Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Авторлық бағдарлама Функционалдық сауаттылық (5 класс)

Авторлық бағдарлама Функционалдық сауаттылық (5 класс)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



































17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп







Функционалдық сауаттылық

(таңдау курсы)



Сынып – 5

Сағаты – 1

Жылдық сағаты – 34




Бағдарламаны құрастырған

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Теңгебаева А.Қ






2015 – 2016 оқу жылы







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы

2. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл /әдістемелік құрал/

3. «12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі», Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл /әдістемелік құрал/





Түсініктеме


Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде тапсырма берген болатын.

Осы тапсырманың негізінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты

болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі. 
Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады. 




IV тоқсан (8 сағат)







Тақырыптары



сағат саны



мерзімі

жоспар

бойынша

нақты

1.

Пунктуация

1



2.

Сөзбен айшықталған сурет

1



3.

Өзім жайлы/әңгіме/

1



4.

Ертегілер елінде

1



5.

Оқу және жазу машығын тексеру

1



6.

Фонетикалық, математикалық талдау

1



7.

Жылдық қайталаулар

1



8.

Қорытынды сабақ

1












III тоқсан (10 сағат)






Тақырыптары



сағат саны



мерзімі

жоспар

бойынша

нақты

1.

Қызықты грамматика әлемінде

1



2.

Мәтін арқылы оқыту

1



3.

Шешендік өнер

2



4.

ФС қалыптастырудың арнайы ұстанымдары

1



5.

Фонетикалық, математикалық талдау

1



6.

Орфогафия, орфоэпия

1



7.

Мектеп, досым.... /шығармашылық/

1



8.

Сауатты жаза білейік!

1



9.

Қорытынды сабақ

1







Курстың өзектілігі:


Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып,

функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.


Мақсаты:


* Оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық  деңгейін бағалау.

* Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін  өмірде қолдана ала ма?-  деген сұраққа жауап іздеу.   

* Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамыту.


Міндеттері:


- Қара сөздің мән-мағынасын аша білуге;

  • Тіл білімінің салаларын жетік меңгеруге;

  • Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;

  • Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу.



Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне, икем – дағдысына қойылатын талаптар:

  - Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән беру

- Өзіндік пікірін қалыптастырып, әдеби мәнерде сөйлеуге дағдылану.

- Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау.

- Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану. 


I тоқсан (9 сағат)







Тақырыптары



сағат саны



мерзімі

жоспар

бойынша

нақты

1.

Кіріспе. Қазақ тілі- ҚР мемлекеттік тілі

1



2.

Функционалдық сауаттылық туралы ұғым

1



3.

Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі.

Математикалық талдау

1



4.

Мен... /монолог/

1



5.

Мен үшін қымбат не?

Талдау

1



6.

Қазақ әліпбиі

1



7.

Мәтін арқылы оқыту.

Математикалық талдау

1



8.

Сауатты жаза білейік!

1



9.

Қорытынды сабақ.

1























Тақырыптары



сағат саны



мерзімі

жоспар

бойынша

нақты

1.

Тілдік функция

1



2.

Рефлексиялық жаттығулар

1



3.

Функционалды сауаттылықтың белгілері

2



4.

Сөйлеу әдебі

1



5.

Сауатты жаза білейік! Математикалық талдау

1



6.

Мәтін арқылы оқыту

1




ІІ тоқсан (8 сағат)

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров129
Номер материала ДВ-328492
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх