Инфоурок Информатика Другие методич. материалы«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінен жұмыс оқу бағдарламасы

«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінен жұмыс оқу бағдарламасы

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық – педагогикалық колледжі

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

_________ А.К.Мамбетова

«       »              2014ж.

 

 

 

 

«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінен 0104000 – «Кәсіптік оқыту» 01045013-5 – «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығы студенттеріне арналған

 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Оқу түрі:              күндізгі

Курс:                    4

Семестр:              8

 

 

Жұмыс оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.09.2010 жылғы №3 хаттамасымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсукент – 2014ж.

 

 

Жұмыс оқу бағдарламасы «Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінің үлгілік бағдарламасына сәйкес жасалған.

Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды.    Хаттама  №____ «____» ____________2014ж.

 

     

Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі

орынбасары  _________ А.К. Мамбетова

 

 Колледж әдіскері: _________ Г.Қ.Жунусбекова

                                                                                                              

 «Математика және есептеу техникаларының бағдарламамен қамтамасыздандыру»  пән бірлестігінің  отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама   № ___  «__»______________ 2014 ж.

 

 Пән бірлестігінің төрағасы:        __________      К.К.Убаев

                                                                

 

 Құрастырған оқытушы    ___________  К.С.Базарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аксукент – 2012ж.

1.     Алғы сөз

«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінің осы жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖБС 4.05  076-2009) сәйкес 0104000 – Кәсіптік оқыту (салалық бойынша) мамандығының Өндірістік оқыту шебері, техник – программист біліктілігі 0104013-5 «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша әзірленген.

Жұмыс оқу бағдарламасы: ақпараттық жүйелерді құру кезеңдерін, ақпаратты қағандарды талдау әдістерін, ақпаратты кодтау мен жіктеу жүйелерін, MS Access ДҚБЖ танысуды, «деректер қоры» мен деректер қорын басқару жүйелері ұғымдарын оқытуды қарастырады.

«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәні бойынша әзірленген жұмыс оқу бағдарламасы білім мекемелеріндегі жұмыс бағдарламасын әзірлеуге негіз болып табылады.

Жұмыс оқу бағдарлама білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктіліктеріне және дағдыларына негізделеді:

-       «Арнайы математикалық цикл»;

-       «Информатика»;

-       «Есептеуіш микропроцессорлық техника негіздері»;

-       «Есептеуіш кешендерінің операциялық жүйелері».

«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнін оқыту барысында келесі пәндермен байланыстыра жүргізу ұсынылады:

-       «Бағдарламамен қамтамасыздандырудың жобалау технологиясы»;

-       «Бағдарламалау тілдері»;

-       «Автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдар кешені».

Жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында, қалыпты оқыту жүйесіне дидактикалық және көрнекілік құралдары, плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, жаңа технологияны (модульдік, кредиттік және т.б.) қолдануға ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

-       Жұмыс оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемін 15-25% шамасында өзгертуге құқылы (ҚР МЖМБС 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіп білім. Негізгі ережелер»);

-       Бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

-       Жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертуі мүмкін.

2.     Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

 

Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған құзіреттер

Жұмыс оқу бағдарламасында оқытудың жоспарланған нәтижелері

Білім алушылар төмендегідей құзіреттерді меңгеруі тиіс:

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар

Орта деңгейдегі мамандар

 

КК 2. Қазіргі электрондық-есептеу машиналарын және электрондық есептеу машиналарына техникалық қызмет көрсету бағдарламалық құралдарын меңгеру;

-       ЭЕМ меңгерудің жаңа тәсілдерін;

-       Процессорлар мен микропроцессорлардың жасалу принциптерін;

-       Мәліметтерді өңдеу жүйесінің ұйымдастырылу принципін;

-       Функционалдық деңгейде ЭЕМ элементтік базасын.

Меңгереді:

-       Деректерді өңдеу жүйесінің ерекшеліктерімен жұмыс жасауды;

-       Ақпараттық ағындарды талдауды;

-       Жады жүйесінің жұмысын анықтауды;

-       ЭЕМ түйіндері мен типтік сызбаларының жұмысын түсінуді.

Дағдысын қалыптастырады:

-       Диагностикалық бағдарламалардың жұмыстарында.

Құзіретті:

-       өндірістің технологиялық үрдісіндегі теориялық сұрақтарына.

КК 4. Сыртқы құрылғыларды ұйымдастыру, жұмыс жасату және пайдалану принциптерін қамтамасыз ету;

Біледі:

-       автоматтандырылған жүйелердің тағайындалуы мен жіктелуін;

-       принтерлердің жіктелуі мен олардың әртүрлі жағдайларда қолданылуын;

-       ақпарат жинақтауыштардың түрлерін, олардың қызмет ету принциптерін және негізгі техникалық сипаттамаларын;

-       сыртқы құрылғылардың ақауларын іздеу мен жөндеуді және баптауды.

Меңгереді:

-       принтерлердің түрлерімен жұмыс жасау барысында ақауларды жоюды;

-       операциялық жүйелер мен бағдарламаларда жұмыс жасау үшін дыбыстық картаны баптау;

-       сканермен жұмыс жасау;

-       принтерді жұмысқа дайындау.

Дағдысын қалыптастырады:

-       перифериялық құрылғыларды тиімді пайдалану.

Құзіретті:

-       өндірістің технологиялық үрдісіндегі тәжірибелік сұрақтарына.

КК 5. Электронды – есептеуіш техникасын, сыртқы құрылымдарын және бағдарламалау құралдарын пайдалануда қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғаудың негізгі ережелерін сақтау.

Біледі:

-       еңбекті қорғау бойынша нормативті құжаттарды және негізгі заңда актілерді;

-       өрт қауіпсіздік сұрақтарын;

-       қауіпсіздік техникасының талаптарын;

-       өндірістік санитария сұрақтарын.

Меңгереді:

-       қайғылы жағдайларған байланысты тексеру актілерін толтыру;

-       өрт сөндіру құралдарын қолдануды;

-       қауіпсіздік техникасы бойынша бағдар жүргізуді;

-       алғашқы көмек көрсету.

Дағдысын қалыптастырады:

-       өрт сөндіру құралдарымен жұмыс жасауда;

-        алғашқы көмек көрсету бойынша.

Құзіретті:

-       Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау сұрақтарында.

АК 1. Есептеу техникасын бағдарламалық қамтамасыз ету және автоматтандыру салаларында өндірістік-технологиялық, өндірістік басқару, тәжірибелік-эксперименталдық операциялар жүргізу;

Біледі:

-       өндірістік – технологиялық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін;

-       есептеуіш техникасын бағдарламалық жабдықтау саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамаларды;

-       бағдарламалық қамтамасыздандыру құру саласында тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қатынас механизмін.

Меңгереді:

-       бағдарламалық қамтамасыздандыруды технологиялық жобалау дағдыларын;

-       есеп жоспарының жеке түрлеріне есеп жүргізу, маркетинг жоспарын құру және бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығын дамыту саласында маркетингтік зерттеулерәдісін қолдану.

Дағдысын қалыптастырады:

-       автоматтандыру мен есептеуіш техникасын бағдарламалық қамтамасыздандыру саласында өндірістік – технологиялық операцияларды жасау бойынша.

Құзіретті:

-       кәсіптік талапқа қатысты, өзінің жеке мүмкіндігіне.

АК 3. Бастапқы ақпараттар бағдарламасын компьютерде дайындау және құрастыру;

Біледі:

-       ақпараттық жүйелерді құру кезеңдерін;

-       ақпараттық ағындарды талдау әдістерін;

-       ақпаратты кодтау мен жіктеу жүйелерін;

-       «деректер қоры» мен деректер қорын басқару жүйелерін ұғымдарын;

-       Мәліметтердің құрылымын;

-       Деректер қорын басқару жүйелерінін (ДҚБЖ) жіктеуін, құрамын және құрылымын;

Меңгереді:

-       Ақпараттық ағындарды талдауды;

-       Ақпаратты кодтауды және жіктеуді;

-       Деректер қорының құрылымын анықтауды;

-       Деректер қорын қолдануды, ДҚБЖ жұмыс жасауды;

Дағдысын қалыптастырады:

-       Оқу әдебиетімен жұмыс істеу;

Құзіретті:

-       Кәсіби іс-әрекеттің түрлері мен объектілерінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.     Пәннің такырыптық жоспары және мазмұны

3.1. Пәннің тақырыптық жоспары

Бөлім атаулары

Сағат саны

Барлығы

Теория

Соның ішінде лаб. практ. жұм.

 

І бөлім. Кіріспе

2

 

 

1.      

1.1. тақырып. Пәннің негізгі түсініктері

 

2

 

 

ІІ бөлім. Фактографиялық ақпаратты жүйелер.

12

 

 

2.      

2.1. тақырып. Ақпараттық жүйелердің тағайындалуы мен функциялары

 

2

 

3.      

2.2. тақырып. Деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы

 

2

 

4.      

2.3. тақырып. Деректер қорының құрылымы

 

2

 

5.      

2.4. тақырып. ДҚБЖ қолдайтын (ұстанатын ) мәліметтерді көрсету үлгілері

 

2

 

6.      

2.5. тақырып. ДҚБЖ интерфейстері

 

2

 

7.      

2.6. тақырып. ДҚБЖ түрлері

 

2

 

 

ІІІ бөлім. Ақпаратты таңдау және автоматтандырылған іздеу негіздері.

6

 

 

8.      

3.1. тақырып. Логикалық алгебра принциптері

 

2

 

9.      

3.2. тақырып. Ақпарат пен индексті көру

 

2

 

10.  

3.3. тақырып. Сұрыптау кілті

 

2

 

 

 ІV бөлім. MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі.

30

 

 

11.  

4.1. тақырып. Жалпы мағлұмат

 

2

 

12.  

4.2. тақырып. Кестелер. Кестелерді құру

 

2

 

13.  

4.3. тақырып. Зертханалық жұмыс. Кесте құру. Бақылау жұмысы

 

 

2

14.  

4.4. тақырып. Формалар

 

2

 

15.  

4.5. тақырып. Форма құрылымы

 

2

 

16.  

4.6. тақырып. Зертханалық жұмыс. Формаларды құру

 

 

2

17.  

4.7. тақырып. Кестелерді байланыстыру және мәліметтердің бүтіндігін ұстану

 

2

 

18.  

4.8. тақырып. Зертханалық жұмыс. Байланыстар құру

 

 

2

19.  

4.9. тақырып. Сұраныстардың түрлері және оларды құру

 

2

 

20.  

4.10. тақырып. Деректер сүзгісі

 

2

 

21.  

4.11. тақырып. Зертханалық жұмыс. Сұраныс құру

 

 

2

22.  

4.12. тақырып. Қарапайым есеп құру мен оны өзгерту

 

2

 

23.  

4.13. тақырып. Макростар

 

2

 

24.  

4.14. тақырып. Модульдер

 

2

 

25.  

4.15. тақырып. Зертханалық жұмыс. Макростар. Бақылау жұмысы

 

 

2

 

Барлығы:

50

40

10

 

3.2. Пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны

 

1 – бөлігі.  Кіріспе – 2 сағат.

1.1. тақырып. Пәннің негізгі түсініктері – 2 сағат теория.

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Курс мазмұны және оның басқа мамандық пәндерімен байланысы. Автоматтандырылған жүйелер қолдайтын (ААЖ) ақпараттық технологаяларды алдын-ала құру сілтемелері. ААЖ мәселелерінің және олардың негізінде жатқан деректер қорының өзектілігі. Ақпараттық ағындар түсінігі және оларды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар. Ақпараттық ағындарды талдау; талдау кезеңдері.

2бөлім. Фактографиялық ақпаратты жүйелер – 12 сағат.

2.1. тақырып.  Ақпараттық   жүйелердің    тағайындалуы

мен функциялары – 2 сағат теория.

Ақпараттық жүйелер (АЖ), ақпараттық технологиялар (АТ) ұғымдары.

АЖ     тапсырма     бойынша     ұйымдастыру     әдісі.     АЖ-де     мәліметтерді ұйымдастыруға  қойылатын  стандартты  талаптар. Деректер  қоры  түсінігі. Фактографиялық және құжаттық деректер қоры. Деректер модельдері.

2.2. тақырып. Деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы – 2 сағат теория.

Деректер  қорын  басқару  жүйесіне  түсінік. Деректер  қорын   басқару

жүйесінің    архитектурасы.    Деректер    қорын    басқару    жуйесінің    негізгі компоненттері.

2.3. тақырып. Деректер қорының құрылымы – 2 сағат теория.

Деректер қоры. Өрістер мен жазбалар ұғымдары. «Бірдің-бірге», «көптің-бірге» және «көптің-көпке» байланыстары.

2.4.  такырьш. ДҚБЖ  қолдайтын (ұстанатын) мәліметтерді көрсету модельдері – 2 сағат теория.

Иерархиялық модель түсінігі. Желілік модель. Реляциялық модель.

2.5. тақырып. ДҚБЖ интерфейстері – 2 сағат теория.

Деректер қорын басқару жүйесінің интерфейсіне түсінік. Қолданушылар, деректер қоры администраторының интерфейстері және коммуникациялық интерфейстер.

2.6. такырып. ДҚБЖ түрлері – 2 сағат теория.

Бірфайлдық деректер қорын басқару жүйелері. Көпфайлды бағдарламамен қамтамасыздандырылмайтын деректер қорын басқару жүйелері. Көпфайлдық бағдарламамен қамтамасыздандырылатын деректер қорын басқару жүйелері. Көп қолданылатын деректер қорын басқару жүйелері. Интегралданған дестелер.

3 – бөлім. Ақпаратты таңдау және автоматтандырылған іздеу негіздері – 6 сағат.

3.1.  тақырып. Логикалық  алгебра приициптері – 2 сағат теория.

Ақпаратты таңдау туралы түсінік. Логикалық алгебраның негізгі элементтері. Логикалық операциялар. Ақпаратты таңдау кезінде логикалық алгебраны қолдану.

3.2. тақырып. Ақпарат пен индексті көру – 2 сағат теория.

Ақпарат пен индексті көру. Іздеудің бинарлы әдісі.

3.3. тақырып. Сұрыптау кілті – 2 сағат теория.

Сұрыптау кілті туралы түсінік. Сұрыптау  индексі. Іздеу ұстанымы.

4 – бөлім. МS Ассеss реляциялық деректер қорын басқару жүйесі – 30 сағат.

4.1. тақырып. Жалпы мағлұмат – 2 сағат теория.

Ассеss деректер қоры интерфейсі. Word және Ехсеl қосымшалары мен салыстырғанда Ассеss терезесінің айрықшылығы. Ассеss ақпаратының типтері. Ассеss деректер қоры құрылғысы.  Жұмыс атқару режимдері. Деректер қорын жоспарлау. Деректер қорын құру.

4.2. тақырып. Кестелер. Кестелерді кұру – 2 сағат теория.

Ақпаратты кестеде сақтау. Өрістер, жазбалар ұғымдары. Мәліметтер типтері. Алғашқы кілтті орнату. Ақпаратты енгізу мен сақтау. Жазбалар редактрлеу. Кестелерді пішімдеу. Жаңа кесте құру әдістері.

4.3. тақырып. Зертханалык жұмыс. Кесте құру, Бақылау жұмысы – 2 сағат практика.

Деректер қоры кестелерінің   ерекшеліктері. Деректер   қоры   кестелерімен   жұмыс   істеу тәсілдері.

МS Ассеss реляциялық деректер қорын басқару жүйесі және ақпаратты таңдау және автоматтандырылған іздеу негіздері тарауын қорытындылау. Білімдерін тексеру.

4.4. тақырып. Формалар – 2 сағат теория.

Форма тұсінігі. Форманы құру әдістері: Автоформа, формалар шебері және форманы жаңадан құру.

4.5. тақырып. Форма құрылымы – 2 сағат теория.

Формалар құрылымымен таныстыру. Басқару элементтерін құру және редактрлеу.

4.6. тақырып. Зертханалық жұмыс. Форма кұру – 2 сағат  практика.

Формалар құрылымын құру және редактрлеу.

4.7. тақырып. Кестелерді байланыстыру және мәліметтердің бүтіндігін ұстану – 2 сағат теория.

Кестелер арасындағы байланыс түсінігі. Байланыс типтері. Кестелер арасындағы байланысты құру. Байланыстарды жою. Мәліметтер бүтіндігі түсінігі. Мәліметтер бүтіндігін анықтау. Каскадтық операцияларды қолдану.

4.8. тақырып. Зертханалық жұмыс. Байланыстар кұру – 2 сағат практика.

Жақсы құрылған деректер корындағы байланыстар. «Көптен-көпке» байланыс типі. Деректер қорын жобалау.

4.9. тақырып. Сұраныстардың түрлері және оларды құру – 2 сағат теория.

Таңдау сұранысы. Айқасқан сұраныстар. Деректерді өзгертуге сұраныстар (құру, жою, жаңарту және қосу). SQL сұранысы. Кестеде деректердің үзінділерін іздеу. Іздеу әдісі. Деректерді салыстыру типі. Іздеудің қосымша опциялары. Іздеу маскаларымен жұмыс. Деректерді алмастыру. Деректерді кестеде сұрыптау. Деректерді кестеде іздеу, алмастыру және сұрыптау.

4.10. тақырып. Деректер сүзгісі – 2 сағат теория.

Деректер сүзгісі жайлы түсінік. Ерекшеленген үзінді бойынша сүзгі. Қарапайым сүзгі. Сүзгіден өткен деректерді сұраныс ретінде сақтау. Деректерді сұрыптау. Сұраныс түсінігі. Шебер көмегімен қарапайым сұраныс құру.

4.11. тақырып. Зертханалық жұмыс. Сұраныс құру – 2 сағат практика.

Сұраныс құру. Сұранысты жіберу. Сұранысты сақтау. Іздеуді шектеу үшін критерийлерді қолдану. Сұраныс түрін өзгерту. Сұранысқа өрістерді қосу. Өрісті жою. Сұраныста өрісті сұрыптау. Сұраныс нәтижелерін көру.

4.12. тақырып. Қарапайым есеп құру мен оны өзгерту – 2 сағат теория.

Есеп түсінігі. Автоесепті қолдану. Есепті құрудың түрлі әдістері. Алдын ала көру режимінде есепті көру және баспаға шығару. Есепті көру және оның сыртқы түрін жақсарту мүмкіндіктерін анықтау. Есептің сыртқы түрін өзгерту: есеп конструкторы режиміне кіру, есеп объектілерімен жұмыс, өрістерді қосу мен жою, жаңа өрістерді орналастыру, жазбалар қосу. Есептің шешімін өзгерту. Бет нөмірлерін қосу. Уақыт және күн форматын өзгерту. Есептің жалпы стилін өзгерту. Есеп шеберін қолдану.

4.13. тақырып. Макростар – 2 сағат теория.

Макростардың тағайындалуы. Макростарды кұру. Microsoft Access макрокомандалары.

4.14. тақырып. Модульдер – 2 сағат теория.

Модулдер. Модулдер түрлері. Стандартты модулдер. Класс модулдері.

4.15. тақырып. Зертханалық жұмыс. Макростар Бақылау жұмысы – 2 сағат практика.

Макростарды кұру. Макростармен жұмыс. Жалпы өтілген тараулар бойынша білімдерін саралау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.     Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

 

Берілген пән бойынша бақылауда аралық аттестациялардың негізгі формасы болып табылатын аралық бақылау, сынақ, тестілеу, емтихандардың өткізілуі қарастырылады.

 

Негізгі орта білім базасында

Жалпы орта білім базасында

Сынақ – 8 семестрде

Бақылау жұмысы – 2

Сынақ – 6 семестрде

Бақылау жұмысы – 3

 

Оқу мекемелері жұмыс оқу бағдарламасында тәжірибелік жұмыстар мен тапсырмаларды текстік формада өңдеуі қажет.

Тест тапсырмалары бөлімдер мен тақырыптардан және олардың әр деңгейдегі мамандандырылған біліктілікке сай үш негізгі күрделі деңгейі (төмен, орташа және күрделі) болуы керек.

Жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыру барысында білім ұйымдарына құзыреттілікке бағытталған тәжірибелік жұмыс және тест формасындағы тапсырмаларды әзірлеу ұсынылады.

Пән бойынша бақылау аралық аттестация: бақылау жұмыс, сынақ тестілеу өткізуді қарастырады.

Бақылау жұмысы және сынақ  пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік уақыт есебіне енеді.

Кәсіби біліктіліктің деңгейіне сәйкес тест тапсырмаларының күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең төмен, орта және күрделі) болуы керек.

Тесттіде келесі бөлімдер бойынша сұрақтар болуы тиіс:

 

Бөлім 1. Кіріспе

4%

Бөлім 2. Фактографиялық ақпаратты жүйелер

21%

Бөлім 3. Ақпаратты таңдау және автоматтандырылған іздеу негіздері

8%

Бөлім 4. MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі

67%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.     Әдебиеттер және оқу құралдары

 

Негізгі:

 

1.     Ассеss Сергеев А. Ассеss 2007. Новые возможности СПб.: Питер 2008. 76 стр. илл.

2.     МS Ассеss 2003. Шаг за шагом. Прак. пособие. Пер. с англ. М: СП ЭКОМ, 2004 432с.

3.     Ассеss 2007. Ламберт Стив,  Ламберт М. Доу III Преппернау Джон МS Office Ассеss 2007.  Русская  версия.  Серия  «Шаг за шагом».  Ламберт С. Ламберт М.Д. Препернау Дж. Пер. с англ. М.: Эком Паблишерз. 2007

4.     Дженингc,  Роджер.   Использование  МS Office Ассеss  2003.  Спец. издание Пер. с англ. М.: Издательный дом «Вильямс» 2006 - 1312с.

5.     Вейскас Д.    Эффективность работ с МS Ассеss. Пер. с англ. СГІб.; Питер, 1995, 864с.

6.     Михеева   В.Д.,   Харитонова   И.А.  МS Ассеss 2003.   СПб. Петербург, 2006. 1072с.

7.     Моркес Д. МS Ассеss 2003. Эффективный самоучитель/Пер. с чеш. Серия «Просто о сложном». СПб.Наука и техника, 2006. 352с.

 

 

Қосымша:

 

1.     О.    Ефимова,   В.    Мороаов,   Ю.    Шафрин.       Курс   компьютерной технологии    Учебное пособие. Москва АБФ 1999г.

2.     Роберт Шнайдер.  Ассеss 97 без проблем Москва Бином 1997г.

3.     П. Айткин, Д. Фултон, С. Плампей. Ф. Вемпен. МS Office 97 Professional. Москва Бином 1997г.

4.     Л. Коуров. Информационные технологии. Минск "Амалфен" 2000г.

 

Оқытуға қосымша ұсынылатын материалдар:

 

1.     Оқу-әдістемелік кешені

2.     Бағдарламалық қамтамасыздандыру

3.     «Автоматты    жуйелерді    ақпараттық    қамтамасыздандыру»    пәні бойынша (бейнематериалдар, электронды оқулық)

4.     Зертханалық қабырға ілгіштер

5.     Такырыптық плакаттар жинағы (кестелер, сызулар, схема, карталар және т.б.).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Автоматты жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруын құру және енгізу» пәнінен жұмыс оқу бағдарламасы"

Настоящий материал опубликован пользователем Насиров Даниёр Азизханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 14.12.2015 2242
    • DOCX 36.1 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Насиров Даниёр Азизханович
    Насиров Даниёр Азизханович

    Оқытушы

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8581
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен Насиров Даниёр Азизханович Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын 1. 2013 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына және Сайрам ауданының 85 жылдығына орай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып өзіндік үлесімді қосқаным үшін Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы У. Букурованың алғыс хатымен марапатталдым. 2. 2013 жылы маусым айында «Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізудің алғы шарттары және педагогикалық шеберхана технологиясы арқылы шығармашылық қабілетті дамыту» атты біліктілікті арттыру семинарының бағдарламасын игердім. 3. 2014 жылы Гуманитарлық – педагогикалық колледжінің 10 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір болашақ, бір мүдде, бір тағдыр» тақырырыбындағы оқытушылардың ғылыми – практикалық конференциясында өз ғылыми зерттеулерін ғылыми дәрежеде зерделеп, белсенді қатысқаным үшін марапатталдым. 4. 2014 жылы ақпан айында «Отбасы психологиясы» атты курсын толық оқып, сертификат алдым. 5. Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар, білімді тұлғаға бағыттау, оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру жолындағы жанкештілік еңбектерім мен Тәуелсіз Қазақстанның болашағын гүлдендірудегі жетістіктерім үшін алғыс хатпен марапатталдым. 6. 19.11.2014 жылы «Копилка – уроков» сайтына «Ақпараттандыру және есептеу техникалары» пәнінен сабақ жоспарын публикация жасағаным үшін куәлік пен марапатталдым № 132683. 7. 19.11.2014 жылы «Копилка – уроков» сайтына «Power Point бағдарламасы туралы негізгі түсінік» тақырыбында публикация жасағаным үшін куәлік пен марапатталдым № 132684. 8. 21.11.2014 жылы «Копилка – уроков» сайтына «Power Point бағдарламасының стандартты элементтері» тақырыбында публикация жасағаным үшін куәлік пен марапатталдым № 133642. 9. 21.11.2014 жылы «Metod – kopilka.ru » сайтына Интерактивті оқыту технологиясын пайдалана отырып «Adobe Photoshop CS6 Графикалық редакторы» тақырыбында әдістемелік нұсқаулық публикация жасап куәлікпен марапатталдым №04419. 10. 21.11.2014 жылы «Metod – kopilka.ru » сайтына «Windows амалдық жүйесінің даму тарихы» тақырыбында әдістемелік нұсқаулық публикация жасап куәлікпен марапатталдым №04422. 11. 25.11.2014 жылы «Конспекты - уроков.рф» сайтына «OS/2 операциялық жұйелер» тақырыбында сабақ жоспарын публикация жасап куәлікпен марапатталдым №КУ1772. 12. 25.11.2014 жылы «Конспекты - уроков.рф » сайтына «Желілік операциялық жүйемен жұмыс» тақырыбында сабақ жоспарын публикация жасап куәлікпен марапатталдым №КУ1773.

Карточки по теме "Түстер" (túster) – Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
60807
149
09.06.2024
«Инфоурок»

Материал разработан автором:

Бакенова Зарина Азаматовна

Педагог дополнительного образования

Об авторе

Место работы: МБУ ДО "ДДТ Нижегородского района"
Здравствуйте! Меня зовут Зарина Азаматовна, и я — преподаватель иностранных языков. Я специализируюсь на обучении студентов всех возрастов, начиная с детских садов и заканчивая старшими классами, а также предоставляю услуги репетиторства. Мои ключевые преимущества: – Владею опытом работы с начальной, средней и старшей школой, а также с дошкольными образовательными учреждениями и учреждениями ДО. – Обладаю сертификатами TEFL и TESOL, подтверждающими мои компетенции в преподавании английского языка как иностранного. – Применяю коммуникативный подход, современные методики и технологии, а также игровые технологии, что делает обучение увлекательным и эффективным. – Создаю уникальные и эффективные учебные материалы, которые помогают студентам достигать своих целей в обучении иностранным языкам. Если вы ищете педагога или ментора, который поможет вам или вашему ребенку овладеть иностранным языком быстро и эффективно, мои учебные материалы и индивидуальный подход к каждому студенту — это именно то, что вам нужно. Присоединяйтесь ко мне на путь изучения иностранных языков и откройте для себя новые возможности!
Подробнее об авторе
Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня. – Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала; – Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики; – Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы _________________________________________________________________________________ "Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар. - Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды; - Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ; – Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Краткое описание методической разработки

Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

 

Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня.

 

– Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала;

– Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики;

– Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы

 

_________________________________________________________________________________

 

"Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар.

 

- Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды;

- Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ;

– Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 968 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 354 424 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 332 929 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Стратегии личностного и профессионального роста

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мифологические персонажи в русских народных сказках: образы и символика

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека
Смотреть ещё 5 968 курсов