Инфоурок / Другое / Конспекты / "Автокран көлігінің тұрақты ұзындықтағы жебелері" атты баяндама

"Автокран көлігінің тұрақты ұзындықтағы жебелері" атты баяндама

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Автокран көлігінің тұрақты ұзындықтағы жебелері


Тұрақты ұзындықтағы жебелер негізгі және ұзартылған, қаз мойынды және қаз мойынсыз болады. Қаз мойындар ереже бойынша, ұзартылған жебелерде болады. Жебенің құлап кетпеуі үшін арқанды құрылғыларды кеңінен қолданады.


Негізгі жебелі құрылғылар (1-суретте) тікбұрышты қиылысқан кеңістікте бұрыш жасап дәнекерленген тартпалар болып табылады. Ол бір-біріне бұранда немесе саусақшалармен байланысқан төменгі, жоғарғы екі бөліктен тұрады. Екі бөліктің қосылатын ұшында диафрагмалар орнатылған. Бұл диафрагмалар жебеге тұрақты, орнықты жұмыс жасауын қанағаттандырады.

 hello_html_b95fd05.jpg 

1-сурет. Тұрақты ұзындықтағы негізгі жебелі құрылғы: 1 — аспалы ілмек, 2 — жебе, 3 — жебенің көтергіш полиспасы, 4 — шығару көрсеткіші, 5, 17 —жүкті және жебелі арқандар, 6 — сақтандырғыш құрылғы, 7 — жебе негізі, 8 — жебелердің бастиегі, 9, 13, 15, 16 — созғыштар, 10, 18, 23, 27 — 29 — осьтер, 11, 12, 21 — траверстер, 14 — жүк көтергіштің күш бергіші, 19, 24 —шығырлар, 20 — мойынтірек, 22 — ілмек, 25, 26, 30 — конусты төлке.


Жебенің төменгі бөлігі – негізгі – кранның бұрылыс жақтауының тесіктеріне саусақшалармен бекітілген тірек секциясы болып табылады. Жоғарғы бөлігі – жебенің ұшы. Осінде екі шығыр орнатылған. Олар аспалы ілмекпен және арқанмен бірге жүк полиспасын құрайды. Жоғарғы бөліктің ұшына жебені көтеруге арналған полиспаст траверсі, тартқышты бекітуге екі төлке орнатылған. Сол жерде жүк арқанын бекітетін төлке осі бекітілген тіреуіштер пісіріліп бекітілген.
  

Аспалы ілмек. Ілмек траверске бекітіледі. Жебе ұшындағы шығырлармен біріктірілген екі шығыр аспалы ілмектегі жақтарына бекітілген. Ілмек өз осінен еркін айналу үшін дөңгелекті мойынтірекке кигізеді.

Жебелердің жебе көтергіш полиспасы. Траверс екі жақтарынан құралады. Олардың араларында, яғни осьтерінде екі шығыр орнатылған.

Шығырлардың осьтерінде екі ролик бар. Оське жебе арқанының төлкесі бекітіледі. Траверстер конструкциясы бойынша айырмашылығы бар. Олардың жақтарының аралығында бір немесе екі шығыр және екі ролик орнатылған.

Тартқыштардың тармақтарының арасында екі тартқыш бар, олар екі аяқты тіреудің ұшын траверске қосып тұрады. Екі тартқыштың арасында жүк көтерудің шектеуіш берілгіштері орнатылған. Жүк құлауынан немесе жебенің құлауынан сақтайтын арқан тартқыштарының құрылғылары пайдаланылады.

Автокранның ұзартылған жебелері

Ұзартылған жебенің негізгі жебеден айырмашылығы – негізгі жебенің ажырайтын жеріне әрқайсысы 4 метрден 1/3 немесе 1/2 және түгелдей бір секцияны орнатады. Секциялардың конструкциялары жебенің конструкциясы сияқты. Олардың ұшында диафрагмалар орнатылған. Олар жебенің орнықты жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, жағдай туғызады. Секцияларды негізгі жебеге немесе негізгі жебенің ұшына бұрандалармен және саусақшалармен қосылады. Ұзартылған жебесі бар құрылғы жүк арқанының қорымен, жебе көтергіш полиспастының ұзынырақ тартқышымен және жебенің шығуын көрсететін құрылғысымен ерекшеленеді. Кейбір крандарда жебе полиспастына ұзартылған арқандар қондырылады.

Ұзартылған жебесі бар крандар негізгі жебесі бар крандарға қарағанда жүк көтергіші әлдеқайда аз. Осыған байланысты аспалы ілмектегі жүк арқанының сызбасы өзгерген жағдайда шығырлардың саны аз қалуы керек. Керек емес шығырларды алып, аспалы ілмектің осіне екі төлке қойылады.

Негізгі жебелерді ұзарту үшін тиісті биіктіктің терезесіне жібереді де, жебенің жоғарғы және төменгі бөліміндегі бекіту бөлшектерін шешеді, ал кейбір жағдайларда жебелі арқандар керіліп, шешіледі. Бөлімдерін орнатқаннан кейін арнайы тесіктеріне бұрандаларын бұрап, саусақшаларын кигізеді. Фланецті түрде қосқанда жебенің ось сызығының жалпы ұзындығы 12 м болғанда 15 мм-ден астам майыспауы тиіс. бұған жету үшін фланецтердің қосылатын жерлеріне реттеуші тығындар салып, келтіреді. Бір жерге үштен көп реттеуші тығын салуға болмайды. Бұрылыстағы құрастыру мен бөлшектеу жұмысы қолайлы болу үшін реттеуші тығындарды бөлімге пісіріп бекіту қажет, ал фланецтер арасына таңбалау жұмысы ұсынылады.


hello_html_m91f83c4.jpg

 

112-сурет. Ұзартылған жебе құрылғысы

1 — аспалы ілмек, 2 — жүк арқаны, 3 — тартқыш, 4 — жебе көтергіштің полиспасты, 5 — шығару көрсеткіші, 6 — жебе бөлігі, 7 —шығыр, 8 —төлке, 9 — ось, 10 — ілмек


Қаз мойынды ұзартылған жебе

 Қаз мойынды ұзартылған жебе (113-сурет). Мойыны құбырдан жасалады, ол кеңістіктегі ферма түрінде болады.ферманың ұшы тегіс, әрі тіреуге ыңғайлы, оған қаз мойынды жебе ұшының осіне төлкелермен бекітіледі. Ол қаз мойнындағы шығырды орайды. Жүк арқанның ұшын қаз мойынның осіне бекітеді. 

  

hello_html_m5d23cf81.jpg

 

113-сурет. Қаз мойыны бар ұзартылған жебе құрылғысы.

1 — аспалы ілмек, 2 — шығыр, 3 — тартқыш, 4 — жебе көтергіштің полиспасты, 5 — кронштейн, 6 — шығару көрсеткіші, 7, 9 — жебе бөліктері, 8 —созғыш, 10 — қамыт, 11 – қаз мойын, 12, 14 – төлкелер, 13 –ось.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-077372
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>