Инфоурок ОБЖ КонспектыАвтоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және  жинақтау.

Оқ. әдіс тәсілдері

Уақыт

 

Сабақтың мақсаты: а)  Оқушыларға автоматтың (пулеметтің)  бөлшектерін бұзу, жинау және  қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

                   ә)  Атыс қаруы автоматының құрылысын, толық емес бөлшектеудің реттелігін түсіндіру.

                  б)  Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, төзімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

 

 

 

Сабақтын түрі:  аралас сабақ

 

 

 

Көрнекі құралдары: плакаттар,автомат бөлшектері салынған суреттер және Калашников автоматы, АӘД электронды оқулығы 2015, презентация, бейнетаспа, қима-тапсырма.

 

 

 

Сабақтың  барысы:

 

 

 I.

 1.  Ұйымдастыру кезеңі:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

-         взводты екі қатарға сапқа тұрғызу.

-         Оқушылармен әскери амандасу.

-         Оқушылардың сыртқы келбетін тексеру, түгендеу.

-         Взвод басшысының рапортын қабылдау.

 

5-7 мин.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру. Автоматтың екі түрлі суреттері арқылы топқа бөлінеді. Дұрыс жауапқа оқушылар атоматтық бөлшектерің алады.(слайд № 1-4)

1. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?

2. Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөлшектерін атаңдар? (электронды оқулықтағы №2 тапсырма )

3. Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар.

4.Автоматтың (пулеметтің) ұрыстық қасиеті.

  - Өткен тақырып бойынша қорытынды шығарамыз.Электронды оқулыққа назар аударамыз. (видео)

ашық, жабық сұрақтар

5-7 мин.

 

 

ІІ. 

  - Сіздерің қолдарыңызда автоматтың бөлшектері бар.Қалай ойлайсындар біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

 3. Жаңа сабақты түсіндіру: (слайд № 5)

         Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

         Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

         Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.

         Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.

         Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.                       

      Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:

1.  Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.

  Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.

2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

         Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

         Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

3. Сүмбіні алу.  Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.

4. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу.

         Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады.

         Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

5. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.

6. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.  Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.

      Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайда.Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалы бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.

7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады.

8. Сүмбіні қосу.

9. Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.

10.  Оқ жатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

          Автоматты (пулеметті) құндағынан ұстап, көздеуіштің қыспа құрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп, көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін айналдыра отырып, оны бекіту керек.    

флипчарт қағазы сәйкестендіру

 

 

 

10-15мин

 

4. Мұғалім автоматтың (пулеметтің)  бөлшектерін бұзу және жинауды өзі көрсетеді.

 

5 мин

 

5. Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар беріледі:  (слайд № 6)

Топ оқушылары өз тапсырмасын орындайды. І-2 Топ.

1.Автоматты  (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі және  қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

2. Автоматтың (пулеметтің) жартылай бөлшектеуді ретімен айтыңдар. Электронды окулық № 1 тапсырма.                                                                                                                                                            3. Автоматты  бөлшектеу және жинақтау.

флипчарт қағазы

10 мин

III.

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия: (Бөлшектерді жинай отырып,автоматты құрастырады).

1. Сабақтағы жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.

2. Оқушыларды бағалау.

 

2 мин

 

7. Үйге тапсырма: ( слайд № 7) Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және  жинақтау тақырыбын оқып келу. § 2, 132 б.

 

1 мин

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 3051
    • DOCX 112.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумашов Алымбай Ертаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумашов Алымбай Ертаевич
    Жумашов Алымбай Ертаевич
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3954
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 39 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель основ безопасности жизнедеятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 895 человек из 80 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов