Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Аяласаң табиғатты аяла" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Аяласаң табиғатты аяла" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.Қ. Карбузов





Үлгілі тәрбие сағаты

Күні: 13.05.13 ж.

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла!

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу.

Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге,

өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға тәрбиелеу




Көрнекілігі: слайд, суреттер,гүлдер.

Өтетін орны:биология кабинеті

Уақыты: 11.10

















Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла!

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу.

Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге,

өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға тәрбиелеу


Көрнекілігі: слайд, суреттер,гүлдер.

Барысы

I Кіріспе бөлім Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Атамекен» бағдарламасының              «Заман-ай» бағыты бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. «Заман-ай» бағытының мақсаты табиғатты сақтау, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, тәрбие сағатымыз да табиғат туралы болмақ.
Олай болса,
Егемендік нышаны жарқын жастық,
Болашаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық —

деп «Аяласаң, табиғатты аяла!» атты үлгілі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

II Негізгі бөлім

  1. Балалар, адам өміріне не қажет?

( жарық, ауа, жылу, тамақ)

  1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?

( табиғаттан)

  1. Судың қасиеті

( мөлдір, иіссіз, сұйық, түссіз)

  1. Тірі табиғатты ата

( адам, өсімдік, жануар, құстар)

-Өлі табиғатты ата.(Тау,тас,су,жер,ауа.)

-Табиғат құбылыстарын ата.(Жауын- шашын,боран,қардың жаууы,судың тасуы.)

-Адамдар табиғаттан нені үйренді?(Сұлулықты,әсемдікті.)

-Табиғатты танып білуге білуге қандай сезім мүшелері көмектеседі?(Мұрын,құлақ,көз,тері.)

-Мұрын, тіл, құлақ, көз, терінің табиғатты тануда қандай қызмет атқарады?

Хор «Жау,жау жаңбыр» әні

Айсұлу: Табиғат қандай тамаша

Тоймаймыз біз де тамсана

Аңдар еркін жүреді

Балықтар еркін жүзеді

Табиғаттың жыры көп

Табиғаттың сыры көп.

Мұғалім:

Балалар, біздің асыраушымыз да,панамыз да Табиғат- анамыз.олай болса сабақты Табиғат - анаға тілек айтудан бастайықшы.

Шыңғыс Табиғат анамыз таза болсын.

Дінмұхамед Табиғат анамыз көркем де сұлу болсын.

Жанболат Табиғат ұзақ жасасын.

Мұғалім:

Иә,балалар,біздің табиғатсыз өмір сүруіміз мүмкін емес.Өздерің елестетіп көріңдерші : табиғаттың суы,ағашы,өзен көлі,сұлулығы болмаған жерде не болар еді?

Қазір табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы көріністі тамашалайық.

Қатысушылар: «Күн», «Ауа», «Су», «Жер»

Қуаныш Ей,адамдар!

Күн мен гүлден жаралған,

Ыстық сезім,шуақ содан таралған.

Тіршіліктің иесі- Жер- ананы тыңдаңдар!

Ортаға Жер - ана шығады.

Айсұлу

Балалар,адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ.Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.

Ортаға Күн шығады.

Азиза

Нұр сәуле шуағым,

Беретін қуатын.

Ұлы емші боламыз,

Бізден күш аласыз,

Жылытып,қыздырып.

Нұрыма жүзіңдер,

Алтындай шуағым.

Сырқатты қуамын.

Ауа

Балжан

Жер шары ұлы әлем,

Қоршаған біздерді.

Ауадан тыныс ап,

Өседі ырыс бақ.

Денсаулық дауада,

Демге күш ауада.

Су

Әмина

Сусында әрі дәм,

Біз емші бәрінен.

Жуынсаң сергітер.

Су өмір жүрегі,

Денсаулық тірегі.

Қуаныш

Уа,Жер- ана,Мөлдір су,Таза ауа,алтын күн!

Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?

Жер- ана:

Айсұлу

Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек.Яғни,бойды тік ұстау,дене шынықтыру жаттығуларын орындау,табиғи тағам ішу,демалу,жерің мен табиғатты қорғау керек.

Ерасыл Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп.

Шыға келді қыр түлеп.

Еркежан Жазда келді пейілді,

Жан - жануар сейілді.

Жазда келді жадырап,

Жан жаққа ұшты бақ - бақта.

Аманбике Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп,

Күткен күзім келдің бе?

Сыңсып бағың мәуелеп.

Дінмұхамед Табиғатты құбылтып,

Денеге суық ұрынтып,

Бұл мезгілде қыс қожа.

Кіршіксіз аппақ, тап таза,

Маржан Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Мирас Жазда аралар тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Дінмұхамед Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен - көлсің,

Сен - ормансың,

Сен - бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Мұғалім:

Балалар,бүгін бізге бір қонақ келіп отыр.Мен оның кім екенін жасырып көрейін.

Ол өте нәзік,әдемі.

Ол ешкімге жамандық ойламайды.

Гүлдерді өте жақсы көреді.

Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Ол не?

Иә,ол әдемі көбелек.

Көбелек қонағымызға қошемет көрсетіп,гүлді алқап жасап жіберейік.

Оқушыларға қағаздан қиылған гүлдер таратып беру.

Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?

( Мен аққуға ұқсағым келеді.Өйткені ол әдемі,сұлу.)

( Мен гүлге ұқсап,жайнап тұрғым келеді.)

Хор «Көбелек» әні

Мұғалім: Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауға әрқашан әдеппен аңғартып отырған. Табиғат туралы ырым-тыйымдарды айтып отырған

« Жәндікті жәбірлеме», « жалғыз ағашты кеспе», « құмырсқаның илеуін бұзба», « көкті жұлма», « аққуды атпа», « бұтақты сындырма», «ұяны бұзба»,» суға түкірме». Табиғатты аялап, оның пайдасын, қызығын көре білген, халқымыз заңдылықтарын және сиқырлы сырларын жақсы білген.

Көрініс «Орманшының баласы»

Ақмарал: Орманшының баласы ат қылып,шапқылау үшін бір жас шыбықты сындырмақ болады.Сол кезде ол ағаштардың мынандай әңгімесін естиді.

Ақ қайың айтыпты:

Азиза:Мен өскенде бесік болам.Кішкентай бөбектерді тербетем.бесік жырын естіп,рақатқа батам.Бақыт деген осы емес пе?!

Аманбике: Мен өскенде жиһаз болам.Адамдар шаршағанда маған отырады,демалады.Сөрелеріме кітаптарын қояды- депті емен.

Ұзын бойлы қарағай

Әлима: Мен ше , мен үлкен үй болам.Бәрің менің ішімде тұрасыңдар.адамдар қыста тоңбайды,жазда ыстықтамайды.Үй болғанда да қандай жақсы,- депті шаттана.

  • Ал мен кім болам?- депті сонда орманшының баласы.

  • Сен бе,сен- депті үйеңкінің жас шыбығы ойлана,сен өскенде ағаш шебері бол.Сонда осы айтқан армандарымызға жетеміз.

  • Мақұл,- депті орманшының баласы қуана.Жас шыбықтарды сындырмапты.Ат қылып мінбепті.

  • Сол орманшының баласы өскенде атақты ағаш шебері болыпты.

Мұғалім: Бала алғашқы ойынан неге айныды деп ойлайсыңдар?

Сендер табиғатты сақтау үшін қандай үлес қосар едіңдер?

Мұғалім:

Жануарлардың тіршілігіне, қимылына қарап отырып ауа-райын болжаған.

Ал, балалар, ауа-райы туралы халық болжамдарын айтып жіберейік.

Ерасыл: Ай шалқайып туса өзіне жайлы, шаруаға жайсыз.

Дінмұхамед: Аю оң айланса, көктем жылы болады.

Азиза: Бозторғай ән салса , күн жылы болады.

Маржан: Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

Шыңғыс: Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады.

Алеся: Құмырсқалар илеуінің аузын жауып алса, жауын жауады.

Мирас: Жапалақтап жауады ,

Ақ күмістей жылтыр қар.

Табиғаттың бейнесі

Тек өзіне жарасар.

Мұғалім: Сен білесің бе? Айдарына кезек берейік.

Дінмұхамед: Сүт беретін ағаш

Ақмарал: Алып ара

Айсұлу: Алып жемістер

Жанболат:Үкі- егінге зиянын тигізетін кеміргіштерді аулап, адамға көмегін тигізетін құс.

Айсұлу: Аққұтандар ұя салу үшін биік ағаштың басын таңдап алады.

Айсұлу: Түрлі- түсті тұмсығы өте үлкен болғанмен мына тука атты құсты қалың орманнан табу өте қиын.Себебі олар өте керемет тығыла біледі.

Жанболат: Құмырсқа өз салмағынан елу есе ауыр жүкті көтере алады.

Ақмарал: Жейтін нәрселердің ішінде тек бал ғана бұзылмайды.

Шыңғыс:Адам денесінің жетпіс пайызы судан тұрады.

Әмина:Балық көзін ашып ұйықтайды.

Балжан: Жираф құлағын елу үш сантиметр ұзындықтағы тілімен тазалайды.

Мирас: Құмырсқа су астында он төрт күн жата алады.

Мұғалім: Біз табиғи материалдардан түрлі заттар жасай аламыз. Табиғи материалдан жасалған заттарға назар айдарайық.

Слайд «Табиғат өзі суретші»

Мұғалім:Табиғат дегеніміз-бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады. Экология дегеніміз бізді қоршаған орта. Туған өлкемізге қарайтын болсақ, ауыл маңындағы ағаштардың есепсіз кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, қоқыс үйінділерінің көбеюі, кейбір аңдар құстардың жойылуы-осының бәрі экологиялық мәселе.

(Арал теңізі мен Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы.Слайд көрсету. )

Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен аңдар,өсімдіктерді «Қызыл кітапқа» енгізеді.Оның беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарында жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парағына-саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді.

Жасыл парағында-қайтадан аяласа қалпына келетіндер енеді. Енді мына бейнетаспадан «Қызыл кітапқа » енген жануарлар, құстар,аңдар тіршілігін көрелік.Тақтадағы суретті көрсетіп ,айтып кету.

«Қызыл кітапқа » енген жануарларды тамашалайық.

III Қорытынды бөлім

Мұғалім: Сонымен табиғаттың тарту еткен сыйын аулау,оған қамқор болу әрбір адамның міндеті.

Дінмұхамед Сүйемін табиғатты аялайық!

Анадай табиғаттың аясында.

Бізде одан жақсылықты аямайық,

Жадырап жас балаша демалайық.

Мұғалім: Балалар,көктемгі табиғат қандай тамаша!Ару көктемде құстар мекеніне оралып,барлық тіршілік иелері мәз - мейрәм.Ендеше, бізде көңілімізді көтеріп ән салайық.

Хор «Мектеп вальсі»

Осымен «Аяласаң, табиғатты аяла!» атты үлгілі тәрбие сағатымыз аяқталды.














































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Таутүрген орталау мектебі - мектепке дейінгі шағын

орталығымен коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

2012-2013 оқу жылы



Үлгілі тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Аяласаң,табиғатты аяла!



















1-сынып

Мұғалім: А.Б Майлыбаева


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров262
Номер материала ДВ-441400
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх