Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Авторская программа по химии по технологии
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Авторская программа по химии по технологии

библиотека
материалов

Мемлекеттік мекеме «№12 орта – мектеп гимназиясы»









Химия пәнінен 8 – сынып оқушыларына арналған

п.ғ.д. академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын

қолданып жазылған , оқыту бағдарламасы



Химия пәнінің оқытушысы

Өтешева Г. Б.





























Талдықорған қаласы 2013-2014 о.ж.



Түсінік хат.

1.Химия пәнінен 8 – сынып оқушыларына арналған п.ғ.д.академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қолданып жазылған , оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйры-ғымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес.

2. Оқытудың мақсаты қоршаған əлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қа-білеті бар, химиялық тұрғыда ой-лай алатын, функционалды сауатты жəне шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз ден-саулығына, туған өлкеге жəне қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тəрбиелеу болып табылады.

2. Оқыту міндеттері:

1) əлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді мең-герту жəне олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттар-дың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4) заттарды танудың химиялық əдістерін меңгеру;

5) заттардың сандық жəне сапалық құрамын анықтауда жəне олардың қаси-еттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау бары-сында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тəжі-рибелер жүргізудің əмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мəселе-лерді шешудегі химияның өскелең мəні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

8) өмірлік жəне экологиялық мəселелерді шешуде алған білімді пайдалану-дың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

«Химия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

3. Пəнаралық байланыс келесі оқу пəндерімен жүзеге асырылады:

1) «Биология» пəнімен: оттектің, атмосфералық ауаның, судың жəне сулы ерітінділердің тірі орга-низмдер үшін биологиялық рөлі жəне оларды ластанудан қорғау;жасушадағы судың биологиялық рөлі;фотосинтез процесінің маңызы;тірі организмдердегі микро- жəне макроэлементтердің маңызы;жүйелердегі бейорганикалық жəне органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

2) «География» пəнімен:

адамзат тіршілігіндегі судың рөлі жəне халық шаруашылығындағы жəне Қа-зақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау;Қазақстандағы металлур-гиялық, химиялық жəне қайта өңдеу кешендері;Қазақстан территориясын-дағы пайдалы қазбалардың кен орындары;минералды ресурстарды тиімді пайдалану жəне табиғатты экологиялық қорғау;энергияның альтернативті көздері;

3)«Алгебра» жəне «Геометрия» пəндерімен:

физикалық шамалардың сандық мəндерінің пропорционалдық тəуелділігі;-заттың мөлшерлік құрамы бойынша есептеулер;химиялық реакция теңдеу-лері жəне формулаларды қолданып есептеулер жүргізу;кеңістіктік конфигу-рация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар арасындағы валенттік бұрыштар;

4)«Физика» пəнімен:

атом, молекула жəне заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім;зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдар-дың салыстырмалы тығыздығы жəне көлемі;кристалл торларының типтері жəне құрылысы;атом ядросының құрылысы, изотоптар;жылулық энергия түрі;

5) «Информатика» пəнімен:

электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу;компьютерлік бағдар-ламаларды қолданып, ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;

6) «Тарих» пəнімен: химия ғылымының тарихи жəне ғылыми алғышарт-тары, ғылыми ашылулар жəне қазақстандық ғалымдардың ғылым, техноло-гия жəне өндірістің дамуына қосқан үлестері.

4. 8 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны:

І – тақырыпАлғашқы химиялық ұғымдар (18 сағат):

ІІ – тақырып Атомның ұүрылысы. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элемен-ттердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс.(14 сағат)

ІІІ – тақырып Ауа. Оттегі. Жану. (8 - сағат).

ІV – тақырып Сутегі. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. (6 - сағат)

V – тақырып Су. Ерітінділер. (8 - сағат)

VI – тақырып Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. (14 - сағат)

Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.

1.Оқу процесін жобалау кезеңі.

2.Осы жобаны іске асыру кезеңі.

Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технология-лық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.

Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.

1.Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.

2.Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.

3.Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.

1-ші деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.

2-ші деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.

3-ші деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.

4.Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжыры-мдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

5.Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

1)Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

2)Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

3)Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.

Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.

Оқу үрдісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады.

Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.

1.Технологиялық негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басаталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.

Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім бо-лашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен білік-тілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек де-генбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғаш-қыларының мәні жойыла бастайды.

Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және маз-мұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы са-бақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

2.Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсат-тарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.

Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таң-дайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:

1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.

2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.

3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:

1)білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;

2)білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;

3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;

4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.

4-аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек.

5-аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.

6-аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.\

7-аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғандща болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.

Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада болжамдағы тапсырма-лар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.

Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыла-рын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың («төрттік» баға дең-гейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В.М.Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бой-ынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсы-нады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» баға-ның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стан-дарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.

3.Оқушылардың сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы.

Адамгершілік мақсаты – оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таң-дауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.

Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.

Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы – сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықты-рып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту мін-деттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықтала-ды, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.

Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушы-лардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқу-шылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.

Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арнал-ған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.

Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін бола-тын қиындықтар.

Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.

Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар.

Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы атал-ған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады.

Осы айтылғандарды қорыта келіп, технологиялық картаның жалпы құрылымын төмендегі сызбадан көруге болады.

Сызбада технологиялық картаны толтыру реті рим цифрымен көрсетілген.

Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау.САК- технологиялық картадағы көрсе-тілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған.САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады.

























І-тақырып. «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша құрастырылған технологиялық картасы (18 сағат) (І- тоқсан)

1сағат

2сағат

3сағат

4сағат

5сағат

6сағат

7сағат

8сағат

9сағат

10сағат

В1

Пр.ж.

1

К №1

1.1

Пр.ж

2.


Д1

З.т№1

(1.1)

В2 К 2-№(1.2)






Д2 К№3

З.т.№1

(1.2,1.3)



11сағат

12сағат

13сағат

14сағат

15сағат

16сағат

17сағат

18сағат

В3

З.т№ 2

(2.1,2.2)

Д3З.т№2

(2.3,2.4)

В4



Д4

Б. ж.-1



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Зат туралы ұғымды қалыптастыру ар-қылы оның дене ұғымынан айырма-шылығын қарасты-рып, химия кабин-етінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ереже-сімен таныстыру, атом-молекулалық ілімнің мәнін білу, хмиялық элемент-тердің ұғымымен таңбаларын білу.


Д1

1.Химиялық элемент дегеніміз не? Және оларды қандай ұлкен екі топқа бөледі? Атауларын атап, мысалдар келтіріп, таңбасын жазыңдар.

2.Атом және молекула дегеніміз не? Судың айыры-луын мысалға алып,атом және молекула ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріңдер.

3.Химиялық таңбаларды пайдаланып:а)сутектің 3 молекуласын,ә)оттектің 2 атомын, б)хлордың 1моле -куласын в)азоттың 2 молекуласын г) темірдің 5ато- мын

4.Тұрмыста отын ретінде қолданылатын пропан га- зы жаңғанда су Н2О мен көмірқышқыл газы СО2 тү- зіледі. Осы мәліметтерге сүйеніп метанның құрамына қандай химиялық элементтер кіреді деп болжауға болады?

.

1.Химиялық элементтің анықтамасы оның жікте-луіне назар аудар.

2.Атом және молекуланың анықтама-ларын, жә-не химия-лық таңба-ларды қай-тала

В2 Жай және күр-делі заттардың құ-рамдарын білу-За-ттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химия-лық формуланы; заттың салыстыр-малы молекула-лық,молярлық мас

-саларын,зат мөлш-ерінің ұғымдарын білу. Валенттік ұғыммен бірге-зат-тың формуласын құрастыруды білу-Физ/хим құбылыс-айырмаш.түсіну


Д2 1.Жай және күрделі заттар дегеніміз не? Химиялық формула дегеніміз не, және ол нені көрсе -теді? Мынадай химиялық формулалар қалай оқыла -ды: CuO,N2, 5C,2Hg, 2SO2, CI2.

2.Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не? Заттың салыстырмалы атомдық және молекула-лық массаларына анықтама бер. Құрамына сай зат-тардың химиялық формулалаын жазындар: )мыстың 1 атомы мен хлордың 2 атомы;ә) темірдің 2 атомы мен оттектің 3 атомы; Осы заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарындар.

3. Берілген қосылыстардың формуласы бойынша 1-ші тұрған элементтің валенттігін анықтаңдар:а) 1 валентті хлордың қосылыстары: КСІ,MgCI2, FeCI3, SnCI4,-PCI5. ә) ІІ- валентті күкірттің қосылыстары: K2S,CaS,-AI2S3,CS2, Cu2S,Ag2S

4.Зат мөлшері мен молярлық масса дегеніміз не? 10 грамм оттектің зат мөлшері мен молярлық массасы нешеге тең?

1.Жай және күрделі зат-тардың, хи-миялық фо-рмуланың анықтамаларын қайтала

2.Физ/хим құбылыст.,салыстырмалыатом/моле-кулалық ма-ссалардың анықтамаларын қайтала

3.Эл.вал,зат

мөлшері «М»

қайтала.

В3

Зат массасының сақталу заңын тұсі-не отырып, хими-ялық реакция тең-деуін құра білуге-үйрену. Химиялық реакция типтері мен реакция теңде-улерін теңестіруді білу.

Д3

1.Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не? Сынап пен оттек бірігіп сынап оксидін HgO түзеді. Хими-ялық реакция теңдеуін жазыңдар.

2.Зат массасының сақталу заңының анықтамасын жаз. Химиялық реакция теңдеуін құрудың ортақ ережесінің тұжырымдамасын жаз.Берілген жұп зат-тар әрекеттескенде жүретін химиялық реакция тең-деуін аяқтаңдар:

а) Na + S = ; ә)K + P = ; б) Mg + O2 = ;

3.Химиялық реакциялардың төрт типтеріне анық-тама бере отырып мысалдар келтір.

4.Келтірілген реакция теңдеулеріне тиісті коэф-фициент қойып, қай типке жататынын анықтандар:

-а)MgCO3 = MgO + CO2ә)Zn + HCI = ZnCI2 + H2

б) Na + O2 = Na2O в) CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

(б теңдеуі бойынша )егер 4 моль натрий реакцияға қатысса, неше моль оттек газы керек екендігін есептеңдер.




1.Зат масса-сының заңы мен химия-лық реакция теңдеуінің анықтамаларын қайта-ла,теңдеу құрудың ор-тақ ережесін ұмытпа.

2.Теңдеуді теңестіру-коэффициент қою, зат мас-сасының сақ-талу заңына сүйене оты-рып

В4

Сандық есептерді шығара білу:

-а)жай және күрде-лі заттардың Мr , М

-ә)W-м.ұ б) химия-лық формула бой-ынша: М,m, υ,V,Vm

в)Атом ж/не моле-кулалардың санда-рыN,Na г) Химия-лық теңдеулер бой-ынша есептеу.

Д4

1.Берілген заттардың:HNO3,CI2, Fe2(SO4)3салыстыр-малы молекулалық,молярлық массаларын есепте.

2.Күкірт қышқылының (Н2SO4)құрамындағы эле-мент атомдарының массалық ұлестерін есепте.

3.Егер 2 моль алюминий оксидінің АІ2О3 массасы 204 грамға тең болса, онда 0,5 моль NaCI,1,5 моль CuO қанша грамм ,және молекула сандары нешеге тең болатынын анықтандар.

4.Массасы 470 грамм калий оксиді (К2О) тұз қыш-қылымен (НСІ) әрекеттескенде, нәтижесінде түзіл-ген тұздың зат мөлшері мен массасы нешеге тең бо-лады?



Химиялық формула б-ша

Мr , М,W,m

υ,N,V есепте-уді қайтала. Х.Т.б-ша есеп шығару алго-ритмін қайта-ла.



















ІІ - тақырып «Атом құрылысы. Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің

периодтық жүйесі және периодтық заң. Химиялық байланыс »

атты тақырыбы бойынша құрастырылған технологиялық картасы

(14 сағат.ІІ-т)

10с

11с

12с

13с

14с

В1


К №2

(2.1)


Д1К№2

(2.2)

В2

К№2.3



З.т

.№3

Д2

К№7

В3


Д3

Б.ж-

2



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Атом құрамы мен құрылысын түсіну, химиялық элемент-тердің жіктелуін бі-лу. Д.И. Менделее-втің периодтық за-ңын білу. Атом құ-рылысы тұрғысынан Д.И.Менделеевтің

химиялық элемент-терінің периодтық жүйесін түсініп хи-миялық элементтер-ге сипаттама беруді, ж/не олардың өлі, ті-рі табиғаттатара-луы, адам ағзасында атқаратын биология-лық рөлін білу.


Д1

1.Атом және атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады? Элементтің реттік номері нені көрсетеді? Қай элемент атомының ядросында нейтрон көп: а) №9 және №10 ә)№17 және №18 б)№18 және №19.

Ұяластар тобына жататын қандай химиялық

элементтер нағыз металдарға, бейметалдарға, халькогендерге, салғырт газдарға жатады?

2. Период және топ нөмірлерінің физикалық мәні неде? Валенттік электрондар дегеніміз не, және ол нені анықтайды? Орбиталь,энергетикалық деңгей, деңгейше деп нені айтады?

3. Периодтық жүйедегі орны бойынша реттік нөмірі 11, 9- шы элементтерге сипаттама бер.

4.Химиялық элементтің энергетикалық қабатында электрондар )2)8)1 болып бөлінеді.Осы элемен-ттің жай заты №8 және №16 элементтермен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар және қай класқа жа-татындығын анықтандар.


1.Атом құрамы мен құрылыс-ын,химиялық элементтердің жіктелуін қай-тала.

2.Период және топ нөмірлері-нің физикалық мәндерін қай-тала.

3.Химиялық элементтерге периодтық жү-йедегі орнына байланысты сипаттама бе-руді қайтала

4.Хим. эл.қа-сиетерінің топ, период б/ша қалай өзгереті-ндігін ұмытпа

В2Химиялық элем-енттер электртері-стгінің мәні,анықта-масынбілу.атомдар

арасындағы химия-лық байланыстар та-биғатының бірлігін түсіну. типтерін, тү-зілу механизмін білу заттың аморфты жə-не кристалдық күй-лерін ажырату, крис-талл торлар түрлері заттар қасиеттерінің, құрылысына тəуелді екендігін түсіну.

Д21.Электртерістік дегеніміз не? Ол топ және топшада, периодта қалай өзгереді?

2.Ковалентті полюсті,полюссіз, ионды,металдық байланыстар дегеніміз не? Жұптасқан және жұптаспаған электрондар дегеніміз не? Осылар-дың түзілу табиғатының арасында қандай ұқсас-тық бар?

3.KCI,Br2,HF,CI2,CaO,MgS,I2,MgBr2,N2,SiH4,O2, Li3N формулаларының химиялық байланыс ти-пін анықтандар.

4.Кристалдық тор және оның түйіндері дегенді қалай түсінесіңдер? 3-ші тапсырмадағы химиялық байланыс типі мен кристалл торларының құрылы-сын түсіндірген соң, бұлар заттардың қасиетіне қалай әсер ететіндігін көрсетіңдер.


Электртерістік,

Ковалентті по-люсті,полюссізионды, метал-дық байланыс-тардың анық-тамаларын қай

-тала,осылар-дың арасында-ғы ұқсасатық пен айырма-шылықтарын еске түсір.

В3

Химиялық фор-мула бойынша қосы-лыстағы элементтің массалық үлесін есе-птеудің алгоритмін

білу;элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қа-рапайым формула-сын анықтау білу;




Д3

1.Фосфор қышқылының 3РО4) құрамына кіре-тін элементтерінің массалық ұлестерін есепте.

2.Күкірт қышқылының 2SO4) құрамына кіре-тін элементтерінің массалық ұлестерін есепте.

3.Бір атом темір мен үш атом хлордан,екі атом алюминий мен үш атом хлордан, бір атом фосфор мен бес атом хлордан тұратын күрделі заттардың молекулалық формуласын құрыңдар.

4.Ас содасының құрамы 27,38% Na, 1,19% H, 14,29% C, және 57,14% О тұрады.Осы заттың мо-лекулалық формуласын табындар.


Есептердің шығару жолда-рын көрсететін алгоритмдерді қайтала

(сабақта оқығанбыз)



ІІ – тараудың жалғасы







































ІІІ – тақырып « Ауа. Оттегі. Жану.» атты тақырыбы бойынша

құрастырылған технологиялық картасы (ІІІ – тоқсан 8 - сағат)

1сағат

2сағат

3сағат

4сағат

5сағат

6сағат

7сағат

8сағат

В1

К №3(3.1)

З.т.№4

Д1К№3(3.2,3.3)

В2


Д2

Б. ж-3.



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Жай зат, және химиялық элемент ретінде оттек-тің қасиеттерін ,алынуы мен қолданылуын жүй-елі тұрде оқып– үйре-ну,жану, және баяу то-тығу процестерінің мәні жайлы түсіну, оксидтер-дің күрделі зат,бинарлы қосылыс екендігін білу,-оксидтер алынуының реакция теңдеулерін жазып, оны түсіндіру.


Д1

1.Оттектің периодтық жүйедегі орны. Оттек – элемент және оттек – жай зат деген ұғымдар-дың арасындағы айырмашылықты түсіндірің-дер, оттектің физикалық қасиеттерін сипат-таңдар, ауадағы оттектің ұлесі қандай?

2. Өнеркәсіпте және зертханада оттекті қалай алады,тиісті реакция теңдеулерін жазындар.

3.Оксидтер дегеніміз не? Мына оксидтерді: MnO2,MnO3,NO,NO2,Cr2O3,CrO3халықаралық атаулары бойынша екі түрлі тәсілмен атаңдар.

Алюминийдің тотығу реакциясының теңдеуін жазып, теңдеудегі барлық коэффициент жиынтығын табындар: а)3; ә)4; б)7; в)9;

4.Массасы 260 грамм ацетилен С2Н2 толық жаңғанда түзілетін көміртек диоксидінің мас-сасын есептеңдер.






1.Периодтық жү-йедегі орны бой-ынша химиялық элементтерге си-

паттама беруді,от –тектің алынуын-оксидтердің аны-қтамасын атаула

-рын жану, баяу тотығу реакция-ларының анықта-маларын қайтала.

В2

Оттектің аллотропия-сын, озон жəне озон қа-батының Жердегі тірші-лік үшін маңызын, атмо-сфералық ауа – газдар қоспасы , экологиялық жағдайын-қоршаған ор-таның ластануына жол бермеу шараларын білу.Экзо,эндотермиялық ре-акциялар,жылу эффекті-сі, термохимиялық тең-деулерді түсініп, оқу-шылар, газдардың моля-рлық көлемі,және Аво-гадро заңына сүйене от-ырып, формула арқылы есептер шығаруды білу.


Д2

1.Оттектің қанша және қандай аллотропиялық түр өзерістері бар?Атмосфера тазалығын сақ-тау үшін біздің елімізде қандай шаралар іске асырылып жатқанын мысалдар келтіре отырып айтып беріндер.

2.Экзо,эндотермиялық реакциялар,жылу эф-фектісі,термохимиялық теңдеулер, Авогадро заңы, газдардың молярлық көлемі,газдардың салыстырмалы тығыздығы дегендеріміз не?

3. Егер реакцияның термохимиялық теңдеуі мынадай болса: Cu + O2 = CuO +276кДж , 16г мыс оттекпен әрекеттескенде қанша энергия бөлінеді?

4. 5м3 метанды СН4 толық жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек газы қажет?




Экзо,эндотермия

лық реакциялар,-жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулерді, газ-дардың молярлық көлемі,және Аво-гадро заңының тұ

жырамдамасы мен анықтамалар

-ды қайтала





ІV-тақырып «Сутегі. Тотығу – тотықсыздану реакциялары» тақырыбы атты

құрастырылған технологиялық картасы (6 сағат. ІІІ - тоқсан)

1сағат

2сағат

3сағат

4сағат

5сағат

6сағат

В1

К№4(4.1,4.2)З.т.№5



Д1

Бақ. жұм-4.



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Жай зат және хими-ялық элемент ретін-де сутектің қасиет-тері,қолданылуы жə-не алынуы; бинарлы қосылыстарын,изотоп тарын жүйелі түрде оқып-үйрену,сипат-тай білу.Элементтер

-дің тотығу дəрежесі-нің мәнін түсініп фор

-мулалары бойынша қосылыстардағы хим иялық элементтердің тотығу дəрежелерін анықтауды білу, т/ғыш, т/сыз,т/ғу,сыз

реакциялар туралы

түсініктерді ұғып алу.

Д1

1.Сутек газын өнеркәсіпте және зертханада қалай алуға болатынын түсіндіріндер. Жау-аптарыңды тиісті реакция теңдеулерін жа-зып дәлелде.

2.Тотығу дәрежесі дегеніміз не? Тотығу-то-тықсыздану реакциялары деп қандай реак-цияларды атайды? Мысалдар келтір.

2.Тотықтырғыш ,тотықсыздандырғыш деп қан-дай атомдарды атайды және олардың то-тығу дәрежесі электртерістіқ қасиетіне қа-лай тәуелді болады?

3.Литий оксидінің,азоттың сутекпен қосы-лысының формуласын жазып, байланыс тү-рін, тотығу дәрежесін анықтандар.

4.Берілген реакция теңдеулерін тотығу-то-тықсыздану реакциясы тұрғысында теңесті-ріндер:

CI2 + KI = KCI + I2, AI + O2 = AI2O3

Na + H2O = NaOH + H2



1.Сутегінің физи-калық және химия-лық қасиеттерін,

тотығу дәрежесін- тотығу-тотықсыз-дану реакцияла-рының анықтама-ларын қайтала.



Элетрондықбаланс теңдеулерін құрас-тыруды, тотықтыр

-ғыш пен тотық-сыздандырғышты

анықтауды қай-тала.























V – тақырыбы «Су. Ерітінділер.» атты тақырыбы бойынша құрастырылған

технологиялық картасы (8 – сағат ІІІ - тоқсан)

1сағат

2сағат

3сағат

4сағат

5сағат

6сағат

7сағат

8сағат

В1З.т№6(6.1,6.2)

К №5(5.1)

Пр.ж. 3

К №5(5.2-5.5)


Пр.ж 4

Д1

Бақ.ж-5.



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Судың құрамына сан-дық және сапалық тал-дау жасай отырып,та-биғатта таралу ерекші-лігін,қасиеттерін сипат

тауды білу,судың еріт-кіш екенін химиялық тұрғыдан түсіну.Масса,

еріген заттың массалық

ұлесі,мольдік концен

-трация-ұғымдарын бі-ліп, ерітінділерді даяр-лау және есептерді шы-ғаруды білу.Қазақстан-

дағы су ресурстарының экологиялық мәселеле-ріне назар аудару ;


Д1

1.Қоршаған ортаны, суды,ауаны ластану-дан сақтаудың қандай тиімді тәсілдерін ұсынар едіңдер.Судың физикалық қасие-ттері.

2.Ерігіштік дегеніміз не? Ерігіштіктің өл-

шемі қандай? Қаныққан және қанықпаған

ерітінді дегеніміз не? Газдардың және қат-

ты заттардың ерігіштігі қандай факторлар

ға тәуелді?Судың химиялық қасиеттерін

дәлелдейтін реакция теңдеулерін жаз.

3.Ерітінділердің пайыздық концентрация-

сы дегеніміз не?

20%-дық 500 грамм ерітінді даярлау ұшін

ас тұзының қандай массасы мен су қажет?

қажет?

4.Кальций хлоридінің СаСІ2мольдік кон-

центрациясы 0,1моль/л,тығыздығы

1,09г/см3,-көлемі 100мл ерітіндісіне 500 г.

су қосылды. Алыңған ерітіндідегі тұздың

массалық ұлесі мен молярлық концентра-

циясын есептеңдер.






Судың физикалық және химиялық қа-сиеттерін қайтала.

Еріген заттың мас-

салық ұлесін есе-птеу үшін,форму-ласын еске түсір.

Мөльдік концент-рацияның анықта-масын қайталап, формуласының математикалық өрнегін еске түсір.






















VI – тарау «Бейорганикалық заттардың негізгі кластары » атты тақырыбы

бойынша құрастырылған технологиялық картасы (IV- тоқсан 14 сағат)

10с

11с

12с

13с

14с

В1К

6(6.1)



Д1

В2 К

6(6.2)

К№6(6.3)

З.т№7(7.1)

К№6

З.т№7.

Д2

З.т№7

В3



Пр.ж

5

Д3

Б.ж

6



Мақсаттандыру

Диагностика

Түзету

В1

Жай заттардың жіктелу-ін: металдар (сілтілік ме-талдар; натрий, маңызды

қосылыстары,қасиеттері, алынуы,қолданылуы), галогендер(хлор,маңыз-

ды қосылыстары,қасиет-тері,алынуы, қолданы-луы) оқып-үйрену,қосы-лыстарының биология-

лық рөлін білу.

Д1

1.Жай заттар қандай екі топқа жіктеледі?

Периодтық жүйедегі орнына байланысты сілтілік металдарға және галогендерге си-паттама бер.

2.Натрий мен хлордың маңызды қосылы-старының формулаларын жазып, атаула-рын ата, олардың биологиялық рөлін жаз.

3.Мына өзгерістерді жүзеге асыр:

Na→Na2O→NaOH→Na2SO4

↓ ↓

NaCI NaNO3

4.Берілген химиялық реакция теңдеуле-рдін сызбанұсқасын аяқта: a) Fe + CI2

a) H2 + CI2→, a) CI2 + H2O →

Соңғы реакция теңдеуін тотығу-тотықсыз

-дану реакциясы ретінде қарастыр.




Химиялық элемен-ттердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипа-ттама беруді қай-тала.

Натрий мен хлор-дың қосылыста-рының формула-сын қайталап және олардың химиялық қасиеттерін еске түсір.

В2

Күрделі заттардың жікте

-луін (оксидтер,қышқыл-

негіздер,тұздарға; олар-дың құрамы,номенкла-турасы,жіктелуі,қасиетте

-рі,алынуын) оқып-үйре-ну,тиісті заттардың формулаларын тиісті реакция теңдеулерін жазуды білу.


Д2

1.Оқсидтер,негіздер,қышқылдардың,тұз -дардың,анықтамасын жазып, мына тап-сырманы орында: Әр түрлі заттардың формулалары берілген Са(ОН)2, Р2О5,-CuO, NaCI, Zn, K2S,СО2, O2,NaOH, СаО,- H3PO4, CaSO4, Fe(OH)3, K2SO4,S, HCI, Na3PO4,Cu(OH)2оксидтер,қышқылдар, негіздер, тұздарға жіктеп аттарын жаз.

2. .Химиялық реакция теңдеулерін толықты-рып аяқтандар:

-а)Р2О5 + .... → Н3РО4 ә)Na2O + …= NaOH

-б)K2O + … = KCI + H2Oв)PH3 + …= P2O5 + H2O

3.Берілген заттар: СаО, НСІ,Cu(OH)2, KBr, SO3, H2S, N2O5Осылардың қайсысы натрий гидрооксидімен (NaOH)әрекеттеседі, жү-ретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Мыс хлоридін CuCI2 –ні 5түрлі әдіспен алу реакция теңдеулерін жаз.




Бейорганикалық за

-ттардың негізгі кластарының анықтамаларын,құ

-рамын,жіктелуін,

алынуын,қасиетте-

рін қайтала







VI – тараудың жалғасы

В3

Жай заттармен кұрделі заттардың арасындағы генетикалық байланыс-тарды және оны қалай іске асыратындығын,тиі

-стіреакция теңдеулерін жазуды білу. Химиялық реакция теңдеуі,және ері тіндінің массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша есептеуді білу;


Д3

1.Берілген қосылыстардан генетикалық қатары бар заттарды тауып,айналымдар-ды іске асыруға болатын химиялық реак-ция теңдеулерін жаз.

ВаО, Mg, K, CaO, CuSO4, Ba, MgCI2, Mg(OH)2, Ba(OH)2 , CaSO3, Ba3 (PO4)2

2..Берілген айналымдарды іске асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция тең-деулерін жаз.

а)C→CO2→H2CO3→Na2CO3→CO2→CaCO3

ә)AI→AICI3→AI(OH)3→AI2(SO4)3→ AI(OH)3 → AI2O3→AI

3. .Массасы 12,6 грамм азот қышқылын бейта-раптау ұшін мыс (ІІ) гидрооксиді-нің қанша массасы және мөлшері қажет екенін есептеңдер.

4 .Массасы 1,6 грамм мыс (ІІ) оксидін толық еріту үшін 10%-дық күкірт қыш-қылының (тығыздығы 1,066г/см3) қандай көлемі қажет екенін есептеңдер




Бейорганикалық заттардың негізгі

кластары арасын-дағы генетикалық байланыстар та-қырыбын қайтала.

Реакция теңдеулері

және ерітіндінің ма

-сассын, еріген зат-тың массалық ұле-

сі бойынша есеп-теудің алгоритмін

қайтала.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров210
Номер материала ДВ-349272
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх