Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Аялайық ананы" қыздар мен аналарының сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Аялайық ананы" қыздар мен аналарының сайысы

библиотека
материалов

Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы «Қ.Дамитов атындағы орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Конушпаева Булгын Толкумбаевна

«Аялайық ананы» сайысы 
Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мерекелік безендірулер, бейнетүсірілім,слайдтар. 

Өтілу барысы: 
Армысың, аулымыздың асылдары, 
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. 
Сіздер үшін әнменен көңілді би 
Сіздер үшін мереке шашулары. 
Құрметті көрермен қауым ! Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне қондырып,әйел-аналардың дәсүрлі 8-наурыз мерекесі де келді. 
Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз ! 
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық , 
Сайыста көнілменен қол соғайық! 
Тамаша би биленіп, ән салады. 
Соныменен сайысымыз басталады 
-деп, ортаға сайысқа қатысушы аналар мен қыз балаларды шақырамыз. 
2 «а» сыныбынан Мәриям мен анасы Нәзигүл

Жаниэля мен анасы Жайнагүл

Аружан мен анасы Айжан

2 «ә»сыныбынан Жанель мен анасы Лязат

Дильназ бен анасы Мадина

Айшат пен анасы Лаура

Олай болса сайысқа қатысушы аналар мен қыз балалар орталарыңызда 
Әділқазы алқаларын сайлап алу. 
(Ата- аналар арасынан және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Кабдыкаримова)

Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады: 
1. Таныстыру (анасы және қыз балалар өздерін таныстырады) 
2. Өнерлі өрге жүзер (анасы мен қыз балалар өз өнерлерін көрсетеді) 

3. Сұрақ-жауап сайысы (мұнда сұрақтарға аналар мен қыздар жауап береді) 
4. Ас адамның арқауы (мұнда анасы мен қызы бірігіп салат жасап соны қорғайды) 
5. Шаш үлгісі (аналар қыздарына шаш үлгісін жасап ат қояды, шаш үлгісінің ерекшелігі мен әдемілігі бағаланады) 
6. Сән үлгісі (мұнда тек қыз балалар ғана сән үлгісін көрсетеді) 

І. Адам, ғалам ғажайып жеке дана, 
Жан құмарын ізденген мәңгі сана 
Өзіңді- өзің танысаң істің басы, 
Түзеген өз ғаламын болған дана. 
Аналармен қыз балалар қол ұстасып, 
Өздерін таныстырар осы жерде- деп, алғашқы сайысымыз «Таныстыру» кезеңі 
Ортада аналармен қыз балалар бірінші сайыс бойынша өздерін таныстырады.

Таныс болдық сайыскердің тегімен,
Туып өскен мекені мен жерімен.
Сұлулардың бәрі ақын көрінді
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

ІІ. Өнерпаздар жарысып сан салада, 
Жиын десе, той десе жан салады. 
Кешіміздің бүгінгі құрметіне, 
Анасы мен қызы би билеп, ән салады. 
Анасы мен қыз балалардың өнерін тамашалауға «Өнер» сайысына кезек береміз. Олай болса, аналар мен қыздарын ортаға шақырамыз. 

ІІІ.Сұрақ жауаптан тұратын білімділер сайысы

Биік қой аналардың беделдері

Әр кезде бағаланар зор еңбегі

Келесі бұл сайыста байқалары

Аналардың білімпаз екендігі. (Әр сайыскерге 10 сұрақтан қойылады)

IV. Сайысымыздың келесі кезеңі «Ас адамның арқауы» сайысы. 
Анасы мен қызы салат әзірлеп, салатты аналар қорғайтын болады.Олай болса, сайыскерлерді ортаға шақырамыз.


V. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсер әсемдігі шашы. Ал бұған үлгі көрсету-ана борышы . Олай болса, « Шаш үлгісі» сайысына кезек берейік. 
Ортаға аналар мен қыз балаларды шақырамыз.

VІ. Сымбатына сән киім жарасатын, 
Аспандағы айменен таласатын. 
Өнеріне сәні сай келіп тұрған, 
Қыз балаға қызығып қарасасың-деп «Сән үлгісі» сайысын тамашалайық. Ортаға қыз балаларды шақырамыз.


Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 
Өмір- күрес, жетелейтін мұратқа 

Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегін, 
Қатысу да бір жеңіс, бөлейтұғын шуаққа. деп, ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. (Марапаттау)
Осымен «Аялайық ананы» атты сайысымыз тәмәм, көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.



































Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров104
Номер материала ДВ-566178
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх