Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / «Қ.А.Ясауи хикметтерінің маңызы және оны орта мектепте оқыту» диплом жұмысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

«Қ.А.Ясауи хикметтерінің маңызы және оны орта мектепте оқыту» диплом жұмысы

библиотека
материалов

«Қ.А.Ясауи хикметтерінің маңызы және оны орта мектепте оқыту»



Мазмұны:




Кіріспе..............................................................................................................8


1 Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық

көзқарасының қалыптасып, дамуы


1. 1 Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы...........................12

  1. 2 Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет»

шығармасының құрылысы.............................................................17


2 А.Ясауи шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


  1. 1 Хикметтердегі әділет пен зұлымдықты сипаттау көрінісі...........40


2. 2 «Диуани хикмет» шығармасының көркемдігі...............................46


3 Қ.А.Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасының

орта мектепте оқытылу әдістемесі


3. 1 Қ.А.Ясауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік мәні .............................64

  1. 2 Орта мектепте Қ.А.Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасын

оқытудың әдістемесі .....................................................................69


Қорытынды..................................................................................................76


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................79














Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.

Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының негізгі ірге тасын қалаушы Құл Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны ерекше.

Құл Қожа Ахмет Ясауи - өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміз бен тіліміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы ғұлама-ғалым, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай әдебиетіміздің мәдениетіміздің, тіліміздің, дініміздің, діліміздің «Ақиқатқа апаратын жол бастаушымыз – білім иесі» өкілі.

Зерттеу жұмысында Қожа Ахмет Йасауи және оның «Диуани хикмет» атты еңбегі еліміз егемендік алғаннан кейін ғана сөз етуге мүмкіндік туғаны, бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар, проблемалық мәселелер қоса қарастырылады, оған дәлел мынау: Кеңес өкіметі тұсында жалпы дінге, оны насихаттағандарға аяусыз соққы берілді. Мәселен, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында А.Йасауи жөнінде: «Діншіл, рухани ғұлама – ислам дініне жетік, кертартпалығы үстем ой-пікірдегі адам, діни медреседегі рухани мансап иесі. Олар ертеден-ақ ғылым негіздерін бұрмалап, «Диуани хикмет» тәрізді санаға қонымсыз шығармалар жазып, уағыз-насихат жүргізумен шұғылданды», – деп жазылған [1, 613-б.]. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелер тұтастай зерттелінеді.

Қ.А.Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен талантын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе келешек жас өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама ғалым қаламгер. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінің, тілінің қалыптасып, дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде Республикамыздағы педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Міне соның нәтижесінде, ұлы ғұлама ғалым есімі өз кезінде біршама түркі әлемінің мәдениетінің білім беру саласының тарихынан да ерекше орын алды. Сондықтан да Құл Қожа Ахмет Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоймай келуде.

Демек оның педагогикалық ой-пікірлеріне, рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларына зер салу – күн тәртібіндегі іргелі мәселелердің бірі.

Дүниежүзілік әдебиет тарихының қазына қорын молайтқан таңдаулы туындылардың елеулі бөлігі сопылық әдебиет өкілдерінің қаламына тиесілі. Сопылық таным белгілері адамзат қоғамының алғашқы дәуірінен бастап байқалып, бірқатар өркениеттер тарихында өзіндік із қалдырған. Бұл құбылыстың ішкі-сыртқы ерекшеліктері айқындалып, бірегей жүйелі үлгісі қалыптасқан кезеңі б.д. VIII-IX ғасырларына сәйкес келеді. Сопылық ілім теориялық тұрғыдан толық қалыптасқанға дейін-ақ оның мән-мазмұны ауызша және жазбаша әдеби шығармаларда көрініс тауып отырды. Бертінде бұл үрдіс барынша жетілдіріліп, сопылық әдебиеттің өзіне тән заңдылықтары қалыптасты. Болмысты қабылдау мен түсінудің иррационалдық жолын ұстанған сопылар тудырған әдебиеттің өзіндік идеялық бағыты, дара көркемдік әлемі, қалыптасқан бейнелілік жүйесі, талғаулы эстетикалық құндылықтары болды. Аталмыш әдебиет тарихындағы бірегей ақындық мектептер араб-парсы және түркі сопылығына тән. Ал түркі сопылық поэзиясының көшбасшысы «Түркістан пірі», «Әулиелердің сұлтаны» деген аттармен мәшһүр болған Қожа Ахмет Йасауи болатын.

Қожа Ахмет Йасауи жөнінде сөз қозғағанда сол ірі тұлғамен байланысты, оны қоса есептегенде төрт тарихи дүние қабаттаса еске түседі. Олар: кемеңгер бабаның өзі, атақты Түркістан қаласы, «Диуани хикмет» кітабы және Қожа Ахмет Йасауи кешені. Соған сәйкес бір жерден нұр шашқан осы төрт киені бір-бірінен бөлмей қатар зерттеу қажет.

Көрнекті ұлы ғұлама ғалымның танымдық тәрбиелік мәні орасан зор көркем рухани адамгершілік туындылары ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, таным, оқу-білім, тәлім-тәрбие тақырыбына байланысты жазған мұралары, ой-пікірлері, өткен ғасырларда жарық көрген көптеген белгілі, белгісіз еңбектері бірнеше салада зерделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді.

Оның Алланы сүю, туған жерге, тілге, дінге, ділге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, ананы қастерлеу, қыз баланы құрметтеу, адамдарды сүю, ғылымды ардақтау, ас пен іске құрметпен қарау, т.б туралы жазған құнды хикметтегі ойларын, демократиялық көзқарастарын жеткіншек өскелең жас ұрпақты, оқушы жастарды тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы өте зор әрі қажетті де баға жетпес құнды мұра.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғасырлар бойы Иасауи мәдениеті өзіндік сипатпен тарихымыздың әрбір белесінің қажеттілігі мен сұранысына қарай тұжырымдалып, түсіндіріліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Кеңестік идеология Ахмет Иасауи сияқты тұлғалардың аты түгіл, оның атымен байланысты тариқатын да зерттеуге құлықты болмады. Кеңестік жүйе кезінде кейбір жалпылама этнографиялық зерттеулер болғанымен бұл дүниелер сол идеологияға қызмет ететін аналитикалық тар шеңберден әріге аса алмады. Кеңестік кезеңде А. Фитраттан, К. Тәжіковаға дейінгі уақыт ішінде Иасауи дүниетанымы сол дәуірдің идеологиясы шеңберінде қарастырыды.

Иасауи туралы ғылыми негіздегі алғашқы зерттеу түрік ғалымы Ф.Көпрүлү  тарапынан жасалды. М.Ф.Көпрүлүнің «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопылар» атты еңбегі өз дәуірінде теңдесі жоқ зерттеу болғаны анық. Дегенмен бүгін бұл еңбектің методологиялық тұрғыдан ескіргендігін былай қойғанда, қолданған дереккөздері тұрғысынан да ескірді. Қазіргі уақытта ғылымға деген көзқарас та өзгерді. Жалпы бүгінге дейін Иасауиді жан-жақты зерттеулер жүргізу ісі О.Түрер, З.В. Тоған, А. Ожак, М. Қара, К. Ераслан сияқты түрік ғалымдарының еншісінде болып келді.

Түркілік мәдениет пен діл табиғатын игеру барысында Батыстық ғалымдар Т. Зарконье, А. Бодроглигетти, А.-М. Шиммел, А.Беннигсон, Дж.С. Тримингэм, А. Мец, Д. Де-Уис және т.б. тарапынан Иасауи іліміне деген қызығушылық айрықша болды.

А.Н.Самойлович Иасауидің ақындығын, Е.Э.Бертельс оның сопылық әдебиеттегі орнын, В.В.Бартольд, И.Гольдциер, С.Малов және т.б. орыс ориеталистері Иасауи мұрасы мен мәдениетін, А.И.Пылов әдебиеттегі орнын зерттеуге ат салысты. А.К.Боровков, Э.Наджип сияқты түркологтар «Диуани хикмет» мәтінінің тілінің мәнін зерттеді. Отандық ғалымдардан «Иасауитану және тіл мәселесі» бойынша зерттеулер Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, К.Х.Абдрахманова сияқты тілші ғалымдарымыз арқылы өз жалғасын табуда.

Отандық абайтанушы-ғалым М. Мырзахметұлы, Х.Ж.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаевтың, Н.Келімбетов, Р.Бердібаев, А.Қыраубаева, Ә.Дербісәлиев, М.Шафиғов, С.Дәуітов, А.Ахметбеков сияқты әдебиетшілер ясауитануға үлес қосып келеді.

Иасауитану және тарих мәселесі өзекті тақырып. Бұл тақырып туралы зерттеулердің қатары біршама молайып келеді. Н.Нұртазинаның да Иасауи мұрасының тарихи, танымдық мәнін төл категориялық ұғымдарын сақтай отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан үйлестіру жолындағы ұсыныстары өзіндік құндылығымен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының болжамы. Қ.А.ясауидің «Диуани хикмет» шығармасының құрылымы мен көркемдік ерекшеліктері жаңаша талданып, сараланды. Қ.А.Ясауидің құнды педагогикалық идеялары жалпы оқырман қауым, оқушылар мен студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-анасын, дінін, ділін, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық ұлттық сезімдерін арттырып рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл зерттеу алдағы ғылыми ізденістерге негіз болмақ.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Түркі топырағындағы бай әдеби дәстүрден бастау алған Йасауидің «Диуани хикмет» шығармасының көркемдік ерекшеліктерін таныта отырып, шығарманың танымдық, тәрбиелік, көркемдік эстетикалық және идеологиялық рол атқаратын маңыздылығын ашып көрсету.

Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің маңызы мен көркемдік ерекшеліктерін айқындау мақсатында төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

  • Қожа Ахмет Йасауи өмір сүрген дәуір ерекшелігін, сол заманның оған ықпалын анықтау;

  • Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін талдап, жүйелеу;

  • Ақын хикметтерінін жанрлық бітім-болмысын, ерекшеліктерін талдап-таразылау, хикмет жанрының шығу төркінін айқындау,

  • Көне және ежелгі түркі әдебиеті мен Йасауи поэзиясының сабақтастықтарын, ортақ сипаттарын, хикмет дәстүрімен жырлаған ақындар шығармашылығындағы Йасауи поэзиясымен үндестіктерді анықтау;

  • Ақын шығармаларындағы әділдік пен зұлымдық көрінісін айқындау;

  • «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдарына талдау жасау;

  • Қожа Ахмет Иасауи жасаған ілімнің маңызын саралау.

Зерттеу жұмысына тірек нұсқа ретінде «Диуани хикметтің» Алматы (2002) басылымдарындағы транскрипциялар, басылым бетінде жарық көрген зерттеу еңбектер негізге алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы ой-пікірлердің заңдылықтары, қазақтың ұлттық дүниетанымы, рухани-адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық мұралар негізіндегі демократиялық-гуманистік қарым-қатынастарды айқындайтын құжаттар, жеке тұлғаның қалыптасуына байланысты ғылыми тұжырымдар.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған тұжырымдар жоғары оқу орнының «Қазақ әдебиетінің тарихы» саласы бойынша арнаулы курс, арнайы семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.















1 Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасының қалыптасып, дамуы


1. 1 Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы

Қ.А.Ясауи оғыз қыпшақ тілдерінде сөйлейтін түркі халықтарының бастауларының бірі болған – Ұлы әрі қасиетті тұлға. Оның жазған хикметтері әлі күнге дейін сақталған, тілі сақталган өзімізбен туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім. Өкінішке орай, біз қазақ халқы олай мақтана алмаймыз. Біздің халық, әсіресе соңғы буын Ұлы баба мұрасынан мүлде хабарсыз. Әрине ол үшін біздің замандастарымызды кіналау да орынсыз.

Қ.А.Ясауи бабамыздың өмірбаянын қысқаша талдап өтетін болсақ, бабамыздың арғы бабалары Әзіреті Әліден кейінгі Мұхаммед Ханафиядан таралады. Енді бұл өңірге келген бабаларына келетін болсақ, сонау Ысқақ баптан басталады екен. Кейінгі аталары Махмуд Шайх, одан Ибрахим Шайх. Міне осы Ибрахим Шайх Сайрамдағы Мұса Шайхтың Айша атты қызына үйленеді. Осы Ибрахим Шайхпен Айша отбасында кейбір деректерде үш, кейбірінде екі перзент дүниеге келген. Олардың есімдері Гаухар, Қожа Ахмет және Садыр. Ол замандарда Сайрам шаһарында ірі-ірі үш әулет тұрады екен. «Шахтар» әулеті, «Әмірлер» мен Әзіреті Әлиге барып тірелетін «Қожалар» әулеті. Қ.А.Ясауидін қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ 63-жастан кейін 1166/67 жылдары дүние салған деген мағлұматтар бар, соған қарағанда 63 жастан кейін «қылуетке» түскен болса, онда ол жер астында тағы да сонша өмір сүрген, себебі бұл туралы өз «Хикметтерінде» жырлап өткен.

Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,

Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.

Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым,

Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Жарандардан пайда, көмек ала алмадым,

Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым

Хақтағалаға құлшылық қыла алмадым,

Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

«Хикмет» шумақтарында айтылғандай 63 жасында жер астына түскендігі, 125-ке келгендігі дәлелденіп тұр. Соған қарағанда 1103 жылы туылып, 1128 жылы дүние салған болуы мүмкін. Ол дүниеге әйгілі «Диуани Хикметін» осы «Қылуетте» жатып жазған деген әңгімелер дс жетерлік.

Мұндай күйзеліске ұшырау себептеріміз, біріншіден кешегі Қожа молда, дін иелерінен ат тоңымызды алып қашып, діннің пайдалы тұстарын ескермеуден, зиянды деп санаудан туған теріс көзқарастың зардабы десек, екіншісі, Ұлы ақынның өмірлік деректерінің жиналмай, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуінен дей аламыз. Әзірет Сұлтанның өзі мен шығармашылығы ғана емес, оның үрім бұтағы да қудаланып, тоз-тозы шықты, сол дерек, шежірелерді жинау былай тұрсын, оны талдап, ауызға алудың өзі өмірге қауіпті болды. Сондықтан жұрт тек атейістік тұрғыдан болмаса, өзгеше ол кісі туралы ләм-мим деп ауыз аша алмай келді. Енді еліміз тәуелсіздік алған бүгіндері ғана архив қалтарыстарында қалған деректерді тауып алып әңгіме етуге мүмкіндік ашылып отыр. Міне біз бұл жоғарыда әңгімелеп өткен және кейін сөз ететін мағлұматтардың бәрі де осылай тырнақталып, жинақталган құнды дүниелер. Қ.А.Ясауи бабамыз туралы ғылыми ізденістерді тереңдете түсуіміз қажет, себебі біздің келешегімізге қажетті өте құнды ашылмаған құпиялар бар.

Қ.А.Ясауи алғашқы білімді өз әкесі Ибрахим Шайхтан алады. Одан кейін Арыстан бабқа шәкірт болады. Ясауидің «Хикметінде» халық арасында таралған аңызда да Арыстан баб – Қ.А.Ясауидің ұстазы емес, оған Мұхаммед пайғамбардың аманатын тапсырушы.

Жиырма жеті жасында пірі – ұстазы Хамаданиді табады. Оның жанында көп жылдар болып тәлім-тәрбие алады. Өзі «Хикметтерінде» айтып өткендей 34 жасында ғалым болады. Кейін Бұқарада Хамадани мектебінде біраз басшылық еткен соң, туған елі Түркістанға қайта оралады. Мұнда келгеннен бастап, өз мектебін ашады.

Қ.А.Ясауидің мұншалықты жоғары дәрежеге көтерілуіне себеп болған әрине біріншіден өзіне Алладан берілген қабілеті мен дарыны, екіншіден осы жолға бастаушы ұстаздары болуы керек. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін атасы Ибраһим шайх Қожа Ахметті Шахабиддин Исфиджабий қолына шәкірттікке тапсырады. Атасы ұстазға тапсырарда осы баламыздың «еті сіздікі, сүйегі біздікі» тек артымызда Алланың ақ жолындагы бір мұсылман ұрпағы қалса болғаны дейді. [2]

Қ.А.Ясауидің Халифалары және жолын қуушы ізбасарларына келетін болсақ, ол өзінен кейін Мұхамммед /с.ғ.с/ пайғамбар, Жүсіп Хамадани сияқты ұстаздарындай, атақты төрт халифаны дайындап қалдырды. Олар, Мансұр Ата, Саъид ата, Суфи Мухаммад Данишманд және Хаким ата /Сулеймен Бақырғани/. [14]

Бұлардан басқа, көптеген шәкірттерімен жолын қуушылары да бар. Олар Ұзын Хасан ата, Сайид ата, Исхақ ата, Садр ата, Әлемин баб, Маудуд шайх, Камал шайх /иқани/, Хадим шайх Абдул Малик ата, Таж Қожа, Зеңгі ата, Бахауиддин Нақшбанд, Қажы Бектас, Жүніс Әміре, Сары Салтұқ, т.б.

Сонымен қатар, түркі тілдес халықтардың ішінен Ясауиден кейін Хаким атадан бастап көптеген ғұлама ізбасарлардың есімдерін тізбектеп шығуға болады. Раджи, Жүніс Әміре, Машраб, Қожа Ахмет, Шамс Узанди, Факири, Байза, Бехдуди, Шухуди, Туфайли, Қасим және басқалар. Тізімі осылай үздіксіз жалғасып кете береді, бұл Ясауи ілімінің кең тарағандыгын білдіреді. Егер Ясауи ілімінің құны болмаса, батыс әлеміне кең тарамай басқа тариқаттардай өмірі қысқа болған болар еді. Дүниеге кең тарағандығына қарағанда «Ясауиа» тариқатының халыққа тигізер әсері өте зор болуы керек деп ойлаймыз.

Қожа Ахмет Ясауи өзге ғұламаларымыздың барлығы арабша, парсыша жазған кезеңдерінде, яғни XII ғасырда Түркі тілінде «Хикметтер» жазды. Түркіше діни сопылық өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады. Оның бұл жолы негізінде халықтық әдебиетіміздің арнасы қалыптасты. Түркі халқының бүгінгі


Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.

(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)

Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.08.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров311
Номер материала ДБ-155607
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх