Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАвторский доклад на тему «Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы»

Авторский доклад на тему «Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы»

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ ФИЛИАЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

 

 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

 

 

«Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы»

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: Алпамышева Карлыгаш Орынбасаровна

ТЕКСЕРГЕН: Смагулова Маржан Бертаевна

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА-2015

ЖОСПАР

1.     КІРІСПЕ

1.1 Өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеттері;

2.     НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1  Жаңа тұрпатты оқытушы қандай болуы керек?

2.2 Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы

3.     ҚОРЫТЫНДЫ

4.     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман [1].

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

1.1   Өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті

Өзіндік жұмыстың мақсаты: Заманымыздың білім беру саласына қойып отырған талаптарын ескере отырып жаңа тұрпатты оқытушы ұғымына анықтама беру, жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауында болуы керек ерекшеліктерге тоқталып өту.

Өзіндік жұмыстың міндеті: жаңа тұрпатты оқытушы, жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы қандай болуы керек деген сұрақтарға талдау жүргізіп, жауап беру.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Жаңа тұрпатты оқытушы қандай болуы керек?

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес  бір бүгінгісін.

Жұрт ұқпаса , ұқпасын жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» - деп  ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, оқытушы – елінің ертеңін ойлайтын  ержүрек адам. Ал заман талабына сай тұлға тәрбиелейтін, жаңа форматта ойлай алатын заманауи  оқытушы, жетекші  болу  баршамызға  тиісті міндет деп білемін.

ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпасақ та түсінікті.

Колледж жұмысы мен студент жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін  әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды, жаңа технологияларды қолдана білуді талап етеді [2].

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру деп білемін.

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының»  жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани  өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.

«Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық  технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты [3, 4].

 

2.2 Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін  жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары,  ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.

Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.

Бүгінгі әлемде оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты, іскер мұғалім- жаңа  тұрпатты мұғалім болу мүмкін емес. Жаңа тұрпатты мұғалім- заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, өзін –өзі жетілдіругк үнемі ұмытылып отыратын,рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалдытұлға, білікті маман [5].

 

Жаңа тұрпатты мұғалімнің шешетін міндеттері төмендегідей:

1.Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру  әдістеріне оқыту.

2.Оқушыны есікке дейін алып келіп, қолына кілітті беріп, сол құралды қалай падалану керек екендігін үйрету. Білім дүниесіне оқушының өзінен басқа ешкімнің де кіре алмайтындығын еске сақтау.

3.Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйрету, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолдарын көрсету:өзін-өзі тану,өзін-өзі зерттеу,өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі реттеу,өзін-өзі белсендіру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру.

4.Оқушының барлық ішкі әлеуетін ашуға және оған шығармашылықтың шыңына шығуға көмектесу.

 Мұғалім оқытуының мақсаты мынадай:

— білім беру аймағының пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісінің нақты мақсаттарын жобалау;

— оқу үрдісінін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыруда міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастыру;

-оқу материалдарын даярлау және іс жүзінде іске асыруға ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;

— оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;

— оқушының дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау;

— құзіреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелерін жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру [6].

Ұлы шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп атап  көрсеткеніндей, ұстаздық шеберлік, мұғалімнің өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жете түсіндіре алуы, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра алуымен өлшенеді.

Ұстаздық шеберліктің бөліктері мыналар:

— педагогикалық, әдістемелік білімдарлық, өз пәнін еркін, терең меңгеру;

— мұғалімнің өз мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;

 — кәсіптік көрегендігі;                                                                  

 — педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;          

— ұйымдастырушылық шеберлігі;                                                

— инновациялық технологияларды меңгеруі;                                         

—ұстаздық сезімталдығы, үлкен жауапкершілігі;                                

— педагогикалық техника;                                                                      

— креативтілік.  

Мұғалімнің іскерлік сапалары

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісікәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты [7].

ҚОРЫТЫНДЫ

Заманымыздың білім беру саласына қойып отырған талаптарын бәріміз жақсы түсінеміз.Отыз дамыған елдердің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім алып, тәрбиеленген, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, серіктестікке бейім, шапшаң  да жан-жақты қалыптасқан тұлға қажет. Ал осы қасиет, осы құндылықтар мектеп, оқу орындарынан бастап  қалыптасатыны  талассыз жайт.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

«Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық  технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға» деп беруді ұсынамын.

Жаңа тұрпатты мұғалім білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «мұғалім — оқулық — компьютер — білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептеймін.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық /3-деңгей/;

2.     Выготский Л.СУЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ;

3.     Мерсеитова С . Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын  дамыту нысандары мен әдістері;

4.     12 жылдық білім беру.Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал;

5.     Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал;

6.     Білім кілті-Ключ знаний журнал;

7.     А.Скендірова және авторлық бірлестікте. Жаңа формациядағы педагогтың жеке элитарлы тұлғалық үлгісімен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері //  «Педагогика және психология» атты ғылыми-әдістемелік журнал. №1–Алматы, 2009.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Авторский доклад на тему «Жаңа тұрпатты оқытушының жұмысын ұйымдастыруы мен жоспарлауы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.12.2015 885
    • DOCX 138.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпамышева Карлыгаш Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42166
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе