзін баққытты сезіне алады. Адамның Адам болуына, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелендіретін дарыған құдіретті күш бар,

     Өнегелілік ----  тәрбие мне оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық т.б. қасиеттері жатады. Өнегелілік қасиеттер – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады. Өнегелілік құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Өнегелілік --- сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, оның өзге адамдарды түсінуі, әр адамн-ың құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, сырт көзбен қарап, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.  Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат оқушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге,  өзін және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру назар аударылады.

        Рухани–адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысаны баланы құрметтеу, оның рухани бойында жаратқанның ұлы қуаты бар. Адамның рухани  мұқтаждығын қанағаттандыратын іс- әрекет түрлері, өмірдің мәнін түсіну үшін жасалған іс-әрекет. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату, оқушының өзін-өзі күту мәдениетін, экологиялық мәдениетін, еңбек ету мәдениетін, құықтық-руханилық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы  іске асырылады. Жасөспірімдердің бойына өнегеілілік қасиеттерді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлы мұратын насихаттауды естен шығармауымыз керек. Демек ата-бабаларымыздың асыл қазыналары арқылы жасөспірімдердің бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға  болады. Міне, сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.

       Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдісі бар. Жоғарыда атап өткен дана бабаларымыз бен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені теорияылық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер А. Құнанбаев пен Ш. Құдайбердиев бар. Тек осы қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек.

          Қоғамның жылдан жылға өнегелілік қасиеттерінің азғындалып бара жатқанының себебі де осы ар ілімінің оқылмай, рухани тәрбиенің берілмей жатқаны. Сондықтан өнегелілік қасиеттерді қайдан аламыз, қалай береміз дегенде, алыстан іздемей-ақ  өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін алуымыз керек.

          Қазіргі жастарымыз батыстың мәдениетіне бой ұра бастады. Бұған тосқауыл қою керек. Өйткені күнде ұлттық болмысымыздан айырылып барамыз. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек.

           Ендеше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы ----- жастардың тәрбиесін, оның ішінде  ауыл жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесін кешіктірмей қолға алуымыз керек-ақ.

 

Өнегелілік—адамгершілік құндылықтар негізінде.

 

       Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде.  Әрі бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарту еркіндігіне кең жол ашылуы жасөспірімдердің сана-сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан ажырап қалған, шетелдік компьютер ойындары мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз?  Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды  толғандыруда.

         Біздің педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық-экономикалық талғам, этникалық және отбасылық өмір мәдениеті. Көп жылғы педагогикалық тәжірибеден байқап жүргеніміз жоғарыда аталып жүрген тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Дұрыс-ақ. Бірақ бұл тәрбие түрлерінің қарқынды жүргізілетініне қарамастан, ақ жолдан, адал жолдан адасып, азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың бұзылуы неліктен? Тұрақсыздық көрсетіп, мұз үстінде тұрғандай өмір жолында тайғанақтап құлап жататыны қалай? Бұл сұрақтардың жауабы біреу-ақ, ол ---жастардың өнегелілік қасиеттерінің қалыптаспағандығының нәтижесі. Жоғарыда аталған тәрбиенің толып жатқан түрлерірнің нәтижесіз болуы оның өнегелілік мұралармен байланыспауы. Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек, ол арна – халқымыздың өнегелілік бай мұрасы. Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жастарға рухани тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Қазіргі мектеп жасындағы балалардың шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдануы т.б. келеңсіз көріністер жасырып жататын жағдай емес. Қылмыстың ең ауыр түріне баратын жастар да көбейіп бара жатыр. Осылардың арасында біздің қазақ балаларының үлесі аз емес. Бұл қиындықтан шығудың жолын табу – педагогтардың алдында тұрған шешімі қиын міндеттердің бірі. Осындай түйіні қиын күрделі міндеттердің шешімі жас ұрпақтың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру, рухани тәрбие беру.

         Ғұлама ұлы бабамыз Әл Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе, А.Байтұрсынов ағамыз «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек.Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар… Міне адам! Міне тұлға!» деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын бас көрсеткен. Біз осы қағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.

        Белгілі жазушы Ж.  Аймауытов өзінің «Тәрбие» деп аталатын еңбегінде «Тәрбие екі түрлі: ал адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігері, мінезін тәрбие қылуы керек. Дене мен рухы бірдей тәрбиеленген кісі сыңаржақтау болады» депті. Ендеше Ж. Аймауытов айтып отырнған тән мен рухты тәрбиелеуге күш салуы керек. Барлық тәрбие мен білім берудің тамыры мен өзегі осы рухты тәрбиелеуде, яғни рухани тәрбиеде жатыр. Адамның ең  алдымен өнегелілік қасиетін қалыптастырмай, тәрбиенің басқа салаларын жүзеге асыру мүмкін емес. Өнегелілік қасиеті қалыптаспаған адамға тіпті білім беру қауіпті.

      Жан дүниесі өнегелі тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа қауіп әкелуі мүмкін. Сондықтан Әл Фараби бабамыздың жоғарыда айтылған «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген сөзі жалпы ұстаздар қауымының негізгі ұсанымы болу керек. Кейбір адамдар рухани тәрбиені дінмен шатастырып, қарсы шығуы да мүмкін. Діни тәрбие мен өнегелі тәрбие мүлдем бөлек дүние. Дегенмен бүгінгі күні дін мәселесіне жаңа көзқарас керек екенін түсіндік. Кеңес үкіметі кезінде «Дін сананы улайтын апиын» деп келсек, бүгінгі күні дін арқылы тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізуге болады. Бұған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздері дәлел: «Біз – тегіміз түрік, дініміз –Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек». Демек өнегелі тәрбие арқылы адамның бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.

        

 

 Жобаның  орындалу объектісі 

 

Мәдени  орта құрушы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру, педагогикалық тұрғыдан жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру.  «Ауыл мектебі – әлеуметтік мәдени орталық».

Жобаның зерттеу объектісі

 

Ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына, өзін-өзі шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру және бағыттау.

 

Жобаның мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты: Ауыл – қазақ халқының ұлттық негізінің мәйегі, тіл, салт-дәстүр, мемлекет іргесінің қалыптасуы мен дамуының алтын бесігі. Ауыл – ұлттық болмыс, ұлттық психология, этнопедагогиканың өміршең өзегі.

Міндеттері: Бұл бағытта шешімдерге қол жеткіземіз десек, онда төмендегі мәселелердің шешімін іздеу керек:

1.     Ауылдағы тұрмыс-тіршілік;

2.     Ауыл  экологиясы;    

3.     Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақтың қалыптасуы;

4.     Ауыл мәдениеті;

5.     Ауыл мектебі, оның оқу-тәрбиені сапалы беру мүмкіндігі;

6.     Ауыл, мектеп, жаһандасуға дайындық;

7.     Ауыл мектебі басшысы,  мұғалім-әлеуметтік педагогтардың сапалық деңгейі;

8.      Ауыл мектебі – даму болашағы.    

        Ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру үшін ауыл мектебінің даму бағыттары, болашағы қандай болғаны жөн

Негізгі концептуалды ашылуы:

  ----- Әлемдік білім  деңгейіне негізделген ауыл мектебінің ғылыми-теориялық, әдістемелік негізін жасау;

 ------ Этнопедагогика, этнопсихология және әлемдік педагогика, психология жетістіктерін негізге алып, білім-тәрбие сатыларында ұштастыра ұлттық білім саясатын жүзеге асыру;

-----  Ұлттық діл, мәдениет, тіл,тарихты өркениет жетістігімен қатар өрбіту;

-----    Ұрпақтың қалыптасуы , бала тәрбиесі және дамуын қамтамасыз етуді қаржылық, денсаулықты сақтау, дамыту тұрғысында әлеуметтік шешімдер жасау;

------    Ғылыми-техникалық, жаһандану үрдісіне сай мектеп құрылысы, материалдық-техникалық база жасау, теория мен білімді ұштастырып білік қалыптастыру;

-------    Адамзаттық, экологиялық, имандылық тәрбиесін қалыптастыру;

------      Отбасынан бастап барлық деңгейде Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

------   Дін тарихын, ұлттық психологияны мектепте оқыту;

------ Ауыл мектебінде арнайы курстар 8-11 сыныптардан бастап ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік өңдеу технологиясына бағыттауы және туризм әлемдік саяхатқа дайындау, жүргізу мәселесіне мән беру қажет;

------   Ата-анаға арнап дүниеге келетін, дүниеге келген, мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені қамтитын ғылыми-әдістемелік материалдар қажет,+бұл баланы жан-жақты дамытуға және Қазақстандық патриотизм  қалыптастыру негізін жасайды. Яғни, баланың өзін-өзі жетілдіруіне, дамытуына бағыт-бағдар беру қажет.

Ауыл мектебінің мәселесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдістерінен хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе.

      Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл- бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне сергек қарауымызды талап етеді»—деп көрсетті.

      Айтылған ойларды қорытындылай келе, сөздің түйіні ауыл мәселесі --- ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Сондықтан ауыл мектебіндегі жасөспірімдердің өнегелік қасиеттерін қалыптастыру проблемаларына селқостықпен қарау ---  туған Отанының болашағына немқұрайлық танытумен, ел алдындағы перзенттік парызына жауапсыздықпен қарауына тең болмақ. Бұл мәселе жайбарақаттықты көтермейді. Әрбір әлеуметтік педагогтың, білім ұйымдары мен тәрбиені басқару салалары  басшыларының аталған мәселеге үлкен мән беріп, дұрыс шешімін табуға өзіндік үлес қосу - өмір талабы.

Қазақ мемлекеті дүние жүзі танитын, алдыңғы қатарлы мемлекеттің дәрежесіне көтеріліп келеді. Ал осы болашақ Қазақстанның азаматы ХХІ ғасыр  есігіне еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, иманжүзді, рухани дүниесі мол, интеллект деңгейі жоғары, өнегелік қасиеті қалыптасқан болуы керек. Мектеп қабырғасында ғасырлар бойы халқымыздың жинақтаған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін, ізгі салтын жасөспірім бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын, мінез-құлқын дұрыс қадамға қажетті асыл қасиеттерге  иландыру, сендіру,ізгілікке,  адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

         Қазақстан Республикасы парламентінің әлем парламентариіне арнаған үндеуінде: Ұлтымызға, жынысымызға, нәсілімізге, тегімізге, ұстанатын дінімізге қарамастан жалпы адамзаттық ұлы құндылықты, рухани мәдениетті әрі қарай дамытуға үлес қосуымыз қажет» екені атап көрсетіледі. Бұл, біріншіден, жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта дүниежүзілік елдермен бейбітшілікті сақтау болса, екіншіден, жас ұрпақтың жан дүниесінде өнегелік қасиеттерді қалыптастыру . «Біліктілік – адамның өмір жолында көргені мен естігенінің тиімдісін, құндысын, пайдалысын көңілге тоқудан, ал білімділік -- тікелей   ғылым негіздерімен қаруланудан, оқудан құралмақ»,-- дейді профессор Ж.Наурызбай. Білімділіктің сапасы рухани құндылық болса, біліктілік жас ұрпақ дүниетанымының, адамгершілік құндылық, өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуына байланысты.Олай болса, педагогикалық проблемадағы өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни, мақал-мәтелдер, тый-ым сөздер, ертегілер, аңыздар, әңгімелер және т.б. арқылы іске асырылып, ұрпақ тәрбиесінде пайдаланылып отырылады. Жалпы адамзат тарихында жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерінің  қалыптасуы ерте заманнан-ақ ойшыл-ғұламалардың, көнекөз қариялар мен ақын-жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші, өнер адамдарымен жалғасып отырған. Мәселен, Қожа Ахмет Иассауидың «Диуани хикмет» еңбегінде: «…адамға адами міндеттерді түсіндіру, өмірге келгендегі мақсатын айқындау, оның жүрегі мен рухына көңіл бөлу»,-- деген. Бұның түпкі тамыры өнегелілік пен адамгершілікте екені түсінікті.

                Ғалым Г. К. Нұрғалиева:Адамгершілік құндылық дегеніміз -- өмірдің мақсаты, мағынасы мен білімнің ролі, өмірдегі жолы мен  еңбегі; өнегелілік қасиет негізі -- өмір сүру нормасынан тұратын процесс».-деген.

        Бүгінгі күннің білім мен тәрбиесінің мақсаты--- өзіндік адамгершілік құндылықты  жасөспірім бойына, санасына сіңіріп, рухани дүниетанымын салауаттылыққа бағыттау.

          Осыдан келіп өнегелілік қасиеттердің құрылымдық жиынтығы мен негізгі жүйесі және жүзеге асыру жолдары пайда болады. Кестемен көрсетсек:

 

 

Құндылықтар  негізі

Құндылықтар жиынтығы

Жүзеге асыру жолдары

Жалпы адамзаттық,  танымдық,

рухани,

әлемдік, салауаттылық, адамгершілік, т.б.

Өмірге көзқарас,

Дүниені тану,

адам өмірі,

өмірге  белсенділік,

жоғары білімділік,

ар-ождандық, азаматтық,

елжандылық,

 

Оқу-тәрбие үрдістері,

Факультативтік сабақтар,

Арнайы қосымша пәндер,

Сыныптан тыс шаралар,

Үйірмелер,

Ғылыми-зерттеу

жұмыстары,

Мектеп және отбасы, т.б. 

 

Ұлтжандылдық, парасаттылық,

ұқыптылық,

тазалық,

имандылық, т.б.

 

 

      Жобаның орындалуының негізгі бағыты: Құрылым жүйесінің білімділік негізі - жасөспірім бойына өнегелілік-адамгершілік қасиеттердің біртұтас жүйесін қалыптастыру.

       Дамытушылық негізі ----- жасөспірімдердің белсенділігін, шығармашылығын, танымдық көзқарасын жоғары біліктілікке дамыту .

      Тәрбиелілік негізі --- өнегелілік-адамгершілік қасиеттері арқылы ұлттық, азаматтық , әлемдік, салауаттылық, этикалық мінез құлық нормасын қалыптастырып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нәтижесінде жеке тұлғаның  дербес өнегелілік қасиеттері негізінде қалыптасу жүйесі пайда болады.

Жеке тұлға

 

Рухани мәдениет деңгейі өседі

 

 

    Дүниетаным және ой-өріс деңгейі артады

    Ұлттық сана-сезім деңгейі жоғарылайды

 

       Әлеуметтік ортаны танып-білу белсенділігі артады

      Шығармашылық қабілет деңгейі жоғарылайды

 Олай болса, жаңа ғасырдағы мектептің көп қырлы оқу-тәрбие үрдісінде ата-баба қанында  бар ерекшеліктерді ескере отырып, халқымыздың бай мұрасымен тәрбиелеу----- өмір талабы.

         Өйткені өнегелілік негізі---- ұлт болып қалыптасқан елдің өмір бойы ой елегінен өткізген адамгершілік жиынтығы мен рухани болмысы.

 

Ғылыми және практикалық нәтиже,

зерттеу нәтижесінің безендірілуі.

      Күтілетін нәтижелер:

·       Мектебімізде мынадай әлеуметтік істерді іске асыру керек. «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі», «Туристік жолдар», «Білім шеберханасы», «Аймағым – алтын бесігім».

·       Мектебімізде оқушыларымыздың еккен азық-түліктің сапасын арттыру және табиғаттан жиналған табиғи ресурстар: жидек, саңырауқұлақ, итмұрын, қарақат, шие т.б.

·       Жаяу туристік маршруттар жасалады.

·        Ауыл жастары арасында  құкықтық тәрбие қалыптастыру, компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілін меңгеру және т.б..

·       Ауыл тарихын зерттеу арқылы ауылдастарымыздың шыққан тегі, тарихын және өз туыстарының өмірбаяндарын білу..

·        Аймақ жастарын ауыл өміріндегі өнегелі істерге белсене қатыстыру және ауыл тіршілігіне сай экономикалық тұрғыда, білімділік деңгейін көтеріп жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды.

       Қазақстанның  XXI ғасырда өркениетті әлемнен  орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет ---- білімді, тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі және ақыл-парасаты мол ұрпақтардың қанатын шыңдау.

    Қазіргі кезде ұлы бабамыз Әл Фараби айтқан “Тәрбиесіз берілген білім ----- адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзді ұран етіп, болашақ жастарды қоғам талабына сай,  ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, ауыл жасөспірімдерін өнегелілікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек және де қазіргі ауыл мектептерінде қордаланып қалған проблемаларды уақытысында шешуге атсалысуымыз керек. Себебі ауыл – қазақтың алтын кіндігі. Барлық салт-дәстүр, ұлттық құндылық, ұлттық тәлім-тәрбие – бәрі ауылда. Сонымен қатар ауыл мектебі – тек білім ордасы ғана емес, үлкен мәдениет орны, рухани орталық. Және де ауыл мектебі – Қадыр мен Қаныш, Мұхтар мен Бауыржан шыққан мектеп. Оның проблемасы тереңде.

        Ауыл мектебі көпұлтты Қазақстан халқының ұлт ретінде жойылып кетпеуіне және төл мәдениетінің сақталуына көмектеседі. Ауыл мектебінің басым көпшілігі қазақ мектепетрі болғандықтан ата-бабалардан  мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оны жаңаша дамыту, жетілдіру қажеттілігі заман талабынан туындап отыр. Онда ұлттық сана-сезім, мінез-құлық, рух, діл, мемлекеттік тілді оқушылар бойына  ұялату үшін оқу-тәрбие жұмыстарын кешенді түрде жүргізу оң нәтиже берері анық.

     Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз заманымыз ақыл-ойын толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті ұрпақ тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз. Ендеше қойнауы кенге толы жеріміздің байлығын, ырыс-құтымызды, дәулетімізді төгіп шашпай ұстайтын, жүректерінде түйсік-танымы бар, ата-бабамыздың бай тәрбиелілік құралдарымен тәрбиеленген жігерлі жігіттер, ибалы қыздар бүгінгі қоғамның басты сұранысы болып отыр.                                                                                Патриотизмнің биік үлгісін сөзімен де, ісімен  де көрсете білген халқымыздбың біртуар азаматтарының бірі М. Жұмабаев “Әрбір ұлттың баласы  өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан  тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге  міндетті” деген екен. Халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты руханилыққа, өнегелілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу--- мемлекеттің, білім беру мекемелерінің, жанұяның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.

                  Әрбір ел келешегі --- мектебіне байланысты. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысты. Мектептен мемлекет мәдениеті көтеріледі десек, бұл болашаққа үміт, тілегіміз мектептен басталады деген сөз.

          Еліміз егемендікке ие болғалы шынайы ұлттық мектептің іргетасы қалана басталды. Төл оқулықтарымыз жасалып, ғылым негіздерін оқытудың жаңа тұжырымдамалары іске  асырылуда. Ұлттық мектептер ұлт тарихын, тілін, мәдениетін оқып,зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылуда.

          Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетімізде бірте-бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық-демократиялық қоғамның ең құнды байлығы адам екендігі баса айтылған. Соған орай білім беру саласында тікелей пайдасы тиетін, күнделікті өмірде іс жүзінде қолданатын білімдерді меңгерумен қатар, парасаттылық пен тұлғаның өнегелік  қасиеттерін қалыптастыру жағына баса назар аударудың өзектілігі арта түсуде,

         Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Респулика Бі лім және Ғылым қызметкер лерінің 2-съезінде сөйлеген сөзінде білім  беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі—шығармашылық тұрғыда ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу, өнегелік қасиетін қалыптастыру болып отырғандығына бюаса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берум ен қатар, адалдық, адамдық, ізгілік, отанынсүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып ондығын ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиеттерінің мән-маңызын түсінетін  жаны да, тәні де таза білімді, ізгі ұрпақ тәрбиелеу міндетін тәрбиелеудегі ең негізгі мәселе жалп білім беретін орта мектептің –оқу-тәрбие процесін ұлттық негізге құру болып отырғандығы айқындалған.

              “Қазақ мектебі: бүгінгі жайы мен даму болашағы” тақырыбында респуликалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтіп, онда жоғары оқу орындары мен ауыл мектептеріне мамандар даярлау, білім беру жүйесін жаңаша жүргізу, өскелең ұрпақты өз отаны – Қазақстанды сүюге және ұлттық сыалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу, мектептің жүрегі- ұстаздардың білімі мен біліктілігін көтеру мәселелері кеңінен әңгіме болды.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында (30 сәуір  2002 жыл) “Ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрпымыз бен өнегелік қасиеттеріміздің  қайнар көзі. Осынау саяси-моральдік және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды  қарауымызды талап етеді” деген жолдар бар.

        Қазақстан Республикасының  “Білім туралы” заңының 8-бабында: “Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде  жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, -деп көрсетілген.         

           Үкіметтің ауыл мектебін көтеруге бағыттанған көреген саясатымен батыл қадамын, әсіресе ауылдық мектепте қызмет атқаратын ұстаздар қауымы қуана қабылдады. Өйткені барлық деңгейдегі басылымдарда мәселе болып көтеріліп жатқан ауыл мектебінің жағдайы тұралап жатқаны баршамызға аян. Қай ауылға бара қалсаң да менмұндалап тұратын қасиетті шаңырақ ол - мектеп деп саналады.

            Ауыл балалары тек мектептегі сабақ пен өткізілген даталы іс-шаралардан басқа еш нәрсе көрмейді. Оларды үйде жетелейтін, ұстаздармен бірлесіп тәрбиелейтін ата-аналардың көбінің білім деңгейі, ойлау қабілеті өте баяу. Өйткені ата-аналар ауылшдан көп шықпайды. Көбі орталық басылым газет-журналдарын алмайды, теледидардан тек Ресей телеарнасының бағдарламасын ғана көреді. Ауылға мәдени орталықтардан келіп көрсетілетін мәдени шаралар жоқ. Ауыл кітапханашыларының, клуб меңгерушілерінің, ауыл әкімдерінің тарапынан ұйымдастырылып жатқан ауыл тұрғындарының рухани мәдениетін көтеретін іс-шаралар жоқ. Осы жағдайлардың бәрі ата-аналардың ұстаздарға, әлеуметтік педагогқа деген көмегін тежейді.    

          Ұлттық рухта жаңаша оқыту мен тәрбиелеу халықтық педагогикаға сай құрылса ұтарымыз көп. Бұл әр баланың ойлауын жеделдетеді, толық адам болып қалыптасуына әсер етеді, елін, ұлтын сүюге баулиды. Бірақ осы халықтық педагогикаға негізделген ұлттық үрдіс, салт-дәстүрмен күнбе-күн етене таныспайды.Ауылдағы шілдехана, тұсау кесер, тоқым қағар, сүндет той, беташар, сыңсу, қоштасу, естірту т.б. салт-дәстүрлеріміз өз нақышында,өз деңгейінде өтпейді. Бала өз көзімен көріп, етене араласып,жүрегімен қабылдап,іштей сезінбегеннен кейін, ұстаздардың ауызша насихаттағаны нағыз тәрбие бола  алмайды. Осындай істерге ұйытқы боларлық, жанашыр адам кім 

         Жасөспірім тәрбиесіндегі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі менқамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды.  

          Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының  санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Ақынжанды, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері,рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық, өнегелік мәдениетті игерген,иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық  асыл қасиеттерге ие болады.

           Бүгінгі күні біз ---- әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір --- Жаңа ғасыр – жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз

           Тағдырымыз тап келген Үшінші мың жылдықтың жастары қандай болмақ. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратны да, толғандыратыны да анық.

           Шығармашылық бай мұрасымен халқымызға қайта оралған ұлы ақын Ш. Құдайбердиев: “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын --- адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жұрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен  бастап тәрбиелейді”,---- деп есептейді.    

 

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

 

 

  Нәтиженің безендірілуі:

-Жыл сайын ауыл тұрғындарына оқылған баяндамалар.

-Мектептің жылдық есебінің көрсеткіштері..

-Білім беру саласындағы ақпарат көздерін қолдану.

-Аудандық газеттерге жазылған мақалалар. Облыстық газет-журналдар. Республикалық газет-журналдар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ауыл мектебі - әлеуметтік-мәдени ошақ" ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

   Мектепте 86 оқушы білім алуда, оларға 20 ұстаз саналы білім беруде. Мұғалімдер арасында  шәкірт жүрегіне білім нұрын құя білетін, ұлағатты тәрбие бере алатын жоғары,  бірінші санаттағы ұстаздар бар. Мектеп пән мұғалімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілген. Олардың 90% пайызы жоғары білімді. Оқу үлгерімі – 100 пайыз,білім сапасы – 45-47 пайыз төңірегінде. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – қоғамның басты міндеті. Сондықтан мектептің келелі мәселесі дұрыс таңдалып, мектеп басқару, сапалы білім беру нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген жұмыс жоспары болуы керек. Педагогикалық ұжым мектептің «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу» келелі мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істейді. Өкінішке орай, ауыл мектебінің оқушыларында білім аз, мұғалімдері дұрыс мамандырылмаған деген пікір қалыптасқан.

 

   Мектепте барлық мұғалім өз мамандықтары бойынша сабақ береді және барлығы дерлік  білім көтеру курсына барған, педагогикалық ұжым газет-журналдарға жазылып, әдістемелік журналдарда басылып шыққан жаңалықтарды оқып, жаңа  әдістемелерді сабақта қолдануға тырысады. Өткен оқу жылында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 3 мұғалім   деңгейлік курсқа  барып, сертификат алған. Биылғы оқу жылында тағы 1 мұғалім барғалы отыр. Бұл курс мұғалімнің педагогикалық  тәжірибелерін жетілдіретін, технологиялық шеберлігін жаңа деңгейге көтеретін, оқытуға жаңаша көзқараспен қарауға үйрететін курс. Соның нәтижесінде жаңа технологияның көптеген стратегиялары сабақта пайдаланып жүр. 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында инновациялық жоба ресурс орталығы ашылып жатыр. Осындай орталық біздің ауданда да бар. Мектепте 8-9 сынып оқушылары еңбек нарығына  белсенді бейімделуіне дайындық ретінде ресурс орталығына (магниттік мектеп ретінде) қатысып жүр. Шағын  мектеп болғандықтан, мұғалімдер 3 топқа бөлініп жұмыс істейді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2015 4187
    • DOCX 312 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы
    Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32623
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов