Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Аялай біл сен деп соққан жүректі

Аялай біл сен деп соққан жүректі

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifӨзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:№56.

Мерзiмі: 05.12.2015жыл.

13- сабақ.

Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:7«Ә» «В» Оқушылар саны: 30

Сабақтың мақсаты: жанында жүрген жақын адамдарды ,отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достарды сыйласуға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; 
– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; 
– жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу. 



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. Босаңсып ыңғайланып отырыңыз. көзіңді жұмыңыз.Толық босаңсыған соң әдемі безендірілген дәлізді көз алдыңызға елестетіңіз. Дәліздің соңында еменнен жасалған есік көрінеді. Есікке жақындағанда ол жайлап ашылып кетті. Есік толығымен ашылғанда сіз әдемі көлді көресіз. Айнадай көк жасыл суы бар көлді үлкен лала гүлдер безендіріп тұр, көлдің айналасында алуан түрлі сары, жасыл, сия көк, қызыл түсті мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Осы таңғажайыптың ортасында аңдар жүр. Арыстан көлден су ішіп жатыр, ол судан басын көтеріп сізге қарады да, асықпай орманға кіріп кетті.
Жан-жағыңызға мұқият қарап сіз көл ортасынан үлкен раушан гүлді байқайсыз. Оның үлкендігі сондай, сіз оның ортасына жайғасуыңызға болады. Сіз гүлдің тамаша иісін сезесіз. Сіз ақ бұлттар жүзіп бара жатқан таза көгілдір аспанды көрдіңіз.Тыныштық…
Сіз тұрып отырдыңыз, айналадан көргендеріңізге күле қарайсыз. Қоянның ін қазып жатқанын көрдіңіз. Елік үлкен қара көздері мен сізге қаайды.

Жағалауда аю отыр, суда бірнеше піл тұр, олар тұмсықтарымен су шашады.
Сіз жайлап гүлден сырғып, суға түсіп жүзе бастадыңыз. Су жылы, сіз өзіңізді жас әрі жеңіл сезінесіз, су ішесіз, су астына ешқандай тұншықпайсыз. Түрлі әлем балықтар жүзіп жүр. Сіздің қасыңызға делфин келіп, ескі досыңыз сияқты сәлем берді. Су сіздің қан тамырларыңызға құйылып тазалай бастады. Делфиндер мен бірге жағаға шықтыңыз.
Сіз қайтадан раушан гүлдің ортасында дем алыңыз. Алыста төбесінде қары көз қаратпайтын тау көрінеді. Ғажайып көлден жоғары көтеріліп кеттіңіз. Биіктей бересіз, көлді бір айналып өтіп жануарларға қарайсыз. Жоғарыдан қараған мүлде бөлек. Тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңызда ұшақтар ұшып барады. Үлкен жайылымның үстінен өтіп бара жатқандайсыз. Сізге қарап жақындап келіп, біраз уақыт бірге ұшты.
Ақ қарлы тауға келіп қондыңызда, таудың салқын ауасымен кеудеңізді кере дем алыңыз.Тауды бір айналып өтіп төмен қарай ұштыңыз.Көлдегі раушан гүлге қонып дем алдыңыз.Енді жеңіл көтеріліп, баспалдақ арқылы емен есікке келдіңіз. Есік арқылы  әдемі дәлізден аы қарай өтіп, өз орнымызға келеміз.

Үй тапсырмасы: 12-сабақ 62-бет М.Мақатаевтың өлеңін жаттау. «Туыстар арасындағы қарым-қатынас»сахналық көрініс дайындау.

Дәйек сөз: Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді. Альфред Адлер 

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.



Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР 
- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың. 
- Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің. 
- Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың. 
- Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың. 
- Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің. 
- Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың. 
- Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың. 
- Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің. 
- Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің. 
- Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болйын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің. 
- Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің. 
- Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің. 
- Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің. 
- Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. 
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Егер де сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. 
Сенің жалғыз ғана «анаң» бар. 
Ф.Тайтелиев 

-«Аялау», «қадірлеу»деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Айналадағы адамдардың жақсылығын ,мейірімін сезініп – байқап,бағалайсыңдар ма?Қалай?

-Өзіңе «Мейірім – шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?»деген сұрақ қойып көрдің бе?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына сурет салу, қорғау І топ

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына өлең шығару ІІ топ.
Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:


Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын.

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.

Қайырмасы:



Үйге тапсырма: 13 сабақ 69 бет «Әке арманы» жаттау.Қолдан жүрекше жасап алып келу.

Соңғы қортындылау сәті:

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!


Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио,видео.

















Сабақ барысын талдау.

































































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:№56.

Мерзiмі: 10.12.2015жыл.

14- сабақ.

Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:7«Ә» «В» Оқушылар саны: 30

Сабақтың мақсаты: жанында жүрген жақын адамдарды ,отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достарды сыйласуға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; 
– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; 
– жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу. 



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену .
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. 

Үй тапсырмасы: 13 сабақ 69 бет «Әке арманы» жаттау.Қолдан жүрекше жасап алып келу.

Дәйек сөз: Алдымен ізгі ниеттерге, ал содан соң даналыққа үйрен, өйткені алғашқысыз соңғысына үйрену қиын.

Сенека

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.



Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме 
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: 
-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? 
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: 
-Мынау- шырақ, ол - мен! 
Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. 
- Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? 
- Жоқ! 
-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. 
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді... 
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! 
1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 
2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді? 
3. Жақсы ой, сөз, іс- әрекеті үйлескен адам қандай адам? 

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

Тапсырма екі топқа жұмыстануға ана тақырыбына арналған өлеңді толықтыру. 
І топ 
Аялай біл, сен деп соққан жүректі, 
..................... таси берсің, дәулетің. 
Айналамда нәзік жанды ..............., 
................. бір-бірінен көмекті. 

Аялай біл, сен деп соққан жүректі, 
Әрқашанда таси берсің, дәулетің. 
Айналамда нәзік жанды адамдар, 
Аямайды бір-бірінен көмекті. 
ІІ топ 
Ауырмашы мәңгі соқсын ..........., 
.............. қанша рет өтті түндерің 
Сүріңгенде күш беріп ................, 
Қалайша сен барда мен қартаямын? 

Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің, 
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің 
Сүріңгенде күш беріп аяладың, 
Қалайша сен барда мен қартаямын
? 
Топпен ән айту.

«Анашым»

Сөзі мен әні :Б.Исабаев

Ағарған сенің шашыңа қарап уайымдаймын кунде мен
Жастық бар жерде қартаю бары мен осы неге білмегем
Немерелерің арқанда барі қарамай белге бүгілген
Бақыт деген бала да екенің тусіндім ана бүгін мен

(Қайырмасы)

Тұрса да дауыл майыса көрме ұсташы тіктеп бойыңды
Анашым сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды
Ақ тілектерді қабыл ет АЛЛА, қабыл ет АЛЛА ойымды
Анашым сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды

Құттықтап ана туған күніңмен жиналды бүкіл ұрпағын
Қуанышыңнан ұмытып кеткен жазылып кетсін сыркатың
Ақтауға жүрміз ақ сүттеріңді кешігіп кетсек кейде тым
Аналар бәрің аман жүріңдер бейнетін көріп зейнетін

(Қайырмасы)



Үйге тапсырма: №14 сабақ «Аялай біл,сен деп соққан жүректі» тақырыбына шығарма жазу.

Дәптермен жұмыс. «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?» ойтолғау жазып келу

Соңғы қортындылау сәті:

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!


Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио.

















Сабақ барысын талдау.




























Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров194
Номер материала ДВ-400510
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх