Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Авторлық бағдарлама Focus on Britain (10 сынып)

Авторлық бағдарлама Focus on Britain (10 сынып)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі


«Үздік авторлық бағдарлама» аудандық сайысына



"Focus on Britain"

(Ағылшын тілі пәнінен 10-сынып

факультатив сабағының бағдарламасы,

тақырыптық - күнтізбелік жоспары)




Дайындаған: Меңдіханова Б.А.

ағылшын тілі пәні мұғалімі













Мазмұны

1. Түсінік хат

2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3. Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

4. Бағдарламаның ерекшеліктері мен айырмашылығы


5. Бағдарламаның нормативті бөлімі


6. Жұмыс және бақылау түрлері

7. Бағдарламаны меңгеруде күтілетін нәтижелер.

8. Әдебиеттер









Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған « Focus on Britain» тақырыбындағы факультатив сабағы оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Британияның түпкі мәдениеті мен тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныс болады. Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.





Бағдарламаның міндеттері

Берілген бағдарламаның басты мақсаттарының бірі: оқушылардың коммуникативтілігін дамыту болып табылады.

Берілген бағдарламаның міндеттері төмендегідей:

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

  • Ел тану қабілетін жетілдіре отырып, сол елдің салт- дәстүрі мен

әдет –ғұрыптарын терең меңгерту.

  • Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.

  • Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

  • Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.

Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

Факультативті сабақтарда тек бір ғана әдіс- тәсіл емес, оқушы құзыреттіліген дамытуда үлкен әсер ететін әдіс- тәсілдердің жиынтығы қолданылады..

1. Дамыта оқыту технологиясы. Сабақтарда технологияның принціптері жүзеге асады:

  • Жоғары деңгейлі қиындықта оқыту.

  • Оқушылардың білік дағдыларын қолдана отырып,теориялық біліміне көп көңіл бөлу.

  • Оқыту барысының әртүрлі жағдайдаларында оқушылармен кері байланыс орнату.

  • оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту жүзеге асырылады: анализ жасау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау.

2. Оқытуда болатын кедергілер.

Берілген материалдарды меңгеруде проблемалық ситуциялық кездеседі, бұдан шығу жолдары оқушылардың ізденушілігі арқылы жүзеге асады. Оқушылардың өз беттерімен жұмыстануы үшін деңгейлік және күрделі тапсырмалар қолданылады.

3. Ақпараттық – коммуникативті технологиялар. Ағылшын тілі сабақтарында АКТ – ны пайдаланудың басты мақсаттары:

  • тілді оқытуда оқушы мотивациясын көтеру

  • шет тілінің овершенствование иноязычной коммуникативной компетентности;

  • лингвистикалық білімдерінің көлемін ұлғайту.

  • Оқытылып отырған тілдің елінің мәдениеті жайлы білімдерін толықтыру.

  • Оқушылардың ағылшын тілін өз бетінше оқуы мен қабілетін дамыту.

1. Денсаулық сақтау технологиясы. Бұл өмір қауіпсіздігін сақтау,санитарлық-гигиена талаптарын сақтау. Оқушылардың қимыл қозғалыстарын жүзеге асыру

  1. Топтық технологиялар. Сабақтарда оқушыларды топқа бөліп, жұмыстану жүзеге асырылады.Бұндай жұмыстану оқушылардың белсенділігін, берілген тақырыпты жоғарғы деңгейде түсінулеріне ықпал етеді. Топта жұмыс жасау оқушылардың бірлесе, ынтымақтаса жұмыстануына, коммуникативтіліктерін құрылымдауына негізделген.

Сабақтарда сонымен қатар АКТ – ны қолданумен байланысты әдістер қолданылады.

  • Оқытудың ауызша әдістері (түсіндірме, әңгімелеу,лекция)

  • Түсіндірмелі – көрнелікті әдістер ( бақылау, көрнекіліктер, презентациялар)

  • Практикалық әдістер (ауызша және жазбаша тапсырмалар)

  • Іс- әрекет әдістері (проблемалық ситуациялар, жобалар, ролдік ойындар, жұптық және жеке жұмыстар)


Бағдарламаның ерекшеліктері мен айырмашылығы

Бағдарламаның құрылымы: интеграция, тәжірибелік әдіс-тәсілдерге негізделген.

Материалды таңдау принциптері:

  • Қолжетімділігі. Тақырыптың мәтіндері оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын игеру деңгейіне және ағылшын тілінің дүниену тану құралы ретінде қолданылуына байланысты таңдалып алынған.

  • Құрылымы. Жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына сай алынған. Оқушылар тақырыпқа сай алынған текстер бойынша жұмыстанады.

  • Қоғамдық маңыздылығы. Бағдарламадағы материалдар ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен танысу үшін, әлемдік көзқарастырын дамытуға, алған білімдерін диалогке түсу барысында қолдануына, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына ықпалдастырылған.

  • Жаңашылдығы. Оқушыларға журнал мен газет беттерінен алынған мақалалар мен Интернеттен алынған материалдар ұсынылады. Алынатын материалдар оқушылардың өз пікірлерін білдіруге, Британия мен Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін салыстыруға арналған жаттығулармен толықтырылған.

  • Пәнаралық байланыс. Факультативті курстың мазмұны қазақ тілі, тарих, география пәндерімен тығыз байланысты.



Бағдарламаның нормативті бөлімі

Ұсынылып отырған факультативті курс бағдарламасы 1 оқу жылына, аптасына 1 сағатқа негізделіп құрылған. 34 аптаға жылына 34 сағаттан тұрады және 15 бөлімнен кіріспе (1сағат), 13 негізгі бөлім, қайталауға (1сағат)


Theme

Hours

1.

Introduction

1

2.

Geographical position of Great Britain

3

3.

Political system of Great Britain

2

4.

Culture of Great Britain

2

5.

National holidays of Great Britain

2

6.

Education system of Great Britain

3

7.

Sport in Great Britain

2

8.

Traditions of Great Britain

3

9.

Traditional food of Great Britain

2

10.

Subcultures of Great Britain

2

11.

Flora and fauna of Great Britain.

2

12.

Famous people of Great Britain

2

13.

Daily life in Great Britain

2

14.

Religion in today’s Britain

2

15.

Revision

2

Жұмыс және бақылау түрлері

Жұмыс түрлері:

Оқушылардың білік -дағдыларын дамыту үшін жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану қажет.

1. Ауызекі тілді дамыту үшін практикалық сабақтар.

2. Әңгімелесу сабағы.

3. Диалог сабақ.

4. Ролдік ойындарды қолдану сабақтары.

5. Шығармашылық жұмыстар мен жобалар.


Бақылау түрлері:

Күнделікті бақылау – тыңдаған мәтіндері бойынша не түсінгендерін тексеру, өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру, жұптық жұмыс, лексика – грамматикалық тесттер

Қорытынды бақылау – тест, жоба қорғау
















Бағдарламаны меңгеруде күтілетін нәтижелер.

Тыңдалымда:

  1. Өзара сөйлесу арқылы негізгі мазмұнын түсіну, қажет болған жағдайда қайта сұрай алады.

  2. Түсіндіріліп отырған мәліметтерді қысқаша мазмұндай алады.

  3. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.

  4. Берілген жауаптардан дұрыс жауапты таңдап алады.

  5. Жеткіліксіз мәліметтерді толықтыру.

Ауызекі тілде:

  1. Өзара сөйлесуде қарым- қатынасқа түсу, сөйлесуші адамның сұрағына жауап беру, өз өтінішін білдіру, өз ойын берілген тақырыпқа сай еркін айту.

  2. Британия мен өз елі туралы, оның мәдениеті, тарихы, ғылым мен білім жүйесі,әдебиеті,салт -дәстүрі, танымал адамдары туралы мазмұндай алады.

  3. Оқытылып отырған тақырып төңірігінде толық немесе қысқаша мағлұмат бере алады, көргені мен естігеніне сараптама жасай алады.

  4. Диалогқа түсу арқылы идеяларымен бөлісе алады.

  5. Пікірталастарда өз ойын еркін білдіре алады.

Оқылым мен жазуда:

1.Берілген мәтінді толықтай түсіне алады.

2.Жазбаша мәліметтерді, эссе, мазмұндама, суреттеме жаза алады.



















Қолданылған әдебиеттер:



  1. 1.«ШЫҢ – КІТАП» Авторы: Белдеубаева Н. Алматы 2010, 2012 ж.



  1. И.А.Грузинская Грамматика английского языка.


  1. Электрондық кестелер мен сызбалар «Арман ПВ»


  1. Учебник английского языка в 2-х частях. Бонк Н.А., Котий Г.А.,



  1. A Practical English Grammar. Oxford University Press.


  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте»


  1. Қосымша материалдар интернет ресурстарынан алынды.


  1. www.ustaz.ks , www.45min.kz , www.bilimdiler.kz





















Краткое описание документа:

                               Мазмұны

1. Түсінік хат    

2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3. Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық  технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

4. Бағдарламаның ерекшеліктері мен айырмашылығы

 

5. Бағдарламаның нормативті бөлімі

 

6. Жұмыс және бақылау түрлері

7. Бағдарламаны меңгеруде күтілетін нәтижелер.

8. Әдебиеттер 

 

 

 

 

Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін,  мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі  және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған « Focus on Britain» тақырыбындағы факультатив сабағы оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Британияның түпкі мәдениеті мен  тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныс болады.  Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде  өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен  өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.

 

 

Бағдарламаның міндеттері

Берілген бағдарламаның басты мақсаттарының бірі: оқушылардың коммуникативтілігін дамыту болып табылады.

Берілген бағдарламаның міндеттері төмендегідей:

-         Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

-         Ел тану қабілетін жетілдіре отырып, сол елдің салт- дәстүрі мен   

 әдет –ғұрыптарын терең меңгерту.  

-         Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.

-         Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

-         Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру.

-         Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.

Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық  технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

Факультативті сабақтарда тек бір ғана әдіс- тәсіл емес, оқушы құзыреттіліген дамытуда үлкен әсер ететін әдіс- тәсілдердің жиынтығы қолданылады..

1. Дамыта оқыту технологиясы. Сабақтарда технологияның   принціптері жүзеге асады:

üЖоғары деңгейлі қиындықта оқыту.

üОқушылардың білік дағдыларын қолдана отырып,теориялық біліміне көп көңіл бөлу.

üОқыту барысының әртүрлі жағдайдаларында оқушылармен кері байланыс орнату.

üоқушылардың жеке ойлау қабілетін  дамыту жүзеге асырылады: анализ жасау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау.

2. Оқытуда болатын кедергілер.

Берілген материалдарды меңгеруде проблемалық ситуциялық кездеседі, бұдан шығу жолдары оқушылардың ізденушілігі арқылы жүзеге асады. Оқушылардың өз беттерімен жұмыстануы үшін деңгейлік және күрделі тапсырмалар қолданылады.

3. Ақпараттық – коммуникативті технологиялар.Ағылшын тілі сабақтарында АКТ – ны пайдаланудың басты мақсаттары:

üтілді оқытуда оқушы мотивациясын көтеру

üшет тілінің овершенствование иноязычной коммуникативной компетентности;

üлингвистикалық білімдерінің көлемін ұлғайту.

üОқытылып отырған тілдің елінің мәдениеті жайлы білімдерін толықтыру.

üОқушылардың ағылшын тілін өз бетінше оқуы мен қабілетін дамыту.

1. Денсаулық сақтау технологиясы. Бұл өмір қауіпсіздігін сақтау,санитарлық-гигиена талаптарын сақтау. Оқушылардың қимыл қозғалыстарын жүзеге асыру

2.     Топтық технологиялар. Сабақтарда оқушыларды топқа бөліп, жұмыстану жүзеге асырылады.Бұндай жұмыстану оқушылардың белсенділігін, берілген тақырыпты жоғарғы деңгейде түсінулеріне ықпал етеді.Топта жұмыс жасау оқушылардың бірлесе, ынтымақтаса жұмыстануына, коммуникативтіліктерін құрылымдауына негізделген.

 

Сабақтарда сонымен қатар АКТ – ны қолданумен байланысты әдістер қолданылады.

Автор
Дата добавления 18.04.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров1237
Номер материала 487040
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх