Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Автомобил құрылысы "Кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары"

Автомобил құрылысы "Кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif







Тақырыбы: Кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық

технологияларды пайдалану жолдары









































Жоспары :



І.Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Кәсіптік білім беруде топтық жұмыс түрлерін тиімді пайдалану.

2. Жеке пәндік оқытуда ғаламтор материалдарын пайдалану маңыздылығын жүйелеу

3. Автомобиль пәнін оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану.

ІІІ. Қорытынды.



































Тақырыбы: Кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жұйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. (Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы», «Қазақстан - 2050», «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»!)

Мақсатым :

1. Жаңа ақпараттық технолгиялар заманы ағымына бағытталған және әлемдік білім кеңістігіне ене алатын құзіретті кәсіби маман даярлау .

2. Жеке шығармашылық ізденіске бет алу арқылы жаңа инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын зерттеу .

Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда.

Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау. Осы мақсатта аталған міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана білім саласы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»

Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдісі болып табылады. Әр түрлі әдістер оқу материалын тиімді пайдалануды, оқу саласы мен біліктілікті жүйеленуді жүзеге асырады.

Жаңа педагогикалық технология – педагогтердің өзіндік білім деңгейінің көтерілуіне әкеліп, тәжірибелік шыңдалу барысы пайда болып оқытуды ізгілендіреді. Ал оқытушы өзін-өзі дамыта отырып, заман ағымына іліге алатын кәсіби, білікті, және тұлғаны қалыптастырады. Оқушылардың кәсіби білім саласын арттырумен бірге танымдық белсенділігі артып, оқуға деген қызығушылығы оянады. Оқытушы озық тәжірибеге сүйене отырып жаңа технологияларды енгізуді қолдануда оқушылардың қабілетіне қарай оқыту әдісін ұйымдастыруы керек. Болашақ маман бойына кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру білім беруді ақпараттандыруды дамытуды көздейді. Бұл технологияны тиімді пайдалана білумен қатар оқытушының шеберлігі мен іскерлігінің шыңдауға өз әсерін тигізеді.

Шыңдалу барысында:

- оқу моделін құрастыру;

  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

  • оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне деңгейленген жаттығулар жасау;

  • дидактикалық құралдар жүйесін қалыптастыру сынды оқыту міндеттері жаңаша сипат алады.

Жаңа технологияны қолдану – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Өзіндік білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары:

  • ойын арқылы оқыту;

  • дамыта оқыту;

  • деңгейлік саралап оқыту;

  • тірек – сызба арқылы оқыту;

  • сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолдана оқыту

Бұл технологиялардың бәрі де оқушының білімді меңгеруін ғана емес, оқу ақпаратын, олардың танымдық күштері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды деп есептеймін. Білім негізінен пән арқылы берілетіндіктен әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Технологиямен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін калыптастырады». « Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде.

Үй тапсырмасын сұрауда интерактивті тақтаны пайдалана отырып сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу әдісін қолдандым. Бұл әдіс оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп, сабақта өзіндік үлесін тапты.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында интернеттен алынған қызық ақпараттарды пайдалану арқылы оқушының назарын сабаққа аударып пәнге деген қызығушылығын арттырдым.

Жаңа сабақты бекітуде суретпен жұмыс, тірек сызба әдісі, сәйкестендіру тесті, топтастыру әдісін қолдану арқылы автомобиль бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын анықтап, оқушылар өз ойларын білдіріп, сабақты еркін меңгерді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға берері:

Барлық баланы оқыту;

Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

Оқушының жеке қабілеттін айқындау іздену;

Озық тәжірибелерге сүйене ырып, оқушыға қадайда болмысын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілерді меңгеу керек. Техникалық жүйеліктерді сақтай отырып сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Сабақтың тақырыбы: Кривошип-шатунь механизмі

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Автомобильдің барлық механизмдерін неше топқа бөлуге болады? (қозғалтқыш, шасси, кузов).

2. Қозғалтқыш дегеніміз не? (жанармай жанғандағы бөлінетін жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады).

3. Қозғалтқыштың қанша механизмі және жүйесі бар? (газ таратқыш механизм, кривошипті-шатунды механизм, салқындату жүйесі, қоректендіру жүйесі, майлау жүйесі, оталдыру жүйесі).

4. Автомобиль шассиі неден тұрады? (трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, доңғалақ, рульдік басқару, тежеуіш жүйелері).

5. Трансмиссия дегеніміз не? (автомобильді қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айнымалы қозғалыс беру үшін қажет).

6. Ілініс дегеніміз не? (берілісті ауыстырғанда, автомобильдің жүрісін тежегенде, тоқтатқанда, двигательді трансмиссиядан уақытша айыру үшін және автомобильді орнынан қозғалтқанда, берілісті ауыстырғанда двигательді трансмиссияға бірқалыпты еппен қосу қызметін атқарады).



Т

А

М

Ш

Ы

Л

А

П


Ш

О

Й

Ы

Н


Р

А

Д

И

А

Т

О

Р


Ө

Ш

І

Р

Г

І

Ш


Б

Е

Н

З

И

Н


Г

Е

Н

Е

Р

А

Т

О

Р


Р

У

Л

Ь




1. Газ бөлгіш механиздер қандай әдіспен майланады?(Тамшылап)

2. Зил-130 двигателінің блогы қандай металдан жасалған?(Шойын)

3.Блоктағы ысытылған суды салқындататын жүйе?(Радиатор)
4.Двигательден жанып шыққан газдың дауысын бәсеңдететін не нәрсе?(Өшіргіш)

5.Карбюраторлы автомобильде қолданатын қоспа.(Бинзин)
6. Аккумуляторды зарядтап тұратын жүйе.(Генератор)
7.Автомобильдің жүру кезіндегі бағытын немен басқарып отырады? (Руль)


Ц

И

Р

К

У

Л

Я

Ц

И

Я

Л

А

У



Ж

А

Л

Ю

З

Д

Е

Р


Ц

И

Л

И

Н

Д

Р


М

А

Х

О

В

И

К


Б

О

Л

А

Т

Т

А

Н



А

Л

Т

Ы

Н




Т

Е

Р

М

О

С

Т

А

Т



П

О

Р

Ш

Е

Н

Ь



1.Су насосы не үшін қолданады?
2.Ауаның ағысымен радиатордың интеинсипті салқындауын реттейтін жүйе.

3.Двигательдің негізгі бөлшегі болып табылады.
4.Двигательдің от алуын және орнынан қозғалуын жеңілдететін бөлшек.

5. Зил-130 автомобилінің иінді білігі қандай материалдан жасалған?
6.Қандай металдар атмосферада тотықпайды.
7.Салқындату жүйесіндегі температурасын автоматты реттеуге арналған аппаратты ата?
8.Цилиндр ішінде жанғыш қоспаны дайындайды.

Ү. Жаңа сабақты бекіту



1. Суретпен жұмыс.

hello_html_279b153d.pnghello_html_1a228ac4.pnghello_html_279b153d.pnghello_html_4fb78a3d.pnghello_html_279b153d.png





2.Сәйкестендіру тесті

1.

hello_html_4fb78a3d.png








шатунь

2.

hello_html_4fb78a3d.png







Ішпек






3. hello_html_4fb78a3d.png






сақина

4.

hello_html_4fb78a3d.png





блок

5.

hello_html_279b153d.png









Поршень










6.

hello_html_15bfad26.png








Иінді білік





3. Тірек- сызба әдісі

Май сыдырғыш сақина

Саусақ



механизм

Цилиндр – поршень топтары



Гильза



Иінді білік

Нығыздағыш сақина

Поршень



4. Топтастыру әдісі



гильза

Блок поршень

кривошип-шатунды механизм




шатунь иінді білік




махавик нығыздағыш сақина

майлағыш

сыдырғыш сақина

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде оқытушы оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта колледждегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын. Оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты термин сөздерді анықтап, сөздік қорларын молайтып сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өзіндік жұмыс, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса оқытушы мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.


Оқытушы жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен оқушының қабілеттерін дамыту арқылы алғыр оқушы болу ықтималдығына барынша мол үлес қоса алады.

Ақпараттық технология негіздерін пайдалана отырып топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болатынын ескере отырып , оқытуда жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.

Нәтижесінде:

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар:

Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі, алмасады

Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады
Өз мүмкіндігін біледі
Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады
Назарын бақылай алады және алаңдамайды
Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады
Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады
Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді
Өзінің оқуын түйсіне бастайды
Қалай оқу керек екенін ұғынады
Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды
Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады
Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді
Ересектердің көмегінсіз өз ісінің көзін табады
Тапсырманы қашан әрі қалай орындау қажеттігін талқылайды
Сұрақ қояды және жауап ұсынады
Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды
Жеке және құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады
Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады
Құрдастарымен әлеуметтік мәселелерді шеше алады
Тапсырмалар ұсынады
Сабақта зерікпейді, басқа оймен, іске уақыты болмайды
Жинақылық, білімге деген бәсекелестік қабілеті дамиды
Бір-бірін сыйлайды, бір-бірімен тез тіл табысады
Бар ынтасымен жұмыс жасайды, бір-біріне талапшыл
Өз көзқарасын ұжым көзқарасына бағындырады
Жұмыстағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап, жою дағдылары қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

3.Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.

4. ПЖүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы Алматы «Фолиант», 2007 жыл





hello_html_279b153d.pnghello_html_m3f23c1aa.png





hello_html_1a228ac4.png





hello_html_4f37c291.png

hello_html_4fb78a3d.png

hello_html_15bfad26.pnghello_html_m7afb2e04.pnghello_html_m1e5471df.pnghello_html_m4dc442a2.jpg


hello_html_m57ff31e3.pnghello_html_m11fb393b.jpghello_html_676a16fa.png




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров181
Номер материала ДВ-456838
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх