«ҰБТ-ғы тригонометрия»
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы
11 сыныпқа арналған математика пәнінен
қолданбалы курс бағдарламасы
Авторы А.К.Тухметова математика мұғалімі
Н.Островкий атындағы №4 Күршім мектебі
2013-2014 оқу жылы
ТҮСІНІК ХАТ
Мен өзімнің «ҰБТ-ғы тригонометрия» бағдарлы курсымның бағдарламасын 11-шы сыныптарына арналған мемлекеттік орта білім стандартының алгебра және анализ бастамалары бағдарламасы негізінде кұрастырғамын. Бұл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын (алайда Ұлттық Біріңғай Тестте кездесетін кейбір есептерді шығаруға септігін тигізетін) жоғары математиканың көптеген тригонометриялық формулаларымен , кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы,мектеп бағдарламасында жоқ формулалар арқылы тригонометриялық өрнектерді түрлендірудің тиімді жолдарымен) танысады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді.
Курстың мақсаты:
негізгі бағдарламалық материалды жоғары дәрежеде меңгерту;
негізгі базалық білімдерін жүйелеу, жинақтау,терендету
оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, өз бетімен еңбектенуіне дағдыландыру;
оқушылардың математика пәніне ынтасын, қызығушылығының мүмкіндіктерін арттыру;
оқушының бейімділігін ескере отырып, оны дамыта түсудің нәтижелі жолдарын қарастыру;
ізденуге, шығармашылық әрекетке ұмтылдыру;
оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар беру;
11 сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсының материалдарын меңгерте отырып, оқушы білімін тереңдету мақсатында жоғары курс материалдарын үйрету
Курстың міндеттері:
оқытуда техника мен оған жақын ғылымдарды оны қолдану, халықшаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау, немесе оқытуға политехникалық бағыт беру;
-өздігінен білім алуға және алған білімдерін тиімді пайдалануға дағдыландыру
іргелес пәндер физика, химия, география, сызу,технология сабақтары курсымен байланыс орнату;
білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімдерді меңгерту;
бүгінгі оқушы-ертеңгі жаңа заман талабына сай, қоғам қажеттілігін өтейтін маман екендігін түсіну;
математикалық дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде кәсіпте қолдануға тәрбиелеу;
ҰБТ-ғы математикадан білім денгейін жоғарлату
Күтілетін нәтиже
мұғалім біліктілігін арттыру
оқушының білімдегі сапа көрсеткішін көтеру
ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету
Курс 34 сағатқа құрылған. Аптасына 1 сағат.
.
Тақырыбы
Сағат саны
Сабақ түрі
мерзімі
1
Мектеп курсындағы тригонометрияның негізгі ұғымдары. Тригонометриялық функцияның бір аргументке арналған формулулары.
1
консультация
2
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық формулулар
2
Семинар-практикум
3
Жарты, екі және үш , n-еселі бұрыш формулулары
3
Зерттеу сабағы семинар -практикум
4
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
4
консультация
5
Тригонометриялық функция. Тригонометриялық функцияның графигін түрлендіру
3
Зерттеу сабағы семинар-практикум
6
Тригонометриялық функциялардын мәнін аркфункциялардан есептеу
3
Практикум консультация
7
Тригонометриялық тендеулерді шешу тәсілдері
4
Лекция практикум
8
Керіі тригонометриялық функциясы бар тендеулерді шешу
3
Практикум консультация
9
Тригонометриялық тендеулер жүйесін шешу
3
Практикум консультация
10
Тригометриялық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесін шешу
4
Лекция практикум
11
«Біздің манайымыздағы тригонометрия», «Тригонометрия ның әртүрлі жақтары»» т.б, жобалар
2
Презентация сабақ
12
Қорытынды сабақ
2
Бақылау жұмысы
Барлығы:
34
Аннотация
Автор «ҰБТ-ғы тригонометрия» бағдарламасында шығарылу жолдарының әр-түрлі жолдарын қарастыра отырып ,оның қолданбалы мүмкіндіктерін бағалап және меңгеру дағдысын ашады. Оқушыларға терең және тиянақты білім беру, оқу пәндерін өзара байланыстыру, ойлау , пікірлесу, қабілеттерін дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушылардың білімдері мен икемділіктерін, өз ойларын жеткізе алу дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше қарастырылған.
Пікір.
Тухметова Альфия Какимовнаның Математика пәні бойынша 11сыныпқа арналған «ҰБТ-ғы тригонометия» атты бағдарлы курс бағдарламасы бағдарлама құру талаптарына сай құрылған.Таңдалып алынған тақырып оқушылардың ҰБТ-ға дайындаудың ең керекті тақырыптардың бірі. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері айқын. Мақсат пен міндеттерді шешу жолдары көрсетілген. Негізгі мектеп курсында «Тригонометрия» тақырыбында кейбір мәселелер толық ашылып, қарастырылмағандықтан , жаратылыстану – гуманитарлық бағыттағы сыныптарға қолданбалы курс бағдарламасында осы мәселелер толық және терең түрде берілген. Бұл материалдарға жаңа түсіндірулер, ұғымдар, шығарылу жолдары көрсетілген. Бағдарламада оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу әдіс- тәсілдері қарастырылған. Бұл арқылы оқушылардың шынайы өмірге белсене қатынасып,ой-өрісінің кеңеюін,саяси сауаттылығын, танымдық әрекетін дамытуды мақсат еткен.Мұғалім оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында тараудан кейін қорытынды тақырыптар қойып, ой талқы, модульдік сабақтар,семинар сабақтармен өткізуді ұсынған. Курсты ұйымдастыру формаларын, олардың мақсаттарын көрсете білген. Бағдарламада оқушылар үшін бүгінгі күннің талаптары: өзін-өзі белсенді етуге дайын, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу жолдары көрсетілген.
Бағдарламаның нәтижесінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескерілген.
Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғары арттыруда, жеке тұлғаның дамуына,егемен еліміздің ұрпағын тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек етіп келе жатқан математика пәні мұғалімі Тухметова Альфия Какимовна құрған бағдарламасын ізденістен туған еңбек деп бағалауға болады.
Пікір жазған әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Ә.Халелова
Қолданған әдебиеттер
Жалпы орта білім деңгейінің оқу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспар 10 және 11 сыныптарынының жаратылыстану бағыты,алгебра пәні бойынша
Абылкасымов А «Алгебра және анализ бастамалары», жаратылыстану бағытындағы 10 сыныпқа арналған оқулық 2010 ж
Бородуля И.Т. «Тригонометрические уравнения и неравенства», Москва- Просвещение 1989 г
Рустюмова С, Рустюмова И. «Пособие для подготовки к единому национальному тестированию по математике» Алматы , 2008, 2009,2010 года
Учебно-методическое пособие по математике- Кокшетау
Учебно-методическое пособие по математике- Астана, «Национальный центр тестирования» РГКП 2011г
Шахмейстр А, «Тригонометрия» , С-ПетербургМосква 2009г
Математика пәнінен тест тапсырмалары ,Алматы 2000 ж
Алгебрадан ҰБТ- ға дайындалуға арналған әртүрлі денгейдегі тест тапсырмаларының жинағы Шымкент -2011
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.