Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыАвторлық бағдарлама 6-сынып "Ауызша тарих"

Авторлық бағдарлама 6-сынып "Ауызша тарих"

Скачать материал

Шаблоны грамоты и благодарности                               

                           ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ   МИНИСТІРЛІГІ

                                                        Жамбыл обылысы Т.Рысқұлов ауданы

                                   Тубсанатории  негізгі мектебі   коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

 

       «Бекітемін»                                                       «Келісемін                                        «Тексерілді»

Тубсанатории негізгі                                      мектеп директорының                    Тубсанатории негізгі                                мектебінің диркторы                                    ғылыми ісі жөніндегі                       мектебінің гуманитарлық

М.Қ. Мангутов.                                              орынбасары Б.Кусепбаева              бірлестік   жетекшісі                              

                                                                                                                                                          Ж.Муслимова.

___________________                                       __________                                           ____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ауызша тарих»                                                                                                   бағдарламасы

                                                    

                                               ( 6  сынып, барлығы 34 сағат)

                                                         Мектеп компоненті

                                                Пән мұғалімі:  Көшкінбаева.Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Қарақыстақ ауылы

2015  жыл

                                                  

                                                       

 

 

 

 

Түсінік хат

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу

алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,

табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

Н.Ә.Назарбаев

         Қазіргі заман талабына сай маман даярлау мен болашақ маман иелерін оқыту бүгінгі таңдағы басты мақсаттар мен міндеттердің бірі екендігі белгілі. Білім берудің  тиімді  түрлеріне қол жеткізу үшін  оқыту үрдесін  жүйелі түрде жоспарлау , қолдану, бағалау қажет.  Бұл оқушылар мен мұғалімнің жүйелі  де жоспарлы іс-әрекетінің нәтижелерінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Ауызша тарих» курсына арналған бағдарламада көптеген шарттары  қарастырылған. Қазақстан Републикасының  «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері –«азаматтылық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін  құрметтеуге,  халық   дәстүрлерін қастерлеуге,  Канституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге  төзбеуге  тәрбиелеу» - деп айтылған.

 

           Бүгінгі  XXI –ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан  жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі   салт-дәстүрінен, ұлттық  мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған  Күлтегін, Тоны көк, Қабыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай,  Сұраншы, Саурық  батырлардың  ерлік істеріне  бастау алады. Сонымен қатар , ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге,  нақыл сөздер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік , ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген  сүйіспеншілік қалыптастыруға игі ықпал етеді.

           Ұлттық тарихымыздың  белгісіне айналған  шешендік сөздер,  шежіресінен  сыр тартып,  салт-дәстүрден , халықтың  өмір-тұрмысынан дерек  беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған  белгілердің барлығын  да  ұлтымыздың ,  ата-бабаларымыздың да  танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер- судың атауы-тарихтың хаты» деген халық  атауында  терең   мазмұны, сындарлы салмақ жатыр.

                                                                 

        Сонымен қатар Ауызша тарих- анағұрлым маңызды оқиғалардың, кездесулердің , шежірелердің, пайымдаулар мен естеліктердің, қилы тағдырлары мен  өмір кезеңдері , жылнамасы жасауға қажетті көп жасап, көпті көрген дана қарттардың  ауызба-ауыз әңгімелерін  жинап , тіренуге арналған жоба.

Қолданбалы курста өту барысында пән аралық байланыстар ұдайы болып отыр. Қазақ әдебиеті, Жаратылыстану,Қазақстан  география, Қазақстан тарихы пәндеріндегі білімдеріне сүйенеді.

     Барлығы  34 сағат (1 жыл) 5-6 сыныптар аралығына  жоспарланған. Оқушының  шығармашылық қабілетін, іздемпаздылығын, тұжырымдылық қабілетін  дамытуды алға мақсат етіп қойдым.

 

   

 

 

      Тубсанатории негізгі мектебінің мұғалімі Көшкінбаева  Гүлжанның

Тарих пәні бойынша

«Ауызша тарих»      бағдарламасына

 

Пікір

 

 

    Ұсынылып отырған  бағдарлама  6 сынып оқушыларына тарих пәніне арналған. Бағдарлама түсінік хаттан,  ауызша тарих тақырыбына (34 сағат), ойтүйіндеме және қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бұл бағдарламаның мақсаты, оқушыларды Ауызша тарих- анағұрлым маңызды оқиғалардың, кездесулердің , шежірелердің, пайымдаулар мен естеліктердің, қилы тағдырлары мен  өмір кезеңдері , жылнамасы жасауға қажетті көп жасап, көпті көрген дана қарттардың  ауызба-ауыз әңгімелерін  туралы, өз бетінше білім алу қабілетін дамыту.

Бағдарламаға енген тақырыптар : Ауызша тарихтың бесаспап зергері. «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақтар үшін  қадірі хақында.  Шешендік сөздер

Бұл  материалды оқыту оқушылардың келешекте ауызша тарихты оқып үйренуде маңызды роль атқарады.

 Жалпы»Ауызша тарих» таңдау пәні бойынша жасалынған бағдарлама 6 сынып оқушылары үшін оқу үрдесінде қолдануға болады  деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Бағдарламаның мақсаты:

 

    Оқушаларға  ауызша тарихамызды зерттей отырып, Оның проблемаларын шешеу жолдарына бағыттай отырып, олардың белсенділігін, іздемпаздық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

·​ Оқушыларды тарих, география пәнінен алған білімдерін дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру, оқушының дарындылығын, шығармашылығын арттыру;

·​ Оқушыларды ауызша тарихымен, шежіресімен  толықтай таныстыру.

·​ Оқушылардың жас ерекшелігіне, білімді қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім жүйесін күрделендіре түсу;

·​ Оқушыларды өз өлкелерінен шыққан өнер адамдарымен, тарихи ескерткіштерімен, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімен, ардақты аналарымен және ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымен таныстыру;

·​ Сөз мәдениетін, кәсіби тілдік шеберлігін дамыту;

·​  Оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құрметтеуге баулу.

·​ Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін артырып, туған өлкенің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

                                           Ауызша тарих

           Дегенмен, бұл мәселені педагогика ғылымы тұрғысынан қазіргі талапқа сай шешу үшін ауызша тарихи материалдарын орта буында қалай пайдалану керек дегенді ғылыми-педагогикалық аспектіде қарастырудың маңызы ерекше.             Себебі оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге қажетті материалдар негізінен орта мектептің 5–9 сыныптарында өтілетін пәндерде шоғырланған.

   Жоғарыдағы ғылыми еңбектерде ауызша тарихи материалдары әр қырынан зерттелгенімен, біздің жұмысымызда ауызша тарихи материалдары негізінде кіріктірілген бағдарлама бойынша жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жолдары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Оқушы жастарға жаңа әлеуметтік даму жағдайында ауызша тарих материалдары арқылы жан-жақты терең танып білуіне тәрбиелеу мәселесінде белгілі қарама-қайшылықтың бар екенін ескере келіп, зерттеу тақырыбымызды «Ауыша тарих материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын жан-жақты терең танып білуіне тәрбиелеу» деп тарихымыз тура келді.

Зерттеу мақсаты: Ауызша тарих материалдарының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: ауызша тарих материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды жан-жақты терең танып білуіне  тәрбиелеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде ауызша тарих материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы – жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені ауызша тарих материалдары оқушылардың жан-жақты терең танып білуіне, ата дәстүріне сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырым бөлімі

                                   

I.Ауызша тарихтың  бесаспа зергері

 

   Қазақтың  қолы тәуелсіздікке  жеткелі дәстүрлі  тарихпен  әуестенушілер  көк майса көкті көмкерген бәйшешектей  кең өріс жайады. Кеңестік тотолитарлық жүйе тұсындағы «ауызынан- ауыздығы» алынбаған, тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары  ойланып –толғанып өздеріне – өздері келіп өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебинтпен өнерге жақын қазақ  зиялылыары  тарихымыздың  кейбір  маңызды  бағыттарында  айтарлықтай  аршынды қадам жасап үлгереді.

 

II. «Қазақтың  ауызша тарихының»  бүгінгі  қазақ  үшін  қадірі хақында.

         

     Қазіргі  қазақ қоғамында  адамдар  арасында байырғы дәстүрлі қарым –қатынас  іздерің  жойылып  бара жатқан кезеңінде   оқырман  қолына тиген  Ақселну  Сейдімбетовтың –« Қазақтың ауызша тарихы»   атты кітабы  ұлттың құндылықтарымызды  сақтауға  бағытталған  аса зерулі еңбек.

 

III . Шешендік сөздер.

            

  Қазақ фольколарында жасалынып мақал-мәтел, жұмбақ , жаңылпаштар  түрінде айтылатын  ғибаратқа толы нақыл үлгілерін  шешендік сөздер деп  айтылады.

 

                                      

 

      IV. Ауызша дәстүрдегі (шежіре) және Еуразиялық kөшпелілер тарихы .

        «Ауызша тарихты»- зерттеу методлогиясы мен  тәпсілеу мәселесі.

 

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.

 

 

                                                                                          

             

 

 

 

 

 

 

                                 Күнтізбелік жоспар (34 сағат)

Тақырыптың аты

Сағат саны

Формасы

                                  

                                            I.Ауызша тарихтың  бесаспа зергері

1

Кіріспе. Ауызша тарих қазақ қоғамына зертеудің тиімді тәсілі.

1

ой қозғау,сұрақ-жауап

2

Ауызша тарихтың  бесаспа зергері

1

баяндау,сұрақ-жауап

3

 Қазақтың тәуелсіздігін алу

1

картамен жұмыс, қимасын жасау

4

Ұлттық ою-өрнектерінің тұлға тәрбиелеудегі  ролі

1

лекция,баяндау

5

«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»

1

Ой толғау

                ІІ . «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

6

 «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

2

шығармашылық ізденісі

7

Ауызша тарихтың артықшылықтары

1

ой толғау

8

Ақселеу және ауызша тарих ақауы

2

зерттеу

9

Қазақ тарихи      ауызша деректерін жүйелу және талдаудың кейбір мәселелері

1

баяндау

10

Қазақ халқының тарихи жады және ауызша тарихи дәстүрі

1

мазмұндау,ой толғау

11

Ұлт тарихын зерттеу ауызша тарихи деректерін  пайдалану: методологиялық мәселелер

2

Сұрақ- жауап

12

Қазақ эпостары – тарихи дерек  ретінде

1

зерттеу

13

Қазақтың ауызша дәстүрлі: ұғымы және тәпілеу мәселелері

1

баяндау

                                                        III. Шешендік сөздер

14

Қазақ тарихиндағы би- шешендер мұрасы

1

сұрақ-жауап

15

Қазақ халқының шешендік өнері

1

зерттеу,сұрақ-жауап

16

Шешендік сөздер

1

талдау,түсінік беру

17

Сөз тапқанға қола жоқ

1

мазмұндау

18

Қазақтың шешендік өнері

1

таныстыру

19

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері

1

ой толғау

20

Шешендік және сөз мәдениеті тарауынан қайталау, қорытындылау

1

 мазмұндау

ІV.Ауызша дәстүрдегі (шежіре) және Еуразиялық көшпелілер  тарихы.                                

   «Ауызша тарих» - зерттеу методологиясы мен тәпсілеу мәселесі

21

Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі

1

әңгімелеу,баяндау

22

Ауызша дәстүрдегі, шежіредегі түсіндіру құрылымдары және естелік айту 

1

Саяхат сабақ

23

Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде

1

баяндау

24

Қазақ шежірелері туралы

1

Баяндау,сұрақ-жауап

25

Қазақ шежірелері  - тарихи деректер ретінде

1

Саяхат сабақ

26

Диссертоциялық хронология шеңбері

1

Әңгімелеу,баяндау

27

Шежіренің қазіргі маңызы

1

Зерттеу,сұрақ-жауап

28

Қазақ хандығына шежіре неге керек болды

1

мазмұндау

29

Есім хан реформасынан кейінгі қалыптасқаншежіре

1

Баяндау,сұрақ-жауап

30

Алаштан басталған шежіре

1

Саяхат сабақ

31

Білімді тиянақтау Қорытынды, тест сабақ

1

сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

 

 

            

      Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі .

 

Қандай да бір  мәселені шешуде оқушылардың қалай ойлайтындығын , олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл- оқушылардың қаншалықты пайымды білетіндігін, олардың оқылған материалды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушы білімін бағалауда мұғалімге көп талап қойылады. Өз тәжірбиемде оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену  дағдысын ескере баға қоя отырып , жауап берген оқушылардың бағаларын салыстырмалы сипаттама беремін. Олардың білімін жеке тапсырмалар беру арқылы да анықтайтын.

Оқушының қабілетін, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарй оқушылардың теориалық-практикалық білімін сараптау деңгейінде  мынандай диагностика арқылы көрсетуге болады:

1.     Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті.

2.     Үй тапсырмасын орындау дәрежесі .

3.     Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті.

4.     Логикалық ойлау қабілеті

5.     Қосымша сұрақтар қою белсенділігі.

         

Бұл барлық оқушының білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, тақырыптың қай бөліміне  олардың назарына баса аударуды анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылға әдебиеттер

 

Негізгі әдебиеттер

 

1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.

2: Ӛлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сӛздер – Алматы: Жазушы, 1995. – 384 б.

2. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. –

320 б. http://www.enu.kz

3. Смағұл Елубай. Қазақтану // Алты Алаш, № 3, 2009.

4. Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант,

2008. – 728 бет.

6.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -Алма-Ата, 1961. -406-407 бб. 

7.Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) –Т. 4. -М.-Л., 1940. -58 б.

8.Сонда, -513-516 бб.

9.Cонда, -226-228 бб.

10.Cонда, -47-50; 54; 62-65 бб.

11.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). -744 б; История Букеевского ханства. 1891-1852 гг. Сборник документов и материалов. -Алматы, 2002. -11-20 б. 

12.Материалы по истории Казахской ССР. (1785-1828 гг.) -Т.4.-Л., 1940. -513-515 бб. 

13.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887.-99-103 бб.; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. -292-293 бб; Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. -89-92 бб.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. -Санкт-Петербург, 1867. -62 б.; Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края. Под редакцией Н.А.Маева. -Санкт-Петербург, 1872. -115-116 бб.; Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. -Ташкент, 1889. Приложения №1.- 1-7 бб.; Аристов Н.А.Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. -СПб., 1897. -104-111 бб.; Потанин Г.Н. Казак-киргизская и алтайская предания, легенды и сказки.// Живая старина. -Петроград, 1917. -54-64 бб. 

14.Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И.Рычкова 1762 года. -Оренбург, 1887. - 99-100 бб.

1
5.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы, 1996. - 293б.

1
6.Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь. Оренбургского ведомства. -Санкт-Петербург, 1865. - 90-91 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://s3.hostingkartinok.com/uploads/images/2013/08/3e6afc11ba2035e0b7672d9a4a41ac07.png

 

 

 

 

 

http://www.dragonartz.net/wp-content/uploads/2009/07/vector-floral-announcement-2-04-by-dragonart.jpg

                           ҚАЗАҚСТАН РКСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

ЖАМБАЛ ОБЫЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

ТУБСАНАТОРИИ НЕГІЗГІ КОММУНАЛДЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

 

 

 

Оқу –әдістемелік

нұсқаулық

 

 

Ауызша тарих

6 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

                                  Авторы: Көшкінбаева Гүлжан

                                                Бақытбекқызы               

 

 

 

                                                     

                                          

 

 

 

 

 

                                            Алғы сөз

 

Бұл әдістемелік оқу құралы 6 сыныпқа арналған «Ауызша тарих» атты авторлық бағдарламаның  қосымша ретінде, мұғалімдерге оқу- әістемелік көмекші құрал ретінде жасалып отыр. Әдістемелік оқу құралы оқытудың төл технологиясы – сын тұрғысынана  ойлау. Оқу құрылымның мақсаты педагоктардың оқытуда жаттанды  ақпататан гөрі , ондағы қойылған мәселені зерттеуге , талдауға салыстыруға , ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салу үшін көмектеседі. Сөйтіп , осы оқу құралымның  оқушы өз бетінше  ақпаратты қалай қолдану керетігі білетін, әлемдік стандарт  талаптарына  толық сай келетін,  болашақта жетістікке қол  жекізер азаматтарды дайындау сияқты ҚР жалпы білім беру мақстына өз үлесін қосары сөзсіз.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=449216407-43-72&n=21

 

 

 

 

 

№1 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Ауызша тарих қазақ қоғамына зертеудің тиімді тәсілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауызша тарих   қазақ қоғамына терттеудің тиімді тәсілімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмысқа баулу,

сөйлеу мәнерін дамыту.

Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын білуге,

халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау ,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес  сонымен қатар әлеуметтану,саясаттану сияқты қоғамды зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды.Қазіргі заманда әлемнің белді университеттері мен зерттеу институттарындағы «Oral history» орталықтары осының айғағы болса керек. Осы зерттеу тәсілінің бастауларына назар аударсақ XIX ғасыр ортасындағы белгілі француз тарихшысы Сорбонна университетінің профессоры Жюль Мишле, өзінің «Француз революциясының тарихы» , атты еңбегіне кірісер алдында мен үшін жазба құжаттар көптеген деректердің біреуі ғана деп айтқан болатын. Мен ауызша дәстүр дегенде, бөлек адамдардың пікірлерінен қалыптасатын ұлттық дәстүрді айтамын дей келе: то, что говорили и повторяли все — крестьяне, горожане, старики, женщины, даже дети; то, что можно услышать, если как-нибудь вечером заглянуть в деревенскую таверну; то, что можно почерпнуть, если, встретив на дороге праздного путника, затеять с ним разговор о дожде, о времени года, потом о высоких ценах на продукты, потом о временах Императора, а потом о Революции- деп түсініктеме беріп кеткен. Ал Ян Вансин «Ауызша дәстүр: тарихи әдіснама зерттеулері»(1965) деп аталатын өзінің классикалық еңбегінде африкалық ауызша дәстүрде есте сақталатын зердені бес категорияға бөледі: Во-первых, это формулы: заучивание формулировок, ритуалов, лозунгов и титулов. Во-вторых, географические названия и имена. Затем официальная и неформальная поэзия — историческая, религиозная или личная. Четвертую категорию составляют рассказы — исторические, дидактические, художественные или личные. И, наконец, пятую — юридические и иные комментарии.Көріп отырғанымыздай шет ел ғалымдары ауызша тарихи дәстүрдің әдіснамалық және деректік маңызын дәл анықтап жазып кеткен .
Тәуелсіздік кезеңінде осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізген қазақ этнологиясына байланысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегін айтпасқа болмайды. В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын далалық ауызша тарихнама аясына сыйдырады. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбегінде жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай аталмыш ұсынысқа келісуге болады. 
Ұлттық тарих айту дәстүрінің негізгі қасиеті қазақтың ұлттық ділі мен рухын қалыптастырды. Мұны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде терең пайымдаған: «...Сонымен бірге ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармаларында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатыр. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді» .

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес  сонымен қандай зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды?

2.​  Ақселеу Сейдімбектің  қандай еңбегін айтпасқа болмайды?

​  

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ауызша тарихтың  бесаспа зергері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауызша тарихтың  бесаспа зергері туралы баяндап

мағлұмат беру.

Дамытушылы: Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды,

есте сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді

салыстыра отырып,қорытынды шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: гография

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ 

          Қазақтың қолы тәуелсіздікке жеткелі дәстүрлі тарихпен әуестенушілер көкмайса көктемде көкті көмкерген бәйшешектей кең өріс жайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында «аузынан ауыздығы» алынбай, тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары ойланып-толғанып, өздеріне-өздері келіп, өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебиет пен өнерге жақын қазақ зиялылары дәстүрлі тарихымыздың кейбір маңызды бағыттарында айтарлықтай аршынды қадамдар жасап үлгерді. Солардың арасында кескін-келбеті, өзіндік дара болмысы қазақ сал-серілерінің еңселі тұлғасын еріксіз еске түсіретін Ақселеу Сейдімбек қазақтың этникалық болмысының білгірі ретінде тұлғалана түсті. 
Бұрындары да өзінің әртүрлі прозалық шығармаларында, «Күмбір-күмбір күмбездер» тәрізді тарихи танымдық очерктер шоғырында, тамыры терең тылсым тарихтан бастау алатын қазақ дәстүр-салтының сан қырлы қатпарларын нәзік сезімталдықпен қозғап, толғана жазған ғылыми мақалаларында, ата-бабаның бесаспап өнерінен бастау алған ғажайып күй саздарының таңғажайып сырларын тербете зерттеген монографияларында және тағы да басқа әртүрлі мәдени тағылымның аса маңызды мәселелерін қозғап, оларға тың деректер мен тұжырымдар қосып, сонымен бірге өзінің осы бағыттардағы қызықты да, тың да, жаңашыл пікірлері мен тұжырымдарын әрқашан оқырманға ұсынып дағдыланған жазушы тәуелсіздік тұсында біржолата этнографиялық зерттеулерге бет бұрып, осы бағытта елге жақсы танымал, дарынды білгір ғалымның деңгейіне көтеріліп үлгерді. Бұрындары Ақаңның жазғандарын қалың қазақ ортасында өзіндік тәлім-тәрбие алған, ұлттың қанықты рухына мейлінше суарылған, тарихи танымды қызыға насихаттаушы талантты журналшының өзіндік әуесқойлығы ретінде қабылдап, жаратушының өзі ғылыми-зерттеуге бейім етіп жаратқан оның ерекше қасиеттерін аңғара қоймаған тарихшы-этнографтардың өздері де Ақаңның осы бағыттағы іргелі зерттеулерінен кейін оны өзіндік ғылыми кескін-келбеті, өзіндік бедерлі ғылыми соқпағы бар этнолог-тарихшы ретінде қабылдай бастады. Осы айтылғандардың нақты көрінісінің және жарқын үлгісінің бірі – қазір қолымызға ұстап отырған «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбек. Бұл кітап өзінің ішкі құрылымы, жазылу стилі және көтерген мәселелері, сондай-ақ ғылыми бағыттары жөнінен өзінен бұрынғы этнографиялық мазмұнда жарық көрген зерттеулердің ешбіріне ұқсамайды. Зерттеу іргелі-іргелі бес тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы «Шежіре және тарих» өзіндік тың да, жаңа көзқарастарға толы. Онда елтану мектебі, тарихнама, этнология және ру-тайпа жүйесі, түркі ру-тайпалары және тарихи кезеңдер, қазақ шежіресіндегі уақыт табы және тағы басқа маңызды мәселелер нақтылана зерттелген. Егер Ақселеу Сейдімбекке дейінгі этнографтар, мысалы, дәлірек айтар болсақ, В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын осы ДАТ-тың (далалық ауызша тарихнаманың) аясына сыйдырған болса, енді біз пікір айтып отырған еңбекте автор жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» («ҚАТ») деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы мүлде тың, жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай жаңа ұсынысқа, негізінен, келісуге болады. Әрине, ауызша тарихқа тек қана қазақ шежірешілдігі ғана жатады десек, тар өрісті пікір айтар едік. 
Тамыры тереңнен бастау алатын, ежелгі тарихи тұлғаны бүгінгі күнге көркемдеп те, айшықтап жеткізген әртүрлі аңыз-әңгімелер мен қиссалар, жыршыларымыз таңды таңға ұрып жырлайтын тарихи дастандарымыз бен тарихи жырларымыз, мысалы, Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» ауызша тарихтың адам таңданарлықтай ғажайып үлгісі емес пе?! Белгілі тарихшы-археолог Егоровтың «Историческая география Золотой Орды» деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде Қырымдағы Қырық ер қаласына байланысты қазба жұмысының қорытындыларын нақтылап айтқаны бізге белгілі. Қырық ер қаласын Шайбанның әскерінің қандай қиыншылықпен басып алғанын әйгілі ортағасырлық «Шайбани-нама» атты деректен де айқын аңғарған болатынбыз. Осыларды бір ауыз сөзбен қорытар болсақ, Мұрын жырау ауызша жырлаған тарихи ахуалдың шынайы тарихқа сәйкестігі назар аудартады. Ондағы айтылатын Шора Нәрікұлының өзінің ерліктері және бабаларының өмір тарихы орыс деректеріндегі жылнамалық мәліметтерге толық сәйкес келеді. Мұның бәрін айтып отырғанымыз, А.Сейдімбек әңгімелеп отырған қазақтың ауызша тарихы (ҚАТ) бүгінде қағазға түскен жазба тарихымызды жаңа деректермен толықтыратын және тарихтағы адам тұлғасының айшықты орнын айқындай және нақтылай түсетін, әсіресе, ежелгі және ортағасырлық тарихымыз үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда зерттеушінің «қазақтың шежірешілдік зердесінде адам – тарихтың ең басты тұлғасы, ал адам сапасы – тарихтың қозғаушы күші» деген қорытындысы, шынында да, бүгінгі тарихымыз үшін аса өзекті және маңызды. Мұны қазіргі кезеңде бізден гөрі ресейлік ғалымдар айқынырақ түсінгендей. Өйткені олар коммунистік жүйенің омақаса құлағанын жедел ескеріп, бұрын тарих ғылымында қалыптасқан «тарих – таптар күресі» деген принциптің орнына «тарих – адам қызметі» деген жаңа ұстанымды орнықтырып үлгерді. Мұндай жаңа методологиялық ұстанымның маңыздылығын жақсы түсінген А.Сейдімбек бұл мәселеде де өзінің хабардар екенін зерттеу еңбегінде айта кетуді ұмытпаған. Алдын ала айтарымыз, ғалымның қазақтың шежірешілдігін ауызша тарихтың аса маңызды көрінісі ретінде сипаттаған көптеген ұнамды пікірлерімен келісуге тура келеді. Өйткені шын мәнінде, автор қазақ шежірешілдігінің қыры мен сырын жақсы меңгерген, өзі де – осы салада нақты зерттеулерді көптеп өмірге келтірген дарынды зерттеуші. Ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмысында шежірелік деректерді жан-жақты талдап, жүйелеп, жинақтап, осы саланың ыстығы мен суығына төзіп, әбден академиялық дәстүр аясында іздене жүріп қалыптасқан шежіретанушы ғалым осы – А.Сейдімбек.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

       1.​ Ауызша тарихтың  бесаспа зергерілері дегенді қалай түсінесіндер?

       2.​ Ауызша тарих бесаспап зергерлеріне нелер жатады?

IV. Қорытындылау      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбыҚазақтың тәуелсіздігін алу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақтың тәуелсіздігін алу және ауызша тарихтың дәстүрлі құндылықтары туралы түсінік беру

ДамытушылықҚосымша материалдарды пайдалана отырып,

оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге тәрбиеле

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік,имандылық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдеріБаянда , сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихының», оның ішінде шежірелік дәстүрдің тарихнамасының мәселелерін жан-жақты талдауымен де негізінен алғанда, толық келісуге болады. Оның әйгілі тұлғаларымыздың өмірлік дерегі туралы шежірелік баяндарды «әлем халықтарының тарихында кездесе бермейтін бірегей рухани феномен» ретінде бағалауы шежірелік түзілім тарихын терең білетін маманның көзқарасы түрінде қарастырылуы қажет. Еңбектері Алтын Орда тұсынан бері қарай шежірелік сипатта жазылған ортағасырлық авторлардың, соның ішінде мұсылмандық тарихи әдебиет өкілдерінің, шынында да, Қазақ тарихы үшін аса құнды деректік мәліметтер беретінін қазіргі тарихымыз айқын аңғарып отыр. 
Ақаңның «Этнология және ру-тайпалық жүйе» тақырыбы бойынша теориялық және методологиялық мәселелерді тереңдете қозғағанын да осы еңбектен байқап отырмыз. Мұнда зерттеушінің негізгі ғалымдардың, оның ішінде өзіміздегілер ғана емес, ресейлік және шетелдік авторлар да бар, еңбектерін шолып шығуының өзі осы мәселеден дерек іздестірген зерттеушілерге айтарлықтай көп көмек көрсететінін айта кеткен жөн. 
Осы біз әңгімелеп отырған қазақ этногенезінің күрделі мәселелерін көшпелі дәстүрлі өмір салтымен байланыстыра қарастырған кітаптағы тартымды да қызықты пікірлердің этникалық тарихқа тың да жаңа көзқарастарды алып келетінін осы бағыттағы зерттеулермен айналысып жүрген кез келген ізденуші айқын аңғарады. 
Ақаңның Қазақ хандығы тұсында етек-жеңі жинақталған қазақ шежіресінің бүге-шігесін ғана емес, қазақты құраған ежелгі түркі ру-тайпаларының тарихи тамырларынан да және олар бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдердің өзіндік ерекшеліктерінен де айтарлықтай хабардарлығынан біз пікір айтып отырған еңбекпен танысқан оқырман бірден аңғарады. Онда қазақ ру-тайпаларының түркілік тек-тамырлары нақты көрсетіліп, олардың басынан өткен байырғы заманнан бері қарайғы кезеңдер жікке бөлініп талданған. Осы орайда зерттеушінің түркі дүниесінің тарихын терең этникалық тамырларын жаңа, тың қорытындылармен белсенді түрде толықтырған әлемге танымал татар ғалымы М.З.Закиевтің «Происхождение тюрков и татар» деп аталатын әйгілі еңбегіне сүйене отырып, өзіндік топшылауларға келгенін байқаймыз. 
Түркілер тарихына әрқашан жанашыр болған М.З.Закиев тәрізді әйгілі ғалымның түркі тарихын бірнеше этникалық кезеңдерден өткізетінін жақсы білеміз. Бұл пікірлер нақты да ғылыми тұжырымдар мен шынайы шындық іздеген ғалымдарды жаңа тарихи белестерге шақырады. Бізді қуантатыны – Ақаңның осындай түркі дүниесі құрметтеген белгілі білгір ғалыммен пікірлес болуы дер едік. Осы негізде Ақаң түркі ру-тайпаларының тарихын төрт кезеңге бөлетінін айта кеткен жөн. Бірінші кезең – байырғы заманнан басталып, Түркі қағанатына дейін қалыптасқан ру-тайпалар тарихын қамтиды. Екінші кезең – Түркі қағанатынан басталатын Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін созылатын кезеңде қалыптасқан ру-тайпалардың өткенін бағамдайды. Үшінші кезең – Шыңғыс хан шапқыншылығынан бастап Алтын Орданың ыдырауына дейін созылатын түркі ру-тайпаларының әлеуметтік-этникалық тұрғыдан едәуір өзгерістерге ұшыраған, Ақаңның сөзімен айтқанда, «түркі тектес халықтардың жеке-жеке ұлт болып ұйысу алдындағы тарихи толғақты кезеңі» болып табылады. Төртінші, соңғы кезең – Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі ру-тайпаларының төл этнонимдерін орнықтырған жаңа топтарының қалыптасу кезеңі ретінде көрініс береді. Мұнда қыпшақ тобы, қыпшақ-ноғай тобы, қыпшақ-қырғыз тобы, оғыз тобы, қарлық тобы, шуаш тобы, сақа тобы тәрізді тілдік-этникалық тұрғыда жаңадан қалыптаса бастаған түркі тектес халықтардың одақтары ғылыми тұрғыдан тұжырымды да, нақты сипатталған. 
Сонымен бірге мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған тараушада да Ақаң халықтың рухани мұраларынан жан-жақты хабардар екенін айқын аңғартқан. Бұл тараушада жүзге кірмейтін рулар, өзге ел-жұрттар жайында, үш жүздің ру-тайпалары туралы мақал-мәтелдер топтастырылған. Олардың ішінде қазақ этнологиясынан нақты мәлімет беретін мақал-мәтелдер аз емес. Зерттеушінің қазақ ру-тайпаларының ұрандарын, олардағы ен-таңбаларымен байланыстыра қарастыруы да Ақаңның халықтық білімнен терең сусындағандығын айқындай түседі. Тегінде, зерттеушілер арасында «ен-таңба» деген атауды Ақаң алғаш рет арнайы айналымға қосып отырған ғалым болса керек. Осындайда қазақ арасына кеңінен танымал бұл мәселе осы кезге дейін тарихымызда елеусіз қалып келгенін айта кеткеніміз жөн деп ойлаймыз. 
Зерттеуді аяқтайтын «Қазақ болмысы» атты соңғы бесінші тарау этнографиялық түйіннен және тұжырымнан тұрады. Мұнда қазақ халқына тән кейбір түсініктер нақты екшеленген. Қазақтың дәстүр-салтын ұмытып бара жатқан қазіргі ұрпаққа ғана емес, қазақ этнографиясын зерттеумен айналысатын мамандарға да бұл тараудың жаңа идеялар мен стратегиялық ой-толғамдар берері анық. 
Қорыта келгенде, Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың ауызша тарихы» атты еңбегінде шежірелік деректерді пайымдаудың жаңа халықтық этнографиялық үлгілерін ұсына алған. Мұнда автор, шынында да, көрнекті этнолог Ж.Артықбаев айтқандай, тақырыпқа «тікелей немесе жанама кіретін ондаған-жүздеген мәселелерді кітапқа артып алған».

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​  Ақаң түркі ру-тайпаларының тарихын қанша  кезеңге бөлетінін айтаты?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

http://personal.akorda.kz/upload/content_files/Statyi/Modern/1341888806.jpg

 

 

http://cs416427.vk.me/v416427232/c37c/jbvAsbpl2ww.jpg

 

 

 

http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/kazmazkraz/nSV6y7ESekE14Dam3ASxLj13F7L4s2.jpg

 

 

 

http://aksu-gymnasium.edu.kz/media/img/blogs/52b52ee2b5e4b.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://uzdikter.biz/wp-content/uploads/2014/04/ss.jpg

 

 

 

 

 

 

 

№4 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектерінің тұлға тәрбиелеудегі  ролі

Сабақтың мақсаты: Шәкірттерге қолөнер арқылы жан – жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, адамзат қоғамында бұрын – соңды  жасалған мәдени
мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік беру. Жалпы әлемдік рухани
игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Білімділік    Болашақ ұрпақтың сана сезімін ұлттық психологиясын ата – бабалар салт – дәстүрімен  сабақтастыра тәрбиелеу.

ДамытушылықҚосымша материалдарды пайдалана отырып,

оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге тәрбиеле

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік,имандылық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдеріБаянда , сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ


Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды  түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра»  бағдарламасының  басты мақсаты деп, Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетімізді дамыту  жолындағы үндеуінде көрсеткен. Халықтың  көркем қолөнерін одан әрі дамыту қоғамдық ұйымдардың, шығармашылық одақтардың, министрліктер мен ведомостволардың назарын баса аудару қажеттігі айрықша атап көрсетілді.
Жоғарыда аталған қаулыларда, сонымен қатар елде көркем қолөнерін одан әрі дамыту мақсатында қолөнер саласы қызметкерлерінің көпшілікке арналған тұрмыстық тұтыну бұйымдарының көркемдік дәрежесін арттыруға барлық жерде  бірдей үнемі атсалыса бермейтіні сирек кездесетін көркем шығармалар жасау кеміп, жергілікті жерлерде халықтың қолөнері кәсіпорындарын ұйымдастырудың мінсіз жүйесі жасалмағаны: көп ретте халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға ретінде суретшілердің, халық шеберлерінің ролі жете бағаланбайтыны, халық шеберлерінің мұқтажына тиісінше көңіл бөлмейтіні ескертілген болатын. Республикамызда бұл салада осы уақытқа дейінгі атқарылып келген алуан түрлі жұмыстарды еске ала отырып, оны жоғарыда аталған маңызды құжаттарды  қойылған міндеттер дәрежесінде жақсарта түсу кезек күттірмейтін мәселе екені мәлім.
Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді сәндік қолданбалы өнерінің туындыларын, әсіресе, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, зерттей білетін, оны ары қарай жалғастыра отырып, әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін, халық мұрасын дамытатын, танымдық белсенділігі жоғары жас ұрпақты тәрбиелеп шығаруға тиіспіз. Негізінде қолөнері көне заманан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша салып оюлап қарапайым әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металға, жасау жиһаздарға бейнелейтін сюжетті  өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.Тарихи жазба ескерткіштер мен архиологиялық қазба деректерге қарағанда Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың  творчествосы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.
Қазақстан және көрші мемлекеттерде қазір зерттеулер жүргізіле бастауы халқымыздың тарихы мен этнографиясына айтулы үлес қосары сөзсіз. Сонау  сақ  дәуіріндегі мәдени мұралар мен кейбір материалдарыдың, байлықтың қалдықтарынан қазақ халқы ертедегі сақтардың бірден – бір мұрагері екендігі көрінеді.
Бұл туралы  Грек, Рим саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб жылнамаларында да айтылған. Тіпті бертіндегі белгілі зерттеуші С.В.Руденко сияқты бірқатар орыс ғалымдары сақтардың мұрагері. Қазақ халқы екенін дәлелдеп
те берді. Тарих ғалымдарының кандидаты Кемел Ақышев ашқан, Іле бойынан табылған алтын киімді адам мен Мир Қыдырбаев тапқан Тасмола қазынасын туған жеріміздің топырағында болған ата – бабаларымыздың қолөнер мәдениетін көрсететін теңдесі  жоқ жаңалық. Ғалымдарымыз арнайы экспедиция кезінде аралап жүріп Жетісу аймағынан бастап Сыр елі, Маңғыстау атырабы мен Торғай, Қорғалжын өңірі, орталық Қазақстан, Қарақалпақ АР мен туысқан Өзбекстан территориясында тұратын қазақтардың тіліндегі кәсіби сөздерге (киіз үй және оның жасау жиһаздарына, зергерлік, өрмек, алаша, кілем, ши тоқу, сырмақ сыру, етікшілік, тігіншілік, ою – өрнек, тас қашап, үй салу, ағаш шеберлігі өнеріне) байланысты көптеген материалдар жиналды.
Өнерді құрметтеген халық, шеберлерді де ізгі ілтипатпен елдің құрметті адамдары қатарын қосқан. Әдебиет пен өнер мәселесінде азаматтық  көзқарасты, суреткер интелегенция жөніндегі сергек ықыласты, оның шығармашылық ізденісіне  көмек көрсетуді принциптілікпен ұйымдастырып отырды. Қандай да болсын шығармашылық  қоғамдық мәнін бағалаудың басты өлшемі, әлбетте, оның идеялық бағыты болып келді және солай болып қала береді.
Әрине қолөнердің халық қажетін  өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай, танылмай жатқан тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған.
Міне осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халықмыздың тұрмысы қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек.
Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және  ұлттық  келбетін айқындап бейнелейтін өнер түрі ою – өрнек. Қазақтың ұлттық ою – өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.
Ою – өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақ та қызық тарихы бар. Бұдан бір – екі  жүз жыл бұрынырақ адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем өзгеше қараған болатын. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін, сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та ала алатын. Ай мен Күн, теңіз бен шөл, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойлай біледі, сезеді, сөйлей алады және  адамға көмек бере алады немесе одан кек қайтара алады дегенге пенделер сенетін.
Қазақтың ою – өрнек деген қос сөзі  біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір ағаш, сүйек, былғары, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, желімдеп, жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Оюшы шебер іскерлігмен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ою – өрнек  халықтық мұра. Кез  келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастап келген өмір салтының, нанымы түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы. Қазақтың қолөнері, оның ішінде ою – өрнегі өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасы мен шын мәнінде халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Соңғы кезде рухани  өміріміздегі өзгерістерге байланысты жас ұрпақты ұлттық дәстүр  негізінде тәрбиелеуге бет бұра бастағанымыз белгілі

Адам өзінің күнделікті өмірінде көріп, қолданып жүрген заттардың жай ған заттар емес, әдемі, көз қуантарлық күнделікті тұрмыс – тіршілігінде ыңғайлы екенін байқайды. Қазақ халқының көне дәуірден ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден  балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет ғұрпымен танытқан мұрасы – қолөнер.
Қолөнердің  халықтық әлеуметтік, салт – тұрмысында алатын орны қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп, әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою – өрнек.
Халқымыздың ою – өрнегі  кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар өнерінің әсерімен замандар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою – өрнек үлгілері.  Алғашқы ою – өрнек үлгілері алғашқы   андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан – жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері), қиял ғажайып ою – өрнектер (аспан, жер символы) ретінде көрінеді. Олар негізінен мал шаруашылық, аңшылық, әдет – ғұрып, үй жабдықтары мен сән – салтанат бұйымдарын, батырлар қару жарағын әсемдеуге қолданылған. Ұнамды жасалып биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәжілер, ағаштан, қыштан, теріден өңделіп жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) біздің заманымыздан бұрынғы УІІІ – І ғасырларда ою – өрнек өнерінің ерекше дамығынын көрсетеді. У-УІІ ғасырларда  зергерлік өнері мен кілем тоқу өнерінің жан – жақты дамуына байланысты ою – өрнек өрнегі де  өркендей түскен. Ертеден келе жатқан ескерткіштерде «қошқар мүйіз», «түйе табан» оюлары басым қолданылса, У ғасырдан бастап «қырық мүйіз», «шытырман», «таңдай», «құман басу» т.б. күрделі ою – өрнектер мен толыққан. Ою – өрнектер заттардың көлемі мен формасына, ерекшелігіне, жұмсалатын мақсаттарына қарай ойластырылып жасалады. Кілемдер алғаш ру үлгілеріне («керей үлгі», ою – өрнек түріне тақыр кілем, түкті кілем т.б.) қарай алатын болған. Қазақтың сән және қосалқы өнері туындылары орта ғасырларда (УІІ-ХУІІғ.) көлемі жағынан тұрпатты, шеңбер мен ромба пішініне келтіріліп айқын ою – өрнектермен (ішінара құс пен маймыл бейнелі) көркемделсе, ХУІІІ – ХІХ ғасырларда ұлттық дәстүр жетекші орын ала бастайды. Үй жиһаздарында көбінесе ашық түсті, айшықты жайылмалы (текеметтерде), ақ – қаралы графикалық (сырмақтарда), қызыл мен қара түске құрылған  (тұс киіздерде), алқызыл құлпырмалы (түкті кілемдерде), геометриялық ұласымды, текшелі (алаша, басқұр, тақыр және арабы кілемдерде), конструкциясы, аралас (кебеже, сандық, жүкаяқтарда) ою – өрнектер қолданылады. Кестелеу зерлеу, тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттары мен киім – кешек өрнектері басқа ою – өрнектерге қарағанда нәзік, ұтымды әрі көркем жасалуымен ерекшеленеді. Ел арасында тұрмыстық ою – өрнектермен қатар ертеден келе жатқан өнердің бір түрі – архат  ою – өрнек.
Ғимараттарда (Тараз моншасы т.б.) ою – өрнекпен әсемдеу УІ ғасырдан қолданыла бастады. Кейінен салынған Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларында да ою – өрнектер
өзінің ұлттық қолтаңбасын айқын байқатты. Мысалы, Тараз моншасындағы «кереге» өрнек Айша  бибі күмбезінде геометриялық ырғақпен байи түскен. Ахмет Яссауи ескерткіштерінде жергілікті халықтың ою – өрнек үлгілері басым қолданылған. ХІХ – ХХ ғасырларда бояулы өрнектермен  безендірілген  күмбездер, мазарлар, оюлап  қашалған құлпытастар көптеп  тұрғызылған кезде де қазақтың ұлттық ою – өрнектерінің барлық түрлері көне дәуірден келе жатқан бастапқы нұсқасын сақтап  қалған.
Қазақтың ұлттық оюларының қазіргі түрлері композициялық жағынан нақты әрі мейлінше жетілдірілген (шаршы ою), «Аралас өрнек» түрлері де жиі кездеседі. Арнайы жоғары білім алған жастар творчествосынан (текемет, кілемдерде) ою – өрнекті белгілі бір мазмұнға құру байқалады.
Ою – өренек адам баласының ақыл – ойларының толып – толқуымен, жүрегінің лүпілінен, өзінің айнала қоршаған ортадан туған образдар. Гүлдің, жапырақтың, жан – жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, образдар арқылы ою – өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл – халық білімінің, шеберлігінің өсіп, ою – өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы.
Қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою – өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, С. Қасыманов, М. Мұханов, О. Жәнібеков, Т.Бисенов. Оюлар әр шикізаттың физикалық қасиетіне , пайдаланатын өнер  бұйымының  қолдану аясына байланысты рельефті, барельефті болып шешіліп, жазықтықта қалай қолданса, кеңістікте де солай орын алады.
Ою – өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді.
Ауыздықта үш ерінді,
Деп бұйырды жаратқан.
Өлшем, ырғақ, рең – осы,
Сұлулықты таратқан.
Ою – өрнек (латынша орнамент – әсемдеу, сәндеу) – геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек – нақыштар. (Қазақ энциклопед. А.627.б.)
Ата – бабаларымыз малдың ерекше қасиеттеріне бағалап, ән – жырға, күйге қосқан. Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал жүнінен, қыл қыбырынан иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен,мүйізінен және терісінен илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиыннан қиыстырып алуан түрлі шытырман ою – өрнектерді түсіріп отырғаны тарихтан мәлім.
Осыдан туындайтын қазақ әйелдерінің тоқу өнері де қаншама тарихи оқиғалар болуына қарамастан, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қала берді. Ұласып келе жатқан ою – өрнектерден сол кезеңнің кескін – келбеті елестейді, халықтың салты, әдет – ғұрпы, тіршіліг, дүниеге көзқарасы, тіпті көңіл – күй сезімі айқын көрініп тұрады. Сол үшін де туысқан түркімен халқы «Жайшы алдыма кілеміңді көрейін мен жүрегіңді» деп бекер айтпайды. Мысалы қазақ халқының ежелгі әдет – ғұрпы, салты бойынша бөтен жерге,алыс ауылға ұзатылған  қыз баланың  белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай ақ жарғаққа көгершін мен гүл бейнесі кестеленсе немесе «құсмұрын», «құстұмсық» ою – өрнекті түскиіз, басқұр, жүзік сияқты зат келсе, ата – анасы баласының барған жерінде басы бостандықта, құстай ерікті, жағдайы жақсы екенін ұғынатын болған.
Сондай – ақ ою – өрнек элементтері арқылы  халықтың арман – мүддесі, дүниетанымы  берілетінін мынадан көруге  болады. Пазырықтан  табылған сақ дәуіріндегі кілем үлгісінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде «Таңба», «Марал», «Салт атты сарбаз»  бейнесі ретінде  берілген, Мұндағы символды ұғымның мегзері – елді, ел мұрасын сақтау.  Сондай  – ақ, УІ – УІІ ғасырларда  қалыптасқан «Қорған өрнекті» кілем үлгісінде «қала», «өзен», «күмбез», «су», «қорған» бейнеленген. Бұл кілемдегі шартты түсініктің тұспалы «кіндік кесті мекеніңді айла – тәсіліңмен қорғай біл».
Демек, ою – өрнектер көркемдік, сәндік үшін қолданылғанымен, шартты бейнелер арқылы шындық елесін туындатып, халықтың өмірге деген талыпыныстарын танытады. Мәселен, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреу, қардың, жаңбырдың не себептен болатынын түсінбеген ертедегі қазақ халқы күнді, айды,жұлдызды, аспанды,т.с.с керемет күні деп біліп, сол  күштерге сыйынған.Ай, күн, жұлдыз тәрізді белгілер сол керемет күштерге табынудан қалаған. Компастың, сағаттың қолданылмайтын кезінде қазақтар бағыты, уақыты күннің, айдың, жұлдыздың  қозғалысына қарай болжап білген. Жыл мезгілдері табиғаттан болатын тосын құбылыстарды да алдын ала шамалаған. «Ай тууы», «Күннің тұтылуы», «Ай тұтылатын күн» деген тіркестер осыдан қалған.Осыншама білімдер, дүние жайлы елестер, дүниенің, жердің т.б. құбылыстардың пайда болуы жайында шамалар, болжаулар қазақтың космогониялық өрнектерінде көрініс тапты.
Халық шеберлерінің айтуы бойынша күннің символы ретінде дөңгелек, дүниенің төрт торабы ретінде төрт құлақ бейнелейді ортасында күннің нұр шашуы, жұлдыз, ай белгілері жапырақтармен өрнектелген «шұғыла» оюы өмір сүрудің қайнар көзі – осылар деген ұғымды мегзейді.
(Ө. Шәйбеков).Сол сияқты  «тасбақа» оюы, «тұйық ою» деп те аталады. Тасбақа ұзақ жасайды. Сондықтан да көне заман көшпелілері кие тұтқан. Бейіт басындағы сынтастар көбіне тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылған. Онысы – мәңгілік өмірі мен бақыт тілегені болса керек. Мұнан кейін дамыған «бітпес» оюы да мәңгіліктің символы. Аты айтып тұрғандай, өмірдің тоқтап қалмайтыны, дүниедегі барлық құбылыстардың диалектикалық қозғалыста, дамуда болатынын білдіреді.
«Тасбақа» оюынан басқа байырғы ою – өрнек үлгілері қатарына тұмар ою, қошқар мүйіз, гүл ою, су ою, тау оюлары жатады.
Тұмар ою
Тұмар ою – киелі оюлардың бірі. Бұл ою Қарақалпақ, Өзбек, Түркмен, Тәжік ою – өрнектерінде де кезеседі. Қазақ тілінде  «тұмар» Қарақалпақ тілінде Тумар, тәжік тілінде «тумор», Өзбек тілінде «тумар» деп аталады. Көне түрік тілінде «тумар иер» деген сөз бар. Онысы «туған жер» деген. «Тумар» сол тума иер сөздерінің  қосылуы  арқылы шыққан болуы да ғажап емес. Бұрын тұмар ішіне туған жер топырағын, тас қиыршықтарын салған. Онысы «жер ана желеп жебейді», «туған жерге қайтып ораламын» деген сенім. Бұл ұғым қазақ арасында әлі бар. Шашы ұзын қыздар «көзден сақтайды.» деп, жас балаларға аналары «көз тимейді» деп ауыл молдаларына тұмар жаздырып алып (Араб тілінде) тағатын. Мұны қазақ ауаылдарында кездестіруге болады. Тұмар оюы басқұр, аққұр, кілем, текемет киіздердің шетіне салады. «Тұмарша» деп те аталады. Бұл ою басқа да өрнектердің шығуына негіз болды. Мәселен, «шаршы» (мұны «қос тұмар» деп те атайды) бұл да киелі ою. Қазақ ою – өрнектерінің төртбұрышты бітімге салуына себепші болған.
«Қошқар мүйіз» – кейінгі дамыған ою – өрнектердің негізгі элементі, қазақ ою – өрнегін сөз еткен әрбір зерттеушінің бұл оюға соқпай кеткені жоқ. Қазақ оюларының дені, көп өрнектері мүйіз элементіне байланысты.
Қошқар мүйіз
Қошқар – байырғы ұғымда қасиетті мал. Себебі төрт түлік тіршілік тірегі еді. Олардың тұқым жаратушылары кие тұтылады. Қошқар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шекшек ата – қойдың, түйенің, сиырдың, жылқының, ешкінің пі рлері. Күні бүгінге дейін бейіттерімізде қойтас мүсіні бар. «Қошқар мүйіз» оюының  негізінде «қығыр мүйіз», «сыңар мүйіз», «қос мүйіз» сияқты ою – өрнек таңбалары бертін келе сәндік, салтанат белгілеріне айналды. Әйтсе де кейбір ою – өрнек үлгілерінің  бстапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен «қошқар мүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.

ЖЕТІ БОЯУ

Өзенсің, тоқтатпа өмір, ағысыңды,
Тұлпарсың, бәсеңдетпе шабысыңды.
Санамда Күннен шыққан жеті бояу,
Тыңдадым жетеуіңнің дауысыңды.
Көрінді қызыл күннің өзі батпай,
Кісінеп қызыл жирен семіз аттай.
Қызыл сөз, қызыл іңір, қызыл қырғын,
Басылды көзіме сәуле қызыл оттай.
Семіріп сары қымыз толғанамын,
Сары айшық, сары домбыра қолға аламын.
Сары күз, Сарыарқа, Сарыала қаз,
Жеткізді сағыныштың салған әнін.
Жасыл бел, жасыл жайлау, жасыл шалғын.
Төсінде аунап  – қунап, асыр салдым.
Жыр жаздым, жасыл жаздың қойнында,
Жылынып жарығына жасыл шамның.
Көкбайрақ көкірегімде дүрсілдеуде,
Көк түрік дүр сілкінді, тылсым күйде.
Көк бөрі оятты ұлып көк тәңірін
Көк аспан көк күмбезді күрсінгенде.
Келешек ататұғын таңдар үшін,
Күл болып жанды талай жолбарысым.
Күлгін түс жеткізеді күлге айналған,
Дегелең деген атаудың жан дауысын.
Қара түс қазақ үшін дара әлемім,
Қара қазан ғасырдың табар емін.
Кешінде қара ауылдың қара барқыт,
Қара шал жазып кеткен қара өлеңін.
Ақ таңым, ақ шыңдағы тақтан қарап,
Ақ қыста, ақ даланы мақпалға орап.
Ақ сәулені арқан керіп алдан шықса,
Жанымды тазартады ақ  қар борап.
Әлемде жетеу дейтін шын керемет,
Тербелді бесік жеті үнге бөлеп.
Сіңірген жеті бояу қанатына,
Дүние ұшып – қонған бір көбелек.

Көшпелілерде өсімдік тектес  ою – өрнектер аз емес, өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту, олардың да жаны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын «Гүл ою», – дүниенің  төрт құбыласынан бастау алады. Қазіргі қазақ бұйымдарында «үш жапырақ» , «көп жапырақ», «ағаш гүл», «сандық гүл» , «алма гүл» т.б. өсімдік тектес  алуан түспен боялған оюлар жиі қолданылады. Қазақтардың ғұмырында  түр – түстің де орны айрықша. Мысалы: «көк» – аспанның , аспанға табынудың, «қызыл» – оттың , «ақ» – шындық, қуаныш, бақыттың, «сары»-  сағыныштың, айырылысудың , «қара» – жердің, «жасыл» -  көктемнің, жастықтың символы мәселен қызыл, көк, жасыл түсті  «гүл ою» – өрнегі аққұрға салынып жиі қолданлады. Мұнысы аспанымыз ашық, күніміз жарық, еліміз бақытты болсын дегені.
Мәселен «орамал балдық» оның атауында да мағыналы мән жатыр. «Орамал» – әйелдер басына тартатын жаулық. «Балдақ» – шымылдықтың  бау өткізетін шығыршығы, ілгегі яғни орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ  салтының  шартты бейнесі ретінде бейнеленген. «Орамал балдақ» өрнегінің жан – жағына «тұмар», «гүл ою», «су оюлар» салынып аққұрға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы  «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, аққан судай мәңгілік  халқыңа қызмет ет», – деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.
Қазақтың осындай салт – дәстүрглері тек қана ою – өрнек атауларынан ғана  емес, қол өнеріне қатысты кейбір тіркесерден де көрінеді. 73 жастағы Әлмағанбетова Айсан әжей әңгімесінің бірінде:
«Оюын текеметтің ойдыр,әже
Бір тоқты ойшыға сойдыр, әже
Бір жаман мал бердім деп алып кетер,
Бір жылша балам жас деп қойдыр әже» – деп өлең айтушы едік. Әрі сол кезде оюшыға бір тоқты атайтынбыз деген болатын. Міне, осы дәстүр басқаша формаға еніп, қазір де жалғасып келеді. Текемет, киіз басылатын күні  сол үйде мереке қазан асылып бір дастархан басында бесаспап шеберлер бас  қосып ән салып көңілдерін көтереді.Сол сияқты ертеде қазақ қыздарының өз жасауларын өздері тоқып алуды әдетке айналдырған. Өрмек өнерін білмейтін бірде  – бір қыз кездеспеген. Ал  «шынжыра оюы» бар жоғы алты – ақ жіптен шығады. Сондықтанда аналардың қыздарына «шынжыраны білмейтін тұнжыра» деп ренжейтіні де тегін емес.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ қазақтың ою-өрнектері не үшін пайдаланды ?

2. Ою-өрнектің қандай түрлері бар?                     

3.​ Біздің жыл санауымыздан екі  мың жыл бұрын және қол  сәулет, мүсіндеу және бейнелеу өнері жоғары дамыған. Орта Азия мен Қазақстандағы  қолөнердің тамыры  қай  дәуірінен басталған ?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://bilim.idhost.kz/uploads/posts/2012-04/1335631032_oyu.jpg

 

 

 

 

 

 

http://bilim.idhost.kz/uploads/posts/2011-07/thumbs/1309796564_kzg4gp.jpg

http://bilim.idhost.kz/uploads/posts/2012-04/1335078492_kaz_kost.jpg

 

 

 

 

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSTScsitBJnzn56Hz3VuSrxV2_BKRsdAvC9ytYkZWY3MmgsWc55фото с сайта eco-tourism.kz

 

 

 

 

№5Сабақ

Мерзімі:

Тақырыбы:
«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

2. 1 Ойын технологиясының тиімділігі
2. 2 Тарих сабағында танымдық, ұлттық ойындарының
пайдаланылуы
2. 3 Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
2. 4 Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі сабақ жоспары
III Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын орны ерекше.
Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабақтарымның бірі ойын сабақ. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Ойын технологиясының тиімділігі
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындағын. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ойөрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1 Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата – аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Тарих сабағында танымдық, қазақтың ұлттық ойындарының пайдаланылуы

Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілікғ қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасаты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы дами түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Көш», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?» секілді танымдық, ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын туғызу тек қана тарихқа қызығушылықты туғызып қоймай, оқушылардың өмір тәжірибелерін кеңейтуіне, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне, тарихты басқа пәндермен байланыстыра қарауға үйретеді тәрбиелейді. Ендеше тарих сабағын танымдық, ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

Еңбек, ойын және оқу ерте кезден ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. И. Сухомолинский, Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Д. А, Диваев, М. О. Әуезов. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологиясының нәтижесін дұрыс болуы үшін мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді. Теориялық білімін практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, басты мақсатымыз ұрпақ тәрбиесі. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Сондықтан тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының өзіне сенімін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін.

Тақырыбы: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін жүйелеу. Орта ғасырлардағы қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің мәнін түсіндіру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, ойындар арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ата – баба тарихын, салт - дәстүрін әдет - ғұрпын құрметтеуге, мәдени құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: слайд - суреттер, сызбалар, интерактивті тақта. Әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ - жауап, суреттеу, топтастыру әдісі. Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау. 2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау:
(Оқушы тақтаға шығып рухани және материалдық мәдениет сызбасын толтырады). 1. Тарихи сынақ хат Сұрақ - жауап: «Бәйге» ойыны. Бәйге - қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.
Сабақтағы бұл ойынның мақсаты: Оқушының тез ойлау, шешім қабылдау әрекетін дамыту. Оқушыларға қойылатын талап, әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беру. Тақтадағы ұяшықтардың арқасына сегіз сұрақ жасырылған, сол сұрақтардың жауабын кім көп тапса, сол жеңімпаз болып, сыйлыққа ие болады. Оқушы әр дұрыс жауапқа екі ұпайдан алады.

«Бәйге» ойынының сұрақтары:
1. Мәдениеттің қандай түрлері бар, олардың бірбірінен айырмашылығы? 2. Күнтізбе қазақтарға не үшін керек болды?
3. Ислам діні қашан, қалай таралды? Ол халыққа қандай тәлім тәрбие береді? 4. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
5. Қазақтардың жерлеу дәстүрі қандай болған?
6. Қазақтардың ұлттық тағамы туралы айт.
7. Ұлттық киімі туралы айт.
8. Тұрғын үйі туралы айт. 
III Жаңа сабақ материалдарын меңгеру.
Жоспары:
Жыраулар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Музыка
Жырау деген сөзге түсініктеме беру Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесшісі қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қазақ тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. тіршілік, өмір жайлы философиялық ойлар айтып, табиғаттың әр алуан құбылыстарын түсіндірді. XVI - XVII ғ. ғ өмір сүрген: Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар жыраулар жайлы мәлімет беру. Ертегілер бірнеше түрге бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял - ғажайып ертегілері, тұрмыс - салт, әзіл - сықақ ертегілері. Эпостық жырларға түсініктеме беру Батырлар жыры - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы жырлар. Елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен бейнеленген батырлар жыры: «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Ер Сайын»т. б. батырлар жырында Отанын сүю және халықтың ерлік істері дәріптеледі. Халық арасында көп тараған музыка аспабы - домбыра. Көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап - қобыз. Музыка аспаптары арқылы дүниеге күй келді. Көптеген тарихи күйлеріміз бар: «Асқақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» және т. б. Талқылау Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты талдау.
IV Сергіту сәті.

V «Теңге алу». Сабақты бекіту. Барлығына бірдей тапсырма:
1. Лиро - эпостық жырларға, ертегілерге ролдік ойын ұйымдастыру.
2. Ислам дінінің діни - нанымдар, әдет - ғұрыптарға байланысты шығармашылық жұмыс жасау. 3. Қазақ халқы үшін орны ерекше және кең тараған аспап туралы ой қозғау. 4. Ақын - жыраулардың бір жырын жатқа оқу.
VI Қорытындылау. Бағалау.
VII Үйге тапсырма: Жыраулар ( Марғасқа, Ақтамберді, Бұхар) жайлы реферат жазу.

Қорытынды
«Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады» Н. Ә. Назарбаев
Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болады. Ия, «Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.

Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 6 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік«Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі деген ұғымын түсіндіру

 

Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,

нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын білуге,

халық мұрасын құрметеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбек – алдымен, тарихшыға, содан соң әдебиеттанушыға, тілшіге, өнертанушыға, өлкетанушыға, саятшыға, саяхатшыға, саясаттанушыға, әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық пайымды туынды. Рухани өмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын «Қазақтың ауызша тарихы» – біріншіден, қазақтың өзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт өкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние. 
Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде былай жазады: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен» . Қай заманда да ойшылдар өзіне дейінгі дәуірге шолу жасап, өмір тынысын, қоғам мұңын түсінгісі келген. Ол өткен өмірдегі ата-баба тірлігі мен өз дәуірінің шындығын салыстыруға тырысқан. Өзі өмір сүретін ортаның дертін тауып, соны емдеудің жолдарын көрсетуге жолдар іздеген. Ұлы Абайдай ұлт қамын, ел мен жер тағдырын ойлап, Ақселеу Сейдімбек те өзінің соңғы кітабында терең пайымдаулар жасап кетті. 
Қазақ ұлтының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақселеу Сейдімбек өзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шапқандай болады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбіреулердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Себебі қазақ үшін рулық, тайпалық қоғамда өмір сүру табиғаттың өзінен дарыған нәрсе. Осы жөнінде алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазады: «Ресейге бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі – киіз үйді ғана мекендеген, толық көшпелі еді. Жекелену, хатте үй ішіне бөліну мүмкін болмаған көшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік қазығы – ру еді. «У жесең – ­ руыңмен», «Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Көшіп қону, кек алу, жаудан қорғану, көптен құн алып, құн төлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді... Бір рудың ішінде талас-тартыс болмаған, бір рудың ішінен өзара қыз алдырмау – жанжал шығармау мақсатынан еді. Қазақтың жеті атадан беріден қыз алмауы, бір руға жеті атаға шейін өрбігендердің кіргенін көрсетеді. Және әр руды бір атадан өрбіген қан жақындығымен байланысқан деп қарауға болмайды, өйткені руынан кемдік көргендерден, жауда қолға түскендерден басқа руға мүше болып кеткендер көп. Сондықтан қазақтың руын – саяси-шаруа ұйымы деп қарау керек» .

Кітаптың ұлт үшін құнды болатын тұсы – ол сол ұлтты ұйыстыруға, бар қазақтың басын біріктіруге үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық ұлт идеясын насихаттап жүрген саясаттағы шолақ атқамінерлерге бұл еңбек тойтарыс береді. Қазақстан мемлекетін мекен ететін басқа ұлт өкілдеріне де аталған еңбектің пайдасы зор деп білеміз. Себебі олар Ақселеу Сейдімбектің кітабынан мемлекеттің титулдық ұлты – қазақтың болмыс-бітімін, өзіндік ерекше сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсінеді. Олар қазақ жайында орыс, кеңес тарихнамасы арқылы айтылып келген кейбір жалған түсініктің сырын ашады. Жеті атаны білу институты мен жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қыр-сырын ұғады. Ағайын арасындағы сыйластық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қалай болғанына көздері жетеді. Сондықтан аталған еңбекті алдымен орыс пен ағылшын тілдеріне, одан кейін өзге тілдерге аударып, кең насихаттағанымыз міндет. 
Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектерінде қазақтың түп тарихы туралы таңбаланып қалған тарихи деректер бертінгі заманда алаш қайраткерлерінің зерттеулерінде біршама тиянақталып жазылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ тілінде кітап шығару ісі жандана түскен кезеңнен ауызша сақталып келген тарихи дерек бірте-бірте қағазға түсе бастады. Әрине, оған дейін де кітапқа жазылған кейбір тарихи мәліметтер болды. Алайда олардың мазмұны мардымсыз, саны аз еді. Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, О.Әлжанұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, С.Асфендиярұлы, М.Шоқайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Садуақасұлы сынды қазақ оқымыстыларының еңбектерінде төл тарихымызға қатысты құнды дүниелер мол жинақталды. 


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбектері

2.​ Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 7 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі деген ұғымын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,

нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын білуге,

халық мұрасын құрметеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

 ә) Жаңа сабақ

Кітап шығару ісінің жанданғаны елдің сауатын ашып, оқу-білімге ұмтылған жастарға игі ықпалын тигізді. Дей тұрғанмен, осы заманауи жаңалық, бір жағынан, көшпелі мәдениеттің құлдырауына, соның ішінде тарихи дүниені жадымызда сақтап, оны ауызша таратуға келгенде шешендіктен қала бастағанымызға себеп болды. Ендігі заманда қағазға жазылған дүние ғана ақиқат шындық болып, сөзге тоқтаған, бір рулы елдің тағдырын бір ауыз сөзбен шешкен дәурен келмеске кетіп жатты. Көшпелі мәдениетпен бірге қазақтың тарихын ауызша тарататын, шежіресін жетік білетін, жыр-дастандарын таңды-таңға қосып айтатын сұңғыла ділмарлары мен шешендері, данагөй қариялары бірге кетіп бара жатты. Сондықтан Ақселеу Сейдімбек – тағдырдың жазуымен соңғы көштің соңғы арбасына мініп үлгерген, соңғы киіз үйінде тал бесікке тербеліп, бесік жырын ана сүтімен бірге сіңірген, дала данышпандарының ділмар сөзін тыңдап қалған ескінің көзі, келмеске кеткен көшпелі мәдениеттің өзі іспетті. Сондықтан «Қазақтың ауызша тарихын» басқа біреу емес, Ақселеудей сол мәдениеттің соңғы тұяғы әрі телегей теңіз білімі бар ғалымның жазғаны заңды дүние. «Ақселеу Сейдімбекті елтануға алып келген феномен – қалайда, Арқада туып, қаймағы бұзылмаған ата жұрт салтын арда емуі. Оны ата салтымыздың адвокатына айналдырған да сол перзенттік парыз, терең тамыр» - деп дәл жазады белгілі қаламгер Смағұл Елубай. 
Қазақ даласының кей тұстарында өзінің сән-салтанатымен жарасқан көшпелі мәдениеттің ХХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келгені тарихи шындық. Бейбіт елді отарлауға келген патша үкіметі, оның заңды жалғасы кеңестік империя асқақ рухты далалықтарды бағындырудың жалғыз жолы ғана барын түсінді. Олар табиғат аясында табиғатпен бірге тіл табысып, беймарал тірлік кешкен көшпелі қазақ елін отырықшылдыққа тарту керек деп ұйғарды. Қазақты ата кәсібі мен төл мәдениетінен айырсақ, ат үстінде күн кешкен қайсар мінезді халық жуасиды, рухы жаншылады. Бірте-бірте тілі мен дінінен, ақыр аяғы жерінен де жат қыламыз деп жоспарлады сұрқия саясатын отарлаушы ел. «Отырықшылдық адамдардың өмір-салтын өзгертті. Бұрынғыдай, жыл құсы сияқты көктем мен жазға ілесіп, жазыла көшіп, желпіне қонып, табиғатпен тіл табыса жүріп тіршілік құратын заман көрген түстей болған. Енді табиғатпен жағаласатын, табиғаттың бермесін тартып алатын заман туған... Күні кешелер ғана көшпелі өмірдің дәмін татқандар үшін отырықшылдық деген бейне бір сау басына сақина тілеп алғандай, қарап жүріп аққұла бейнетке ұрынғандай болып көрінетін» - дейді Ақселеу Сейдімбек. Жазушы қиналған қауымның ортасында болып, елге келген зауалдың ащы дәмін өзі де татып көрді. 
Кітаптың «Қазақтың қария сөздері» атты үшінші тарауында этнограф ғалым ел аузында сақталған ескі сөз арқылы қазақтың даналығын көрсететін мысал келтіреді. «Тарбағатай жағына қалың жылқыны апарып, аман сақтап қаламын, биылғы жылы жұт болады деген Алтайдан жылқы иесі Ішпекбай жұттың боларын қайдан білдің дейді. Сонда Алтай: «Биыл ең төлшіл құс – бозторғай атаулы жалқы жұмыртқадан салды; шөп буыны ерте қатты; маусымда шешек ататын бұдыр мия гүлдемеді, гүлдемеген соң, бұршақ қабына дән бітпеді; жыл құстары жылдағыдан ерте қайта бастады; ай жиі қораланатын болды; жылқы біткен жарау тартып, шілде айында ыққа қарап жусайтынды шығарды; айғырлардың жал-құйрығы ұйысып қалды; бөгелек сиреп кетті» - деп жұттың он бір белгісін айтып береді. Мұндай мысалдар кітапта мол ұшырасады. Яғни, еңбектің құндылығы білімімізге білім қосатын танымдылығында, терең мағлұмат беретін ерекшелігінде дер едік. Сонымен қатар, «Қазақтың ауызша тарихының» бағасының биік болатыны – дәстүрлі қазақ мәдениетін дәріптейтін үлкеніміз бен кішімізге бірдей тәрбие беретін дидактикалық туынды екендігінде. 
Зерттеу еңбегінің «Шежіре және тарих», «Қазақтың туысқандық жүйесі», «Қазақтың қария сөздері», «Шежірелік айғақтар» атты тарауларында Ақселеу Сейдімбек қазақтың ауызша тарихының теориялық анықтамасын береді, ауызша тараған, онда орнаған дала заңдарын түсіндіреді. Кітаптың «Қазақ болмысы» деген соңғы бесінші тарауы «Этнографиялық түйін» атты тараушадан тұрады. Онда жазушының қазақтың жанын жайып салатын тарихи негізі бар оймақтай әңгімелері беріледі. Оларды біз ілгерідегі тарауларға жасалып отырған түйін, ой қорытындысы деп бағалаймыз. Былайша айтқанда, теориялық оқулықтың хрестоматиясы іспетті мысалдар.
Тұрғындарының сана-сезімі космополиттеніп бара жатқан қалалық ортада шаң басып көмескіленуге айналған байырғы салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың нұсқаулығындай, адамдар арасындағы бауырмалдық қарым-қатынастарымыздың, атадан қалған туған мәдениетіміздің анықтамалығындай бола алатын «Қазақтың ауызша тарихы» әр қазақтың отбасында болғаны абзал.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбектері

2.​ Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде

IV. Қорытындылау





 

 

 

 

 

 

 

№ 8 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбыАуызша тарихтың артықшылықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауыхша тарихтың атрықшылықтары туралы түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,

нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз  тарихына құрметпен

қарауға,еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру ,мазмұндау.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих. Халқымыздың өмір сүру салтында отырықшылық пен қала мәдениеті болмағандықтан, жылдың төрт мезгілінде көшіп – қонып жүрген халықтың тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрі, музыкасы бәрі атадан балаға ауызша беріліп, мұқият сақталып отырды. Мұндай дәстүр сонау скиф – сақ, ғұн, көне түркі, қыпшақ, бергі Қазақ хандығына және ХХ ғасырдың 1- ші ширегіне дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ауызша тарихтың өз артықшылықтары бар
Қазақ тарихында ауызша тарихтың бір ерекшелігі үлкен-үлкен тарихи кезеңдерді, оқиғаларды «өнер алды қызыл тілдің» арқасында қысқа да нұсқа жеткізе білуінде. Мысалы: мектеп оқулығынан белгілі ханның бұйрығымен Жиренше шешеннің домалап бара жатқан қақбақты найзасымен тоқтатып, ханға: 
Сұратқан хан ақымақпа?

Сұраған сен ақымақпа? – деп жауап әкелуі алғаш қарағанда сөз сайысы, шешендік өнер жарысы сияқты. Шынтуайттына келсек Қазақ хандығы құрылғаннан бастап хан мен оның қоластындағылардың өзара қарым – қатынасында демократия, адам теңдігі, азаматтың қоғам көрністері айқын көрінеді. Қазақ хандығында әубастан батыстың да, шығыстың да, орыстың да деспотиясы болмаған дала демократиясы осы оқиғадан көрнеді. Бұл оқиға шын болған. Хан деп отырғанымыз Керей мен Жәнібектің біреуі, Асанқайғы, Жиренше шешен осы дәуірде өмір кешкен тарихи қоғам қайраткерлері. Патшаны, коральді дәл осылай сынау батыс, ресей қоғамынында болған емес, олай дейтініміз корольге, царьға былай сөйлеу өлім жазасымен тең болған. 

«Асанқайғы 3-жыл қазаққа лайықы қоныс іздеп елді Жиделібайсайға көшіреміз – деп тоқтауға келіп, көш алдында үш жыл қойға қошқар салғызбасын, биеге айғыр шаптырмасын, әйелге еркек қатыспасын»  - деп ханға айтып әмір қылдырыпты. Менің ойымша бұл оқиғанда үлкен бір кезеңді бейнелейтін шындық жатыр. Бұл Алтын орда құлап, Алтынорданың қойнынан туған жас Қазақ хандығына лайық жер іздеп, ел бастаған азаматтар мен Асанқайғының шарқ-ұрып Еуразия далалары мен тауларын шарлаған кезбен тұспа - тұс келеді. 

Енді келесі бір төрт жол тартхи өлеңге назар аударайық!
Тәке болып ханымыз
Рахат тауып жанымыз
Он сан алаш бірігіп
Ойран болды жауымыз .
Осы төрт өлең жолдарын 1987 жылы Орал облысынан жазып алғанымда археологтардың алтын қазып алғанындай қуанышымда шек болған жоқ. Кейінірек 1992 жылы қазақтың тарихи тулары атты мақаламда жарияладым. Кейін көрнекті заңгер – ғалым С. Өзбекұлы Тәуке хан туралы монографияларына этиграф етіп алды. Тәукенің заманын қазақтар «боз торғай қой үстіне жұмыртқалаған заман» - деп қарттар жылап есіне алатынын көптеген зерттеулершілер жазды. Тәуке өлген соң хандық үшке бөлінді, оған біз тоқталмаймыз. Менің ойымша бұл өлең шумақтары Тәуке туралы поэманың не болмаса үлкен тарихи өлеңнің бізге жеткен үзіндісі болса керек, әрине тегінде өлеңнің авторы болған, бірте – бірте халық өлеңіне айналып кеткен. 
Қазақ жерін 1,5 ғасыр бойы алдымен мысықтабандап кіріп, артынан қазақты қан қақсатқан орыс отарлаушылығын төрт жолмен бейнелеген өлең бүкіл бір дәуірді көрсетеді. 
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жауыздық,
Жарадан аққан іріңдей .
1986 жылы Омбы облысы, Шарбакөл ауданына барған сапарымда Кошке Кемеңгерұлының әйелімен және ұлы Нарынбаймен жолығып, ол кісілер маған Кошкені түрмеге алып кетіп, үйді НКВД – ның қызметкерлері тексеріп қағаздарын алғанда, баспа бетін көрмеген бір қолжазбасын жүн көрпенің тысын сөгіп, ішіне тығып алып қалғандарын айтып, қолжазбаны маған көрсетті. Қолжазбаның аты « Қазақ тарихына кіріспе» деп аталады екен. Алып оқи бастағанымда жоғарыдағы өлең жолдары көзіме бірден басыла кетті. Кошке ағамыз өлеңді Шортанбай Қанайұлынікі деп жазыпты. К. Кемеңгерұлында «ойлағаны жауыздық» дегені, «ойлағаны жамандық» - деп жазылыпты. Мұныңда себебі бар. 1,5 ғасыр орыстың тепкісін көрген ел «жамандықты жауыздыққа» айналдырған, тегінде орыс отаршылдығының айырықша қатыгездігін атап көрсеткен Халел Досмұхамедов: «..... Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды».
1980 жылдардың ортасынан бермен қарай батыс және американ тарихнамасында ауызша тарихтың артықшылықтары көптеп жазылып, айтыла бастады. АҚШ – та Вьетнам соғысына қатысушылардан сұрақ – жауап алу, естеліктер жинау дәстүрлі құрғақ (сухой) тарихқа күтпеген нәтижелер берді. Ауызша тарихтың бір ерекшелігі оқиғаға қатысушы адам, оқиғаның бел ортасында жүреді, көзімен көрген қолымен атқарған нәрсені жүрегімен сезіп аузымен айтқанда, дәстүрлі тарихқа қарағанда фактілері анағұрлым нақты дәл және қызықты болады. 
1991-1994 жылдары осы жолдардың авторы Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Т. Шаниннің жобасы бойынша Орта Азия республикаларының шаруаларының ( бұл жобаға Тәжікстан кірген жоқ, себебі бұл кезде азамат соғысы жүріп жатқан) 70-80 жыл бойы айта алмай келе жатқан дауыстарын жазып алу көзделді. Әрбір ғылыми қызметкер қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен шаруасының кеңес өкіметі орнағанға дейінгі және одан кейінгі оқиғаларды рет – ретімен диктафонға жазып алу, екі мыңдаған сұраққа жауап алу, сөйтіп бірнеше ұрпақтың тағдырын сөзбен айтып жеткізу үлкен нәтижелер берді. Жобаның авторы Т. Шанинның сөзімен айтсақ: бүгін керегі «бір ғасырға жуық кептеліп қалған шаруаның дауысы бәрінен қымбат». Ғылыми қызметкерлер жұмыс тыңғылықты болу үшін 3 – 4 ай бойы ауылдарда, селоларда, қышлақ – қыстақтарды тұрып селолықтармен күнделікті қарым – қатынаста болып жұмыс істеді. Т. Шанин бұл жұмысты тек Орта Азияда емес, Ресейде, одан бұрынырақ оңтүстік – шығыс Азияда, Иранда атқарған екен.
 
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

    1. Сұратқан хан ақымақпа?

2.​ Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Қай жылдары ?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 9 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ақселеу және тарих ақауы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды материалды жүйелеуге,оқиғалар арасын

байланыстырып,одан қорытынды шығаруға машықтандыру.

Тәрбиелік: Туған өлкенің тарихына құрметпен

қарауға,еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шығармашылық ізденіс

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

1. Ақселеу Сейдімбек фоль­клор­лық­ мұра – шежіре жанрында

Қазақ халқының түп тарихы­ – ше­жі­ре.­ Қасиетті рухани күш шежірешілдік түр­кі­нің­ бір бұ­та­ғы­ қа­зақ­тар­дың ге­­не­­­ти­­ка­­лық­ бол­мы­сын­да­ әлі терең сақ­тал­ған. Шежірені ұмыту, хан жар­лы­­ғы­­­мен­ бекіген жеті атаға толмай­ қыз­­ ал­ыс­пау дәс­тү­рін­ жо­ғалтып алу­ – ұлт­ ре­тін­де­ құ­руғ­а бастайтын қа­тер.­ Біз шежірелік сипатымызды жан­-тә­ні­міз­бен сүйетін халықпыз.

Сондықтан ға­­лам­­ бір­­тұ­­тас­­тан­ған,­ қа­ра­бай­ыр то­­­быр­­­­лан­­­­ған­­ сай­­­ын­ ше­жі­рені ғылым ре­­тін­де дамыта түсіп, жер тұр­ғанша жо­­ғал­­т­­пау­ы­мыз керек.

Ше­жі­ре­ – қа­зір­ әл­ем­ге­ ық­па­лы зор­­ бо­­лып­ от­ыр­ған еврей елі үшін де аса­­ ма­ңыз­ды. «Тау­рат. Көне өсиет» – бұл­ Из­раиль­дің­ 12 бу­ы­н­ының ше­жі­ре­­лік жылнамасы. Еврейлер Мы­сыр­ құлдығынан құтылып, халық ре­тін­де­ күшеюіне, қайта өрлеуіне ық­пал­ жа­са­ған жасампаз күш – ел бас­­та­­ған­ дін­­ба­сы­ла­ры һәм көсемдері ар­қы­лы мызғымаған шежірелік жады мықтылығының әсері. Тектен ай­рыл­мау­дың артықшылығын олар білген.

Ақселеу Сейдімбек – қазақ хал­қы­ның­ ше­жі­релік тарихын бергі заманда клас­сификациялап, энциклопедия тү­рін­де­ бір­ жүйе­ге келтіріп, ұлтқа ұйт­қы­ еке­нін­ ай­қын­дап,­ бабымен жи­нақ­тап­ кеткен асылдың сынығы. XX­ ғасыр басында ұлт көшбасшысы Ах­мет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ із­деу­ші» ­дегенде, сол ізгі мұратқа адал бол­ған­дар­дың бірі Ақселеу Сейдімбек екені дау­ ту­дырмас. Тексіздік нағыз қазақ жи­ре­нетін ұсақталу, азып-тозумен тең.

Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!

XVI ғасырда өмір сүрген ноғай­лы­ның­ Доспамбет жырауы теңдік салтанат құрған дәуірдің азаттығын қалай асқақ сезінеді, шір­кін!­ Сол қасиет қа­зақ­тың қанында, құ­дай­ға шүкір, әлі бар,­ жоғалмайды.

Ақселеудің қазына ұстаушылығы – жыр­ бұ­ла­ғы­ жы­рау­лар­дан­ жал­ғас­қан­ құ­діретті рух­ты­ өл­тір­меу­ді, фоль­клор­лық баянды жаң­ғыр­ту­ды­ мұ­рат­ ет­­кен мирасқорлық. Ол­-дағы бір ке­руен­ба­сы. Көш-керуенін ұзатып, кейінгі ұрпаққа аманаттап тапсырушы.­ Кө­не­нің көрікті дүниесінен басы бү­тін­­ айырылуды жаны қаламаушылық. Ел­ үмі­тін­ ақтаған ер атағын енді елі сақ­­тай­ды. Ақселеу миссиясы осындай биік.­ Оның ең бас­ты кітабының бірі – «Қа­зақ­тың­ ауыз­ша тарихы».

… Осы аса улы саяси ас­си­ми­лияцияның кесірінен қазақ ұлтында ұлтсыздану қасіреті төбе көрсете бас-тады» деп налиды. Советтік заманда өскен Ақселеу Сланұлы ұлтсыздануға іштей наразылығын өзіндік пафос-пен, қазақтың өзінен туған ұлға тән түйсікпен берді.

Жазушы, зерттеуші Мырзакелді Ке­мел­ «Ақселеу асу» атты танымдық ең­бе­гінде: «Ақ­се­леу­ Сей­дім­бек­тің­ жан­­ры­ алуан стиль­ге­ толы. Мұнда да­ла­ әң­гі­ме­лері де, қор­ған­дар­ мен дін­­дер­ аң­ыз­дары да, күй ше­жіресі де, қа­зақ­тың­ ауызша шежіре-та­ри­хы да, жүз-тай­па­-ру таралымдары да, ер­те­к­тер де,­ мақал-мәтелдер мен қазақ бол­мы­сын­ ашып көрсететін аңызға бергісіз бас­тан­ өт­кен­ді әңгімелеу де, қара өлең де,­ ес­те­лік­тер­ де, аудармалар да бар», – деп­ шын­дық­ты саралап жазады. Со­ны­мен­ қо­са,­ ол­ Ақселеу Сейдімбек мұ­ра­сы­ның­ не­гіз­гі тұ­жы­рым­дарын тер­ме­лей­ді.­ Со­ның­ бір­-екі­сін­ қай­та­ла­сақ:­ «Ақселеу Сейдімбек қазақ эт­но­логиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қа­зақ мемлекеттігінің құрылымын ғы­лы­ми­ не­гіз­де­ді. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың бұл­ ер­ек­шелігінің қасиетін дәріптейді. Бұл­ тыйымның қазақтардың тұқымдық сұрыпталуына себепші болумен бірге, эт­но­мә­дени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі болғандығын айтады».

Әлхисса, бұл кітапта не жоқ, қазақ үш­ін­ қасиетті һәм қастерлі саналатын дү­ние­та­ным­дық ұғым-идея, белгі-ны­шан­ның бәрі бар. Кең даламызда өсіп-өнген тайпалар мен рулар, ұлыстардың бір-бірімен тамырласқан, будандасқан, қап­тал­дас­қан,­ бау­ыр­лас­қан­ шы­найы­ тарихы бар. Оқылуы кей сәт мың бір түндей көркем шежіре әдебиеттегі не­бір­­ жанрлардың бір ар­на­да­ то­ғыс­қан­ды­ғы­мен­ озық. Оның мазмұны тым­ терең, іші толы құнды деректер, кісілік келбет, қилы жазмыш. Қазақ ас­қан­ философ халық екенін бұл кітап аша түседі.

Ақселеутану – өзтану. Қазақтыққа тағзым. Ал қазақтық еркіндік аңсаудан, азаттыққа сүйіспеншіліктен туғанын қазір ұмытсақ та, түйсіктегі ұлы зердеміз, жадтық таңба, ұлттық код ұмыттырмайды.

«Көшпелі өмір-салт Ұлы дала (Қа­зақ­ да­ла­сы­ деу­ге­ де болады) тұр­ғын­да­ры үшін ұзақ уақыт тиімді өмір сү­ру­дің­ бір­ден­-бір­ оң­тай­лы үлгісі болды» («Қазақтың ауызша тарихы»,

«Алаш үстірті – Ресей Федерациясы­на­ қа­рас­ты Тыба республикасының жеріндегі Батыс Саян тау сілемдері. Бұл тау сілемдерінен ағатын ең бір арналы өзен – Сүткөл (Сут-Холь)» .

Қазақ біледі, қазір Тыба атанған ел­ бұ­­рын­­ғы­ ұран­қай­лық­тар,­ дә­лі­ре­гі, қалмақтың бір атасы. О баста мон­ғол­данған түркінің бір бұтағы болуы керек. Бірақ бейбіт ел жиі ша­был­ған­ бұ­л­ғақ­та қазақты қан қақсатқан тай­па­ның бірі. Ал мынау этнотопоним­нен­ көрініп тұрғандай, жер атауы та­за­ қа­зақ­ ті­лін­де. Осының бәрі кейінгілерді ойландырары сөзсіз. Сүткөл деген атауда тұнып тұрған өлең бар. Сүт та­ғам­да­ры – сүттен таза, судан ақ уыздай дүниені сүйетін малқор қазақтың ұлттық асы.

«Арғын тайпасының таңбасы «көз таң­ба»­ немесе «күн таңба» деп атала­ды. Севан көлінің байырғы атауы – Көк­ше (Гокча)» .
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ 1929 жылдың өзінде Қазақстанда қаншадан дан астам халық наразылығы,толқулары,бой көтерулері болды?

2.​ Қай жылдың 7 ақпанында ашынған халық Тама руының көрнекті азаматы сұлтанбек Шолақұлы бастаған шаруалар көтерілісі бұрық ете қалды?

IV. Қорытындылау

 

№ 10 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ақселеу және тарих ақауы туралы оқушыларға толықтай мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу

даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,

салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанын елін жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Шежіре – тек пен зерде

Мөңке Би Тілеуұлы (1675-1756):
Алыстағы дұшпанның
Жағаға қолы жетпеске,
Артында туысқанның көбі игі.
Екіталай іс болып,
Еңсеңе дұшпан табан қойғанда,
Өзіңменен бірігіп,
Қыр басына шықпаған,
Ағайынның күнінде,
Барынан да жоғы игі.
Шежіре сыры, елдің былайғы күйі осы жолдарда анық.

 

Пусть чем угодно разразиться.
Я хочу узнать свой род – пусть он ничтожен!
Таков мой род – и мне не быть иным.
Я должен знать свое происхождение.
(Софокл. «Эдип-царь». Аударма: С.Шер­вин­ский ).

Бұл – жүрегі бір сұмдықты сезген Эдип пат­шаның жан дауысы. Сонда ана­­сы әрі жа­ры­ Иокаста, ол-дағы удай­ жаз­мыш­тан­ құ­­тыл­­ма­­ға­нын ұғып: «Несчастный! О, не узнавай, кто ты!»­ деп құсамен жауап береді. Эдип жан төзгісіз қайғылы азаптан өзін-өзі соқыр қылып жазалау арқылы, ұзамай жеткен өлім арқылы арылады. Жаза оны ластан тазартардай қабылдайды.

Шежіре түркі халықтарының бәрін­де­­ бар. Қарақалпақ ақыны Бердақ Қарғабайұлы:
Көриңлер халықтың шежиресін,
Есит шежиренің мәнисин,
Бәршенің ата-бабасын,
Айтып баян қылған екен:
Әнес, Мәлик екки киси,
Пайғамбардың сахабасы,
Әнес – қазақтың бабасы,
Шундын «алаш» болған екен.
Мәликтің ұғлы – Разыхақ,
Яшлығында қойды ғұлпақ,
киген екен қара қалпақ,
Шундын «қалпақ» болған екен.
Сахра халқы көшип гезбек,
Кәнтли жерден уатан дүзбек,
Қалпақтың ұғлыдүр өзбек,
Өзбек жекке болған екен.

1827 жылы туған Бердақ Абайдан 22 жас­қа­ үлкен. Мына өлең жолда­рын­да Бердақ қазақ, қарақалпақ, өз­бек­ – үш халықтың шық­қан тегі бір­ екенін әйгілеп тұр. Түбін қаз­са,­ «Өзбек – өз ағам» деген сөз рас.­ Қа­­зақ­­қа­ башқұрт пен ноғайдың бас­қа­лардан ғө­рі­ жақындығы тағы аян. Ешбір дәлел, ай­ғақ­сыз, әншейін осы екі халықтың қалың ор­та­сы­на­ тап болсаңыз, қазақтан еш айырма көр­мей­­сіз.

Владычь в Сейильхане, баба Эрсары!
Ты славен могуществом с древней поры,
Деяния твои справедливы, мудры:
За бедных вставал ты стеною, быва­ло.

Бұл – Сеиди, түркмен классик ақыны, ата-баба аруағын асыра сөйлеу кең даланың ұлдарына етене тән мінез. Өзінің ерсары ру­ы­нан шыққанын ақын мақтан қылып, жыр­ға­ қосады.
Все теке, салыры, эрсары придут,
Будут все сарыки – весь туркменский люд.
Все, кого туркменским людом ни зовут,
Все верхом прискачут, все придут, наверно.
(Орысшаға аударған С.Иванов).

Сеидидің бұл жырында түркменнің сөй­­лер­ тілі – Мақтымқұлының руы көклен аталмағанмен, үш-төрт ру бар. Қазақ – ру ат­та­рын­ сүйіп айтатын халық, сол дәстүрге түр­к­мен­дер де берік. Ев­ра­зия­лық жад.

Қазақ ру тайпаларының атаулары кө­бі­не­се таңба немесе адам өңіндегі нышан ат­ау­ларынан шығады: шапырашты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ошақты, ысты, ойық, тілік, үштаңбалы, тутаңбалы, қайшылы, қан­жығалы, то­­бық­ты,­ жоғары шекті, тө­мен­ шекті,­­ ба­ға­налы, балталы, ергенекті, те­­ріс­­­таң­­ба­­­­лы,­ көлденең, қарақас, ше­ру­­­ші,­­ ши­­мойын, ашамайлы керей, та­рақ­ты, шекті, байбақты, оңтаңбалы табын, теріс таңбалы табын, қа­ра­қой­лы, жағалбайлы. Жер атаулары да осы­лайша қойылады: Жыланды, Бұғылы, Құланды, Бұланды, Теректі, Қайыңды, Ши­елі,­ Бақалы, Алмалы, Текелі, Құлынды болып көк­тегі ты­р­на­­лар­дай тізіліп кете береді.

Шежіре – тектану. Ал философияда «Өз­ің­ді өзің таны» – өмірдің мәніне жақын ұғым. Шыққан тектің ұрпақтың өмір сүру салтына әрі тағдырына үс­тем­дігі зор. Қазақтың «Жақ­сы­дан жа­ман туса да, Жаманнан жақсы ту­са­ да, ­Тартпай кетпес негізге» деуі соны те­­рең­ білгендіктен.

Ақселеу аға қазақ жаппай тектен жа­­ңы­ла­ды-ау деген сұмдық сүрей ой­дан сананы арашалайды. Оның тек­ туралы танымдық кітабына тіпті оқымай-ақ бір көзі түскен исі қазақ баласы қазығын айналған атқа ұқсап, намысы оянып, дүр сілкініп шыға келері ан­ық.­ Ол енді қазақтығынан айнымайтын өре­лі, саналы азаматқа айналады.

Сондықтан бұл кітап – таңғажайып бағ­бан­ның кәусарлы бағынан аумай­ды.­

Шалкиіз жыраудың бұл өлеңі қаз­ақ­тың ұлттық санасында берік қалыптасқан аксиома: «Ағайынды жігіттің кереқарыс жалы бар, жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар» дегенінен алшақ түспейді. Ал Әбубәкір Диваев жинаған қазақ мақал-мә­те­лі­нде: «Үйі жыртықты тамшы жейді, / Ағ­ай­ыны аз қамшы жейді», «Жалғыздың үні шықпас, / Жаяудың шаңы шықпас». Тағы сол Диваевта: «Көшкен жұрттың қадірі қон­ған­да өтер».

Бұдан қазақ шежіресінің фоль­клор­лық­ жанр, асыл мұра екенін әбден ұғу­ға болады.

«Төс айылдың батқанын иесі біл­мес,­ ат білер, / Ағайынның қадірін жа­қы­ны білмес, жат білер».
Доспамбет жырау:
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!…

Ақтанберді жыраудың неліктен «Құлым бір ұлдай киінсе» деп­ адам­шылықты дә­ріп­те­ге­ні жал­ғыз­дық­ты­ кемістік көргенінен анық сезіледі:
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп.

Ал Ақселеу Сейдімбектің бабасы та­рақ­ты­ Бай­ғо­зы батырдың мәліметі керей Қо­жа­бер­ген­ жырауда бар:
Тарақты ер Байғозы қолдың басы,
Жиырманың алтауына келген жасы.
Бұл-дағы кіші жүзге күйеу екен,
Ерлігін көрді елдің кәрі-жасы.
Байғозы қолма-қолда екен күшті,
Ер болып, жеке шығып, көзге түсті.
Атысқа ғадеттенген қалмақтардың,
Бетпе-бет кездескенде зәресі ұшты.

Шежірелік деректер арқылы тұ­тас­ бір­ рудың атына айналған ата­лар­дың­ тарихын білеміз. Оны қара өлең соңына, ұрпақтап жадына ұмы­тыл­мас­тай­ қалдырып отырды.

Адамқожа ер жетіп,
Өзі жөнін білгесін,
Ат жалын тартып мінгесін,
Әлім менен Шөменге
Бір себептен өкпелеп,
Басқа салды іргесін.
Сонысына халық ат қойған,
Осы жұртқа «Кете» деп.

Рулы ел – ұялы терек болса, оның бұ­тақ­та­ры­ тарамданып, ұшқан құсша қанатын кең­ жайып өспей ме! Сыр сүлейі Нұртуған Кен­же­ғұлұлы кіші жүзде Қаракесектен тарайтын кете руы осылай аталу себебін түсіндіреді. Ал Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша та­ри­хында» қаракесек атасының орта жүз ар­ғында да, кіші жүз әлімде де бар екенін жазады.

 

 

№ 11 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихы ауызша деректерін жүйелеу және талдаудық кейбір мәселелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ тарихы ауызша деректерін жүйелеу және талдаудық кейбір мәселелері,оқушыларға толықтай мағлұмат беру

ДамытушылықОқушылардың оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу

даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,

салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанын елін жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдеріой толғау,мазмұндау.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қандайда болмасын халықтың тарихы деректер негізінде жазылатындығы баршамызға белгілі. Тарих тек қана жазба деректер негізінде жазылу керек деген ұғымның келмеске кеткені қашан. Бүгінгі тарих ғылымында деректердің кез-келген топтарымен түрлерін кәдеге асуы қажет. Жазбаша деректерде тарихи уақиға шынайы шындықты көрсетеді деп ойлайтын болсақ үлкен қателікке ұрынған болар едік.Сондықтан тарих жазғанда кез-келген деректер тобына сыни көзқараспен қарап, бірімен-бірін салыстыра отырып, деректану ғылымының әдістерін толық пайдаланғанда ғана мұратқа жетуге болады.
Біз сөз еткелі отырған қазақ тарихының ауызша деректері сан қилы.Сондықтан оларды алдымен жүйелеп алып, содан кейін барып топтау қажет. Осы орайда жүйелеу ұғымына тоқтала кетуді жөн көрдік. Орыстың ғылыми және оқу әдебиеттерінде кездесетін «систематизация» деген терминнің баламасы осы «жүйелеу» сөзі сияқты.Зерттеушінің белгілі тақырып бойынша көп жылдар бойы тірнектеп жинаған деректері бір жүйеге келтіру қажеттілігін талап етеді. Соңғы жылдары ғалымдар арасында жүйелеудің бес түрі қалыптасты: хронологиялық, аумақтық, этникалық, проблемалық және тұлғалық. Жүйелеу дегеніміз - әртекті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай жіктеу.
Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен 10 топқа бөлуге болады.Олар мыналар: нормативті деректер, генеология, әдептік заң нормалары, аңыздармен ертегілер, батырлар жыры, лирикалық поэмалар, мақал-мәтелдер және жұмбақтар, халық композиторларының әндері, халық ақындарының өлеңдері, билермен шешендер сөзі, ономастика материалдары т.с.с. Әлбетте бұл топтаудың шартты түрде екені белгілі.Өйткені кейбір деректер бір топтан екінші бір топқа ауыса береді. 
Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады. Мақал – нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдынғысында шарт не жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған, алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Жүйелеу дегеніміз не?

2. Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен қанша тоақа бөлуге болады? Олар атаулары.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 12 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбыҚазақ халқының жады және ауызша тарих дәстүрі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік жүріп өткен жолы және тарихы бар екендігін   насихаттау.

Дамытушылық: Қосымша материалдар іздеуге,нақты пкірлер айта

білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция сабағы,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

     Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік жүріп өткен жолы және тарихы бар. Сондай-ақ, әр елдің тарихы әртүрлі деректермен ерекшеленеді. Мәселен, қазақ ұлтының тарихи дерек көздеріне – шежіре, фольклор, батырлар жыры, мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтер және тағы басқаларын жатқызуға болады. Міне, осы аталған тарихи деректерде қазақ еліне қатысты оқиғалар мен құбылыстар баяндалады. Сондықтан, оларды төл деректер ретінде зерттеу еңбектерін жазуға және ондағы мәліметтерді ғылыми айналымға тарту аса маңызды мәселе болып табылады.
Елімізде соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты түрлі сипаттағы заттай, әсіресе, сан алуан жазба деректердің игерілуі қарқынды дамып келеді. Алайда фольклор, ауыз әдебиеті сияқты ауызша түрде жеткен рухани мұраларымыздың қазақ халқының тарихын түзуде маңызы жоғары. Қазақтар одан өзін-өзі таныды, өткенін білді, біртұтас халық, ұлт ретінде сезіне алды. Мұнда халықтың бүтін бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мәдениеті, тарихи даму жолы толық көрініс тапты. 

    Қазақ елі – өте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі мен мәдениеті бар халық. Өткен өмірінде көшпелі өмір салты басымдылық танытқан қоғамда ауызша тарих айту дәстүрі, белгілі дәрежеде, отырықшы өркениетті елдердегі мұрағат пен кітапхана міндетін атқарады, халықтың рухани өмірі ұрпақтан ұрпаққа осы негізде жетіп, ұласып отырды . 
Тарихын, сонау, тереңінен алатын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы шежіре. Араптың «шаджара» үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра ерте уақыттан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер. Жер бетіндегі халықтардың кейбіреуінде ғана патшалар сияқты, ерекше тұқымның қайдан шығып кімнен таралғанын дәріптейтін болса, біздің халықта бұл дүниеге келген әрбір азаматтың шыққан тегі таратылады.
Шежіре халықтың шығу тегін, жүріп өткен жолын, аса маңызды тарихи оқиғаларды жадта сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырудың көне замандардан қалыптасқан жолы. Қазақ және басқа халықтардың шежіре айту дәстүрі ең бері дегенде үйсін дәуірінде ақ болған сияқты. 
Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге үлес қосқан Н. Аристов, Ш. Уәлиханов еңбектерінде ерекше аталып өтеді. Шежірешінің беделі, әр кезде, ел билеген билеушілерден кем болмаған. Сондықтан да болар шежірені таратып беретін қарттарды осы күнге дейін аялап, олардан ылғый да елдің тыңдауға баратындығы. Оған қоса шежіре тарих. 
 Ауызша тарихтың үлкен тармағы – батырлық жырлар. Олардың тарихи деректік қабілетіне қатысты мынадай факторларды атап өткен жөн: 1) Тарихи деректердің бұл түрінің сол халықтың пайда болып, өмір сүрген ортасында, «туған топырақта» жаратылғаны, иесі белгілі бір халық. 2) Батырлық жырлардың этникалық тарихты жомарт (өзіне ғана тән тілмен) бейнелейтіндігі. 3) Батырлық жырлардың халықтың тарихи зердесіне (халықтың өткен тарихының көрінісі) айналып, тіптен тілден, діннен, ата қоныстан айрылған кезеңдерде де ұлттың жадынан жоғалмайтын қасиетінің күштілігі.
Тарихшы Қамбар Атабаев: «Қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары: ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнелеген»,  - деп ой түйіндеген. 
  Отандық тарих ғылымында тұңғыш рет дәстүрлі ауызша тарихтың өзін дербес ғылыми проблема ретінде көтеріп, оны зерттеудің қазақ тарихтануындағы мәнін көрсеткен Г. Жүгенбаеваның «Дәстүрлі ауызша тарих» монографиясын атауға болады. Еңбекте дәстүрлі қазақ қоғамындағы руханияттың синкреттілігі, оның деректемелік және тарихнамалық қырлары жан-жақты қарастырылады. Г. Жүгенбаева зерттеулерінің нәтижесінде «...ауызша тарих – халықтың біртұтас жады және этникалық тарихтың дереккөзі белгісіндегі бірегей болмысын танытып берді» деген тұжырым жасайды . Автордың басты жаңалығы ретінде қазақтардың дәстүрлі ауызша тарихын ұлттық интеллектуалдық құбылысқа теңеуін айтуға болады. 
  Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірі ұлттық тарих айту дәстүрінде айқын бейнеленген. Бұл орайда заттық, жазбаша ғылыми және мұрағат деректерімен қатар, тарихи жырлар, батырлар эпосы, тарихи аңыз-әңгімелер, шежірелер және басқа ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының халықтың басынан өткенінің тарихи-көркем бейнеленуі ретінде ғылыми маңызы құнды.
Қазақ халқының ұлттық тарих айту дәстүрінің тарихи бастауларының деректік мәнділігі оны тарихи дерек ретінде ғылыми тұрғыдан пайдалануға негіз береді. Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары нақты бір оқиғаға немесе қоғамдық құбылыс негізінде пайда болған және олардың өзіндік қалыптасу, даму ерекшеліктері тарихи құндылығын нығайта түседі.
  Халықтың ғасырлар бойы жинақталып жеткен тарихи-мәдени мұрасы ұлттық ауызша тарих айту дәстүрі негізінде жырлар, шежірелер түрінде жетіп отыр. Осыншама тарихи мұраларды жаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне назар аударсақ, қазақ халқының зерделі болғандығын және тарихи жадының аса жақсы қалыптасқандығын байқатады.
  Қорытындылай айтсақ, жоғарыда аталған қазақ халқының ұлттық төл деректері бұрынғы өткен замандардан мәліметтер беретін құнды материалдар екендігіне күмән жоқ. Сол себепті, еліміздің тарихын жазуға зерттеушілер кеңінен қолдануы қажет. Тек, сонда ғана ұлттық тарихымыз шынайы жазылып, толық баяндала түседі

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​  Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге үлес қосқан кім?

 

IV. Қорытындылау

 

№ 13 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ұлт тарихын зерттеу ауызша тарихи деректерін пайдалану: методологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында туралы баяндау .

Дамытушылық: Оқушыларды оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу

даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,

салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік:

Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында сақталып бүгінгі күнге жетті. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше жаралғандықтан немесе артта қалғандықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігімен, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салты болуымен салыстырған жөн»  – деп жазады. XX ғасырдың 20-жылдарына дейін көшпелі өмір салтына бағынған қазақ халқы, халықтың тарихи жады міндетін атқарған шежірелер мен аңыздарды, батырлық жырлар мен діни дастандарды көзінің қарашығындай сақтады. Онда өзгелер сезіне бермейтін халықтың рухани әлемі жинақталды. Ол турасында Шоқан Уәлиханов: «Қазақ өзінің көне аңыздары мен сенім-нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі, сауатсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» десе, ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді: «Ауызша тарих түбегейлі өзгерістердің құралы болмауы мүмкін, алайда бәрі оның қолданылуына байланысты. Соған қарамастан, ауызша тарих тарихтың мәні мен маңызын, сонымен бірге мақсатын да өзгертуі мүмкін»  – деп жазады. Қазақ қоғамында кеңестік билік орнағанға дейін ауызша тарих айту дәстүрі білімдік мәнге ие болып, өткен дәуір кезеңдерінен мәлімет беретін топонимикалық, этноәлеуметтік және танымдық (көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы) дерек көзі міндетін атқарды. Оның жазба деректерден өзгешелігі сонда – күнделікті өмірдегі болған істі көзімен көрген адамдардың баяндауы. 

«Даланың ауызша тарихы» ұғымы бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбеті – Рашид-ад дин, Мұхамед Хайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүр-хан, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халид, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан және басқа да түркі-қазақ ғұламалары еңбектерінде жан-жақты көрінген. ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов және өткен ғасыр ортасында тарих ғылымында өшпес із қалдырған Е. Бекмаханов ауызша тарих деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланды. Е. Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталатын монографиясында М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев және басқалардан жазып алған халық мақал-мәтелдерін және фольклорды маңызды дерек көзі ретінде кеңінен қолданып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан деректанулық талдау жасады. Қазақ халқының рухани мәдениетін ғылыми тұрғыдан терең әрі кең ауқымда зерттеген ғалым – Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырып, оларды кезеңдерге бөліп көрсетті . Қазақ ғалымдарының 1948 жылы қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбегі қолжазба күйінде сынға ұшырады. Кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынды. Кеңестік тоталитарлық жүйенің саяси қысымының үдей түсуі салдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында кеңестік методологияға сәйкес келетін зерттеулерге баса назар аударылып, ұлттық тарихи білімнің даму ерекшеліктерін, қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрін ден қоя зерттеуге мүмкіндік болмады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді?

2. . ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 14 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ эпостары – тарихи дерек ретінде.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ эпостары – тарихи дерек туралы түсінік беру.

Дамытушылық:  Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,

нақты пікірлер айтуға дағдыландыру

Тәрбиелік : Қосымша материалдарды пайдалана отырып,

оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге тәрбиеле

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Әр халықтың батырлық жыры ең алдымен сол халықтың басынан кешірген сан қилы тарихи оқиғалармен тікелей байланысты. Бұлардың барлығы да ел тарихына, жер тарихына, ғасырлар бойы қазақ даласында қоныс тепкендердің рухани дүниесіне үңіліп, елінің, жерінің тарихынан хабардар болғысы келетіндер үшін ой саларлық жырлар.
Эпостық жырлардан біз қазақ халқының тағдыр - талайын, тарихи және көркем ойлау ерекшеліктерін, сонымен қатар рухани - интеллектуалдық деңгейін де байқаймыз. 
Эпос-мәдени құбылыс. Бірақ оның арқауында нақты бір ру, тайпалардың этникалық тарихы жатады. Осы белгісі мәдениеттің де белгілі дәрежеде этникалық қызмет атқаратынын байқатады.
Осындай шығармалар қатарына қазақ халқының ертеден келе жатқан мұралары Қара Қыпшақ Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Едіге, Қамбар батыр «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Ер Сайын»жырларын жатқызамыз. Бірнеше жырдан тұратын «Қырымның қырық батыры» деген үлкен көлемді эпопеяның өзі-ақ қазақ халқының қаһармандық жырға қаншалықты мән бергенін көрсетеді.
Қазақ эпосының тарихилығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық шеңберінде қалмай, сюжеттерді бүкіл Орта Азия, Алтай, тіпті ШІығыс әлемі деңгейінде салыстыра зерттеу керек. Ертедегі космологиялық нанымдар, әлеуметтік құрылыс көп елдердің басынан өткен болса, эпосты от басы, ошақ қасында зерттеу пайдасыз. Жадағай әдеби мінездеме - сыңаржақ методология.
Қазақ эпостарының қай-қайсысын алсақ та, қьпшақ, ноғайлы қазақтары қызылбастарға, қалмақтарға қарсы күреседі. Бұл жырлардың көпшілігінде ноғайлының жерін қалмақтың жаулап алмақшы болуына байланысты үлкен оқиғалар көрініс тапқан.
Рухани ескерткіш «Қырымның қырық батыры» жырының мәтінімен танысқан кез-келген оқырман пікірімізге келісер еді. «Жыр» мәтіндері бастан-аяқ өзінің «Ноғайлы» деген елдің бір кездегі тарихына, өткеніне арнап шығарылғанын аңғартып тұрады. Эпос айтуышының алдына қойған басты мақсаты «Ноғайлының тұтас тарихын» оның кейінгі ұрпақтарының тарихи жадынан шығармау, ұмыттырмау екені сезілетін.
Шындығында, осынау сауал ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда туып, ХХ ғасырдың басында жаңғырған болатын. Әсіресе «Ноғайлы жырларының» ел арасынан жазылып алынған түрлі нұсқалары ғылымда белгілі болғаннан-ақ жырлардың «иесі» (Кавказ, Қырымдағы ноғай әлде қазақ) даулы болды.
Ал, «Қобыланды батыр» жырындағы оқиғалар қыпшақтар мен қызылбастар, қалмақтар арасында болды. Келтірілген эпостағы жер аттары, қыпшақ елі, бәрі де тарихи деректер. Демек, бұл жағынан жыр мен тарих арасында еш қайшылық жоқ. Бұл жырда аталған кез, ондағы оқиғалар шындыққа сәйкес келеді.
Олай деуімізге бірнеше дәлел келтірейік: «Қобыланды батыр» жырының Марабай, Мергенбай, Біржан, Досжан жырлаған нұсқалары қыпшақтар мен қызылбастардың арасында көп заманға созылған қарым-қатынастарды, алыс-тартыстарды көрсетеді. Қыпшақтардың Қобыланды бастаған батырларының шетелдік жау қызылбастарға қарсы жүргізген ерлік күресі суреттеледі. Сонда қыпшақ еліне бірінші болып ұрынатын қызылбастың Қазан ханы болады. Мысалы, жырдың Мергенбай айтуындағы нұсқасында: 
«Қызылбасты елінен,
Қазан деген ер шықты. 
 Жан білмеген жер шықты.
Ноғайлының көп елін,
Ол жайпап, шауып жаншыпты. 
Бағынбаған адамын 
Қырып-жойып таусыпты...»  - делінеді.

Бұл келтірілген үзіндіде аталған Қазан қызылбастардың ханы Қазан болуы мүмкін. Жырдағы Қазан ұрыншақ, көрші елдерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырып алу үшін күреседі. Оның бұл әрекеттері көрші елдердің жерін, малын олжалап алуы және олардың «бағынбаған» адамын қырып-жойып жіберуін тарихи факті деуге болады. Бұған қарап жырдағы Қазан қызылбастарының жаулық әрекетін көрсетуге болады.
«Қобыланды батыр» жырына арналған сын мақаласында Ә. Бөкейханов оны Тоқтамыстың тоғыз батырының бірі ретінде атап, XIV ғасырда өмір сүрген деп мөлшерлеген. Эпостық жырдың арқауында ежелгі ру - тайпалар тарихы жатады деген ойды М. Әуезов еңбектерінен де аңғарамыз. Эпос ноғайлы, қыпшақ, қырғыздар бір ел болып жүрген кездері туған деген ғалым халықтық топонимияға сүйеніп, Қобыландыны тарихта болған адам деп біледі. Жалпы қазақ эпосындағы батырлар тұлғасына келгенде М.Әуезов олардың бәрі «Ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да - анық тарихи оқиғаларға негізделген ал басты -басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар».  
Қазақ халқының эпикалық шығармаларының ішіндегі жақсы үлгілерінің бірі келесі жыр - ^ Алпамыс туралы жыр қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарында бар.  
«Алпамыс» жырының қазақша нұсқаларында ХҮІ-ХҮШ ғасырлардағы азаттық идеясы - қалмақ хандарымен күресу, олардың шабуылынан қорғану идеясы пайда болады. XVIII ғасырда, эсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда жыр бірқатар жаңа идеялармен толыға түседі. Бүл кезеңде шыққан жырды ру басының өз жерлестеріне, туған халқына зорлық-зомбылық жасауына, олардың бейбіт елді жаулап алуына қарсылық күшейе түседі. Сондықтан да «Алпамыс» жырында Қоңырат руының билігін қолына алған Ұлтан мен Алпамыс арасындағы тартыс тақырыбы терең суреттеледі. Бұл дәуірде ислам дінінің халық санасына ықпалын тигізу нәтижесінде «Алпамыс» жырында діншілдік идеялар көріне бастайды.
Ал, Қамбар ноғайлы жұртын қорғайды. Қалмақ ханының әскерімен соғысып, оларды жеңеді. Жырда жағымды образдардан: Қамбар, Назым, Алшыораз, жағымсыз кеіпкерлердің калмақтың ханы Мақтым жырланады.
Басқа жырларға қарағанда, «Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп емес. Ел аузында айтылып жүрген «Тарғын» жырының оқиғасы жағынан ең толығы да, мазмұны, көркемдігі жағынан ең құндысы да Н.И.Ильминский бастырған нұсқа
.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 15Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ауызша дәстүрлі: ұғымы және тәпсілеу мәселесі   .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрі туралы түсінік беру .

Дамытушылық: Оқушыларды –   Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрі және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу жағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер көбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, көпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сөздерді де қамтиды. Ауызша дәстүрдің әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса құнды мағлұматтардың тарихи өткен шақты қайта қалпына келтіру мүкіндігі шексіз.
Жоғарыда аттары аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының өткен жолын жазуға Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше отаршылдық жағдайымыз, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар көзі шежіре «кертартпа –клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды. Күні бүгінге дейін Қазақстан тарих ғылымында Шежіренің теориялық-методологиялық мәселелеріне арналған зерттеулер жоқ. Алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптар игермек ниет, насаб-нама, яғни ата тарату сызба-схемаларын ғана бар. Осы себепті қазақ шежіресінің шынайы мәнін түсінуге, өзіне дейін және өз кезеңінде пайда болған сан қилы ғылыми тұжырымдарды қорытындылап, шежіретануға қажетті ұғымдар мен терминдерді жүйелі түрде қалыптастыруға күш салған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі ерекше. 
Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар көз ретінде қолдану талпыныстары ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл әрекеттер өз кезегінде тарихтың осыған дейін даму нәтижелеріне сүйенді, тарих қашанда жеке ғылым саласы ретінде тарихи аңыздарды, эпикалық немесе лиро-эпостық жырларды, мифтер мен әртүрлі әңгімелерді белсене пайдалануға негізделді. Бұған көз жеткізу үшін Геродоттың «Тоғыз кітапты тарихын» немесе антика дәуірінің кез келген тарихшысының еңбектерін ашып көрсек жеткілікті. Бұл дәстүр антика әлемімен және оған көршілес региондармен шектелмейді. Шығыстың ерте тарихнамасы да ауызша тарихи дәстүрді пайдалануға құрылды. Алайда уақыт өте келе жазба деректер көбейді де батыс тарихшылары жазба деректерге негізделмеген тарихи зерттеулердің шынайылығына күмән келтіре бастады. Бұл көзқарастар Африка тарихын ауызша деректер арқылы жазбақ болған ғалымдардың еңбектеріне қатысты айтылған ағылшын зертеушісі Хью Тревор-Ропердің: «Мүмкін, болашақта әйтеуір бір Африка тарихы жазылар... Қазір ол жоқ, тек еуропалықтардың Африкадағы тарихы ғана бар. Одан басқасы қараңғылық..., ал қараңғылық тарихтың пәні болып табылмайды» деген пікірінен анық сезіледі.
Ауызша дәстүр қазіргі тарихнамаға тән оқиғаларға таңылу, эмпиризм гегемониясы және бір жазылғанды екінші рет көшіру сияқты қағидаларын тіпті де ескермейді. Оқиға және факт –қазіргі тарих ғылымы бірнеше жүз жыл өз жұмысына пайдаланып келе жатқан құрылыс материалдары. Алайда еуропалық ғылым өзінің аяғындағы шідерден құтылуға тырысатыны байқалады. М.Блок бір еңбегінде «Мәселе Исаның (Иисус пайғамбар-Ж.А.) креске керіп шегеленгенінің болған болмағанын, одан кейін қайта тірілуін анықтау емес. Бізге маңыздысы біздің жан-жағымыздағы осыншама адамның керу мен тірілуге қалайша сенетінін түсіну» .
Еуропа ғалымдарының ауызша тарихқа бет бұруы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1948 жылы Америка Құрама штаттарында Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс сейсмологиялық және теңіз геодезиялық жұмыстарының негізін салушы пионерлердің өмірін зертеуге арналған «Ауызша тарих проектін» ұйымдастырды. Ауызша тарих зерттеу әдістерін әлеуметтік және жеке бас қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіруге қолдану ауызша тарих табиғатының ыңғайлылығына байланысты. Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, ал кез келген қоғамның өмірі қызықты, бұл жолдың негізгі қағидалары да осында. Қазіргі ауызша тарих ілімінің негізін салушылардың бірі Пол Томпсон атап көрсеткендей «қоғам мен тарих арасындағы қарым-қатынас кез келген жағдайда бір жақты болмауы керек, бұл дегеніңіз үздіксіз айырбас, ақпаратпен оны тәпсірлеу, оқытушы мен аудитория арасындағы өзара диалектикалық байланыс »
Соныменен, еуропалық ғылым өткен тарихты қайта қалпына келтіру үшін ауызша дәстүрге байсалдылықпен бет қойды. Бүгінгі күні ең күрделі зерттеулер мына сұрақтардың маңында өрістеуде: а) ауызша дәстүр қоғамдағы әр қилы идеологиялық, сонымен бірге ресми мәселелерді қаншалықты көрсете алады, ә) ауызша тарихи дәстүрге тән қарапайым циклдық, жабықтықты қазіргі күні барлығымыз қабылдаған бір түзудің бойындағы жылсанаумен қалай қабат қарастыруға болады, б) кей кейде өте көне заманның тарихи шындығына негізделген ауызша тарихи дәстүрге тән аңыздық (әфсана-жыр) тәпсірлеу қосымша дәлелдемелерді керек етеді, егер ол заман туралы біздің қолымызда аңыз ғана болса, біз басқа дәлелді қайдан таппақпыз ? Алайда, осы сияқты сұрақтарды тарихтың жазбаша негізделген дәстүрлері де қояды
. 
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар көз ретінде қолдану талпыныстары қай ғасырда?

 

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 16 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихындағы би- шешендер мұрасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен нысандарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке,өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс - тіршілік болмысын, ел - жұрт арасындағы қарым - қатынас, ел басынан өткен қилы - қилы кезеңдерді, жақсы - жаман жағдаяттарды ой - сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс - тіршілігі қазақ көкірегінен жыр - дастан, өлең - ән, ертегі - аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын - сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан - ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ - табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші - жыршыларды айрықша көтермелеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған.
Бұрын соты, қаралаушысы мен ақтаушысы жоқ заманда ел ішіндегі жер, жесір, құн дауы, екі ел арасындағы үлкен дау - жанжалдарды да билер екі - ақ ауыз сөзбен орнықты кесімін айтып, әділ шешіп отырған. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң - мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер - заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер.
Қазақтар ықылым заманнан – ақ шешендікті өнердің ең биік сатысы деп жоғары бағалаған. Өйткені, шешендік сөздер - өнердің шыңы ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс - тіршілігінде аса маңызды роль атқарған.
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ділмарлар ата - бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл - ойдың дариясы, қасиетті ата - бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан - ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII - XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV - XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV - XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV - XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең - жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал - мәтелдердің орны ерекше.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М. Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым - лингвист А. Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден - бірге жатталып, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешендік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме - дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән - мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай - ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын - жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 17 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендік өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының шешендік өнері таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: 

Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих және қазақ әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген.Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:

…Көш бастау қиын емес –Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын –Шешімін таппас дау бар, –деп дұрыс аңғартады.

Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

 

 

 

№ 18 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, түсінік беру.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері - атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.
Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен - би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан - саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен - билердің) атынан айтады. Осындай әдеби - халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.
Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел - жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен - кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан - жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы - қырлы мінез - құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым - білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.
Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”, “Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде – ақ білген.
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов болса, 30 - жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.

Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдеби мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:

1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау - жанжалдардың бітімін екі – ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы

Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай - ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.

Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет - дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма - қол туып айтылатын, суырып салма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.

Шешендік сөздер – ғасырдан - ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тыңдаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.

Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр. Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3-ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.

Шешендік арнау - қоғам мен заман өміріне байланысты өлеңдер, бата, тілек жатады.
Шешендік толғау - қоғамды суреттейтін өлеңдер.
Шешендік даудың түрлері: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы, құл дауы.

Шешендік сөздер
(композициялық құрылымы жағынан)
1. Термелі сөз 2. Пернелі сөз қара
өлеңмен жазылады. сөзбен жазылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) «Жиренше шешен», «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» әңгімелерін мәнерлеп рөлге бөліп оқу.
ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.

Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ…

3. Мәтінді нақышына келтіре мәнерлеп оқу.
4. Ойтолғау жазу.
«Тарихта із қалдырған тұлғалар»

5. Қазыбек бидің толғауымен Әйтеке бидің сөздерінен астарынан нені аңғаруға болады?
б) Сұрақтарға жауап беру.

V. Үй тапсырмасын беру:
1. Шешендік сөздер
2. Жиренше шешен
3. Төле би.
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 19 Сабақ  Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сөз тапқанға қола жоқ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін арасында насихаттау және күнделікті өмірде пайдалана білуге жетілдіру, шешендік өнерге жастарды дағдыландыру .

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Сайыс жеті кезеңнен тұрады:
1. Топтың атын, ұранын қорғау (2мин)
2."Мақал - сөздің мәйегі" (Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын мақал - мәтелдер
жарысы (3мин)
3."Деген екен" (Билер, шешендер, әйгілі өнер, білім қайраткерлері, ақын - жазушылардың
ұткыр ой, ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу (3мин)
4."Мықты болсаң - тауып көр". Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендеріңді
байқаймыз, әр дұрыс жауап 10ұпай болып есептеледі (3мин)
Топ 6 адамнан құралады.
5."Жүйрік болсаң – шауып көр"кестедегі сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру, мағынасын
түсіндіру (3мин)
6."Ойлы болсаң - озып көр"көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын ашу.
Әр топтың жауаптарынан қазылар алқасы 5 ұпайлық жүйемен бағалайды Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады және марапатталады.
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Балтабай Адамбаев, Шешендік сөздер, А., 1990: Абат Кыдыршаев. Шешендіктану. Орал, 2004.

1 - жүргізуші:- Құрметті оқушылар мен ұстаздар, тілдер мерекесіне арналған "Сөз тапқанға қолқа жоқ" атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 6 - сынып оқушылары мен пән мұғалімдері. сынып жетекшілері қатысып отыр.
2 - жүргізуші:- Сайыскерлердің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып марапатталады.
1 - жүргізуші:- Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Әр топ өздерінің атын және топтың ұранын қорғайды.
2 - жүргізуші:- Қазақ -"сөз қадірі - өз қадірім",- деп білген халық. Қазақ тілі - сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды. Асыл мұра - сарқылмас ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің байлығының бірі - мақал - мәтелдер. Олай болса, мақал - мәтелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 20 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың шешендік өнері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қазақтың шешендік өнерін таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Қазақстан тарихы

Пәнаралық байланыс: шығармашылық ізденіс.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 21 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Досбол ауылдық аймағына кіретін ауылдармен,

халық және отбасы сандарымен және ауылдың

нысандарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Тарихи құнды мұраларымызды құрметтеуге ,өнерді

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.

Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.

Айтыс– шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.

Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеденқалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.Кезінде Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді",– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 22 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шешендік және сөз мәдениеті  тарауымен қайталау, қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Шешендікті, шешендіктің қазіргі түрлерін, шешендік сөздердің сапаларын, сөз мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі туралы білімдерін мысалдармен дәлелдеп, қайталау, пысықтау..
Дамытушылық: Шешендік сөздердегі фразеологизмдердің, мақал - мәтелдердің, афоризмдердің табиғатын тану қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден сақтандыру, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мағлұмат беру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

- Алдымен ертерек қазақ сахарасында болып, халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді жете көріп, терең түсініп, ерекше сүйіспеншілікпен тамашалай білген шетел саяхатшыларының жазба - естеліктерінен үзінді тыңдап көрейік (интерактивті тақтадан көрсетілді, мәнерлеп оқып беремін).
- Міне, осылайша шетел саяхатшы - ғалымдары ата - бабаларымызға баға беріп жатса, шешендік өнер қазақтың қанына сіңген қасиет екендігіне дау жоқ.
- Бүгінгі сабақ кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. Қайталау - оқу анасы.
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
І. «Қайталау - оқу анасы.» (сұрақ - жауап).
Сұрақтар:
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік сөз дегеніміз не?
3. Шешен дегеніміз кім?
4. Шешендерге қойылатын қандай талаптар бар?
5. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата (оқушылар жауабы тыңдалады).
Қазіргі шешендіктің түрлері
1. Білім - ғылым мазмұнды шешендік.
2. Әлеуметтік - саяси мазмұнды шешендік.
3. Әлеуметтік - тұрмыстық мазмұнды шешендік.
4. Діни мазмұнды шешендік.
5. Сот ісі шешендігі.
ІІ. « Ұтымды пікір - ұтқыр ой».
- Иә, балалар, қазақ халқы - сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау - ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі. Шешендердің ең негізгі құралы - сөз. Сол сөзі арқылы тыңдаушысын өзіне тартып, жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық дарыннан туады. Олай болса, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
- Біздің заманымызға шешендік қажет пе? (оқушы жауабы).
- Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Бар болса кімдер деп ойлайсыңдар? Мысалдармен дәлелде, өз мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсың?

(оқушылар жауабы тыңдалады, оқушылар Н. Ә. Назарбаевты, Ә. Кекілбаевті, Қ. Сәтбаевті, Ә. Қажы Дербісәліні, М. Әуезовті, Абайды, Жамбыл Дүйсеновті бүгінгі таң шешендері деп танып, олардың сөздерінен үзінділер келтіріп, дәлелдермен сөйлейді және сот ісі шешендігі, білім - ғылым мазмұнындағы шешендікке де мысалдар келтіреді).

ІІІ. «Даналық сөзден дән ізде».
(Семантикалық карта 10 оқушыға таратылады).
ІV: «Кешенді талдау - кемел білім».
1. Фонетикалық талдау - Тұрысбек Қуаныш.
2. Лексикалық талдау - Каиртаева Луиза.
3. Морфологиялық талдау - Керімтаева Динара.
4. Синтаксистік талдау - Акчалова Ақерке.
(Оқушылар тақтаға кешенді талдауға дайындалғанша, қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді).

-- «Сапалы сөз - саналы ойдың жемісі» демекші шешендік сөздің сапалары туралы білімдеріңді байқап көрейік:

1. Шешендік сөздің мазмұндылығы.
2. Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы.
3. Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.
«Кім тапқыр?» ойыны.
«Билер сөзі - ақылдың кені» - деп дана халқымыз бекер айтпаған, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейтін, от ауызды, орақ тілді би - шешендеріміздің сөздерінен берілген үзінділердің кімнің сөзі екенін табу.
V. «Көркем сөзім көрікті ойым» (Бұл кезеңде казіргі шешендік үлгіде қолданып жүрген фразеологизмдердің сыңарын оқушылар табады). «Тәуелсіздікке бес жыл» кітабынан алынды (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақты бекіту: Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
(топтастыру стратегиясы)
Қорытынды: Ойтолғау. Ғаппарова Назым
«Сегіз серінің жастарға берген батасы» (Бауыржан бата береді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 23 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ шежірелері мен тарихи

ескерткіштермен таныстыру,тарихи маңызын

түсіндіру.

Дамытушылық: Ой өрісін дамыта отырып,топтық жұмсыс істеуге,

ұйымшылыдыққа баулу.

Тәрбиелік: Тарихи құнды мұраларымызды құрметтеуге ,өнерді

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау,зерттеу.

Пәнаралық байланыс:  қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Қазақ шежіресі қазақ тарихи жадының өзегі десек артық айтқандық емес. Алайда, сол қазақ шежіресі қазақ тарих ғылымында әлі күнге өз орнын ала алмай келеді. Өйткені, шежіре өз дәуірінде қандай қызмет атқарды, несімен құнды болды, халық санасынан әлі күнге өшпей келе жатуының себебі неде?-деген сұрақтарға қазіргі тарих ғылымының жауап беруге қауқары жоқ. Қазақ шежіресі осы күнге дейін қанша зерттелсе де өзінің ішкі мәнін ашпай келеді. Оның себебі, зерттеушілердің шежірені бір ғана тұрғыдан – этникалық үдерістер тұрғысынан қарастыруы, сол бойынша байлам жасауы болып табылады. Ал, шежіре тек этникалық үдерістермен ғана байланысты емес, қоғамдағы барлық үдерістермен тығыз байланыста қалыптасқандығын, атап айқанда: діни, саяси үдерістер шежірелердің түзілуіне ықпал еткен факторлар болғандығы ескеріле бермейді. Оның үстіне шежірелердің бірін-бірі қайталамай, әртүрлі болып келуінің өзі зерттеушілерді адастырары немесе зерттеушінің шежірені тарихи құжат екендігіне күмәнмен қарауына ықпал етері анық. Алайда, шежірелердің әртүрлі болып келуі астарында қазақ (түрік) халқының басынан өткерген тарихи кезеңдерінің сырлары жатқандығын қазақы дүниетанымнан хабарсыз, танымы евроцентристік көзқараста қалыптасып, тарихқа материалистік тұрғыдан баға беретін тарихшылар қазақ шежірелерінің ішкі мәні мен мазмұнын танып-білуі қиын немесе мүмкін емес.
Қазақ шежіресінің пайда болуы қазақ халқының қоғамдық құрлысымен, мемлекеттік жүйесімен тікелей байланысты және сол шежіре түзілген дәуірдегі қоғамның құрылымдық жүйесінің сызба түріндегі бейнесі, әрі негізгі реттеуші басты құжаты болды.
Қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің қашан түзілгендігі туралы бізде нақты дерек жоқ. Бір шежіре Өзбек ханнан басталса, екінші шежіре Алаша ханнан бастау алады. Үшінші шежіре Өзбек ұлысының ханы Әбілхайыр ханнан басталады. Ал төртінші шежіре әріге кетіп, Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы Аннас сахабадан бастау алады. Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 
Қазақ шежіресінде күдік тудырып жүрген тағы бір мәселе – ол Ата Қазақтан қазіргі біздің замандасымызға дейін ары кетсе 22 ата немесе 11-13 атамен шектеліп жатады. Мұны жылға шағар болсақ, арысы 600-660 жыл шамасында. Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай? Бұл сұрақтар жауап беруді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап берілмейтін болса, онда біз шежірені ешқашан таныдық деп айта алмаймыз. Сондықтан, қазақ шежіресін тану жолындағы ізденісімізді біз бұрынғы зерттеушілер жүрген жолмен емес, басқа бағытта жүргізгенді дұрыс санаймыз. Ол қазақ халқының басынан өткерген діни, рухани үдерістер тарихы мен олардың қазақ шежіресімен байланысын анықтау бағытындағы ізденістерге ден қоямыз. Әрине, осы күнге дейін қазақ шежіресін зерттеп жүрген зерттеушілердің қазіргі қазақ халқы құрамындағы ру, тайпаларды көне дәуірдегі ру, тайпалармен байланыстырып, солардың тікелей ұрпақтары екендігін дәлелдегісі келетін ойлары да бар. Алайда, бұл тұжырыммен толық келісе қою қиын. Қазіргі рулар мен көне дәуірдегі рулардың арасындағы генетикалық байланысты толығымен жоққа шығаруға болмас, дегенмен солардың тікелей ұрпағы еді дегенді айту артық болары сөзсіз. Өйткені, араб, парсы жазбаларында аталатын түркілердің көптеген ру, тайпа аттары қазіргі қазақ немесе өзге түркі тайпалары арасынан кездестіре алмаймыз. Мысалы, X-XI ғғ. араб деректеріндегі оғыздар құрамындағы 24 ру, тайпаның қайсысы қазақ халқы құрамында бар? Жоқ немесе ірі рулық, тайпалық құрылымдар ішінде кішкентай аталарды ғана құрайды. Ал кейбір ру, тайпалардың аты сол кезеңнен бері әлі күнге өшпей сақталып келеді. Бірақ, сол атауды сақтап келе жатқан руларды сол көне дәуірдегі халықтың тікелей ұрпақтары, ізбасарлары деп атау қиын. Оның есесіне қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ірі тайпалардың атаулары негізінен Шыңғыс ханмен бірге келген ру, тайпа атаулары екендігін де естен шығармауымыз керек. Бұл жерде тағы да «Сонда қалай, біз мына қазіргі қазақ жеріне Шыңғыс ханмен бірге келгенбіз бе?», - деген заңды сұрақ туады. Олай болса, осы күнгі «Қазақ автохтонды халық емес», - деп жалаулатып жүрген кейбір тарихшылардың айтқандарының дұрыс екендігін мойындаудан басқа шара қалмайды. Сол себепті, қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің түзілу заңдылықтарын түсініп алмайынша, дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежіренің де, ру, тайпалардың да халқымыз тарихындағы орнын анықтай алмаймыз. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін халқымыз VIII-XII ғасырлар аралығында басынан өткерген тарихи оқиғаларға талдау жасаудан бастағанымыз дұрыс. Сонда ғана біз қазақ шежірелерінің Шыңғыс ханнан кейін бастау алу себептерін түсінеміз.
Түркілер ислам дінін VIII ғасырдың екінші жартысында қабылдады. Алғаш рет осы кезеңде түркі–ислам мемлекеттері тарих сахнасына шықты.  Ол Қарлұқ-Қарахан, Оғыз мемлекеттері еді. Бұл мемлекеттердің дүниеге келуімен ислам діні түркі халықтарының дәстүрлі қоғамына өз ықпалын біртіндеп тигізе бастады. 951 жылы Сатуқ Бұға хан Абд ал-Каримның ислам дінінің дәстүрлі бағытын қабылдауы түркілерді ислам әлемінің құрамдас бөлігіне айналдырды.. Өйткені, рулық, тайпалық жүйелер түркі мемлекеттігінің іргетасы болатын. Біртіндеп түркілерде мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі қалыптасып, абсолютті билік жүйесі орнады. Кезінде арабтың тарихшылары мен географтары жазып қалдырған ру, тайпа аттарының халық санасынан өшуіне әкелді. Халық өзінің тегін білмейтін дәрежеге жетті. Ислам дінін қабылдаған түркілер XI-XII ғғ. қарсаңында өзінің дәстүрлі мәдениетінен, тілінен, мемлекеттік жүйесінен толық немесе жартылай ажырап, парсылану үдерісін басынан кешіріп жатқан болатын. Осы түркі халқының тағдыры қыл үстінде тұрған шақта Қожа Ахмет Йасауи сынды ұлы тұлғаның тарих сахнасына шығып, ислам дінінің түркілер арасында өмір сүру формасын жасауы, араб, парсының мәдениетін қабылдамай-ақ мұсылман болу мүмкін екендігін түркі баласына дәлелдеп берді. Дін тілінің түркі тілінде сөйлеуі ғылым, білім, мәдениет, әдебиет тілінің түркіленуіне әкелді. Мемлекет тілі де түркі тілінде сөйлей бастады. Түркі қоғамынан аластатылған сыртқы неке қайта қалыптастырылды. Рулық тайпалық жүйелер біртіндеп қайтадан қалпына келтіріле бастады. XIII ғасыр басында Шыңғыс ханның келуі, Жошы ұлысының қалыптасуы түркінің мемлекеттік жүйесін толығымен қайта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жошы ұлысында түрік мәдениетінің қалыптасуына Йасауи жолы өкілдері аянбай еңбек етті.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.​ Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 
2.​ Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 24 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ауызша дәстүрдегі , шежіредегі түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауызша дәстүрдегі тарихи-шежірелі ,жерлерін танып білуге баулу, мақтан тұтар ізгі азаматтарды насихаттау.

Дамытушылық: Оқушыларды іздендіре отырып,сөйлеу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерді сүюге, оны қорғауға, табиғатын

аялап қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: картамен жұмыс, әңгімелеу, баяндау

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,әдебиет,сурет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Ақпарат айналымы ауызша дәстүрге негізделген байырғы қоғамдарда адам санасы мен жады қызметінің орны ерекше болғаны белгілі. Жады кез келген адам үшін аса білім сақтаудағы қолайлы құрал және сенімді архив, әр адамның өзінше «жеке мұрағаты» бола алады. Бұған ешбір күмән жоқ. Жады мағынасындағы қазақтың балама ұғымы ес, сана. 
Жадының негізгі өнімі – естеліктер. Жадыға тоқылған ақпарат тарихи мазмұнда болса, тарихи естеліктер болады, ата тарату, туыстық реті жайында болса, генеалогиялық мағынадағы дерек болады. Осындай естеліктер кешенін кез келген адамның бойынан табуға болатыны сөзсіз. Сол естеліктердің барлығын тарихи дерек мақсатына жарату мүмкін болмаса да, олардың жиынтығын талдау арқылы тарихи шындық туралы түсінік қалыптастыруға болады.
Тарихи факт болмай тарихи дерек жоқ. Тарихи дерек болмай тарихнамалық факт жоқ. Тарихи факт болмай тарих та жоқ екені белгілі. Яғни тарихтың өзі қоғамдық мәні бар әртүрлі орын алған оқиғалардың тіркеліп, себеп-салдары анықталып, түсіндіріліп, тәпсерленіп, баға берілген соң тарихи оқиға ретінде баяндалып, қағазға хатталатыны белгілі. 
Осы амалдар арқылы ғана ауызша дәстүр төңірегінде сақталған қазақ шежірелері толымды түрде қордаланып, жүйеге түсіріліп, ғылыми әдіс арқылы талдануы мүмкін. Ал шежірелер – қазақ мәдениетінің дәстүрлі негізін тану құралы, оның маңызды деректік негізі екенін есте ұстау қажет. Ауызша шежірелік үрдістің өзінше даму заңдылықтары да бар. Шежірелердегі ауызша айтылған мәліметтер сол деректерді тудырған ұрпақтан тыс берілген дерек болса, олар ауызша дәстүрге айналады. 
Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан үлгілердің өзі "шын" немесе "шын сөз сияқты" дегендей бағалануы мүмкін. Ой, қиял үлгідегі сөз ретінде аңыз, әпсаналарда әртүрлі жеке тәмсіл әңгімелер айтылады. Әрине, осының арасын нақты жік-жігімен айыру үшін «шын» мен «өтірік», «ақиқат» пен «жалған» деген ұғым туралы нақты бір ұстаным қалыптасуы қажет. Мәдениеттануда "ақиқат"
Жалпы, қазақта – қара сөз, қара өлең, жоқтау, билер сөзі, мадақ өлең әртүрлі дамыған. М.Ж. Көпейұлы: "Орта жүз арғын төртуыл-қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Өз заманындағы жандар бұл кісіні "көмекей әулие" деседі екен. Бір жәй сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен" – дейді. 
Ауызша тарих айтушы тұлға, орны, уақыты, туралы түсінік: ауызша тарих айтушы көбіне оқиғаға өзі қатысқан, немесе тікелей оқиғаны көзімен көрген баяндаушының айтқан хабар-деректерін еске сақтауға алады. Осындай тікелей тіркелген жағдайды "нақты тарих", ең дұрысы "нақты шежіре" деп атауға болады. 
Қазақ айтады: "көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра" – деп, демек көп ғұмыр кешкен адамның азды көпті көргені аса мәнді болмақ. 
Шежіре, немесе аузыша тарихи дәстүр үлгілерін зерттеу бірнеше жолмен іске асады. Біріншісі, қазіргі күндегі шежіре жинаушылардың, сақтаушылардың өнерін зерттеу. Екіншісі, қағаз бетіне түскен ауызша тарихи дәстүрді қолжазба үлгісінен зерттеу. Және соңғысын айтушының өзі жазып қалдырған қолжазба мен айтушының сөзінен жазылып алынған деп айырып қарау қажет.
Тарихи ақпаратты жалғастыру мақсатында ауызекі жанрлар үлгілерінің кең мүмкіндіктерінің барлығы іске қосылып, тарихи оқиға, генеалогиялы дерек туралы мәлімет хадис, тарихи әңгімелер, жыр (тарихи, батырлық), дастан, өлеңмен таратылған шежіре үлгісінде болса да айтылып қалуы керек болған. Сөйтіп тарихта орын алған жаңа оқиға туралы ауызша дерек айтылумен осылайша жалғаса береді. 
Нақты айтқанда, шежіререлердің деректері дәстүрлі мал кәсібін дамытып көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының әлеуметтік-мәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси іс-қымалдарын, тұрмыс жайын, шағармашылық қабілеттері мен отбасылық салтын мейілінше дұрыс, ғылыми объективті түсінуге қызмет етеді. 
Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты:
– шежірелік дерек ауызекі тарихи дәстүр және біраз уақыт өткеннен соң жатталған сөз болғандықтан байқалады; 
– шежірелерде сөзсіз әртүрлі деректік өзгертулер орын алған. Мысалы, Уыз ханның әңгімесінің өзі бірнеше нұсқада айтылады; 
– шежірелерде шартты түрде авторлық болжамдар мен автордың жеке теориясы да орын табады; 
– субъективтілік шежірелердегі әңгімелерді есте сақтау шаралары тәуелділіктен туындайды. 
Шежірелер көбінесе объективті әлеуметтік шындық ортасында айтылған ауызекі тарихи әңгімелерден құралғандықтан, көшпелі тұрмысты сипаттауда оның шаруашылық, ихсаттық жай-күйін баяндайтын дерек ретіндегі тарихи шындықты жеткізу маңызды.
 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты?

 

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

№ 25 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбыҚазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде ,

қалыптасу тарихын айқындау.

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік:Оқушы бойына азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,сурет.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Қазіргі таңда ұлттық санамыздың тереңдей түсуі тарихшылар алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Менің ойымша, сондай маңызды міндеттердің біріне – халқымыздың ғылыми негізделген шежіресін жазу жатса керек. Өкінішке орай, бұл міндетті соңғы жылдары, әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіби тарихшылар емес, әуесқой тарихшылар мен тарихты жақсы көрушілер, кезінде әртүрлі қызметтерде болып, кейіннен қолы босап демалысқа шыққан зейнеткер - ағаларымыз орындауға тырысуда. Бұл, әрине, жақсы, құптарлық іс. Дегенменде, сол жұмыстардың бәріне ортақ бір кемшілікке – оларда деректік базаның аздығы, тіпті қаттырақ айтсақ, жоқтығы жатады. Тек қана авторлар өздері ел арасынан жинаған материалдарына сүйеніп өздерінің ата-бабаларының шежіресін тарқатуға тырысады.
2003-2010 жылдары «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» мәселесімен айналысу барысында қазақтың әр тайпасының тарихымен қатар, олардың шежіресін де бір тарау етіп жазу міндеті біздің де алдымызда тұрды. Алғашқы кездегі қиындықтардан соң, үздіксіз ізденістер нәтижесінде біз ғылыми негіздегі қазақ шежіресінің алғашқы нұсқаларын дүниеге келтіре бастадық. Бірте-бірте шежіреге қатысты деректер көзі жинала бастады, тіпті олардың көбейгені соншалықты оларды игерудің өзі жеке мәселеге айнала бастады. Сол себепті де біз қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік. Олар мынандай топтар: 1) XVIII-XIX ғғ. орыс тіліндегі архивтік материалдардың мәліметтері; 2) XVIII-XIX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі мәліметтер; 3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Қазақ жерінің әр уезі бойынша құрастырылған „Материалы по киргизскому землепользованию...” атты статистикалық сипаттағы жинақтардағы мәліметтер жатады; 4) XX ғасырдың басында қазақ халқының өз ішінен шыққан ұлт зиялыларының еңбектеріндегі шежірелік мәліметтер жатады; 5) кеңестік кезеңдегі этнографтардың ғылыми зерттеулеріндегі материалдар жатады; 6) XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жарыққа шығып жатқан қазақ шежірешілерінің еңбектеріндегі мәліметтер жатады; 7) ел аузындағы шежірелік сипаттағы тарихи аңыз-әңгімелер, өлең түрінде айтылатын шежіре-дастандар, сондай-ақ ақын-жыраулардың айтыстарындағы материалдар жатады; 8) мерзімді басылымдарда, оның ішінде қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған шежірелік сипаттағы мақалалардың мәліметтері жатады; 9) жекелеген адамдардың өз аталығы, әулеті, руы туралы жазып жіберген қолжазбалық шежірелері жатады; 10) ауызша түрде информаторлардан алынған мәліметтер жатады
.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік оларды атап өт.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 26 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелері туралы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежірелері туралы түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,теориялық

білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық сананы қалыптастыру,Отан сүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдерішежіре туралы мәліметтермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

1. Шежіре деген не? «Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» – бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау. Қазақ ру шежіресі қазақ жазу тарихынан бұрын ауызша сөз өнері көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болды да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірелер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс-қандастық қатынасын білдіретін рулық шежіре алғаш сол рудың ақылды аталар аузынан аңыз-ертек ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» деп айтуда. Оның себебі: 1. жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой; 2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді; 3. қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды; 4. бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, өбересі, шөпшегі, туажат деп атаудан «шежіре» басталады; 5. жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым.
Қазақтың ата-баба шежіресі рулық, тайпалық, ұлыстық, ұлттық шежіреге ұласқан шежіре. Сондықтан тарихшылар бір ұлттың шығу тегі мен қоғамдық жағдайы туралы зерттегенде алдымен сол ұлттың мұралық аңыз шежірелеріне көңіл бөледі. Қазақта 20-10 атаға дейін тарататын ақсақалдарды «шежіреші» деп атады. Қазақта әр рудың, әр тайпаның өз шежіресі болды. Бұлар көбіне оқығанынан тоқығаны көп, ақылды адамдар болып, олар ата-баба шежіресін жинап, реттеп, жазып, жаратушы, айтып таратушы болды. Бұл шежірешілер өз заманында және ерте заманда болған ірі тарихи оқиғалар, соғыс, апат, жұт, үркін-қорқын, қоныс ауған ел, оқиғаларды, жеке хандар, батырлар, шешендер, жыраулар туралы тарихи мәлімет шежірелік дерек беріп отырды. Және мұндай шежірешілер байырғы қазақ тұрмыс, салты, наным-сенімі, календары, жыл, ай, күн есептері, дәрігерлік, шипагерлік, оташылық қатарлы жан-жақтылы білікті адам болған.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Шежіре деген не?

 

№ 27 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелері- тарихи дерек ретінде.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежірелері тариха дерек туралы

түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Қазақ шежіресін үйренуге ,еліне халқына адал

қызмет етуге тәрбиелеу.Оқушы бойына азаматтық,

гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдерібаяндау,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен . Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе. Қазақ тарихын баяндауда шежірелік дерекке молырақ назар аударып, оның мәліметтерін талдап зерттеу – тарихи ізденіс үшін көкейтесті, ғылыми таным үшін маңызды, әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті сала. Шежіре тақырыбы зерттеушілер үшін жабық болуы, «деректемелік ізденістері шеңберінен тыс калып» келуі, шежіреге сенімсіздікпен қарау әдетінен, таптық теория ұстанымдары салдарынан болған . Шежірелер аз зерттелген дерек түрі және тарих, деректану ғылымдарының дамуына оң ықпал ететін мәселе. Деректерді терең зерттеген ғалым М. Әбусейітова, Қазақстан деректемелерін сыртқы және ішкі деректер деп үлкен екі топқа бөліп қарастырады. «Қазақстан тарихын көрсетуде осы аймақты мекендеген халықтың төлтума деректемелері құнды болып келеді», - дейді. Қазақтың өткен тарихы, тарихи шындығы этнографиялық мектеп қалыптастырған сипаттамалық еңбектер негізінде қарастырылуы ғылыми дәстүрге айналдырылғаны байқалады. Алайда, ХІХ-ХХ ғасырдағы халықтың тұрмысы, шаруашылық-мәдени өмірі туралы жазылған саяхатшылардың этнографиялық сипаттамалық деректерді трафарет іспетті одан ерте ғасырлардағы тарихи жағдайларды суреттеп жазу шындыққа жауап бермейді. Жазба деректердің басым бөлігі сырткөз болып келеді. Сырттан жазылған дерек көздерінде қазақтың ішкі өмірі, рухани құндылықтары туралы тиянақты айтатын мәліметтер  жоқ. Ал, қазақта өзінің үлкен тарихи көзқарасы, тарихи дәстүрі, тарихи әдебиеті, тарихи ой жүйесі бар. Оны сақтаған дерек қабаттарын көтеру, және оны тек жариялау ғана емес, сол ішкі дерек топтамалары жеткізіп отырған тарихи фактілерді тәпсірлеу, интерпретация жасау мәселесі өзекті болып тұр.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Дессертоциялық хронология шеңбері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дессертоциялық хронология шеңбері түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,теориялық білімдерін арттыру.

Тәрбиелік:еліне халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.Оқушы бойына азаматтық,

гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Жұмыстың хронологиялық шеңбері XV ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде үш топқа бөліп қарауға байланысты: «Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Мәшһүр Жүсіп шежіре қолжазбасы ескі уақыттан бастап XХ ғ. бірінші ширегіне дейін орын алған оқиғаларды баяндайды. Шәкәрім шежіресі де солай. ХХ ғасырда шежіре жасаушылардың топтамалары. Шежірелер құрамында ескі тарихи дәуірлердің мәліметтері тарихи-тұрмыстық жыр, аңыз күйінде көп сақталған. Осылайша кейбір шежіре мәліметтері мерзім жағынан ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтығанымен, генеалогиялардың дені қазақ хандығы дәуіріне қатысты. Мұнда моңғол мемлекеті күйрегеннен кейінгі уақыт пен қазақ жүздерін қалыптасуы дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының құралу принциптерін айғақтайтын тарихи-генеалогиялық жүйе сипатталады.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. хронологиялық шеңбері қай ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды ?

2. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде қанша топқа бөлінді ?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шежіренің қазіргі маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шежіренің қазіргі маңызы туралы түсінік беру .

Дамытушылық: Тіл байлығын дамыта отырып,өзіндік пікір айтуға

дағдыландыру.

Тәрбиелік: ата тегін тани білетін ұрпақтытарих пен қайта тәрбиелеу және  құрметтеуге ,сый көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,тапыстыру.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Бір ұлттың тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады. Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу.
Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек. 4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз. 



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына шежіре неге керек болды

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүрін әңгімелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Ардақты аналарды,ұлағатты ұстаздарды құрметтеуге

сый көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды.
Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды.
«Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр103. Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар.
Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
4. Шежіренің түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза) шежіре, 3. өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді.
Қазақ шежірелерінің үлкен бір саласы «өлең шежіре» мұнің негізгі себебі: қазақ халқының өмірінде өлең сөздің (поэзияның) атқаратын тарихи традициялық ролі мен мұрагерлік қасиеті жатыр. Қазақ өлең сөзінде «Ата өлең» деген өлең түрі бар. Әсіресе ақындар айтысында ақын әріптесінен «адамға тегін білмеу мін болады, айта отыр ата тегің кім болады» деп жөн сұраса ай тысады. Әне сол өлең шежіре осы ата жөн сұрасудың дамыған түрі – қазақтың ақын халық екендігін, өз өмірін өлеңмен түсіндіру, шежірелік жыр-дастан ету, қазаққа тән қасиет сондықтан өлең шежіре қазақ фольклорының шежірелік бір жанры.
Ал қазақ шежіресінің енді үлкен арнасы «жайынсөз шежіре» (проза) бұл да қазақтың шешендік өнерінің бір саласы ертегі, аңыз-әңгіме, тарихи естелік, әңгіме, ұлы әңгімеге ұласқан жанр түрлері. Мұны жаратушы жазушы адамдар оқымысты, көпті көрген көсем, ойлы, шешен тілді ел аталары ру шежірешілері болған, шежіренің ана үш түрі де осылай тек мазмұндық парықты.
Адамзат қоғамының даму тарихынан алғанда: ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып қалыптасу, даму барысы бар. Қазақ шежіресі – қазақ ұлтының үш мың жылдық даму барысының мәдени мұрасының бір саласы.

Қазақ ұлтының шығу тегі (нәсілі) атадан таралуы туралы қазақ шежірелерінің көбінде: барлық «қазақ» аталатын адамдар «қазақ - ата нәсілінен таратылады». Қазақтан Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұл туады. Бекарыстың ұрпағын «ұлы жүз» деп атап, одан Үйсін, Қаңлы, Дулат, Түркеш, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ошақты, Шанышқылы, Сіргелі т.б. тайпалар кірген. Ақарыстың ұрпағы «орта жүз» деп атап одан: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ тарайды. Жанарыстың ұрпағын «кіші жүз» деп атап, одан: Әлімұлы (Әлім, Шүмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті), Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ысық, Қызылқұрт); Жетіру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Төлеу, Табын, Тама, Рамадан) тарайды. Осы рулардың өзіндік ұраны, таңбасы болған.

Ұлт дегеніміз – адамдардың бір территорияда жасаған отандық бірлігі, бір тілде сөйлейтін тілдік бірлігі, бір наным-сенімдегі діндік, бірлігі бір, салт-саналық рухани бірлігі, тұрмыс-тіршіліктегі шаруашылық бірлігі негізінде қалыптасқан қандастық қатынастағы туысқандық бірлігін ұлт дейміз.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Ұлт дегеніміз не?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 31 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:Есім хан реформасынан кейінгі қалыптаықан шежіре 

 Сабақтың мақсаты:,

Білімділік:  Есім хан реформасынан кейінгі қалыптаықан шежіресін 

танымал ету.

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Өнерге құштарлығын арттыру, еңбекқорлыққа,

әсемдікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Есім ханның қазақ хандығының тағына отыруы және оның ұстанған діни-идеологиялық саясаты нақшбандийа тарихатының қазақ арасыны демдеп енуіне мүмкіндік берді. Ру, тайпалардың бір бөлігі йасауийа тарихатында қалса, екінші бөлігі нақшбандийа тарихатына бет бұрды. Есім хан өз саясатын жүргізгенде осы ру, тайпаларға арқа сүйегенін көруге болады. Оның дәлелі ретінде Есім ханның төңрегінде топтасып, оның қызметінде болған батырларға Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірген соң, оның Айбике, Нұрбике, Қоңырбике атты қыздарын сыйға тартады. Сол оқиға Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресінде» былайша баяндалады: «Шежіре түрікті» жазған Әбілғазы Бахадур хан туысқандарымен хандыққа таласып, Үргеніштегі өзбектер бұзылып, үшке бөлініп кеткенде, осы Есім хан қолына келіп тұрдым дейді. Сонда Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағанды шапты дейді. Жәрдем көремін деп келген хандардың жайы былай болған соң, Есім ханнан рұқсат алып, қайттым дейді. Бұлай болғанда біздің тоғызыншы атамыз Сарының қатыны Қоңырбике сол 1628 жылы келген болатын... Сол Қоңырбикеден біздің сегізінші атамыз Кішік пен Мәмбет сопы туыпты , - дейді. Біздің шамалауымызша, тобықтылар сол кезеңде Алматы маңын жайлаған. Оған дәлел ретінде біз Қалқаман-Мамыр оқиғасы мен олардың атына байланысты жер атауларының Алматыда болуы дәлел бола алады. Оның үстіне Есім ханның алғаш таққа отырып, билік жүргізген кезі де осы қырғыздардан басталғаны, қатарлас жатқан қазақ рулары да осы кезде Есім ханды хан ретінде мойындағаны тарихтан белгілі. Есім хан Тұрсын ханды осы қырғыздардың көмегімен жеңгенін тарихи деректер айғақтайды.  Ал, Қазанғаптың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастанында, Есім ханның қырғыздарға Ташкент билігін бергені баяндалады. Бұл мәселені тәптіштеп жазып отырғанымыздың мынадай себебі бар. Алғашында нақшбандийа тариқатын қабылдағаннан қауіп көре қоймаған қазақ рулары, нақшбандийа тариқатының дәстүрлік ерекшеліктері халық санасына сіңіп, қазақ дәстүріне қайшы оқиғалар орын ала бастағанда өзге мәдениетке негізделген сопылық жолдың қазақ мәдениеті үшін қаншалықты қатерлі екендігін сезіне бастады. Сондай оқиғалардың бірі Қалқаман-Мамыр оқиғасы еді. Шариғатқа қайшы емес деп, ағайынды кісілердің балаларының қосылуы халықты дүрліктіріп, Мамырдың өлтіріліп, Қалқаманның жараланып, қашып құтылуының соңы тобықтылардың көтеріле көшіп кетуімен аяқталды. Алдымен Сырға барып, одан Жем, Сағыз, Ор өзендеріне дейін барып, Жоңғарды талқандағаннан кейін барып қазіргі Семей жеріне орналасқан екен.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Есім хан өз саясатын жүргізгенде осы ру, тайпаларға арқа сүйегенін көруге болады. Оның дәлелі ретінде Есім ханның төңрегінде топтасып, оның қызметінде болған батырлар?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 32 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Алаштан басталған шежіре.

Сабақтың мақсаты:,

Білімділік: Алаштан басталған шежіре туралы мағұлымат беру

Дамытушылық: Дәстүрлі өнеріміздің өркендеп,қанат жаюына жағдай

жасау.

Тәрбиелік: Отаншылдыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау.

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Асан қайғы мен Жәнібек хан арасындағы осы оқиға Алтын Орда мемлекетіндегі күрделі өзгерістерге себеп болды. Асан Қайғы соңына ерген халық Жәнібек ханнан бөлініп шығып, өз алдына ел болудың қамын жасады. Әлі күнге қазақ тарихынан орын ала алмай келе жатқан Алаш мемлекеті осы кезеңде дүниеге келді. Жәнібек ханнан бөлінген халықты тек Асан Қайғы бастап әкеткен жоқ. Оның қасында Алаша атанған тұлға болды. Олар соңына ерген халықты ұйыстырып, Алаш атты мемлекетті дүниеге келтірді. Бұл оқиға қазақ халқының Алаша ханнан басталатын шежіресінде толық көрініс тапты. Бұл оқиға 1350 жылдар шамасында болған еді. Жәнібек хан мен Асан Қайғы арасындағы қарама-қайшылық мемлекетті екіге бөлді. Асан Қайғы Жәнібек ханнан өзі кеткен жоқ, оның соңынан жүздік құрылымға кіретін түркі тайпалары бірге кетті. Бірақ бұл оқиға Алтын Орда тарихына қатысты бірде-бір жазба деректерде кездеспейді. Соған қарағанда, Алтын Ордағы ішкі қайшылықтар сырт көздердің назарынан тыс қалғанға ұқсайды. Мүмкін олар Сарайдағы бұл қайшылықтың ішкі сырын түсінбеген болуы да ықтимал. Оның есесіне бұл оқиғалар түркі халықтары арасына тараған аңыздарда, шежірелерде, сол кезеңде өмір сүрген жыраулар поэзиясында толық көрініс тапқан. Алаш пен Алаша ханға, Айса ұлы Әметке қатысты аңыздар, ол аңыздарда аттары аталатын тұлғалардың қазақ шежірелеріндегі тұлғалармен бір болып келуі осы кезеңде Алаш пен Алаша ханның жалпы қазақтың алғаш тарих сахнасына шыққанын көрсетеді. Және олардың барлығы бұл оқиғалардың Алтын Орда кезеңінде болғандығын меңзейді. Бұл Евразия түркілері тарихындағы діни-идеологиялық үдерістер ықпалымен болған топтасудың Жошы ұлысы құрылғаннан кейінгі екінші кезеңі еді. Ендігі кезекте осы Алаш мемлекетінің тарихына қатысты деректерге талдау жасап, ол мемлекеттің құрамында қайсы ру, тайпалар болды? Олардың жетекшілері кім еді?- деген сұрақтарға жауап беретін боламыз.

Алаш мемлекетінің тарих сахнасында болғандығы, мемлекетте болуға тиіс бүкіл құрылымдық жүйенің Алаш мемлекетінде де толық қалыптасқандығы қазақ шежірелерінде толық көрініс тапқан. 
Қазақ шежірелерінің алғашқы нұсқасы Өзбек жүргізген саяси-құрылымдық реформаға сай қалыптасқандығын, рулық, тайпалық жүйенің қалыптасу принциптерін талдағанда толық айтып өткен болатынбыз. Сол жүйе Жәнібек ханның жүргізген саяси-идеологиялық бағыты мен мемлекетті басқару жүйесінде жүргізген реформасы Өзбек хан құрған мемлекеттің басқару жүйесін күйретті. Өзбек хан құрған мемлекеттік жүйе осы Алаш мемлекетінде қайтадан толығымен қалпына келтірілді. Шежіреде осы процесс толығымен көрініс тапқан. Ерекшелігі шежіре басында Өзбек хан орнына Алаша хан тұрғанын көреміз. Бұл қазақ халқының тарихындағы тағы бір саты осы Алаш пен Алаша ханмен байланысты екендігін көрсетеді. 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Алаш мемлекетінің тарихына қатысты деректерге талдау жасап, ол мемлекеттің құрамында қайсы ру, тайпалар болды?

2. Олардың жетекшілері кім еді?

IV. Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 33 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Өзбек ханнан басталған шежіре

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өзбек ханнан басталған шежіре туралы түсінік беру.

 ДамытушылықӨздеріне іздендіре отырып,шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесуге дағдыландыру,сұлулыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 

Жошы ұлысында түбегейлі өзгеріс жасап, ислам дінін, оның ішінде Йасауи жолын мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерген Өзбек хан болды. 1312 жылы Тоқты хан қайтыс болғаннан кейін Өзбек хан Жошы ұлысының тағына отырды. Ол ұзақ жылдар бойы Йасауи жолы өкілдерінің қолында тәрбиеленіп, солардың көмегімен Жошы ұлысының тағына отырды. Өзбек ханды таққа отырғызуда Хорезм әмірі Темір Құтлық пен оның туыстары Сарай Темір мен Мұхаммед қожа, Исабек, Алатай атты әмірлер белсенді әрекет жасады. Ол таққа отыра салысымен ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған жоқ. Мемлекеттік билікті толық қолына алып, қарсыластарын бас көтерместей еткен соң ғана 1320 жылы ислам дінін, оның ішінде Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жолды мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерді. Бұл оқиға Өтеміс қажының «Шыңғыс–нама», Ұлықбектің «Төрт ұлыс тарихы», Қадырғали Жалайиридың «Жылнамалар жинағында» баяндалады. Оның үстіне қазақта «Ислам Өзбектен қалған» деген қария сөз бар. Өзбек хан Йасауи жолын мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеріп қойған жоқ. Сонымен бірге, осы мемлекеттік идеология негізінде мемлекеттің құрылымдық жүйесін өзгертіп, қайта құрды. Бұрын қандық, туыстық бірлікке негізделген рулық, тайпалық жүйелер ыдыратылып, олардың орнын рухани бірлік приципіне негізделіп, қайта топтастырылған рулық, тайпалық жүйелер басты. Қандық бірлік жеті ата деңгейінде қалдырылып, одан жоғарғы аталардың барлығы рухании бірлік негізінде топтастырылды. Осылай Жошы ұлысы құрамына кіретін барлық ру, тайпалар араластырылып жіберілді. Мысалы, керей Орта жүздің белді тайпасы, қаракерей найман тайпасы ішіндегі белді ру, Кіші жүзде керейт деген атаумен Жетіру бірлестігі құрамында жүр. Сол сияқты киікші, тіней рулары Орта жүзде найман тайпасы құрамында, қоңырат тайпасы құрамында, Кіші жүзде Адай тайпасының құрамында бар. Мұндай қазақ руларларының үш жүздің құрамында араласа келуі сол Өзбек хан жүргізген діни идеологиялық саясаттың нәтижесі болатын. Сол себепті, қазақ халқында «Еншісі бөлінбеген қазақ», «Қасыңдағы әйеліңді сұраса келсең, қарын бөле шығасды», деген аталы сөздер бар. Бұл араласулар қазақ ру, тайпаларын қамтып қоймайды, өзге түркі халықтары арасынан да кездестіруімізге болады. Татар, башқұрт, ноғай, тіпті орыстар ішінде қазақ руларының аттарын кездестіреміз. Мысалы, Орта жүз қыпшақ тайпасы құрамында «тоқсоба» деген ата бар. Осы тоқсоба атауын Кіші жүз құрамынан да кездестіреміз. Сонымен бірге, «тоқсобалардың» орыстар арасына «токсобичтер» деген атаумен сіңгенін көруге болады. Алтын Орда мемлекетінің қоғамдық құрлысын зерттеген Г.А. Федеров-Давыдов қазақ жүздерінің қалыптасуы Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесіндегі өзгерістерге байланысты қалыптасқандығын айтып, ойын былайша тұжырымдайды: «Қазақ жүздері XII-XIII ғасырларда өмір сүрген көшпелі халықтың тайпалық-патриархалдық жүйесінің бөлшегі емес. Бұл бірлестіктер бұрынғы рулық, тайпалық жүйенің сарқыншақтарын сақтап қалғанымен, жаңадан құрылып, көшпелі ұлыс ретінде біріктірілген бір немесе бірнеше ханның иелігіндегі бірлестік.  Демек, жүздік құрылымдардың алғаш қалыптасуы ретінде біз осы кезеңді айта аламыз. Өзбек ханның осы реформасы бізге дейін жетіп келген Өзбек ханнан бастау алатын шежіреде толық көрініс тапты. Шежіре тізбегінде аттары аталған кісілердің аңыздық кейіпкер емес, сол кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғалар екендігін ескертуіміз керек. Олардың көпшілігінің тарихи тұлғалар екендігіне қолымызда жинақталған деректер дәлел бола алады. Енді соларға кезегімен тоқталып өтелік.
Йасауи жолы негізінен үш тармақтан тұрады. Ол үш тармақ Түркістан жеріне ислам дінін әкелген үш тарихи тұлғаға барып тіреледі. Біріншісі, Исхақ баб – («Насаб-нама» деректері бойынша) шежіре бойынша Мұхаммед ибн ал-Ханафийаның бесінші ұрпағы, Түркістан жеріне ислам аша келген тұлғалардың бірі. Ал, Ибн ан-Надимнің «ал-Фихрист» атты шығармасындағы дерекке қарағанда Али ибн Абу Талибтің ұлы Хусейн әулетінен тараған, 742 жылы Хорасанда дарға тартылған Йахийа ибн Зайдтың ұлы, әкесі тұтқындалған кезде түркілер арасына келіп паналаған. Сол себепті, арабтар оны Исхақ ат-Түрік деп атайды . Қожа Ахмет Йасауи осы Исхақ бабтың 13-ұрпағы. Йасауи жолының бір тармағын осы Исхақ баб атымен байланысты қожа әулеттері құрайды. Бұларға кезінде Исхақ баб әулетінен өзге Али ибн Абу Талибтің басқа ұрпақтарының да келіп қосылғанын көруге болады. Сол себепті, бұл қожалар әулеті «Саййид» әулеті деп аталады.  Өзбек ханның саяси реформасы кезінде бұл әулет Ұлы жүзге (пір болу) және хан әулетіне пір болу қызметі тиді. Қазақ шежіресінде «Ақарыс» деп аталған тұлға Йасауи жолының шежірелерінде осы Исхақ бабтан бастайтын қожалар әулетінің өкілі. 
Йасауи жолының екінші тармағы өз шежірелерін Абд ар-Рахим бабтан бастайды. Абд ар-Рахим баб - шежіре бойынша Мұхаммед ибн ал-Ханафийаның төртінші ұрпағы. Исхах бабтың әкесі Абд ар-Рахман бабтың інісі. Түркістан жеріне «ислам аша» келген тұлғалардың бірі. Қазіргі Қазақстан тарихындағы 766 жылы Қарлұқ хандығының негізін қалаған тұлға. Атақты Қарахандық билеушілер осы Абд ар-Рахим бабтан тараған әулет болып табылады. Осы әулеттен шыққан Отырардың соңғы ханы Білге хан 1210 жылы Хорезмшах Мұхаммед сұлтан тарапынан өлтірілді. Шыңғысхан шапқыншылығына дейін-ақ бұл әулет өкілдері рухани салаға ауысып, Йасауи жолының бір тармағын құрап, Қарахандық қожалар деп аталды. Орта жүзге пір болған Жанарыс - осы әулет өкілі .
Йасауи жолының үшінші тармағы өз шежірелерін Абд ал-Жалил бабтан бастайды. Абд ал-Жалил баб - Хорасан Ата - шежіре бойынша Абд ал-Жалил баб та Мұхаммед ибн ал-Ханафийаның төртінші ұрпағы болып табылады. Исхақ бабтың інісі. Бұл да ағаларымен бірге Түркістан жеріне «ислам аша» келген тұлғалардың бірі. «Насаб-нама» деректеріне қарағанда Сырдарияның орта және төменгі ағысында VIII ғ. екінші жартысында дүниеге келген Оғыз мемлекетінің негізін қалаушы осы Абд ал-Жалил баб-Хорасан Ата. Қазақ арасындағы қожалардың бір әулеті осы Хорасан қожалар. Кіші жүзге пір болған Бекарыс осы Хорасан қожалар әулетінің өкілі.
Жошы ұлысында болған бұл күрделі өзгерістерді жалпы халық қабылдағанымен, Жошыдан тараған өзге әулет өкілдері қабылдамады. Оларға өздерінің биліктен шеттетіліп, жай халықтың қатарына қосылуы ұнаған жоқ. Өзбек ханның бұл діни-идеологиялық реформасына қарсы шыққандардың арасында ханның өз ұлы Жәнібек сұлтан да бар еді. 1342 жылы Өзбек ханның аяқ астынан қайтыс болып, таққа мұрагер болып жарияланған Тыныбек сұлтанның жорықта болуы Жәнібек сұлтан мен Өзбек ханның әйелі Тайдула ханымның мемлекеттік төңкеріс жасауына мүмкіндік берді. Алтын Орда тағына Жәнібек отырды. Ол ағасы Тыныбек пен інісі Қызырбекті өлтіріп, жеке-дара билеушіге айналды. Ол бірден діни-идеологиялық саясатты өзгертіп, Йасауи жолы өкілдерін билік жүйесінен толығымен шеттетті. Асан Қайғының Жәнібектің бұл әрекетіне қарсы шығуы ханды алған бағытынан қайтара алмады. Асан Қайғының Жәнібек ханға арналған толғаулары осы саяси төңкеріске байланысты айтылған болатын. Асан қайғы Жәнібек ханды өз дегеніне көндіре алмаған соң, ақырында «Қош аман бол Жәнібек, Енді мені көрмейсің» деп қоштасып шығып кетеді. Ол жай кеткен жоқ, соңына ерген халықты ерте кетті .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: : Оқушылардың алған білімін қорыту мақсатында,  тарихтың маңызы туралы білім алуға көмектесу.

Дамытушылық: Өздеріне іздендіре отырып,шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесуге дағдыландыру,сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

  

1) Шежірелік дәстүр аға буын ұрпақ тарапынан әңгімелеуімен, қарияның айтуыменен жалғасады. Олар, әрине, өзінің жеке, әрі бұрынғы ұрпақтардың маңызды тәжірибесін сақтаған субъектілер. Шежірелік қария санасы тарихи жады арқылы есте сақтаушы басқа субъектілердің айтып сақтаған мәдени қағидаларын, адамның өмірлік тарихи тәжирибе-білімін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған. Шежірелік қасиеттің өзі қария жадында сақталған тарихи білім-тәжірибе деректерін ауызекі күйінде беруде жатыр. Шежіреші сақтаған мәліметтің бұқара халық ортасында таралуы үрдісін байқаған соң, сол тарихи ақпараттың өзіндік қызметі тарихи, танымдық, идеологиялық, болжамдық сипатта болғандығы анық көзге түседі.

2) Шежірелердің жыр, өлең, айтыс, кесте қалыптары, шежірелік әңгімелер, дастандар және сол сияқты сөз нұсқалар, тәмсілдер, «деген екен...» дегендей барлық үлгі-нұсқалар шежірелердің формалары ретінде кездесетін шежірелік мәтіндерден айқындалды. Мұны таспаға жазылған үлгілерінен де көріп, оқылуы мен түсіндірме тәжірибелерін де сараладық. Шежірелер – ауызсөз бен әуен мәдениеті барлық үлгілерін қамтыған адамның интеллект, ес-зерде өнімі, ой-сана қызметі мен әрекеттерінің жемісі екенін ескеру керек. Шежіредегі адамдардың қауымдасуы туралы мәліметтер қоғами-мәдени құбылыстары туралы баяндайтын жиынтық тарих. Мұнда ертегілер, қария сөз (жеке дәстүр ретінде), шежіредегі ұрпақтар буыны мен атақты тұлғалар есімдерін тізімдеп баяндау, бейнесін аңызға айналдыру, атын ұран ету, тарихын, ерлігін жырлау, немесе тәмсіл сөзге айналдыру, батырлығын, өлеңмен әуендету, дастан мен айтысқа қосу, ән мен күйдің ерекше сарынымен баяндау ("Қорқыт", "Ақсақ құлан" т.б.), толғауға салу амалымен тарихи өмір және тұрмыс шындығы туралы ой түю, тасқа таңбалау, бәдізге айналдыру және басқа да жәдігерлеу амалдарымен тарихтың керекті ақпаратын сақтап отыру арқылы, халықты есеңгіретпей, есінен айырмауды мұрат тұтқан нұсқалар бар.

3) Шежіре көшпелілердің мәдениетіне тән түрде жалғасын тапқан ауызша (жазбаша) тарихи дәстүр, қазақ халқы тарихының аса маңызды тарихи дерек көзі. Шежіре деректері дәстүрлі мал кәсібін дамытып, көшпелі тұрмыс құрған қазақтың әлеуметтік-мәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси іс-қималдарын, тұрмыс жайын, шығармашылық қабілеттері мен отбасылық салтын мейілінше дұрыс, ғылыми объективті түсінуге қызмет етеді. Шежірелердің мазмұны әртүрлі замандардан сақталған хикая, әңгімелер мен генеалогиялардан құралады. Халықтың өткен тарихи өмірі ауызекі дәстүрдің сан-салалы жанрлар жүйесінде толық көрініс табады: тарихи аңыздар мен өлеңдерде; батырлық жырларда, ертегілерде, ескі сөз бен қария сөзде де. Баяндаулардың негізінде рулық жүйені генеалогиялық ретпен ұқтырылатын социум конструкциясы түсіндіріледі, өйткені шежіре – біріншіден, тарихи тәжірибені жалғастырушы құрал; екіншіден, келесі ұрпақтарға жалғасатын білім жиынтығының түп қазығы; үшіншіден, әлеуметтік шындық туралы генеалогиялық құрылым; төртіншіден, ата мұрасы. Шежіре құбылысы өз бойында «рулық құрылымдар», «ата-тек», «генеалогия», «насабнама» мағыналарын сақтағанымен, оның іргелі ұғымдық мәні «жады» сөзінен туындаған. Кең байтақ қазақ жерінің түпкір-түпкірінде әртүрлі уақыттарда өткен атақты адамдары, рулардың қасиет тұтқан, бойына құт дарыған тарихи тұлғалары (әулиелері, дәулет біткен берекелі байлары, аузы дуалы қадірлі ақсақалдары, аты ұранға айналған батырлары, тілге шешен дана билері) туралы тарихи деректерді тек осы шежіре мәліметтеріне сүйеніп жазуға болады.

4) Шежіре сақтаған генеалогиялық мұра – қалыптасқан әлеуметтік әлем моделін келесі ұрпаққа жалғастырады. Қазақтың көшпелі шарушылығы мен қоғам құндылықтарын сақтаған, тасымалдаған дерек айналымындағы шежірелік мәліметтер бірнеше қайнаркөзден құралады: а) дәстүрлер, мәдени жиынтықтар, ә) наным-сенім түсініктері, б) діни хикая, рауаяттар. Шежірелер – дәстүрлі қоғам мұрағаты. Өзінің этникалық менталитет белгілері мен наным-сенім, ырым, космологиялық түсініктерін сақтау жағынан архаикалық қасиеттері артық; түркі ортасында, әсіресе қазақ халқында, генеалогиялық білімнің жүйесі аруақты құрметтеу, мифология, тарихи білім мен тұрмыс тәжірибесі, ұлттық салт-дәстүр, әдеп, әдет, сондай-ақ қожалар дәріптеген сахабалар рауаяттары мен мұсылмандық мифология да біте қайнасқан.

Шежірелік мәліметте бүгінгі күні өмір шындығына сәйкеспейтін жоралғылар, қазіргі өмірде сақталмаған, я мәнісі түгелдей өзгеріп сақталған дәстүрлі қоғам қатынас үлгілері мол айтылады. Шежірелік мәтін осындай элементтерді неғұрлым көбірек сақтаса, соғұрлым ескілікті дерек көзі екенін байқатады. Шежіреде рулар, бау, сан, тайпа, арыс сияқты т.б. саяси, әскери, мәдени, дүниетанымдық, діни, шаруашылық, тұрмыстық, әсіресе, отбасы, неке, туыстық туралы түрік-моңғол, ескі қазақ жұртындағы әртүрлі құрылымдардың жиынтық жүйелері мен олардың өзара қатынастарының жан-жақты әрі күрделі сипаты туралы баяндайтын деректер сақталған.

5) Шежіре мәліметтері адамдар арасындағы түрлі қоғами қатынастардың деректерін сақтайды, оның адамның ой-санасы, ойлау тәсілі мен өмір сүру, өмір тәртібін ұйымдастыру әрекеттері туралы айтады. Шежірелер – тарихи оқиғалар орын алған географиялық кеңістік, оның қасиеттері туралы мәліметтерді сақтайды: ескі қазақ жұрты, қоршаған ортада шындығында бар немесе ой қиялынан туындаған қасиетті жер, құтты қоныс, ата-баба жүрген ыстық мекені, әулиелер өткен киелі топырақ туралы баяндайды. Шежірелердегі ақсүйек және тегі асыл әулеттері туралы мәліметтер: төре-сұлтандар мен қожа-сейіттердің ата-тегі, асыл қасиеті, құқы мен жолы, билік жүргізген дәуірі, сол туралы артынан қалған халық естелігін баяндайтын шежірелік деректерді құрайды. Өз тегін ақсүйек етіп жариялаған діни және төрелік аристократия әулеттері шежірелік генеалогия маңыздылығын саяси-құқықтық институт дәрежесіне әбден көтерген. Ондай генеалогиялық білімнің өзі көбінесе халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарына пайдасы артығырақ тиген.

Шежірелер – осындай барлық адамдық, қоғамдық, елдік, жұрттық категорияларды тұтастырып қазіргі ұрпақ санасындағы жекетұлғалы өмірбаян өркенін жалпыұлттық бірқайнасқан өмірбаянға айналдыратын тарихи уақыт пен замандар түсінікті қалыптастыру мақсатында баяндайтын шежірелік мәліметтерді құрайды. Осы жайттар шежірелердің үрдіс әрі дәстүр ретіндегі феномендік құбылыстың жалпы мәселелерін қамтиды. Шежірелер көбінесе объективті әлеуметтік шындық ортасында айтылған ауызекі әңгімелерден құралғандықтан, көшпелі тұрмысты сипаттауда оның шаруашылық, ихсаттық жай-күйін баяндайтын дерек ретіндегі тарихи шындықты жеткізушілік маңызы мол. Тарих, этногенез зерттеу үшін эпостар мен ғұрыптық фольклор деректері аса пайдалы. Олар иран және түркі халықтарының арасындағы көне және кейінгі дәуірлердегі этникалық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл деректер жеткілікті қолданылмай келеді. Тіпті аз қолданылуда. "Көроғлы", "Қорқыт ата" және тағы басқа да жәдігерлік эпикалық туындылар тарихи шындыққа сәйкес келетін дәстүрлі тұрмыс жайын жақсы көрсетеді. Эпос кейіпкерлері тарихи жағынан да шындығында өмірде рас болған тұлғалар.

6) Шежіре деректеріндегі айқын айтылған мағлұматтарды талдаудан гөрі жанама, баяндауды мақсат етпеген латентті ақпараттарды айналымға алу объективтілік талаптар тұрғысынан тиімдірек. Табиғаты "жасырын" деректер тарихи деректердің барлық топтарында болғанымен, бұқаралық деректерде олар көбірек болады. Шежірелік деректердің мазмұнында "жасырын" деректер жан-жақты қоғамдық қатынастар жайлы сыр шертеді. Шежірелерде әңгімеленетін тұлғалардың әрекеттерінің тарихи-психологиялық моделін құрастыруда зерттеушіге осындай «жасырын» деректер қажет болады. Осы жайды жақсы аңғартатын нұсқаны М.Ж. Көпейұлы шежірелерінен кездестіреміз.

7) Ескі заманның тарихи жағдайлары, болып өткен оқиғалары, уақыт пен кеңістік түсініктері ең алдымен генеалогиялық білім жүйесіне тіркеледі. Білім – таным-тәрбие, тәжірибе, ағартушылық үшін; алдағыны көру жорамалдау-жоспарлау; құндылықтарды таныту, дүниетаным, көзқарас қалыптастыру мақсаттарына жұмсау үшін керек. Ескі қазақ жұртында генеалогиялық білім жүйесі ерте дәстүрлерге сай аруаққа құрмет ету мәніне, ал ата-баба жалғастығын реттейтін тізімдер мен генеалогия деректері – уақыт межелеу қасиетіне ие болған. Шежіре тарихи санада уақыт әрі кеңістік категория қызметтерін бірге атқарған, тарихи уақыт сипатын өзінше білдіретін генеалогиялық таным әрі өлшем. Барлық маңызды әлеуметтік деректер көшпелілер қоғамының жалпылама ортақ генеалогиялық конструкциясына орайлас, сол жүйенің жігіне тығыз байланыстырылған. Сондықтан генеалогиялық білім үнемі қозғалыс үстіндегі үрдіс.

8) Кез келген құбылысқа тән кемшіліктер шежіре дәстүрі тудырған мәліметтерде де сақталады. Шежіре құбылыстарына тиянақты зер салу арқылы бұл дерек түріне тән артық-кем сипат белгілерін былай топшылауға болады: а) шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты – шежірелік дерек ауызекі тарихи дәстүр және біраз уақыт өткеннен соң жатталған сөз болғандықтан туындайды; ә) шежірелерде әртүрлі деректік өзгертулер орын алған; б) шежірелерде шартты түрде автор болжамдары мен автордың жеке көзқарасы орын табады; в) субъективтілік шежірелердегі әңгімелерді есте сақтау шараларына тәуелділіктен туындайды. Шежіренің бұдан да мол субъективті белгілері диссертацияда көрсетілген. Кейбір шежірелік топтамалардың субъективті сипаты тіпті басым келеді.

9) Шежірелерге деген қазіргі қазақтың талпынысы, оны итермелейтін ішкі күші – тұлғалық сана. Қазіргі заманның адамдары да дәл бұрыңғыдай тарихи білімге құштар. Өйткені тарихи білім қоғамдық сананың негізгі құраушы компоненті. Қоғамдық санада үзіліссіз жалғасатын кез-келген білімнің түрі ең алдымен тарихи білім жүйесіне байланады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Авторлық бағдарлама 6-сынып "Ауызша тарих""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.09.2015 13455
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 124 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошкинбаева Гульжан Бахытбекована. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23464
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе