Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Авторская программа психологического сопровождения первоклассников в период адаптации к школе
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Авторская программа психологического сопровождения первоклассников в период адаптации к школе

библиотека
материалов

Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 ОМ КММ»C:\Users\ereke\OneDrive\Pictures\3107_Abstract-green-flower-HD-wallpaper[1].jpg


Курмашева Анаргуль Назымбековна











Авторлық бағдарлама


«Сәлем мектеп – бұл мен!»


1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу

















Көкшетау 2016


C:\Users\ereke\OneDrive\Pictures\3107_Abstract-green-flower-HD-wallpaper[1].jpg















































































УДК 37.015.3 (041)

ББК 74. 200. 5 (5 каз)

К 86





Көкшетау қаласы педагог-психологтар әдістемелік бірлестігінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды. № 3 Хаттама 12.01.2016ж.







Рецензент: Какабаева Динара Сериковна Педагогика ғылымының магистрі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.





К 86 Авторлық бағдарлама: 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеуге арналған түзете-дамыту бағдарламасы «Сәлем мектеп – бұл мен!». Құрастырушы Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі Курмашева А.Н., Көкшетау қаласы 2016 ж. 38 бет.



Авторлық бағдарламада жаңа жағдайға бейімделудің қиын кезеңінен өтіп жатқан 1-сынып оқушыларына жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделуге психологиялық – педагогикалық қолдау жасауға арналған психологиялық тренинг сабақтарының үлгі жоспарлары берілген. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін бейімсіздену мен мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізуді мақсат етіп алған барлық педагог – психологтарға, әсіресе жас ұстаздар мен жас психологтарға көмекші әдістемелік құрал бола алады.



ББК 74.200. 5 (5 каз)

УДК 37.015.3 (041)



Курмашева А.Н.

2016

Түсінік хат


Бала бірінші сыныпқа келді. Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.

Баланың мектепке бейімделуі – өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ының бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма емес. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өту мүмкін, өкінішке орай, кейбірінде бұл процесс ойдағыдай өтпейді. Егер "ойдағыдай болмаса" (ол бейімсіздену деп аталады), "мектеп өміріне бейімделу" тетіктері бұзылады.

Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір өзгермелі кезеңі болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған "Сәлем мектеп – бұл мен!" арнайы бағдарламаның маңызы зор.


Бейімдеу сабақтарының мақсаты:

1. Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық–педагогикалық қолдау жасау.

2. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізу.

Бейімдеу сабақтарының міндеттері:

1. Балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорғаныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.

3. Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру.

4. Бірінші сынып оқушыларының тұлғалық эмоциялық және коммуникативті жақтарын дамыту.

5. Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету.

6. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.

7. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы ынтымақтастық дағдыларын дамыту.

Бейімсізденудің алдын алудың ең тиімді тәсілі балалармен жүргізілетін топтық жұмыс. Мұндай топтық жұмыс түрінде жүргізілген бейімдеу сабақтары жақсы нәтижеге қол жеткізеді және бірінші сыныптың бастапқы оқу кезеңінде жүргізген дұрыс.

Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу мен тәрбие процессінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына көмектеседі.

Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлға аралық қарым-қатынас орнауына көмек көрсетеді, эмпатия, бірін-бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына ықпал етеді.

Балаларды "мектеп өмірі" ережесіне бейімделуге, одан әрі өміріне қажет көптеген басқа да өмір тәжірибелеріне үйретеді.

Бейімдеу сабақтарының ерекшелігі үнемі эмоциялық жағымды көңіл-күймен жүргізлетіндігінде. Олар балалар үшін ұнамды және қызықты болуы тиіс. Сабақтарда ойын және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ психологиялық сипаттағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Балалармен орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жинақтау, талқылаудың маңызы зор, кейбір тапсырмалардың нәтижелерін сынып оқушысының тұлғалық маңыздылығын, әрбір баланың жеке жұмыстарын ұжымдық және сыныптағы жеке қасиетін көрсету мақсатында ортақ көрмелер мен композициялар түрінде орналастыру көрсетуге болады. Сабақтардың бір бөлігі екі жақты сипатқа ие: олардың құрамында дамытушылық, түзету жаттығулар ғана емес, диагностикалық тапсырмалары болады.

Сабақ жиілігі және санының шарттары:

Бейімделу сабақтары бірінші сынып оқушылары үшін аптасына 1 рет 10 сабақ көлемінде есептелген. Ұзақтығы 30 минут.


Педагог - психологтың топтағы жоспарланған жұмысының нәтижелері.

Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау, бірінші сынып оқушыларының бейімделу ұзақтығын қысқарту нәтижелілігі күтілуде. Мазасыздық деңгейі төмендетіледі. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта жасалады. Балалар бір-бірімен және сынып жетекшісімен танысады.

Бейімдеу сабақтарының жоспары

"Сәлем мектеп – бұл мен!"


Тақырыбы

Мақсаты

Мазмұны

1-сабақ

"Кел, танысайық"

Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру. Шиеленістің алдын алу. Бірінші сынып оқушыларының мұғаліммен және бір-бірімен танысуы.


  • Жаттығу: "Сәлем"

  • Жаттығу "Жақсыкөңіл-күй эстафетасы "

  • Жаттығу "Өз құйрығын тістеген айдаһар "

  • Жаттығу "Менің күлкілі портретім"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

2-сабақ "Алақай! Мен оқушымын"

Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.




  • Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді сүйемін..."

  • Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсас"

  • Жаттығу «Оқушы болу деген не?»

  • «Балабақша тәрбиеленушісі – оқушы» тақырыбында сурет салу

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

3-сабақ

"Мектеп өмірінің ережесі"

Бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірі ережелері мен танысуы. Ынтымақтастық, бір-біріне деген сенімді қатынас, сынып ұжымының ұйымшылдығына бейімделу дағдыларын дамыту

  • Жаттығу "Рөлдік көркем жаттығу"

  • Жаттығу: "Орман тұрғындары"

  • "Орман мектебін" құру

М. А. Панфилованың ертегісі

  • "Мектеп ережесі"

М. А. Панфилованың ертегісі

  • Слайд көрсету "Мектеп ережесі"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

4-сабақ

"Мектепке не үшін барамыз?"


Балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезіну үшін жағдай жасау.

  • Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу"

  • Жаттығу "Сөйлемдерді аяқта"

  • Жаттығу: "Ең үздік бірінші сынып оқушысы"

  • Жаттығу: "Мектепке не үшін барады?"

  • Жаттығу "Мен мектептемін"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

5-сабақ

«Менің досым-мектеп портфелі»

Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтар мен басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауға үйрету.

  • Жаттығу "Жел соғады ..."

  • Жаттығу "Мектепте маған не керек"

  • "Портфельді жинау"

М. А. Панфилованың ертегісі

  • Жаттығу "Мен өзімнің портфеліме саламын"

  • Жаттығу: "Төртінші артық"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

6-сабақ

"Мені жақынырақ таны "

Жалпы оң атмосфералы сабақтар құру, топ құру процесіне қосу, ұжымның бірігуі, яғни бір-біріне, әрбір қатысушының бірегейлігін атау.

  • Жаттығу: "Әуедегі бал"

  • Жаттығу "Шариктермен жаттығу"

  • Жаттығу: "Не өзгерді"

  • Жаттығу "Кімде ..., барлығыңыз орын ауыстырып отырыңыздар"

  • Жаттығу: "Мен үшін маңызды не"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

7абақ

"Бірге жұмыс істеуге үйренеміз"

Бірінші сынып оқушыларының оқу ынтымақтастығы дағдыларымен танысу үшін жағдай жасау.


  • Жаттығу: "Амандасып қояйық"

  • Жаттығу Шарлар"

  • Жаттығу: "Пингвиндер"

  • Жаттығу"Фигуралар салу"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

8-сабақ

"Біздің сынып – бұл біз!"

Ұжымды біріктіру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын "сынып- тұтас топ" ретінде қалыптастыру


  • Жаттығу: "Мейірімді есім"

  • Жаттығу: "Құрттар"

  • Жаттығу «Оқушы портреті»

  • Жаттығу «Жалғыз аяқты жол»

  • Жаттығу "Біздің сынып – бұл барлығымыз"

  • Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

9-сабақ

"Мектептегі көңіл-күй"

Үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, баланың психикалық тонусын,өзіне деген сенімділігін арттыру.

  • Жаттығу: "Жаңбыр"

  • Жаттығу "Көңіл-күйімді тап"

  • Жаттығу "Көңіл-күйімді бейнеле"

  • Жаттығу "Хрустальді саяхат"

  • Жаттығу "Көңіл-күй түстері"

  • Жаттығу "Менің мектептегі көңіл-күйім"

  • Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "

10-сабақ

"Бірінші сынып оқушысы болу қандай керемет"

Мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.


  • Жаттығу "Майшам"

  • Жаттығу "Бірінші сынып оқушысының сиқырлы жастығы"

  • Жаттығу "Бірінші сынып оқушыларының аралы"

  • Жаттығу "Тамаша бақша"

  • Жаттығу "От"

  • Жаттығу "Күн сәулелері"

  • Жаттығу "Көбелектің ұшуы"

  • Жаттығу: "Біздің жүректеріміздің жылуы"



Сабақ конспектілері


1-сабақ.

Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.

Шиеленістің алдын-алу.

Сабақ барысы

Жаттығу: "Сәлем!"

Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.

Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалімі көз қарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.

Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.

Жаттығу: "Жақсы жаңалықтар эстафетасы "

Мақсаты: топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.

Барысы жаттығулар: Мұғалім: -сіздер кеше (осы аптада), өздеріңізбен болған жағымды бір оқиғалар жөнінде айтып бересіздер. Оның үстіне, сіз айтып жатқанда, доп немесе жұмсақ ойыншық сіздің қолыңызда болуы керек. Сіз айтып болған соң, жағымды жаңалықтар эстафетасын, яғни допты көршіңізге бересіз, осылайша доп шеңбер бойынша айналып шығады.

Жаттығу: «Өз құйрығын тістеген айдаһар»

Мақсаты: ыңғайсыздық пен шиеленісті шешу.

Жаттығулар барысы: Балалар бір тізбекке тізбектеліп тұрады. Бір-бірінің белдерінен ұстайды. Жетекші кім "басы", ал кім "құйрығы" болатындығын көрсетеді. "Құйрықтың" міндеті "басқа" ұстатпай қашу, бірақ тізбекті үзбеу. Ойын әуен астында өтеді. 2 минуттан кейін басы мен құйрығы өзара алмасады.



O:\Анаргуль Н. фото\20151209_110936.jpgO:\Анаргуль Н. фото\20151209_111503.jpg









Жаттығу: "Менің күлкілі портретім"

Мақсаты: танысу, жұмысқа тарту.

Жаттығу барысы: Мұғалім: "Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсынамын". Біздің сабақтарда сіз сурет салуды өзіңізге қалай үйреншікті, сол әдіспен саласыз, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуыңызға болады". Оқушылар әуен астында сурет салады.

Аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының суреттері бойынша презентация ұйымдастырады. Мұғалім: "Біздің суреттер дайын. Кел оларды бір-бірімізге көрсетейік". Балалар өздерінің автопортреттерін бір-біріне көрсетеді және тақтаға іледі.

Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


O:\Анаргуль Н. фото\20151209_111741.jpgO:\Анаргуль Н. фото\20151209_111313.jpg








Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.



2-сабақ.


Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.

Сабақ барысы

Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі..."

Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру және жұмыс атмосферасын құру.

Жаттығу барысы. Жаттығу шеңберде өткізіледі. Әрқасысы кезек-кезек екі сөз тіркестерін "Менің атым..." және " Мен өзімді сүйемін, себебі..." деп айтады. Сіздердің тілектеріңіз жөнінде даулар және талқылаурға көңіл бөлінбейді. Жай ғана оларды кезекпен, әділ және тез айтамыз.

Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсайды?"

Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау.

Жаттығу барысы. Ойынға қатысушылар олардың бүгінгі көңіл-күйінің қандай табиғи құбылыс немесе ауа райына ұқсайтындығын кезек-кезек айтады. Салыстыруды ересектердің бірінің бастағаны жақсы: "Менің көңіл-күйім байыпты көгілдір аспандағы ақ мамық бұлттарға ұқсас, ал сенің?"

Ойын шеңберде өткізіледі. Ересек біреу барлық топтың дәл бүгінгі көңіл-күйі қандай екенін қорытады: мұңды, көңілді, күлкілі, ашулы және т. б. Балалардың жауаптарын интерпретациялау кезінде, естеріңізде болсын, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, бұлыңғыр аспан, агрессивті элементтер эмоционалдық қиыншылықтардың бар екенін куәландырады.



O:\Анаргуль Н. фото\20151209_112714.jpgO:\Анаргуль Н. фото\20151209_111402.jpg











Жаттығу "Оқушы болған қалай екен".

Мақсаты: оқушы мәртебесін сезіну.

Жаттығу барысы. Психолог сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

- Сіз – оқушысыз. Бұл не деген сөз?

- Оқушылар өздерін қалай ұстауы керек?

Тақтада әртүрлі жағдайларға байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар әдебіне жат қылықтарды тауып, тақтадан алып тастау керек.



картинка - 0картинка - 0картинка - 0








Төбелес «5» алу Мұғалімнің тапсырмасын

орындау

картинка - 0картинка - 0

картинка - 0







Сабақ үстінде ойнау Жаңа киіммен Ұлдармен достасу

мақтану



«Мектепке дейін – оқушы» тақырыбында сурет салу.

Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының

айырмашылықтарын түсіну

Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен — оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды"). Уақыт шектеледі (20-25 минут). Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады. Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.

Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.



3 сабақ.


Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығын дамыту.

Сабақ барысы

"Рөлдік гимнастика".

Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу

Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б.кезек-кезек бейнелейді

Жаттығу: "Орман тұрғындары"

Мақсаты: орманды мекендеушілер туралы білімді жалпылау.

Жаттығулар барысы. Балаларға орманда қандай жануарлар өмір сүретіндігін еске түсіруі керек.

Психолог бірінші сынып оқушыларына мынадай ертегілер оқиды.


М. А. Панфилова "Орман мектебін" құру ертегісі

Ертеде бір кірпі болған екен. Ол кішкентай, дөңгелек, сұр түсті, үшкір мұрынды және қара түйме-көзді болған. Кірпінің арқасында нағыз өткір істіктер бар болатын. Бірақ ол өте мейірімді болатын. Кірпі мектепте өмір сүрді.

Иә, дана мұғалімдер көп балаларды оқытатын кәдімгі мектепте өмір сүрді.

Мұнда қалай келгенін, Кірпінің өзі де білмесе керек, оқушылардың бірі оны "тірі табиғат бұрышына" кішкентайынан әкелді ме, ал мүмкін, ол мектепте дүниеге келген шығар. Ес білгелі кірпінің есінде қалғаны, мектеп қоңырауының сыңғыры, оқушылардың мейірімді қолы, дәмді астары және сабақтар...

Кірпіге сабаққа барған өте қатты ұнады. Балалармен бірге Кірпі оқуды, жазуды, санауды және басқа да пәндердіоқып үйренді. Әрине, бұл адамдарға байқалмай өтіп жатты. Оларға Кірпі өмірге қуанып жүгіріп жүргендей көрінетін. Ал Кірпі армандап жүр еді...

Кірпі болса өскенде мұғалім болып, өзі мектептегі адамдардан үйренгендерінің бәрін ормандағы достарына үйретуді армандап жүрген болатын. Міне, Кірпі де ер жетіп, өз арманын жүзеге асыратын уақыт та келіп жетті. Орман жануарлары оған арнап, көжектер, мыршайлар, бөлтіріктер, тышқандар мен басқа да аң балалары оқитын нағыз мектеп салып берді. Кірпі мұғалім бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдауға дайындалып жатқан болатын. Жарық сынып бөлмесінде орындықтар мен үстелдер, қабырғада бормен жазуға болатын үлкен тақта тұрған. Кірпі оқу мен жазуға үйрететін суретті оқулық кітапшаларын әкелді.

Сауысқан Орман мектебіне алтын түсті сыңғырлаған қоңырау әкеліп берді.

- Сен неге мектепке қайдағы бір ойыншықты әкелдің?-деп сұрады күзетші көртышқан.

- Мектепте ойын ойнамайды, оқиды ғой!
Сауысқан оған маңғаздана былай жауап берді:

- Маған кірпі өтінген болатын. Мен қоңырауға жауап беремін.

- Бізге қоңырау не үшін керек? Мектеп өрт сөндіру машинасы емес қой!- деп таң қалды көртышқан.

- Е-е-е, сен мектеп жайында түк те білмейді екенсің ғой. Қоңырау соғылса, сабақ басталды деген сөз. Ал сабақ үстінде қоңырау соғылса, сабақ аяқталды деген сөз емес пе?!- деп шықылықтады сауысқан.

- Тоқтай тұр, сауысқан, тағы да түсіндіріп жіберші. Егер балалар мектепке келгенде қоңырау соғылса бәрі де сабаққа жүгіре жөнеле ме?

- Иә, бірақ жүгіре жөнелмейді, өз үстелдеріне барып, сабақтың басталғанын күтеді,- деп жауап берді оған сауысқан.

- Міне дұрыс! –деп іліп әкетті Кірпі. –Нағыз оқушылар осылай істейді.

- Біздің балалар-аңдар бұл ережелерді білмеуі де мүмкін ғой?- деп дегбірсізденді көртышқан.

- Мектепке келген соң бәрін де үйренеді,- деп шықылықтады сауысқан.

- Иә,- деп растады Кірпі, - оқушы қандай болу керек екенін, қалай жазу, қалай санау және де тағы басқа көп нәрселерді үйренеді.

Кірпі, Көртышқан және Сауысқан үшеуі үндемей қалды. Орман мектебінің іші тыныш әрі таза еді. Бірінші сынып оқушыларын тосқандай мектеп ауласындағы ағаштар да қызыл-сары жапырақтарын жамылып, сәнденіп тұр еді. Олар да өзара сыбырласа сөйлесіп тұрғандай еді.

- Келіңдер, келіңдер! –деп бүкіл орманға үйеңкі жар салады.

- Мектепке, мектепке! –деп сыбырлайды ақ қайың.


М.А. Панфилова «Мектеп ережесі»


Келесі күні біздің бірінші сынып оқушылары мектепке асықты. Олар өткен күнді еске түсіре отырып , мектеп баспалдағымен батыл жоғары көтерілді. Қоңырау соғылғанда, Кірпі барлық оқушылардың сабаққа дайын екендігін байқады. Барлық балалар өз үстелдерінің қасында тұрып, ұстаздарына езу тарта көңілді тұр еді.

- Сәлеметсіздер ме, мархабат, отырыңыздар! –деді Кірпі. –Бүгінгі сабағымызда біз мектеп ережелері туралы әңгімелесетін боламыз. Ережелер дегеніміз не, кім бізге айтады?

- Маған анам айтқан болатын, - деді Тиын баласы, - дұрыс тамақтанудың өзіндік ережесі бар. Мысалы біз тамақ ішіп жатқанда сөйлемеуіміз керек, әйтпесе ішіңе жел кіріп кетеді.

- Ал маған әкем айтқан, - деп әңгімені Бөлтірік жалғастырды, - бүкіл әлемде көп ережелер өмір сүреді. Дұрыс тамақтану ережесі, ойын ережелері, ормандағы, жолдағы, қонақтағы және тағы басқа жерлердегі тәртіп ережелері.

- "Ереже" –олай болса бәрін дұрыс істеу керек" –деп қорытындылады Қонжық.

- Өте жақсы! –деп мұғалім бәрін мақтады. – Ал осы ережелер бізге не үшін керек, ережелерсіз өмір сүруге бола ма?

- Мүмкін, болатын шығар, бірақ онда өз қателіктеріңнен үйренетін боларсың, - деп күлімдеді Бөлтірік. –Кешегі біз Тиын екеуіміз сияқты.

- Иә, жағымсыздықтар көп болады, -деп досымен келісті Тиын. –Ал мен жағымсыздықтарды онша ұнатпаймын.

- Жағымсыздықтарды ешкім де ұнатпайды, - деп құптады мұғалім. –Сол үшін де, яғни қалай жақсы өмір сүру керек, кімдермен дос болу керектігін білу үшін, ережелер пайда болған ғой.

- Сізде қалай әдемі өлең ұйқастары пайда болады? –деп таң қалды Көжек.

- Ал біз қазір бірге мектеп ережелері туралы өлеңдер құрастырамыз. Келісесіздер ме, балалар?

- Әрине, келісеміз! –деп бірауыздан жауап берді оқушылар.

- Мен ережелерді атаймын, ал сіздер одан өлеңдер құрастырасыздар. 

Бірінші ереже: Мектепте бәрі үлкендермен де, бір-бірімен де күле амандасады.

- Дайын! –деп қуанды Мыршай. –Мектепте «Сәлеметсіз бе?!» деп амандасады, Күлімдей қарап, жылы жүздерімен қарасады!

- Өте жақсы, Мыршай! 

Екінші ереже қиынырақ:

Қоңырауға дейін барлық сабаққа қажет құралдарды дайындап қою керек. Қоңырау соғылғанда, әр оқушы өз үстелінің қасында тұрып мұғалімді тосады.

- Мен құрастырып көрейінші? –деп өтінді Көжек.

- Қоңырауға дейін сыныпқа кір,

Құралдарыңды дайындап қой,

Қоңырау соғылғанда тізбекке тұр,

Мұғаліміңді тос берер саған білім мен ой!

- Жарайсың, Көжек! 

Үшінші ереже: Жаңалықты білу үшін және көп нәрсеге үйрену үшін, оқушылар мұғалімді ұқыпты тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындайды. Жолдасыңнан көмекті сирек немесе сыбырлап сұра, ал мұғалімнен бірдеңе сұрағың келсе тек қол көтеріп сұрайды.

- Бұл қиын екен! Білмеймін, менің құрастырғаным жарай ма екен?- деп күжілдеді Қонжық. 

Досыңды текке алаңдатпа,

Тыныштығын оның сақта.

Сабақ үстінде тыныштық,

Қолыңды көтер, айтарың болса бірақта.

- Өте жақсы, Қонжық! 

Төртінші ереже: Оқушы жауап беріп жатқанда, сыбырлап көмектесуге болмайды. Ол өзі дұрыс жауабын есіне түсірсін, өзі ойланып жауап беруге үйренсін.

- Бұл оп-оңай! –деп айғай салды Бөлтірік.

Сабақта жауап күтеміз,

Бірі білсе, бірі білмес. 

Жауап берер тек тегіс

Мұғалім атаған біреуіміз. 

- Тамаша! Сіздер нағыз ақындарша поэмалар ұйқастырасыздар ғой! Тағы көрейік пе?

Бесінші ереже, ол сіздерге бұрыннан таныс: қоңырау уақытында, жақсылап дем алу үшін және бір-біріңе кедергі жасамас үшін тыныш ойындар ойнаймыз. Сыныптағы үстелдер мен тақтаны келесі сабаққа дайындап қоюды да ұмытпаймыз.

- Енді менің кезегім! –деді Тиын.

Қоңырау міне соғылды,

Демалуға дайындал.

Одан кейін сабақ тағы бар,

Тыныш жүріп жақсы демал.

- Иә, өте тамаша! Сіздерге оқу оқып білім алу өте оңай әрі қызықты болады деп ойлаймын. Мынадай қиын тапсырмаларды тез орындап шықтыңдар ғой,- деп қуанды Кірпі. –Бұл бес ережені біз ешқашан ұмытпауымыз керек, бірақ бұдан да басқа ережелер бар, олармен кейінірек әлі де таныса жатармыз. Ал қазір бірінші үй тапсырмасы. Иә, мектепте оқу материалын жақсы түсіну үшін, мұғалімнің немесе ата-ананың көмегінсіз өз бетімен жұмыс істеу үшін үйге де тапсырма береді. Сонымен, тапсырма мынадай: үстел басында дұрыс отыру, жолдағы, қоғамдық көліктегі, қонақтағы және тағы басқа да орындардағы тәртіп ережелері туралы өлең шығарып келу. Сіздерге сәттілік тілеймін, балалар!

Ертегіден кейін балаларға мектепке бейімделу үшін ережелер туралы өлеңдер ұйқастыру жұмыстарымен тағы да жаттығып көруді ұсыныңыз. Балалар өлеңдерді ойдан шығарып жатқанда, ережелерді, олардың қайда қолданатындығын ойша бірнеше рет қайталайды. Бірінші сынып оқушылары ережелерді суреттермен де бейнелеп беруіне болады. Шығармашылық жұмыстар мектеп ережелерін орындату мен тәртіпті қалыптастыруда оң әсерін береді. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өтуі мүмкін, сондықтан әр оқушыдан «Сіз қандай мектеп құрар едіңіз?» деп сұрап, ойын бөлісуге шақыруға да болады. Оқушылардың жауабы арқылы олардың бейімделуі қалай өтіп жатқандығын білуге болады. Қорқыныш, тайқақсу, қысылу, күйзелу сияқты сезімдері бар ма, әлде оқуға деген қанағат сезімдері басым ба екенін білуге болады.

Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.



O:\Анаргуль Н. фото\20151209_112533.jpgO:\Анаргуль Н. фото\20151209_112527.jpg













Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.

1. Ұқсастықтары бойынша толықтыр.

Бірінші жұптағы сөздер өзара қалай мағыналық байланыста екенін ойланып, екінші жұпты толықтырып жаз.

Ағаш шеберінің құралы - балға, суретші құралы - ___________________

Тосап – тәтті, ал қыша - ___________________

Ұшқыш ұшақты басқарады, ал аспаз ________________

Қарындашпен сурет саламыз, ал жазамыз _______________________

Жазда жаңбыр, қыста - ___________________

2. Топтарға бөл.

Сөздерді үш-үштен топтарға бөліп жаз. Әр топтың атын жаз. Сөздердің неге олай топқа бөлінгенін түсіндір.

Үйрек, пияз, көйлек, шалқан, жейде, үкі, жапалақ, шомыр, шалбар.

3. Нүктелермен сурет сал

     Бұл тапсырмада нүктелерді рет-ретімен қосу арқылы бояуға болатын сурет шығатындай етіп қосу талап етіледі. Бұл жаттығу назар аудару, шыдамдылық, реттік санау сияқты ерекшеліктерін дамытады. Нүктелеріді тура және кері жалғауға болады. Нүктелерді кері тәртіпте біріктіру кезінде, тапсырма едәуір күрделене түседі.


4-сабақ

Мақсаты: балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезінуге жағдай жасау.

Сабақтың барысы.

Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу"

Мақсаты: топты қыздыру

1 минутта неғұрлым көп адаммен амандасу. Қолмен, мұрын ұшымен, тіземен және т. б.амандасуға болады.


Жаттығу"Сөйлемді аяқта".

Мақсаты: жұмысқа деген көңіл-күйлерін қалыптастыру.

Балалар жүргізуші айтқан сөйлемдерін аяқтайды: "Менің мектепке барғым келеді, өйткені...", "Мен мектепке барамын, үйрену үшін..." және т. б.


Жаттығу: "Ең үздік бірінші сынып оқушысы"


Мақсаты: өзінің жаңа мәртебесін сезінуі

Жаттығудың барысы: Психолог: Өткен сабақта біз сіздермен бірінші сынып аңдарымен танысқан болатынбыз. Ал енді елестетіп көріңізші, қыркүйектің жайма-шуақ таңында аңдар орман мектебіне келді. Көшеде жарқын күн сәулесі шуақ шашып, жел, күзгі ағаштың алтын жапырақтарымен ойнап тұр. Қоңырау әлі соғылған жоқ, аңдар өз парталарында өзара сөйлесіп отыр. Оларға мектепке барған өте ұнайды және әрқайсысы ең үздік бірінші сынып оқушысы болғысы келеді.

- Ендеше сіздермен аңдарға көмектесіп көрейік. Әрқайсыларыңыз бір аңның суретін ала отырып, өзіңіздің алған аңыңыз неге ең үздік бірінші сынып оқушысы болуы керек екенін түсіндіресіздер.


Жаттығу:" Мектепке не үшін барады"

Мақсаты: балаларға мектеп не үшін керек екенін түсіндіру.

Жаттығудың барысы: Психолог: "Көжек не үшін мектепке баратынын білмейді екен. Ол ойланып және терең толғанып отыр. Балалар, кел, көжекке көмектесейік! Егер оның айтқаны дұрыс болса қолдарыңды шапалақтатасыздар, ал егер дұрыс болмаса, аяқтарыңызбен топылдатасыздар.

Мектепке ойнауға барады.

Мектепке оқуға барады.

Мектепке парталас көршісімен сөйлесуге барады.

Мектепке достасуға барады.

Мектепке санап үйрену үшін барады.

Мектепке жазып үйрену үшін барады.

Мектепке оқу үшін барады.

Мектепке төбелесу үшін барады.

Мектепке сабақта жаңа бірдеңе үйрену үшін барады.

Мектепке сыныптастарына сыбырлап көмектесу үшін барады.

Мектепке жаңа көйлегімен мақтану үшін барады.

Мектепке мұғалімнің тапсырмаларын орындау үшін барады.

Психолог: "Сонымен, біз бүгін, мектепке оқу үшін, өмірде қажет болуы мүмкін көп пайдалы жаңалықтарды білу үшін, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап,тапсырмаларын орындау үшін, балалармен достасып, бір-біріне жылы қарым-қатынас орнату үшін баратындығын білдік.

Сурет "Мен мектептемін".

Мақсаты: диагностикалық тапсырма

Балалар өздерінің мектепте жүргендегі суретін салады. Жетекші оларға балаларды, мұғалімдерді, оқу пәндерін бейнелеуді ұмытпауларын үнемі еске салып отырады. Ашық жарқын түстерді пайдалануды, көңілді бөліктер: гүлдер, ойыншықтар немесе тағы басқа заттардың бейнелерін қосуды ұсынады.

Қара түстерді көбірек пайдаланып немесе жалғыз өзін бейнелесе, ол баланың мектепке қиындықпен бейімделіп жатқанын білдіреді.


Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


1. Сөз ішіндегі сөзді тап


Жаңа сөз пайда болатындай әр сөзден бір-бір әріптің астын сыз.


шарф

әзіл-қалжың

сәттілік

суыр

жолбарыс

спорт

найзағай

үгінділер


2.Шифрлаушы.

Шифрларды пайдалана отырып,осы сандармен жасырылған сөздерді тап.


А

Б

В

Г

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Л

М

Н

О

П

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Р

С

Т

У

Ф

Х

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

Ь

Э

Ю

Я

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33



1   15   1 -

1   32  -

6   5   6   15

17   1   18   20 1  -

19   16   14  -

19   1   20   29  -

26   29   15  29 -

8   1   9  -



3. " Пішінді қайтала "

Мұғалім қолының ауадағы қозғалысымен бір заттың пішінін бейнелейді.

Балаға ауада бейнеленген сол пішінді қолымен қайталауы талап етіледі. Жаттығу моторикалық жадын дамытуға көмектеседі.





D:\Анаргуль\фото школа\DSCN1095.JPGO:\Анаргуль Н. фото\20151209_112958.jpg















5-сабақ

Мақсаты: Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтарға және басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауға үйрету.

Сабақтың барысы:

Жаттығу: "Жел соғады..."

Мақсаты: бірінші сынып оқушыларының бір-бірінің әдеттерімен таныстыру.

Жаттығудың барысы:Психолог "Жел соғады..." деген сөздермен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар өзара бірін-бірі жақсы білу үшін, бір-біріне сұрақтар мынадай болуы мүмкін: "Жел соғады,кімнің шашы сары түсті",барлық сары түсті шашы бар оқушылар бір топқа жиналады. "Жел соғады, кімнің әпкесі бар", "кім жануарларды жақсы көреді", "кім ертегілерді көп көреді", "кімнің достары жоқ" және т. б. Жетекшіні өзгерте отырып, қатысушылардың әрбіріне сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет.

Жаттығу: "Мектепте маған не қажет?"

Мақсаты: оқу құралдарымен танысу

Жаттығудың барысы: Психолог оқушыларға мектепке қажет құрал-жабдықтар жөнінде жұмбақтар жасырады.

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.

(Қалам)


Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.

(Қарындаш)


Қабы сояу,

Дiнi – бояу.

(Түрлі-түсті қарындаш)


Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.

(Желiм)


Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.

(Дәптер)


Оқуыма төрешi,

Тоқуыма төрешi.

Парақтасам байқалар.

Бiлiмiмнiң өресi,

Онда және жазылған,

Кестем де бар келесi.

(Күнделiк)


Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.

(Сөмке)


"Ал енді айтыңызшы: оқушы мектепке немен барады? (Балалар жауап береді: сөмкемен) Дұрыс, сөмкемен. Ал оның сөмкесінде не бар? (Балалар жауап береді: қаламдар, қарындаштар, пеналдар, оқулықтар, өшіргіштер.) Өте жақсы! Ал мектепке дейінгі балалар балабақшаға өзімен бірге не алып барғысы келеді? (Балалар жауап береді: ойыншықтар, қуыршақтар, мәшинелер) Ал олай болса сөмке туралы ертегіні тыңдаңыздар.


М.А. Панфилова «Сөмкені жинақтау» ертегісі


Сабақтан кейін барлық оқушылар үй тапсырмасын орындап, өлең-ережелер құрастырды. Тиын өзінің дұрыс тамақтану ережелерін сурет альбомына сурет түрінде салғысы келді. Сурет өте сәтті шықты: түрлі-түсті қарындаштармен үстел басында отырған таза бірінші сынып оқушысын бейнеледі. Ол қолында қасықты дұрыс ұстап, шынтағын дұрыс қойып, сүлгіні дұрыс пайдаланып отырғаны да сәтті шықты. Оның ауызы жабық еді. Тиын өзі салған суретін біраз уақыт тамашалап отырды да, сөмкесіне сала салып, жүгіре басып ойнауға кетіп қалды...

Мектепте мұғалім үй тапсырмасын тексеріп жатқан. Балалар өз жауаптарымен мұғалімді қуантып салды. Тек қана Тиын әлі өз суретін көрсеткен жоқ. Ол өз сөмкесінен сурет салынған альбомын таба алмады.

Мүмкін сен өз ережеңді айтып берерсің, Тиын? — деп сұрады Кірпі.

Маған өзімнің суретімсіз өлеңімді еске түсіру қиынырақ болады. Қазір тауып аламын. Мен кеше салып едім ғой! — деп жыламсырады Тиын.

Жақсы, Тиынға бәріміз көмектесейік! — деп мұғалім балаларға ұсыныс берді.

Көжек пен Бөлтірік жоғалған затты тез табу үшін, сөмкедегі бар заттарды үстелдің үстіне шығара бастады. Тиынның сөмкесінде не жоқ дейсің?! Үстелдің үстінде жаңғақтар да, шыбықтар да, бантиктер де, гүлдер де, кәмпиттің қағаздары да, тіпті кепкен саңырауқұлақтар да бар еді. Кірпі мен оның оқушылары бұл байлыққа таң қала қарап тұрды.

О, міне, менің альбомым! — деп қатты қуанды Тиын.

Ал кәне, Тиын, не салғаныңды бәріне көрсет, — деп күлімдеді мұғалім.

Тиын өзінің шығармасымен, құрастырған өлеңімен мақтанып жатқан, бірақ ол күткендей болмады, ешкім оның көрсеткеніне таң қалған жоқ. Балалар әлі де сөмкеден шыққан «байлыққа» қарап тұр еді.

Сендер неге бұлай қарап тұрсыңдар? — деді Тиын жолдастарына.

Осының бәрі сенің мектеп сөмкесіне қалай сыйып кеткен? — деп сұрады Қонжық.

Маған анам сөмкемнің ішінен бірнеше қалта тігіп берген, сондықтан осының бәрі ішіне оңай сыйып кетті! — деп Тиын әрі қарай мақтана түсті.

Иә, сенің анаң жақсы еңбектенген екен, қызының мектепке апаратын оқу құралдары сыйып кету үшін, қалам бір қалташаға, дәптерлер бір қалтасында, кітаптар бір қалтада ... — деп Кірпі оқушысына түсіндіргісі келді.

Оларды не үшін олай салу керек? Басқаша салуға да болады, мысалы: оқу құралдары бір қалтада, бір қалтасында жаңғақтар, бір қалтасына кәмпиттер салуға ыңғайлы ғой... — деп Тиын да өзінікін дұрыс деп болмады.

Әрине, олай да салуға болады, бірақ сенің жоғалған альбомыңды іздейміз деп қаншама уақытымыз зая кетті ғой?! — деп қарсылық білдірді Кірпі.

Тиын ойланып қалды. Ал Кірпі бүкіл сыныпқа қарап:

Балалар, сабаққа ыңғайлы болу үшін, сіздер сөмкелеріңізді қалай жинастырасыздар?

Мен дәптерлерім мен оқулықтарымды бірге саламын, — деп тәжірибесімен бөлісті Бөлтірік.

Ал оны сөмкеге салған кезде немесе сөмкеңнен алған кезде, дәптерлерің майысып қалатын шығар?! — деп тұспалдады мұғалім.

Иә, майысып қалады, — деп растады Бөлтірік.

Ал мен әр оқу құралын жеке-жеке саламын. Қаламдарым бір қалтасында, дәптерлерім бір қалтасында, оқулықтарым бір қалтасында, жеке-жеке жатқандай қылып жинастырған ыңғайлы, — деді Көжек.

Бұл дұрыс, — деп оны мақтады мұғалім. — Бізге оқу құралдары ұзақ уақыт ұстауға қажет болатындықтан, оларды таза, ұқыпты және күтіп ұстауымыз керек.

Оларды қалай күтеміз? Олар жанды емес қой! — деп таң қалды Тиын.

Дұрыс ұқыпты пайдаланып, сыртын тыстап, уақытында желімдеп, жанды денелердей күтіп ұстасаңыз, олар да сізге ұзақ уақыт адал қызмет етеді. Ал егер біз өз заттарымызға ұқыпсыз қарасақ, «Федордың қайғысы» ертегісіндегі ыдыс-аяқтардай қашып кетуі мүмкін.

Балалар ішек-сілесі қата күлді де, бірақ аздан соң өз сөмкелеріне уайыммен қарап қалды.

Мен өз сөмкемнің қашып кеткенін қаламаймын! — деді бір кезде Мыршай.

Мен де қаламаймын! — деп балалардың бәрі сыбырлады.

Олай болса біз өз сөмкелерімізді күтіп ұстаймыз, артық керексіз заттармен ішін толтыра бермейміз, — деп сөзін аяқтады мұғалім.

Қоңырау уақытында әр оқушы өз сөмкесін қайта қарап, майысқан дәптерлерін түзетіп, қарындаштарын ұштап, әрқайсысын жеке қалташаларға жинастыра бөліп қойды.


Жаттығу "Мен сөмкеме саламын"


Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту, мектепке қажет құрал-жабдықтар жөніндегі білімдерін бекіту.

Жаттығу барысы. Балалар отырады немесе шеңбер құрып тұрады. Бірінші бала: "Мен сөмкеме саламын ..." — дейді де, мектепке қажетті бір құралдың атын айтады. Келесі бала да: «Мен сөмкеме саламын...» -дейді де, өз құралын қосады.


D:\Анаргуль\фото школа\DSCN0971.JPGD:\Анаргуль\фото школа\DSCN1012.JPG











Жаттығу: "Төртінші артық"

Мақсаты: сөмкеде не болу керек екенін ұқтыру.

Жаттығудың барысы. Психолог төрт зат салынған суреттерді көрсете отырып, қайсылары мектепке қажет құрал, ал біреуі қажетсіз артық зат екенін айтуларын сұрайды. Балалар ол төртінші зат неге артық екенін түсіндіреді.

Психолог: "Рахмет! Енді біз сөмке жайында және онда мектепке қажет қандай құрал-жабдықтар болу керек екені жөнінде білеміз".

Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнеміөсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


1. Бір сөзді басқа бір сөзге айналдыр.
Жаңа басқа сөз шығатындай сөздегі бір әріптің орнын ауыстыр. (жануардың аты).

кесе

сүт

қысым

нота

қамал

саты

ішік

азат



2. Сөзді қой

Сөздер мен сандар қатарын оқып шығып, қалып қойған сөздер мен сандарды орнына жаз.

Таңертең, күн, түн, ____________

Бір, екі, үш, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, ____________

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, ____________

Күз, қыс, жаз, _______________

I, II, III, IV, V, VII, VIII, IX, X,  ____________

11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20,  ______________

10, 9, 8, 6, 5, 4, 3, 2, 1, ___________


3. «Нүктелермен сурет сал».


6-сабақ

Мақсаты: Сабақтың жалпы жағымды атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмысқа қатыстыру.

Сабақтың барысы:

Жаттығу «Ауадағы би кеші»


Мақсаты: топты жандандыру

Жаттығу барысы. Психолог балаларға бірі құсқа, бірі көбелекке, бірі инелікке айналуын сұрайды. Ауада қалықтап билейді, ұшады, айналады, жоғары секіреді. Бәрі өздерін жеңіл сезініп, күледі, қуанады.


Жаттығу «Шарлармен жаттығу жасау»


Мақсаты: топтың ұжымдасуы.

Қажетті құралдар: топтағы балалар санымен тең және артық мөлшердегі шарлар, көңілді ән үзінділері.

Жаттығудың барысы:

  1. Қатысушылар өздеріне шар таңдап алып, оны үрлейді. Бәрі шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне теріс қарап бұрылады. Шарлар қатысушылардың бүйірлерінде қолсыз қыстырылып тұрады. Ол үшін балалар бір-біріне өте жақын тұруы керек. Жүргізушінің белгісімен көңілді ән басталады да, ойынға қатысушылар шеңбер бойымен қозғала бастайды. Қозғалған кезде ортада қыстырылып тұрған шарларды түсіріп алмау керек. Қолмен көмектесуге болмайды. Ойын басталар алдында жүргізуші қатысушылармен бірге қандай шапшаңдықпен қозғалу керектігін алдын-ала келісіп алуы керек. Бес түрлі қозғалыс шапшаңдығын алуға болады. Мысалы бірінші дегенде қатысушылар баяу қозғалса, бесінші дегенде жылдам қозғала бастайды. Қозғалыс шапшаңдығын араластырып отырады. Келесі қозғалыс түрі кері бағытта жүру үшін бәрі кері бұрылады, бірақ шарды түсіріп алмау керек. Жаттығу кері бағытта қайта жалғасады.

  2. Барлық шарларды алып тастап бір ғана шар қалдырылады. Ол шарды бір-біріне беру керек, бірақ қолмен емес, баспен, аяқпен, шынтақпен тіземен немесе иекпен және т.б. ғана береді. Жетекшінің белгі беруімен жаттығу басталады.


Жаттығу «Кімде..., орын ауыстырып отырыңдар»


Мақсаты: ойын топтың ұжымдасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ топқа қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылау арқылы бірінші реттік психодиагностиканы өткізуге көмектеседі, жалпы атмосфераға сабақтың жалпы атмосфералық қолайлылығын тудырады.
Жаттығудың барысы. Қатысушылар шеңбер құрып отырады, ал жетекші ортада тұрады, себебі оның отыруына артық орындық жоқ. Ол жүргізуші. Жүргізуші кімдер орын ауыстыратындығын айтып отырады. Мысалы: «Кімде ...,бар, орын ауыстырып отырыңдар» дейді де көбіне ортақ қасиет, киім немесе тағы басқа заттарды атайды. Мысалы: «Кімде ақшыл түсті шаштары барлар орын ауыстырып отырыңдар», «кім бүгін таңғы ас ішті», «кім мектепте оқиды». Қатысушылар орын ауыстырып жатқан кезде, жүргізуші бос орындардың біріне отыра қояды, нәтижесінде кімге орындық жетпей қалса, сол ортаға шығып, жүргізуші болады, ойын осылайша жалғаса береді. .

Жаттығу «Не өзгерді?»


Мақсаты: ойын байқау мен есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, бұдан басқа, қатысушылардың өзіне және басқаларға зер сала қарап салыстыруға үйретеді. Бұл бір-біріне үйірсектік сезімдерінің дамуына, топтың ұйымшылдығына және ондағы өзінің бекуіне ықпал етеді.

Жаттығудың барысы: Топ бір-біріне қарама-қарсы келетіндей екі қатарға тұрады. Әрқайсысы өзіне қарама-қарсы тұрған құрбысының басынан-аяғына дейін зер сала қарап шығады да, ойша суретін салып, есінде сақтайды(1 мин). Келесі ретте бір-біріне теріс қарап бұрылады. Әрқайсысы құрбысына көрсетпей үстіндегі бір затты немесе келбетін өзгертеді. Мысалы: бір сырғасын шешу, мойынтағын, ленталарын шешеді, жүзік, білезік не сағаттарын басқа қолға тағу т.б. (30 сек).
Ал енді қайта бұрылып бір-біріне қарама-қарсы тұрған кезде құрбысының сыртқы келбетінде не үстінде не өзгергенін зер сала қарап тауып алуы керек.

Жаттығу «Мен үшін маңызды не


Мақсаты: ойын топ мүшелерінің бір-бірімен араласуына, әр оқушы өзін басқаларға көрсете алуына, топтың ұйымшылдығына ықпал етеді.

Жаттығудың барысы:Көз алдарыңызға елестетіңіздер, сіздер демалыс уақытында дем алу үшін бір жан баспаған аралға ұзақ уақытқа кеттіңіз делік.Сіз жолға қамдану үшін шабаданыңызға ең маңызды деген үш-ақ затты сала алар едіңіз.Сіз не алар едіңіз? Бес минут жақсылап ойланып алыңыз да, сол үш затты атаңыз. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оны түсіндіре талдау қажет. Үш затты таңдау қиын болды ма? Оқушылардың арасында бірдей заттарды таңдаған жауаптар болды ма?

D:\Анаргуль\фото школа\DSCN1109.JPGD:\Анаргуль\фото школа\DSCN1074.JPG




Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.



  1. Ретін қалпына келтір”.


Сандық қатардағы реттік тәртіпті қалпына келтір. Оқушылар қолдарына сандар жазылған үлестірмелерді алып бір қатарға тұрады.


  1. «Нүктелермен сурет сал».


  1. "Сөзді тап - 1"


Тақтада немесе ақ қағазға жазылған сөздердің ішіне жасырылған басқа сөзді тауып алу керек. Мысалы: күлкі, қасқыр, баған, шаш, қармақ, бор, жол, өзен, көмір, қорап, қалам, жиынтық, отан, ағаш т.б.



 "Сөзді тап - 2"

Балаға ішінде бірнеше сөз жасырылған әріптердің тізбегі беріледі. Бала ол сөздерді тауып алып, астын сызу керек. Бкүнлнцеитранвпартаорюджиметокноггщищщашатмашинаро


7-сабақ


Мақсаты: оқушылардың оқу ынтымақтастығы жөніндегі дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Сабақтың барысы:

Жаттығу «Амандасайық»

Мақсаты: Қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату. Қол алысу – ашықтық пен ізгі ниеттің шартты белгісі. Бұл орайда, көзбен қарым-қатынастың болуы, жақын тартудың туындауына және жағымды ішкі әсердің пайда болуы үлкен маңызды рөл атқарады. Бұл іс-әрекет сөзсіз өрбитіндіктен, топ мүшелерінің назарының концентрациясын арттырады және іс-қимылға ғажап сонылық береді.

Жаттығудың барысы: Психолог бір-бірімен қол алысып амандасуға ұсыныс береді, бірақ ерекше түрде болуын қалайды.Екі қолмен екі бірдей қатысушымен бір мезгілде амандасады, яғни қол жұмыссыз болмауы керек. Үшінші біреу амандасқысы келгенше қолды босатпайды және бұл іс-әрекеттерді үн-түнсіз жасау керек. Тапсырма –осылайша топ мүшелерінің бәрімен амандасып шығу керек. Ойын барысында ешкім де сөйлемейді.


Жаттығу «Шариктер»


Мақсаты: топтастыру, қатысушылардың арасындағы кеңістіктік кедергілерді жою. 

Жаттығудың барысы. Қатысушылар үш-үштен топтасып мынадай тапсырма алады: үш ауа шарын алып тез үрлеу керек, одан кейін өзара араларына қойып қатты қысу арқылы тез жару міндеті қойылады. Шарды жарған кезде өткір заттарды немесе тырнақтарын, киім бөлшектерін қолдануға болмайды.


Жаттығу «Пингвиндер»


Мақсаты: Ұжымдық топтасу

Жаттығудың барысы: Пингвиндер топтасып өмір сүреді, қыстың қатты суықтары мен борандарында бір жерге ұйлығып, бірін-бірі қорғаштау арқылы жан сақтайды. Сол ұйлыққан топтың ортасы әрқашанда жылы, ал шет жақтары салқын болады, бірақ табиғаттың қатал мінезін бәрі аман-есен көтеріп шығады. Олар мұны қалай істейді? Сіздер қазір пингвиндердің тобы боласыздар. Сіздердің міндеттеріңіз суықтан үсіп қалмау. «Басталды» деген белгі берілген кезде бәрі бөлменің ішінде қыдырып жүреді де, «Боран» белгісі берілген кезде ұйлығып бір топқа жинала қояды.

Кеңес: Сыртқы шеңберде тұрған пингвиндер тоңа бастағанда ортаға қарай ұмтылады да, іште тұрғандар сыртқа қарай қозғалып, ауысып отырады.


Жаттығу «Пішін қалыптастыру»


Мақсаты: балаларды топпен жұмыс істеуге үйрету, топ мүшелерінің өзіндік жеке мүмкіндіктерін бағалауына, топпен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне қолайлы жағдай туғызу.

Жаттығудың барысы:топ бірнеше топшаларға бөлінеді (2-5 адамнан). Әр топ түрлі-түсті геометриялық фигуралары бар конверттер және нұсқаулықтар алады. Нұсқаулық: «Сіздердің орындайтын тапсырмаларыңыз үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен әр топ қандай түсті геометриялық фигура салатындығын анықтап алады. Сол түсті фигура салу үшін қажетті барлық бөлшектерді басқа топтармен өзара алмасу арқылы жинастырып алады.Үшінші кезеңде сол жинастырған бөлшектерден толық бір фигура жасап шығарады.

Қай топ бәрінен бұрын орындаса, сол топ жеңімпаз болып табылады».

Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


D:\Анаргуль\фото школа\DSCN1084.JPGD:\Анаргуль\фото школа\DSCN1147.JPG












Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.




Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


  1.  «Ортақ атауын тап»


Мақсаты: жалпы білімдерін жинақтап дамыту.

Жұмыстың барысы: Сөздер тобына ортақ атауын тауып қой.


Үй шәркесі, қысқы етік, ескі пима _____________________________________________


Шырынды алма, жабайы алмұрт, мароккалық апельсиндер ________________________________________


Балқарағай, күміс шырша, қйың

___________________________


Сіркіреме жаңбыр, шағанқар, ірібұршақ _______________________________________________


Ангоралық мысық, неміс овчаркасы, ақ қой _____________________________________________


  1. 8 сөз шығатындай етіп, сөздердің бөліктерін қос.


тас


мұрт

су

ертең

Ал

тер

ең

кей

таң

бақа

дәп

ық

шәр

бек

қай

рет


  1. «Нүктелерді қосып сурет сал».


8-сабақ


Мақсаты: ұжымның топтасуы, бір «сынып» болып біріккен оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын қалыптастыру.

Сабақтың барысы.

Жаттығу «Мейірімді есім»

Мақсаты:қолайлы эмоционалдық атмосфера қалыптастыру.

Жаттығу барысы. Әр балаға оң жақтағы көршісінің есімін мейірімді сөздермен айту ұсынылады, ал оған көршісі «рахмет» деп жауап беруі тиіс. Осылайша шеңбер бойынша бәрі бірін-бірі мейіріммен атап шығады.


Жаттығу «Жұлдыз құрт»


Мақсаты: Ойын өзара сенімділікке баулиды.

Жаттығу барысы. Көбінесе әріптестерімізді көрмейміз, бірақ естиміз. Барлық істің нәтижелілігі өз мүмкіндіктерін басқа қатысушылардың мүмкіндіктерімен үйлестіре күш жұмсауында болуы мүмкін. «Балалар, бәріміз қазір үлкен бір жұлдыз құрт боламыз да осы бөлменің ішінде қозғалып жүреміз. Бәрің бір тізбекке тұрып, қолдарыңызды алда тұрған құрбыларыңның иығына қойыңыздар. Араларыңызға, яғни біріңіздің іш тұстарыңыз бен арқаларыңызға шар немесе доп қойып қысып ұстап жүреміз. Шар немесе допты қолмен ұстауға болмайды. Тізбекте бірінші тұрған қатысушы өз шарын немесе добын алға қарай созып ұстап тұрады. Осылайша бір ұзын тізбек болып, бірақ қолдың көмегінсіз, бір айналып шығуымыз керек. Бақылаушыларға: лидерлердің, яғни «тірі жұлдызқұрттың» қозғалысын реттеп отыратын балалардың орналасуына көңіл бөліңіздер.


Жаттығу «Оқушының портреті»


Мақсаты: алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтап бекіту.

Жаттығу барысы. Психолог «Оқушы болу дегеніміз не екенін кім айтып береді? Ол үшін не істеу керек? Сендер қандай ақылдысыңдар. Сендер қалай көп білесіңдер! Тағы айтар болсақ нағыз оқушы болу дегеніміз – өз құрбыларыңмен дос болу, оларға барлық жақтан көмек беру.


Жаттығу «Аяқ жол»


Мақсаты: балалардың арасында жылы қарым-қатынас орнату, моторикалық координацияны дамыту.

Жаттығу барысы. Психолог. «Сіздерге мынадай ойын ұсынамын. Барлықтарың ... (белсенді және тез тапқыш бір оқушыны мұғалім жүргізуші қылып өзі таңдап алады) сыртынан теріс қарап тізіліп тұрыңдар. Ойынға қатысушылар сол теріс қараған күйі алдыңғы жетекшінің артынан ойша құрылған аяқ жолмен жыланша ілесіп жүреді. Ойша құрылған кедергілерден де сол теріс қараған күйінде өтуі керек. Ойша құрылған кедергілерді психолог өзі айтып отырады. Мысалы: ойша құрылған орлардан секіріп өту, қалғандары соны қайталайды. Қолмен шапалақтап белгі берілген кезде жетекші жыланның соңына барады да, одан кейін тұрған бала алға бұрылып, әрі қарай қозғалысты бастап кетеді т.с.с.». Бұл ойында барлық қатысушылар жетекші рөлінде болып көруі керек. Ойынды әннің сүйемелдеуінде өткізген өте жақсы.


Жаттығу «Біздің сынып – бұл бәріміз!»


Мақсаты: оқушылар бойында бір сыныптастар ретіндегі ұйымшылдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, тайқақсу, мектептен қорқу сияқты сезімдерді жою.

Жаттығу барысы: Психолог. Қараңыздар бәріміз бірге бір сынып болып саналамыз. Біз әртүрліміз. Әрқайсыларымыздың өзіндік дағдыларымыз, әуесқойлықтарымыз бар, бірақ бәріміз бірігіп бір тұтас боламыз. Гүлдің әр күлтешелері сияқты. Олай болса, қазір әрқайсыларыңыз өз күлтешелеріңізді қиып, аттарыңызды айтып маған келесіздер де, бәріміз күлтешелерді жинап, қосылып үлкен бір гүл жасаймыз. Байқаңдаршы, қандай әдемі гүл пайда болды. Біздің сынып міне қандай – бұл бәріміз!


Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығулар барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Барысы жаттығулар:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайшаөтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


9-сабақ


Мақсаты: үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, психикалық тонусын, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Сабақтың барысы.

Жаттығу: «Тамшылар».

Мақсаты: психогимнастикалық жаттығу

Жаттығу барысы:Жаттығу әннің сүйемелдеуімен жүргізіледі. Психолог: «Қараңдаршы, аспаннан бір нәрсе құлап келеді. Сол қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Оң қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Алақандарыңызбен жаңбырдың тамшыларын ұстап алыңыздар. Жоғары созылыңыздар. Терең дем алыңыздар. Қолдарыңызды төмен түсіріңіздер. Су тамшысын сілкілеңдер. Терең тыныс шығарыңдар. Тағы қайталаймыз».


Жаттығу «Көңіл-күйімді тап».


Мақсаты:балаларды адамдардың көңіл-күйін танып білуге үйрету.


Жаттығу барысы. Психолог әртүрлі көңіл-күйдегі адамдардың суреттерін көрсетеді, ал балалар суреттегі кейіпкердің көңіл-күйін тауып алуы керек.


Жаттығу «Көңіл-күйді бейнеле»


Мақсаты: көңіл-күй түрлері жөніндегі білімдерін бекіту.

Жаттығу барысы. Қатысушылар үлестірмелерді кезектесіп алады да, онда пиктограммалар көмегімен бейнеленген көңіл-күй бейнелерін басқаларға өзі істеп көрсетеді. Бала өз эмоциясын көрсетеді. Басқалары оның қандай көңіл-күйді бейнелеп тұрғанын табады.


Жаттығу «Хрустальді саяхат»


Мақсаты. Релаксация

Жаттығу барысы. Психолог. Өздеріңе ыңғайлы отырып алып, көздеріңізді жұмыңыздар да, тыншыңыздар. Ойша көз алдарыңа мынаны елестетіп көріңіздер. Сіз көктемгі алма бағына кіріп келесіз, ақшыл-қызғылт гүлдердің жұпарына терң дем алып, рахаттана жалғыз аяқ жолмен баяу қозғалудасыз. Жіңішке аяқ жолмен бір қақпаның алдына келіп тоқтадыңыз, баяу ашып жұпар иісті жап-жасыл алаңқайға тап болдыңыз. Жұмсақ шөп ақырын ғана теңселіп тұр, жәндіктердің ызыңдаған дыбыстары естіледі, баяу жел бетіңізден өбіп, шашыңыздан ақырын ғана сипайды.... Алдыңызда көл .... Суы күмістей таза, әрі мөп-мөлдір, бетінде күн сәулелері бірін-бірі қуалап ойнап жүр. Сіз баяу ғана аралға қарай келе жатырсыз, көл бұлақшаларын жағалап келіп, сарқырамаға келіп тоқтадыңыз.... Сіз сарқырамаға кірдіңіз, жарқыраған су ағындары сізді тазалауда, сізге күш-қуат пен энергия беруде.... Сарқырама сыртында жарық үңгір, тыныш әрі жайлы, сіз өзіңізбен-өзіңіз жалғыз отырып демалудасыз. Ал енді кері қайту керек. Ойша жаңағы жүріп өткен жолды кері бағытта тағы бір жүріп өтіп, алма бағынан шыққанда ғана көзіңізді ашыңыз.


Жаттығу «Көңіл-күй түстері»


Жаттығу барысы. Психолог адамның көңіл-күй түрлері белгілі бір түске сәйкес келуі мүмкін:

  • қызыл түс - сүйсінуге сәйкес келеді;

  • қызғылт сары –қуаныш, көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді;

  • сары – ашық, жағымды көңіл-күйге сай;

  • жасыл – тыныш, сабырлы жағдай;

  • көк – уайым, сенімсіздік жағдай;

  • күлгін – үрейлі жағдай;

  • қара – құлазу, қайғыруға сай;

  • ақ – қорқыныш.

Әрі қарай балалар мимикамен көңіл-күй түстерін бейнелейді.


Жаттығу «Менің мектептегі көңіл-күйім»


Мақсаты: баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі уайымы және оқу мотивациясының деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар.

Жаттығу барысы.Психолог балаларға «Менің мектептегі көңіл-күйім» деген тақырыпта сурет салуларын ұсынады. Салып болған соң оқушылар, өздерінің қандай көңіл-күйді бейнелегендіктерін айтып береді. Суреттер бойынша көрме ұйымдастырылады.


Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.


Барысы жаттығулар:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


10-сабақ

Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.

Сабақтың барысы:

Жаттығу «Майшам»

Мақсаты: сәлемдесу, ұжымдық топтасу.

Жаттығу барысы: Тыныш қана әуен ойнап тұрады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Психолог майшам жағады. Психолог: Қайырлы күн, балалар! Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Кәне бір-бірімізге өзгеше сәлем беріп амандасайық! Қазір әрқайсыларыңыз жылу шашқан майшамды бір-бірлеріңізге кезекпен бересіздер. Майшамды оң жақтағы көршіңізге бере отырып, «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын!» деген сөздермен жүрек жылуларыңызды бір-бірлеріңізге білдіріңіздер.


Жаттығу «Бірінші сынып оқушысына арналған сиқырлы жастық»

Мақсаты: өзін-өзі бағалауын көтеру.

Жаттығу барысы. Психолог. Мен сиқырлы жастық әкелдім. Әрқайсыларыңыз сол жастықтың үстіне отырып, бірінші сыныпқа барғаннан бастап өмірлеріңізде қандай өзгеріс болғанын айтасыздар. Жастықтың үстінде отырған оқушы өз әңгімесін: «Мен енді бірінші сынып оқушысымын, енді менде...». Басқалары ұйып тыңдайды.


Жаттығу «Бірінші сынып оқушыларының аралы»

Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Жаттығу барысы: Психолог. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Ойша күздің жаймашуақ күнін елестетіңіздер. Сіз әдемі желкенді қайықпен жүзіп келе жатырсыз. Толқындар қайықты оңға, солға жай ғана тербетеді. Бір кезде көкжиектен арал көзге шалынды. Сіз аралға жүзіп келіп тоқтадыңыз да, аралдың үлкен екенін, онда жайқалған көп шөп пен ағаштар барын байқадыңыз. Бірақ арал жан баспаған екен. Қазір біз осы жан баспаған аралдан, бірінші сынып оқушыларының әдемі аралын жасаймыз. Елестеттіңіздер ме? Көздеріңізді ашып тақтада салынған аралға қараңыздар. Тақтадағы арал сіздер елестеткен аралға ұқсай ма? Жоқ. Олай болса тақтадағы сиқысыз аралдан, сіздер елестеткен әдемі бірінші сынып оқушыларының аралын бірлесе жасайық.


Жаттығу «Тамаша бақша»

Мақсаты: арт-терапия, жаттығу өзін сезініп түсінуге көмектеседі, өзі өзі болып өз ойын және өзіндік сезімін еркін жеткізе білуге, әркімнің өз алдына өзгеше екенін ұғынуға, өз орнын көре білуге, бұл өмірдің алуан түрлілігін ұғынып, сол әдемі өмірдің бір бөлшегі ретінде сезінуге көмектеседі.

Жаттығу барысы: қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші жайбарақат отырып, көзді жұмып, өзін гүл ретінде елестетуді ұсынады. Сен қандай гүл болар едің? Жапырақтары қандай, сабағы қандай, тікенді ме? Биік пе, аласа ма? Ашық түсті ме әлде онша емес пе? Бәрін көз алдыңа елестетіп болсаңыздар, сол гүлдің суретін салыңыздар. Бәріне түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаздар таратылып беріледі.

Әрі қарай қатысушыларға өз гүлдерін қиып алу ұсынылады. Әрі қарай қиған гүлдерін аралға апарып жабыстырады. Сол арқылы аралда әдемі гүлдер бақшасын жасайды.

Сол «Тамаша бақшаға» тамсана қарап, әдемі көріністі естерінде сақтауға кеңес беріледі, сонда ғана әдемі көрініс өзінің жағымды энергиясын береді. Байқасаңыздар, гүлдер көп болса да, бәріне орын жетті, себебі әркім өзіне ұнаған жерге ғана гүлдерін орналастырған болатын. Қарасаңыз, сіздің гүліңізге ұқсамайтын басқа да көп гүлдердің ортасында сіздің де гүліңіз өсіп келеді. Бірақ, бірінің түсінен, бірінің көлемі мен пішінінен немесе жапырақтарының пішінінен ұқсастықтарды да байқауға болады.


Жаттығу «От»

Мақсаты: қысылуды алып тастау, көңіл-күйді білдіру.

Жаттығудың барысы: Психолог: Міне біздің де арал жанданып, көңілді бола бастады. Балалар, көңіл-күйлеріңізді сөзбен немесе сөзсіз де жеткізуге болады. Кәне өз көңіл-күйлерімізді әр түрлі фигуралардың пішіндерін қозғалыспен салу арқылы білдірейік. «От» деген кезде бәріміз көңілді әуенге ілесіп билейміз, секіреміз, ал “1,2,3-қатып қал!” деген белгі берілгенде сіздер өз көңіл-күйлеріңізді білдіретін фигураның пішінін келтіретін бейнеде қатып қаласыздар (балалар көңілді әуенмен билейді де, белгі берілгенде фигураларды келтіреді)


Жаттығу «Күн сәулелері»

Мақсаты:топтың ұйымшылдығы.

Жаттығу барысы: Психолог. Өзіміздің аралға қайтып оралайық. Арал үстінде күн жарқырап тұр, бірақ жылытпайды, себебі сәулелері жоқ. Ал жер бетіндегі барлық тіршілікке, гүлдерге де күн сәулесі мен көңіл бөлу өте қажет. Олай болса, жылуын кімге арнағыларыңыз келсе, соған бағытталған күн сәулелерін салайық. Өзіңіз салған күн сәулелерін кімге арнайтындықтарыңызды атын айтып атайсыздар. (Балалар күн сәулелерін салып, өздерінің достарының атын атайды)


Жаттығу «Көбелектің ұшуы»

Мақсаты: релаксация, эмоционалдық диагностика

Жаттығу барысы: Психолог. Біздің гүлдерімізге күн сәулелері шуақ шашуда, жылуын төгуде, олай болса көңіл-күйлеріңіз жақсы болуы тиіс. Аздап тыншып демалып алуға болады.

(Табиғи дауыстар, теңіздің толқындарының дауысы, шағалалардың қиқулаған дауысын келтіретін релаксациялық әуен естіледі)

Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі терең дем алыңыз... Тыныш. Көз алдарыңызға ойша елестетіңіз: күздің жаймашуақ күнінде шалғын үстінде жатырсыз. Дәл алдыңызда бір гүлден бір гүлге ұшып қонып жүрген әдемі көбелекті көрдіңіз...

Көбелектің қанаттарының қозғалысына зер сала қараңыз. Қанаттарының қозғалысы қандай әдемі, қандай сұлу. Енді әрқайсыларыңыз өздеріңізді сол көбелектің орнында елестетіп көріңіз. Сіздің қанатыңыз үлкен әрі әдемі... Сіз қанатыңыздың баяу және бірқалыпты жоғары-төмен, жоғары-төмен қалықтағанын сезініңіз...

Ауада баяу және бірқалыпты қалықтау сезімімен рахаттаныңыз. Ал енді өзіңіз ұшып бара жатқан төмендегі шұбар шалғынға көз тастаңыз. Әдемі, ашық гүлдердің көптігіне көңіл бөліңіз... Көзіңізбен өзіңіздің гүліңізді тауып алып, баяу ғана оған жақындаңыз. Жақындаған сайын өз гүліңіздің иісін де анық сезіне бастайсыз. Баяу және бірқалыпты гүлдің жұмсақ, жұпар иісті дәл ортасына қондыңыз... Өз гүліңізге бір қарап, маңайындағы басқа гүлдерге бір қарайсыз...Өз гүліңіздің жұпар иісімен терең бір тыныс алыңыз..., көз алдыңызға көбелектің түсін елестетіп, көзіңізді ашыңыз. Үстел үстінде түрлі-түсті көбелектер жатыр. Өз көңіл-күйіңізге лайық түстегі көбелекті таңдап алып, біздің тамаша аралымызға апарып жабыстырыңыз. (Әрқайсысы бір көбелекті таңдап алып, тақтадағы суретке апарып жабыстырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Баяу ән ойнап тұрады.)


Жаттығу «Жүректеріміздің жылуы»

Мақсаты: аяқтау жаттығуы.

Жаттығудың барысы:Психолог: бір-бірлеріңізге оң қол алақаны төмен қаратып, сол қол алақанын жоғары қарата тигізе отырып, жүрек жылуларыңызды сақтаңыздар. Сабақ барысындағы еңбектеріңіз үшін шын алғысымды білдіремін. Өзіміз үшін қол соғып қояйық.

(Балалар оң қол алақандарымен көршісінің сол қол алақанын шапалақтап ұрады да, барлығы бірін-бірі иықтарымен құшақтап тығыз бір шеңберге біріге қалады).



D:\Анаргуль\фото школа\DSCN1023.JPG
















Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Ред. Пилипко Н.В. «Здравствуй, школа! Адаптационные занятия с первоклассниками», Москва, УЦ «Перспектива», 2008 г.

  2. Пилипко Н.В. Приглашение в мир общения. Программа по психологии общения для учащихся начальной школы. М., УЦ «Перспектива», 2000 г. 1.Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. – М.:ТЦ Сфера, 2005. – 240с.

  3. Семенака С.И.Социально – психологическая адаптация ребенка в обществе. – М.: АРКТИКА,2006. -72с.

  4. Коноваленко С.В. Как подготовить ребенка к школе: психологические тесты и упражнения. – М.: Изд-во Эксмо, 2003 – 192с.

  5. Истратова О.Н. Психологическое тестирование детей от рождения до 10 лет. Ростов –на-Дону.: Феникс, 2011 - 317с.

  6. Ховрина Г.Б. Психологические особенности коррекционной работы с детьми, не готовыми к обучению в школе. – М.: Педагогический университет «Первое сентября», 2006г.

  7. Глазунов Д.А.Психология Развивающие занятия 1 класс, М 2008

  8. Хухлаева О.В. Школьная психологическая служба, М,2008

  9. Афонькин C. Ю.. Учимся мыслить логически. Увлекательные задачи для развития логического мышления. СПб.: Издательский дом «Литера», 2002.

  10. Безруких М.М., Ефимова CJJ., Князева М.Г. Как подготовить ребенка к школе и по какой программе лучше учиться. М., 1993.

  11. Гельфан ЕМ. Игры и упражнения для маленьких и больших. М., 1961.

  12. Гилъбух Ю.З. Темперамент и познавательные способности школьников. Киев, 1993.

  13. Готовность детей к школе. Диагностика психического развития и коррекция его неблагоприятных вариантов / Отв. ред. В.И. Слободчиков. Томск, 1992.

  14. Минский ЕМ. Игры и развлечения в группе продленного дня. Пособие для учителя. М., 1985.

  15. Зак А.З. Занимательные игры для развития интеллекта у детей 5-12 лет. М., 1994.

  16. Заика Е.В. Комплекс интеллектуальных игр для развития мышления учащихся // Вопросы психологии, 1990, № 6.

  17. 1000 веселых загадок для детей. М.: ООО Издательство «ACT», 2003.

  18. Дусавицкий AM. Дважды два - икс. (Развитие мышления в начальной школе). М., 1985.

  19. Ольшанская Е.В. Развитие мышления, внимания, памяти, восприятия, воображения, речи: Игровые задания. М.: Издательство «Первое сентября», 2004.


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров293
Номер материала ДВ-439806
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх