Инфоурок Другое Другие методич. материалыАвтоматты етпетінен жатып иыққа тіреп атыс жүргізу

Автоматты етпетінен жатып иыққа тіреп атыс жүргізу

Скачать материал

 

 

Сабақтың тақырыбы:Автоматты етпетінен жатып иыққа тіреп атыс жүргізу. Көздеу тетігін орнату,көздеу, ату. Автоматты оқсыздандыру және оқ атудан кейін автоматты тексеру.

Білімділік мақсаты: Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, оқушыларды автоматтан (пулеметтен) ату алдында атысқа дұрыс оңтайлана білу тәсілдерін үйрету. Нысананы алу, шүріппені ағыту, атысты тоқтатуды, оғын алуды, түсіндіру, меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: Білімділік, танымдық қабілеттерін дамыту, атуға оңтайлану, атуды жүргізу кезінде шапшаңдылық, ептілік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, оқушыларды батылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, автоматтың макеті, пневматикалық мылтық, интерактивті тақта, презентация, тест тапсырмалары, нысаналар.

Өтетін орны: АӘД  бөлмесі
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сыныбы: 10 сынып

Барлық уақыты: 45 минут
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастырушы кезең.

Сапқа тұру, Взвод командирі мәлімет тапсырады,сәлемдесу, Қазақстан Республикасының гимнін орындау., оқушыларды түгендеу, «Еркін тұр» пәрмені бойынша орындарына отырғызу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үш топқа  парақшалар арқылы сұрақтар қою:

1-ші топ- Автоматтың не үшін қажет және оның түрлерін ата ?

2-ші топ –Автоматтың автоматты атылуы неге негізделген ?

  3-ші топ- Ұлы Отан соғысында қандай қарулар қолданылды?

IІI. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

Автомат бөлшектерін сұрау. Интерактивті тақтадан автомат бөлшектері көрсетіледі. Оқушылар жауап парақтарына аттарын жазады.

А)                                                     Ә) 

Автомат пен пулементтің негізгі бөліктері мен механизмдері және оның жабдықтары:

а- автоматтың; ә – пулеметтің;

1 - ұңғы қорабымен, соққы – ағытқыш механизімімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2- ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3- ұңғы қорабының қақпағы; 4- газ поршенді бекітпе жақтауы; 5- бекітпе; 6- қайтармалы механизм; 7- ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8- құндақ; 9- оқжатар; 10- сүңгі пышақ; 11- сүмбі; 12- жабдықтар пеналы; 13- жалын сөндіргіш.

 

Ұлы Отан Соғысында қолданылған қарулар.

1891/1930 жж. үлгідегі  7,62 мм винтовкасы.  Конструктор С.И.Мосин

 

 

 

ППД-40 тапанша – пулеметі. Авторы - В.А.Дегтярев

 

 

 

 

ППШ-41 тапанша – пулеметі . Авторы-  Г.С. Шпагин

 

 

 

ППС-43 тапанша- пулеметі.  Авторы- А.И. Судаев

ІV. Дайық кезеңі.

Оқушыларды жаңа тақырыппен, сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ.

Атып үйренушілердің тәртібі мен техника қауіпсіздігін сақтау ережесі

Атып үйренушiлердiң мiндетi

Барлық пәрмендердi бiлу және дәл орындау, атыс кезiндегi техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Атыс бiткеннен кейiн қалған оқтар мен гилзаларды жетекшiге өткiзу.

Қаруды тазалау және көздеу құрылғыларын ыстау арнайы жерде немесе қару тазалау бөлмесiнде жургiзiлуi тиiс.

Ату кезінде тыйым салынады

Басқарушының рұқсатынсыз атысты жургiзуге.

Ақаулы қарудан aтуғa және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;

Атыс аймағында «Оқта », «Ат» пәрмендерiнсiз жарақтап aтуғa

Басқарушының пәрменінсіз (рұқсатынсыз) қаруды алуға және оқтауға;

Атыс аймағында қаруды бекiтпесi жабық, шурiппесi қайырылған күйiнде қалдыруға

Атыс аймағында адамдар немесе жануарлар болатын болса қаруды жарақтаулы, жарақтаусыз күйде тылға, жан -жаққа бағыттауға

Атыс аймағында атып үйренiп жатқанда тылда оқпен жарақталған қарумен жаттығу жүргізуге

Атыс аймағында бөтен адамдардың жүруiне

«Ат!» пәрменінен (сигналынан) «Тоқтат !» пәрменіне (сигналына) дейін бөгде адамдарға атыс шебінде  болуға.

Автомат (пулемет)   ұрыс  жағдайында   жарақталған  оқжатарымен  қоса тасымалданады. Қол пулеметі патрондарымен жарақталған оқжатарының бір бөлігін бөлімше автоматшылары (атқыштары)   қолдануы  мүмкін.

Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден және әр түрлі жағдайда  жүргізілуі  мүмкін.

Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен қарсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Жағдайға байланысты ату үшін –орын ретінде –ор, оқпана, жыра, сондай-ақ тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы да мүмкін. Атыс орнын көзге көрнекті жергілікті заттардан, сондай-ақ тау жоталарына таяу жерден таңдамау керек.

Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: « Автоматшы (пулеметші) (Ахметовке) ату орны анау жерде- ұрысқа !» Автоматшы бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.

Ату орнын ауыстыру үшін : «Автоматшы (пулеметші) Ахметов, анау жерге жүгіріп өт- алға !» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға  жылжу жолын, аялдама үшін тасалау  жерлерді және  жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаң адыммен жүгіре өтуімен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.

Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады. Пулеметтің тіреу сирақтары бұл кезде бөлек болуы тиіс.

Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады. Бұл кезде пулеметтің тіреу сирақтары қапталып, ілмекпен бекітілуі тиіс.

Автоматтан (пулеметтен) ату- атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатудан құралады.

 Атысқа оңтайлану.Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, мысалы: «Ұрыс шебіне атуға –адым бас !», содан кейін : «Оқта !» , ал егер керек болған жағдайда: «Оқта !» пәрменінің алдында атыс үшін орын көрсетіледі.

Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.

Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті)  ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жанбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.               

Атысты жүргізу.   Автоматтан (пулеметтен) ату пәрмен бойынша немесе қойылған тапсырма мен жағдайға байланысты немесе өздігінен жүргізіледі.

Оқ атуға арналған пәрменде: кімге ату керек, нысана, көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетіледі.Мысалы : «Мынадай автоматшыға немесепулеметшіге, төрт бақылаушы бойымен, нысана түбіне –ат !», «Бөлімше, бес лекпен, беліне- ат!».

400 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде көздеуіш пен көздеу нүктесі көрсетілмеуі мүмкін. Мысалы: «Автоматшы (пулеметші), шабуылдаушы жаяу әскерді- ат !» . Бұл пәрменде автоматшы (пулеметші)  4 немесе «П» көздеуішімен атады, ал көздеу нүктесін өздігінен таңдайды.

Атысты жүргізу (ату) мыналарды қамтиды: көздеуіш пен ауыстырғышты қою, көздеу, шүріппені босату және атыс кезінде автоматты ұстап тұру.

Көздеуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып, қамытшаны көздеуіш тақтасының бойындағы санға оның алдыңғы қырын қажет бөлікпен үйлескенше жылжытады. Пулеметте көздеуішті қою көздеуіш тақтасының ішкі жағындағы шкала бойынша жүргізіледі.

Ауыстырғышты талап етілетін атыс түріне қою үшін оң қолдың бас бармағымен ауыстырғыштың шығыңқысын басып, ауыстырғышты автоматты атыс жүргізу үшін, бірінші шертпеге дейін- автоматты түрде атыс жүргізу  үшін, екінші шертпеге дейін- жекелей атыс жүргізу үшін  төмен бұрады.

Автоматты (пулеметті) орнықтыру үшін оны сол қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап және нысананы көзден таса қылмастан, құндақты иыққа оның бүкіл желкелігімен тығыз қабысқанын сезінетіндей етіп иыққа тірейді. Оң қолдың сұқ саусағы (бірінші буыны) ағытқыш ілмекке салынады. Бұл ретте екі шынтақ, шамамен,иықтар енінде жерге тіреледі, бас сәл алға еңкейтіліп, мойын сірестірілмей, оң жақ шеке құндаққа тигізіледі.

Автоматты оқжатардан не құндақтан сол қолмен, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.

Көздеу бір көзбен жүзеге асырылады. Көзделетін көзді таңдау туралы мәселе жетекші көз деп аталатынды анықтау жолымен жүргізіледі. Бұл үшін бір бет қағазды диаметрі 2,5-3 см етіп  дөңгелектеп тесіп, қағазды созған қолда ұстап тұрып, басты қозғалтпай, екі көзбен жарықта орнатылған нысанаға қарау керек. Содан кейін кезекпен оң және сол көзді жұмып, нысананы қадағалау керек. Егер сол көзді жұмғанда нысана көрінген болса, ал оң көзді жұмғанда, ол қағаздың тасасында қалса, онда атқыштың жетекші көзі оң көз болғаны.

Көздеу үшін сол көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қарауыл ойық ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғары шеттерімен бірдей болуы, яғни тегіс қарауыл алынатындай етіп бұрау керек.

Дем шығарған тынысты тоқтатып, шынтақты қозғау, ал егер қажет болса, дене мен аяқты қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басады. Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры көлбеу жағдайда болуын қадағалау керек.

Шүріппені ағыту үшін автоматты (пулеметті) құндағынан немесе оқжатарынан нық ұстап, ал оң қолмен, демді ішке тартып, шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылғанша, яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Егер көздеу кезінде тегіс қарауыл көздеу нүктесінен едәуір ауытқыса, ағытқыш ілмекке түсетін қысымды күшейтпей де, бәсеңдетпей де, көздеуді дәлдеп және ағытқыш ілмекке қайтадан күш түсіру керек.

Шүріппені ағытқанда, тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелінгеніне назар аударуға болмайды.Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен  ең жақсы  үйлесуі  сәтінде ағытқыш ілмекті соңына дейін басуға тырысқаннан, ағытқыш ілмек , әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде  бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.

Түйдектете ату кезінде автоматтың құндағын иыққа қысқан күйінде нық ұстап, шынтақтардың жағдайын өзгертпей, көздеуіштің ойығында тегіс қарауылды көздеу нүктесімен дәлденуін сақтау керек. Ауқымды нысананы түйдектей ату кезінде тегіс қарауылды нысананың бірінен екіншісіне баяу ауыстыру керек. Жатып ату кезінде автоматтың оқжатарын жерге тіреуге рұқсат беріледі.

Атысты тоқтату.Жағдайға байланысты атысты тоқтату уақытша толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату үшін «Тоқтат !», ол жалғасу жағдайында : «Атысты тоқтат !» пәрмендері беріледі. Бұл пәрмендер бойынша автоматшы (пулеметші) ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды, қажет болса, оқжатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін :   -автоматтан (пулеметтен) оқжатарды алу;

 - жарақталған оқжатарды қосу керек.

 Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалмаған болса, оқталған оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосқаннан кейін, автомат сақтандырғыштан боастылады, бекітпе жақтауы шегіне дейін кері шегеріліп жіберіледі де, автомат қайтадан сақтандырғышқа қойылады.

Атысты толық тоқтату үшін: «Тоқтат !»  пәрменінен кейін бұған қоса : «Оғын ал !» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа, көздеуішін «П» -ға, ал пулеметте көздеуішті 1-ге және 0-ге қойылып, оғы алынады. Жатып ату кезінде дүм жерге түсіріледі, ал автоматтың ауыз жағы сол жақ иыққа салынып,  жауынгер жағдайға сәйкес әрекет жасайды.

Оқпанадан  атыс   жүргізу  кезінде  оғы   алынған  соң,  автомат  оқпананың  топырақ   қалқасына   бекітпе   жақтаудың   тұтқасымен    төмен  қарай  қойылуы   мүмкін.

Автоматтың ( пулеметтің)  оғын  алу  үшін :

- оқжатарды  алу;

- автоматты( пулеметті)   сақтандырғыштан  түсіру;

- бекітпе  жақтауын  тұтқасынан   ұстап ,кері  қарай  апарып,  патронды  оқтықтан  шығарып,  бекітпе  жақтауын  босату;

- ағытқыш   ілмекті  басу;

- Автоматты (пулеметті)  сақтандырғышқа    қою, егер    ату     тұрған    жағдайда  жүргізілсе, оны  « белдікке»  алу  немесе  егер  ату  жатып   жүргізілсе,  жерге  қою;

-  Патрондарды  оқжатардан  шығару  және  оқжатарды  автоматқа ( пулеметке)  қосу;

-  Оқтықтан  шығарылған  патрондарды  жинап  алу  керек.

Оқжатардан  патрондарды  алу  үшін   оқжатардың  өңешін  жоғары  ұстап,  тірек шығыңқысын  өзіне  қаратып,  сол  қолға  алынады, оң  қолмен  патрон  көмегімен  патрондарды  бір – бірлеп  оқжатардан  сыртқа  қарай  шығарады,  бұдан  кейін  оқжатарды  автоматқа  қайта  қосып,  жұмсалған  патрондарды  жинап  алады.

Тұру  үшін    екі  қолын  кеудеге  тартып,   автоматты  оң  қолмен    құндағынан  және  ұңғы  бастырмасынан  ұстап  тұрып,  сонымен  бірге  екі  аяқты  бірге  қосып,    қолды  дереу  түзете, кеудені  жерден  көтеріп, оң( сол) аяқты  алға  қарай  апарады ,   тез  тұрады  да, әрекет  жасайды.

Оғын  алғаннан  кейін,  егер  қажет  болса,  автомат: «Қаруды – қарауға!»  пәрмені  бойынша  қаралады.

Бұл  пәрмені  бойынша:

 - жатып  ату  жағдайында:  оқжатар  алынып,  оны  автоматтың  жанына  өңешін  өзіне  қаратып  қояды,  автоматты( пулемет)   сақтандырғыштан  босатып, бекітпе  жақтауын  артқа  тартып,  автоматты  біршама  солға  бұрады;

- түрегеп  тұрып  ату  жағдайында: автоматты( пулеметті) сол  қолмен  астынан 

құндағынан  ұстап  тұрып,  оң  қолмен  оқжатарды  ажыратып  алады,  оны  дөңес  жағымен  сыртқа  қаратып,  бергішін  жоғары  беріп,  сол  қолға  ауыстырады,  сол  қол  саусақтарымен  оқжатарды  автоматтың   құндағына  қысып,  автоматты  саусақтандырғыштан  босатады;  бекітпе    жақтауын  кері  тартып   автоматты  біршама   солға  бұрады. Командир  оқтық  пен  оқжатарды  қарағаннан  соң  бекітпе  жақтауын  алға  жібереді, шүріппе  ұрыстық қайырмадан  босатылады   және автомат ( пулемет)  сақтандырғышқа  қойылады;  одан  кейін  оқжатары  қосылып,  автомат «белдікке»  жағдайына  алынады.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдерін түсіндіру.

 

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері:

 

 

 


                  Тұрып ату               Отырып ату                     Жатып ату

 

Атуға оңтайландыруды суреттер арқылы түсіндіру.

hello_html_m66f2dd8b.jpghello_html_99c23d2.jpg

Атуды жүргізуді, нысанаға көздеуді түсіндіру.

-Жетекші көзді анықтау тәсілін үйрету.

-Тегіс қарауыл алу тәсілін үйрету.

 

 

3. Атысты тоқтатуды түсіндіру.

VІ. Жаңа сабақты меңгергендіктерін алғашқы байқау.

1. Оқушылар жер бауырлап жылжығанда автоматты ұстау, автоматтан жатып ату жағдайын, тізерлеп отырып ату қалпы, тұрып ату жағдайы мен бауды қолданып автоматтан ату жағдайларын қалай меңгергендіктерін көрсетеді.

2. Нысананы көздеуді меңгергендіктерін тексеру.

- әртүрлі жануарлардың суреттері беріледі, оқушылар пневматикалық мылтықпен ұнағандарын атады. Қанша ұпай алғандығы жазылады.

               

Көздеу кезіндегі қателіктер    

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты тест тапсырмалары арқылы бекіту

1. Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілі

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 5

2. Атыста уақытша тоқтату үшін берілетін пәрмен:

А) «Тоқтат!»

Ә) «Атысты тоқтат!»

Б) «Доғар!»

В) «Болды!»

3. Автомат сол қолмен ұсталынатын жер:

А) оқжатар

Ә) сүмбі

Б) құндағынан

В) бекітпе

4. М.Т.Калашников автоматты жасаған жыл:

А) 1947

Ә) 1941

Б) 1949

В) 1943

5. Автомат пен пулеметтің айырмашылығы:

А) Сүңгі-пышақта

Ә) Атудың көздеулі қашықтығы

Б) Атыс қарқыны

В) Ұрыстың ату жылдамдығы

6. Қарауыл деңгейі көздеуіш қорабынан төмен орналасса:

А) оқтар төмен кетеді

Ә) оқтар жоғары кетеді

Б) оқтар оңға кетеді

В) оқтар солға кетеді

7. Автоматтың оқжатарының сыйымдылығы:

А) 30

Ә) 35

Б) 40

В) 45

8. Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық, м

А)1350

Ә) 1530

Б) 2450

В) 3150

 

VІІІ. Қорытындылау. Бағалау.Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қорытындылау. Түсінбегені болса, түсіндіру. Сабақ барысында үй тапсырмасына жауап, беруі, сабаққа қатысуы мен нысанаға атуы бойынша ұпай жиналып бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Сапқа тұру , қоштасу.

Еркін тұр пәрменін беру.

        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Автоматты етпетінен жатып иыққа тіреп атыс жүргізу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2016 2816
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сүйіндіков Молдабай Есенбекұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18033
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек