Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тренинг сабақ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

  • адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

  • жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

  • жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, кадірлей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, «Әкешім-анашым» әнін бірге үн таспадан тыңдайды.

Әңгімелесу

Балалар, сендер «Әкешім-Анашым» әнін тыңдағанда қандай сезімде болыңдар?

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?Өзіңе "Маған мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім? " деген сұрақ қойып көрдің бе?Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?

Мұғалім әңгімелесу әдістемелік тәсілі арқылы оқушылардың жаңа такырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алады.

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың мәселені түйіндеп, талдап қорытындылай алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында мәтінді түрлі жолдармен безендіруді тапсыруына болады. Яғни болжам кестесін оқушылармен бірге толтырылады.

АНА МАХАББАТЫ

Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.

Ана күнде кешке қарай балаларымен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Жексенбі кешінде де күндегі жерінде отырып, ері мсн балаларының үйге қайтуын асыға күтетін. Алыстан олардын төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкеңе бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын. Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларын естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін...

Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір калашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», - дсйді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды... Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек... Басқа да біраз нәрселер... Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.

Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұнайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді... Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл-күйін бұзуға хақы жоқ еді.

Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.

Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойньша асып:

Анашым, - деп сыбырлады. - Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғьм келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма?

Анасы ұлын аймалап: Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, - деді.

Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:

- Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, - деп күлімсірей сөйледі.Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:

- Анашым, білесің бе, жексснбі күні мен үйде қаламын.
Бірге болайықшы. Бірақ ешкімге айтпа, - деді.

Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, уялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.

Анасының:

- Балам, бір жағдай болды ма? - ден сұрауына тура келді.

- Не ғой... Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім... Мен
жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары
барсын. Мен үйде сенің жанында қалсам. Қалай қарайсың?
Бірақ
мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсыншы.

Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкелері:

- Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына карап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың, біздің ұсынысымызға не дейсін? - дейді.

Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексебіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.

Ана неліктен балаларының көңіл-күйін бұзғысы келмеді?Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?Балалар саяхаттан неліктен бас тартты? Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Сергіту сәті

«Жаңбыр» оқушылар орындарынан тұрып, шеңбер құрады. Мұғалім «Жаңбыр басталарда ең бірінші не болады?» деп сұрақ қояды, оқушылар «жел» деп жауап береді. Содан кейін мұғалім жаңбыр сіркіреп, бір тамшылап жауа бастады деп, бір саусағын екінші қолына ұра бастайды, осылай жаңбыр күшейе түседі, ал саусақтардың саны көбейе түседі де, соңында шапалақтап жаңбыр құйғанын көрсетеді. Содан кейін керісінше жаңбырдың саябырлағанын, ең бірінші. Төрт саусақпен ұрғылады, сосын үш, екі, бір ... жаңбыр бітті, күннің көзі шығып, көңіл-күйіміз көтерілді деп мұғалім аяқтайды.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар «Менің отбасым» деген тақырыпта сурет салады және қысқаша суреті жайлы мазмұнын айтады.


Дәйексөз

Сабақта меңгерген білім, біліктерін қорытындылап, түйіндеу мақсатында оқулықта Альфрсд Адлердің, қанатты сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріліп, талқыланады.

Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, жұмсақ ойыншықты ұстай отырып, көрші отырған оқушының ата-анасына тілек айтады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Тренинг сабақ

Тақырыбы:  АЯЛАЙ  БІЛ,  СЕН  ДЕП СОҚҚАН  ЖҮРЕКТІ

Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

-     адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

-     жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-     жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, кадірлей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, «Әкешім-анашым» әнін бірге үн таспадан тыңдайды.

Әңгімелесу

Балалар, сендер «Әкешім-Анашым» әнін тыңдағанда қандай сезімде болыңдар?

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?Өзіңе   "Маған мейірім-шапағатын  аямаған  адамдар үшін мен не істедім? " деген сұрақ қойып көрдің бе?Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?

Мұғалім әңгімелесу әдістемелік тәсілі арқылы оқушылардың жаңа такырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алады.

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың мәселені түйіндеп, талдап қорытындылай алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында мәтінді түрлі жолдармен безендіруді тапсыруына болады. Яғни болжам кестесін оқушылармен бірге толтырылады.

АНА  МАХАББАТЫ

Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.

Ана күнде кешке қарай балаларымен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Жексенбі кешінде де күндегі жерінде отырып, ері мсн балаларының үйге қайтуын асыға күтетін. Алыстан олардын төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көпжылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкеңе бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын. Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларын естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін...

Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір калашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», - дсйді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды... Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек... Басқа да біраз нәрселер... Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.

Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұнайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді... Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл-күйін бұзуға хақы жоқ еді.

Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.

Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойньша асып:

Анашым, - деп сыбырлады. - Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғьм келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма?

Анасы ұлын аймалап: Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, - деді.

Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:

- Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, - деп күлімсірей сөйледі.Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:

Анашым, білесің бе, жексснбі күні мен үйде қаламын.
Бірге болайықшы. Бірақ ешкімге айтпа, - деді.

Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, уялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақешнәрсе айтпады.

Анасының:

-  Балам, бір жағдай болды ма? - ден сұрауына туракелді.

-  Не ғой... Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім... Мен
жексенбі күні үйде
қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары
барсын. Мен үйде сенің жанында қалсам. Қалай қарайсың?
Бірақ
мұны әкем де, бауырларым да білмей-аққойсыншы.

Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкелері:

- Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына карап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың, біздің ұсынысымызға не дейсін? - дейді.

Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексебіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.

Ана неліктен балаларының көңіл-күйін бұзғысы келмеді?Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?Балалар саяхаттан неліктен бас тартты? Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай  түсіндірер едіңдер?

Сергіту сәті

«Жаңбыр» оқушылар орындарынан тұрып, шеңбер құрады. Мұғалім «Жаңбыр басталарда ең бірінші не болады?» деп сұрақ қояды, оқушылар «жел» деп жауап береді. Содан кейін мұғалім жаңбыр сіркіреп, бір тамшылап жауа бастады деп, бір саусағын екінші қолына ұра бастайды, осылай жаңбыр күшейе түседі, ал саусақтардың саны көбейе түседі де, соңында шапалақтап жаңбыр құйғанын көрсетеді. Содан кейін керісінше жаңбырдың саябырлағанын, ең бірінші. Төрт саусақпен ұрғылады, сосын үш, екі, бір ... жаңбыр бітті, күннің көзі шығып, көңіл-күйіміз көтерілді деп мұғалім аяқтайды.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар «Менің отбасым» деген тақырыпта сурет салады және қысқаша суреті жайлы мазмұнын айтады.

 

Дәйексөз

Сабақта меңгерген білім, біліктерін қорытындылап, түйіндеу мақсатында оқулықта Альфрсд Адлердің, қанатты сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріліп, талқыланады.

Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

Жүректен жүрекке

 

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, жұмсақ ойыншықты ұстай отырып,  көрші отырған оқушының ата-анасына тілек айтады.

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров642
Номер материала 469501
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх