Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Авторская разработка на тему: "Тіл түзету жұмысы". "Методика исправления звукопроизношения для детей с казахским языком обучения"

Авторская разработка на тему: "Тіл түзету жұмысы". "Методика исправления звукопроизношения для детей с казахским языком обучения"

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Кіріспе

Тіл түзету жұмысында қолданылатын артикуляциялық және графомоторлық жаттығулар, көркем сөздер, сөз ұйқастары жинақталған көмекші құрал. Берілген жыттығуларды оқыту және жеке жұмыс түрлерінде қолдануға болады. Тіл дамыту жұмысы барысында логопед балаларға әр түрлі тапсырмалар береді. Дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу барысында көрнекі материалдар кеңінен қолданылады: ойыншықтар, суреттер, тұрмыстық заттар және тағы басқалар. Сөйлем ішіндегі дыбыстарды бекіту сабағы барысында балалар қысқа тақпақтарды көрнекі құралдарды қолдану арқылы жаттаса тиімдірек болады.

Тіл дыбыстарының айтылуы мен дыбыстау мүшелері арқылы жүзеге асырылады. 6 – 7 жастағы балаға с, ш, ч, қ, ғ, щ ,з ,ж, ц , л, р дыбыстарын дұрыс айта алмайды, сондықтан арнайы жаттығуларды пайдаланған жөн.

Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу сәби жасындағы балалардың дыбыстық дамуының басты мәселелерінін бірі болып келеді. Дыбыстарды дұрыс айту мен қатар тілдің дыбыстық жағының интонация, дауыс күші, дикция, қарқын сияқты басқа да элементтерімен жұмыс істеу қажеттілігін зерттеушілер көрсеткен.

Сонымен, балаларда ақыл-ой мен сөйлеуінің дамуы барысында дыбыстарды дұрыс айтуда сөз екпіні, интонация (сөйлеу мақамы, дауыс күші, қарқыны, сөйлеу тембрі) сияқты элементтерге және де бйланыстырып сөйлеуге көбірек көңіл бөлу керек. Сөйлеудің интонациялық мәнерілілігімен жұмыс жасау монотондылық, сөйлеудің түсініксіздігі, дикцияның айқынсыздығы, жеделдетіген (немесе бәсеңдетілген) қарқын сияқты кемшіліктерден құтылуға жол ашады.

Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу бойынша арнайы сабақтар айына өткізіледі. Сонымен қатар, сабақта қосымша ретінде балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға, сөздік қорларың байытуға арналған ойындар мен жаттығулар да жоспарланады. Балаларды сөз ішіндегі барлық дыбыстарды естуге, айыруға және айтуға үйрету керек.















К

Көл, кісі көр, көрік, әк, кокшіл, қол, кіші, қорық, ақ, ақшыл, лақ, кеме, Кәрім, көрші, оқу, оқушы, қалың, қамқоршы, қыс, кілт



Көл жағасында

Кәрім – Кәкімжанның жолдасы. Ол көл жағасында отырды. Кәрім Қанатты көрді. Ол досыншақырды. Көлдің суы көкшіл, мөлдір әрі жылы. Қанат, Кәрім, Кәкімжан суға шомылды. Содан соң көл жағасын аралады. Көл маңы қалың ағаш.


Көрші

Қыс. Қар жауды. Кәрім далаға шықты.ол шанасын алды. Кәрімді Қадіржан көрді. Ол да далаға шықты.

  • Қадіржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана.

Ол таудан сырғанады. Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім – тату жолдас әрі көрші.



Қыста.

Қыс  келдi. Түн  ұзара  бастады. Қар  қалың   жауады. Аяз  қатты  болды. Өзен  суы  мұз  болып  қатты.Балалар  далада  қармен  ойнады.Қардан ойыншықтар  жасады. Бiр  топ  балалар аулада  қар  лақтырысып  ойнап  жүр. Бәрi  жылы  киiм  киген. Мектептер  жаңа  жылға  дайындалып  жатыр.












Қ

Қал, қас, жақ, тақ, қала, ноқта, қол, қос, жоқ, тоқ, тақта, Қаламқас, оқыды, қонақ, қасық, шанышқы, қарлығаш, Қуат, тамақ, қуанғаннан, жылқы


Астана

Отанымның жас қаласы – Астана. Ол – Сарыарқада қоныстанған жаңа қала. Отан – ақ отауым. Ал Астана – оның шаңырағы. Қанағаттың атасы Қасым Астана қаласында. Қанағат атасында қонақта. Олар Астана қаласын тамашалады. Қаланы төрт сағат аралады.


Ас

Қанат атасын шақырды. Атам, Қанат тамақтануға отырды. Анам қасық, шанышқы алды. Олар тамақ ішті. Қуырдақ дәмді. Сонан соң қатық ішілді. Ас – адамның арқауы.














Ш

Ш дыбысын анық айтып жаттық.


ША-ША-ША – өсе берсін шырша

ШЕ-ШЕ-ШЕ – таза болсын көше

ШІ-ШІ-ШІ – тату тұрсын көрші

ШЫ-ШЫ-ШЫ – келді бізге сылақшы.

ШЫ-ШЫ-ШЫ – төбені бояды сылақшы.



Ке-ке-ке, әп-әдемі шәшке.

Ге-ге-ге, шай құйылды шәшкеге.

Шәшкені алайық, шәшкеге шайды құяйық.



Бақ-бақ-бақ, аулада бар шарбақ.

Бақ-бақ-бақ, түп түзу шарбақ.


Шек-шек-шек, аулада бар әткеншек.

Шек-шек-шек, тебеміз әткеншек.



Жаңылтпаштарды жылдам айтып, жаттап ал.

Шошыттық үш кұсты,

Шошып үш кұс ұшты


Сөздерді оқы

Шырша, шана, шығыс, шомылу, шабдалы, шырын, шығыс, көрші, шаян, шөп, шық, шығады, шашады, ашық, бірінші, алтыншы, шыдады, іш, әткеншек, ағаш, тамаша, Шолпан, нағашы, қақпашы, қанша, шеге, ағаш, оқушы, көше, шегіртке, егінші, сатушы, сызғыш.


Мәтінді оқы

Көктем күні шуағын төге бастады. Құстар ұшып келіп жатыр. Жер көгерді. Ағаштар гүлдеді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіріп жүр. Қызғалдақ шықты. Қөңілді көктем табиғатты ұйқысынан оятты.


Мақалды жатта


Өнерлінің қолы – алтын,

Өлеңшінің сөзі – алтын.



Сөйлемдерді оқы

Күйші күй тартады. Балықшы балық аулайды. Құрылысшы құрылыста істейді. Жылқышы жылқы бағады. Суретші сурет салады. Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.


Шырын

Ораш он жаста. Ораштың інісі – Өміржан. Ол төрт жаста. Олардың нағашы атасы – Шәкір. Ол алма өсірді. Алмадан мол өнім алды. Ораш алма алды. Ол алманың шырынын шығарды. Ораш, Өміржан шырын ішті. Алманың шырыны дәмді.




















Ж

Ұшқанда өлең айтады, Ж-Ж-Ж

Қонғанда жер қазады. Ж-Ж-Ж

Ойлап оны көрейік,

Шешуін кім табады? (қоңыз)


Жұмбақтарды шеш


Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

(Жұмыртқа)

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(жұлдыз)



Жұмбақты шеш, жаттап ал.

Жауып жаңбыр, жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Бұл қай кезде болады?


Сөздерді оқы

Жоғары, жануар, жаса, жаман, жолақ, жасыл, жүзді, жылқы, жеті, жапырақ, жиырма, жақсы, жақын, жылы, жем, жүз, жер, жел, жоқ, жемістер, жусан, жүзім, жарық, жұмсақ, жаңбыр, желтоқсан, жаңғақ, жыртқыш, жануар, жабайы, жапалақ, жұп-жұмсақ.


Мақалды жатта

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Өленді жаттап ал.


Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жұр.

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы –

Қөз тоймайды қараса.




Мәтінді оқы

Нөсер

Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ-жұрқ етті. Нөсер құйып кетті. Жауынның жауғаны жақсы. Жауын көп болса, көк қаулап шығады. Жиын-терін мол болады.


Өленді жаттап ал.


Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.


Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір.

Жаманды жаман десе, жалпаяды,

Жақсыны жақсы десе, калқаяды.


Жақсылық – жанып тұрған шырақ,

Жақсының сөзі – жағалай біткен құрақ.




Жақсы байқап сөйлейді,

Жаман шайқап сөйлейді.





Жеті рет өлшеп, бір рет кес.


Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.



Мәтінді оқы

Бақта жемістер мен жидектер өседі.

Жүзім, құлпынай, таңқурай – жидектер. Алма, алмұрт, өрік, алхоры, шие – жемістер.

Картоп, сәбіз, орамжапырақ, баклажан, пияз бақшада өседі. Олар – көкөністер.


Өленді жаттап ал.

Жаманшылық жақсылықтан аса ма,

Жақсы адам жақсы істен қаша ма?

Жақсы болғың келсе егер, батырым,

Жамандыққа жамандық жасама.


Мәтінді оқы.

Бейжің Олимпиадасында біздің команда жиырма тоғызыншы орынды иеленді. Олжас мектепшілік жарыста шахматтан бірінші жүлдені жеңіп алды. Айжан он жетінші пәтерде тұрады.


Өленді жаттап ал.


Жаз келіпті


Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше,

Алма теру көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің.

Бақшамызда ендеше,

Қарбыз жинау көбейсін.



Мәтінді оқы.

  Ине.

Әжемнiң  көзi  жақсы  көрмейдi. Ол  инеге  жiптi  сабақтай  алмайды. Инеге  жiптi  мен  сабақтап  беремiн. Журнал, газеттердi  оқып  беремiн. Әжем маған  қолғап  тоқып  бередi. Әжем  менi «Сен  менiң  жарығымсың, көзiмсiң» деп  жақсы  көредi. Қазiр  менiң  әжем зейнеткер. Әжем  менiң  ең  бiрiншi ақылшым.




















Ч

Сөздерді кайталла

Чемодан, чек, чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі, чемпион, ---


Сергіту сәті.


Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.



Өленді жаттап ал.

Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.


Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.



Сөйлемдерді оқы

Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды. Дүкенші әрбір сатып алған заттың чегін береді.

Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Илья Ильин.













Щ

Бұрыш ащы – бал тәтті.


Мәтінді оқы.

Біздің күнделікті пайдаланып жүрген суымыздың өзі ащы тұщы болып бөлінеді. Ащы сулар Мұхит пен теңіздерде кездеседі.

Тұщы су өзен, көлдерде, жер асты суларында кездеседі. Адамға тұщы су керек.



Өленді жаттап ал.

Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар:
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.





















С

Сая, сауда, сауысқан, сабақ, салқын, сәлем, сынып, сурет, суық, сыйлық, сатушы, себеб, сулы, су, сусын, өсу, өсімдік, жеміс, бас, ас, сүт, отбасы, аспаз, аспан, аралас, қыс, тесік, ыстық, мысық.


СА-СА-СА – ызыңдайды маса

СЕ-СЕ-СЕ – бұл әдемі кесе

СУ-СУ-СУ – жай ағады Ақсу



Ық-ық-ық,

Менде бар мысық.

Ық-ық-ық,

Мияулайды мысық.



Жаңылтпашты жылдам айтып, жаттап ал.


Сағат сыртылдады,


Сырға сыңғырлады



Мәтінді оқы

Сыныпта

Сен бірінші сыныпта оқисың. Сенің көп сыныптастарың бар. Сен олармен араласасың, кейбірімен жақын доссың. Сабақта сен білім аласың, мұғалімнің сұрақтарына жауап бересің, дәптерге жазасын. Сыныпта сенің өз орның, оқулықтарың, оқу құралдарың бар.


Жұмбақты жаттап ал.

Кесе-шыны, пияла,

Оларсыз шай кұя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?


(ыдыс-аяқ)


Мәтінді оқы

Қыс.

Қүзден кейін қыс түседі. Аязды күндер мен түндер басталады. Даланы қар басады. Боран соғады. Өзендердің бетін мұз жабады. Қар жауады. Түн ұзарып, күн қысқарады. Адамдар қыстық киімдерін киеді. Балалар қыста коньки, шаңғы, шана теуіп ойнайды.


Өлеңді оқы.

Жеті күн


Дүйсенбіде – Делиде,

Сейсенбіде – Сеулде,

Сәрсенбіде – Сібірде,

Бейсенбіде – Берлинде,

Жұма күні – Меккеде,

Сенбі күні – Семейде,

Жексенбіде – Жайықта

Болдым! – десем,

Айып па?

Бірақ шын бұл, жарқыным, -

«Саяхатқа» шығамын,

Теледидар арқылы.







Өлеңді оқы.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,



Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.







Тісімізді тазартайық

Анамызды қуантайық.


Жұмбақты жаттап ал.

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен,

Білгің келсе мезгілді

Көрсетеді тілімен. (сағат)

















З

Зауыт, заман, заң, зат, зиян, зертеу, таза, қарбыз, азық, қызыл, жазушы, қазақ, еліміз, жұлдыз, қаз, ұзақ, өзгеріс, мезгіл, пияз, жаз, өзен, маңызы, жүзім, қызанақ, күз, қызыл, қымыз, теңіз, тұз, ауыз, иіссіз, мұз,

Жұмбақтарды шеш.


Түрі – жылқы бейнесі,

Жолақ-жолақ жейдесі.

(зебра)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

(аяз)



Ыз-ыз-ыз
Азиза –сүйкімді қыз.

Жұмбақ шешу.


Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.(З әрпі)




Өлеңді жаттап ал.

Наурызкөже

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурызкөже пісірді.


----------------------------------

Құтты болсын Наурыз!

Үйге ат ізін салаңыз.

Ұлы күні Ұлыстың

Дастарқанда барымыз.









Ц

Цирк

Бұл – цирк ғимараты. Мұнда Қазақстанның және басқа елдердің цирк әртістері өнер көрсетеді. Біздің Қазақстан циркі де басқа елдерге шығып, өнер көрсетіп тұрады. Сен циркте болдың ба? Онда кімдер өнер көрсетеді?


Циркте.
Біздің қалаға цирк келді. Мен циркке досыммен бардым. Циркте аюлар мен қонжықтар мотоцикл жүргізіп, би биледі. Цирктің ішінде сайқымазақтар өнер, сиқыршылар сиқыр көрсетті. Цирк өте көңілді болды. Біз цирктен үйге автобуспен қайттық.




















Л

Лауазым, лашын, лимон, бал, сол, гүл, келді, ұлдар, алма, аласа, тіл, кызыл,


Мақалды жаттап ал


Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.



Лу-лу-лу – біздің Алия сұлу

Ла-ла-ла – бұл әдепті бала.



Іл-іл-іл

Үп-үлкен піл

Іл-іл-іл

Су ішті піл.



«Л» дыбысын дұрыс, анық айт.

 Ла - ла - ла- лас                             Ал – ал – ал - алма

 Ло - ло - ло - лом                          Ол – ол – ол - олжас 

 ұл – ұл – ұл – ұлжан                     әл - әл - әл – әлек



Жұмбақ шешу


Күндіз көрінбейді

Түнде күлімдейді. Жұлдыз


Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. Алма



Сумаңдаған тілі бар,

Бұраңдаған ізі бар.

Тіл ұшында уы бар,

Ол не? Біліп ал! Жылан







Р

Сөздерді оқы

Раушан, рұқсат, Рауан, Рақат, рәсім, рет, рақым, ара, орман, нұр, Тараз, отыр, Асқар, төрт, қырық, кірпі, метр, қасқыр, керек, жарық, кұрт, Айнұр, Нұрлан, ренжу, ребус, ырыс---


Тра-тро-тру-тры-----





Ра-ра келді ара



Ла-ла араның усті ала.


Буындарды қайтала (оқы).
Ра – ра – ра – ара Ар – ар – ар – қар
Ро – ро – ро – ром Ор – ор – ор – тор
Ру – ру – ру – керу Ур – ур – ур – ура
Ры – ры – ры – рыс Ыр – ыр – ыр – отыр


Ойын «Жануарларға айналамыз».
Бір, екі, үш, жануарларға айланамыз.
Итті бейнелеңдер, ол қалай ырылдайды (рррр).
Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р).
Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р).
Қарғаның баласы қарны ашып анасын дауыстап шақырады (кар – р – р – р).


Сөздерді оқы

Раушан, рұқсат, ренжу, ребус, рақат, рет, ырыс---


Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді). Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты). Рауан ащы……(сарымсақты турады).

Ардақ піскен….(қарбыз әкелді).


Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер.

Қарда бар, 
Мұзда жоқ 
Жарда бар, 
Құзда жоқ. «Р» 

Дәптерде бар,
Кітапта жоқ.
Пәтерде бар,
Үйде жоқ. «Р»

Қырқада бар, қырда бар,
Айранда бар, сүтте жоқ. «Р»

Сөйлемді   дұрыс қайтала.

Рамазан  мен  Рахат  ажырамас достар.

Рауан мен  Руслан  бір үйдің  балалары.

Райхан  радио  тыңдап  отыр.





18


Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров90
Номер материала ДВ-369880
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх