Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / «Айбөбек» десе -айбөбек! мақала
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Айбөбек» десе -айбөбек! мақала

библиотека
материалов

hello_html_4855f9c8.gif
hello_html_m1d23fb6a.gif
hello_html_m20f676c8.gif
«Айбөбек» десе -айбөбек!

мақала

«Айбөбек» балалар бақшасы

5.9.2014



«Айбөбек» десе - айбөбек!

Елбасы мемлекетіміз бен оның тәуелсіздігін нығайтуда еліміздің адам капиталын дамыту аса маңызды екенін үнемі айтып келеді. Соның алғашқы буыны болып мектепке дейінгі тәрбие саналады. Соңғы жылдары елімізде адам жасының ұлғайуымен қатар, демографиялық жағдай да қарқынды дами бастады. Жылдан жылға сәбилер көбейе түсуде. Әрине, бұл халықтың тұрмыс жағдайының артуымен қатар болатын құбылыс. Сондықтан елдегі балалар бақшаларының саны да үздіксіз артуда. Мысалы, ол туралы Елбасы өзінің халыққа арнаған 2010 жылғы Жолдауында: «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама. Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын» деген еді. Сол Жолдауды іске асыру барысында Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Балапан» бағдарламасы бойынша «Айбөбек» балалар бақшасын ашқан болатын. Бүгінде «Айбөбек» балалар бақшасы халық игілігі үшін жұмыс жасауда. Бұл ұжымның жұмысын Елбасының 2011 жылғы Жолдауындағы айтылған «Білім беру жүйесіндегі барлық жұмыс мынандай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады. Менің тапсырмам бойынша қабылдан- ған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-орталық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды. Бұрын жекешелендіріліп кеткен мектеп жасына дейінгі мекемелерді қайтару есебінен 172 балабақша ашылды. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 30-дан 55 пайызға дейін өсті» деген сөзінің нақты көрінісі деуге болады. Ол туралы балабақша меңгерушісі: Карабаева А.А. былай дейді: Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын құру туралы 2010 жылғы 01 шілдедегі №253 қаулысына сәйкес «Айбөбек» балалар бақшасы » ашылды. «Айбөбек» балалар бақшасы Меркі ауданы, Қостоған ауылында Р. Құлбаев атындағы көшенің №80 үйде орналасқан. Балалар бақшасы 2011 жылы ақпан айында пайдалануға беріліп, содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бір қабатты ғимарат ыңғайластырылған үлгіде салынған, көгілдір отпен және қатты отынмен жанатын дербес қазандығы бар. Балабақша толығымен қазіргі заманның талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен, әсем жиһаздармен, тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілген. Жиһаз-мүліктер әр топ балаларының жас ерекшеліктеріне сай алынды. Жаңа тұрмыстық техника қызметкерлердің қолдануына өте қолайлы. Ас әзірлейтін блок пен кір жуатын орын қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Айбөбек» балалар бақшасының орналасқан алаңы -180,7 шаршы метр. Әуелде балабақша 20 балаға деп жоспарланған болатын, бірақ қазір мұнда 40 бала қамтылған. Меңгерушінің, медбикенің кабинеттері және әдістемелік кабинет қазіргі заман талабына толық сай келеді. Балабақшада бүгінгі таңда 2 топ жұмыс істеуде. Бізде оқу-тәрбие жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі. Ал балабақшадағы бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеу туралы оның әдістемелік кабинетінің жетекшісі Абаукеева Қ.А. былай деді: Балалар бақшасының барлық жұмысы балалардың дұрыс дамуын қамтамасыз ету, олардың сезімталдық саулығын, мінез-құлық дамуын нығайту мақсатында құрылған. Қызметкерлер құрамы бір ұлтты. Тәрбиелеу және оқыту іс-әрекеті қазақ тілінде жүргізіледі . Балабақшада жалпы қызметкерлер саны – 19: Педагогтар саны – 6, жоғары білімді - 5, арнаулы орта – 1. Сіздерге таныстыру мақсатымен олардың аты жөндерін атай кетейін: меңгеруші Қарабаева Айгүл Алтынбекқызы - 1-ші санаттағы жоғары білімді маман, әдіскер-психолог Абаукеева Құралай Айтқұлқызы – 2-ші санаттағы жоғары білімді маман, тәрбиешілер Орманқұлова Венера – орта білімді, ал Мендебаева Дәмет, Искакова Айгерім, Таженова Раушан - жоғары білімді. Тәрбиешілер пән бойынша әдістемелермен қамтамасыз етілді. Ал әр топтар жас ерекшеліктеріне қарай жаңа ойыншықтармен және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітапшалармен жабдықталып тұрады. Топтарымызға «Балапан» және «Ботақан» деген әдемі аттарды қойып алдық. Әр топтың бөлек ұйықтайтын, ойын және оқу бөлмелері бар. Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу сапасы Балабақшада оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жылдық жоспар құрылып, іске асырылады. "Алғашқы қадам", "Зерек бала" бағдарламасымен жұмыс ұйымдастырылады. Білім берудің 5 саласы бойынша балалар бағдарламаға сәйкес білім алады.Жас мамандармен үнемі консультациялар, тренингтер жүргізіліп отырады. Педагогикалық ұжым өз жұмысында төмендегі ҚР мемлекеттік құжаттары мен нормативтік актілерге сүйене отырып жұмыс жұргізеді. Балабақша жетекшісі Қарабаева А.А.: Біз отбасылық және қоғамдық тәрбиені ұштастырып отыруға ұмтыламыз. Тоқсан сайын 1 рет топтық ата- аналар жиналысы өткізіліп отырды. Қыркүйек айында «Сіздің балаңыз балабақшаға келді» тақырыбында топтық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен бізде 20.12.2013 күні «Нәтижеге бағдарланған дамыта- оқыту технологиясын енгізу жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарда бала бақшадағы балалар өмірін ұйымдастыру білім дағды нәтижелері мен оқу тәрбие жұмысының жағдайымен ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды. Ал қазан айында «Барлығы біздің бақша туралы» ашық есік күні ұйымдастырдық. Сонымен қатар «Әке, ана және мен– спортты ойын» денсаулық күнін де өткіздік. Өте қызық болды. Балалар, ата-аналар, бақша қызметкерлері бір ұжымдай атсалысып, жарыстың көркін қыздырды. Қараша айында «Қандай жақсы менде жанұя бар, ол мені барлық қиыншылықтан қорғайды» тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді. Онда психолог маманы Абаукеева Қ. «Не істеу керек немесе істемеу керек?» деген сұрақ бойынша ата-аналарға психологиялық кеңес берді. Желтоқсан айында «Жаңа жыл мерекесіне дайындық» тақырыбында топтық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста «Бала мен ата-ана сезімі. Сезімді білдіру ережесі» психологиялық тренингі өткізілді. Сәуір айында «МДМ жасылдандыру және жабдықталуы» туралы топтық ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата- аналар тарапынан балабақша алаңына 5 жүк машинасымен қара топырақ түсіріліп , жасыл газон себілді, гүлдер отырғызылды. «Қош бол, балабақша» мерекелік ертеңгілік өткізіліп, балабақшаның түлектеріне дипломдары тапсырылды.

Қазіргі жетістіктеріміз :

1. 2011 жылы 3 қарашада «Өркениет өресіндегі Ұстаз» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының V аудандық фестивалінде Үздік өнер көрсеткені үшін «Шаттық» номинациясымен диплом алдық

2. «Ең үздік балабақша» аудандық байқау 2012 ж .– Алғыс хат Білім бөлімінен мадақтама

3. 2013жылы 28 қарашада «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдардың көркемөнерпаздары шығармашылығының VІ аудандық фестивалінде «Шалқар» номинациясымен марапатталдық

4. «Ең үздік тәрбиеші» атты аудандық байқау 2013 ж.- І орын иегері Тәрбиеші Саржанова Асылзат Аудан Әкімдігі Білім бөлімінен мадақтама Қорыта айтқанда, «Айбөбек» бала бақша ұжымы 2013-2014 оқу жылында ҚР «Білім туралы Заңына», жаңа мемлекеттік стандарт талаптарына және жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істеп жылды ойдағыдай қорытындылады.

«Айбөбек» балалар бақшасының ұжымы.



D:\картинки\қош бол бб 2014\DSCN3847.JPG

















Балалабақша түлектеріне дипломдарды тапсыру рәсімі

D:\картинки\қош бол бб 2014\DSCN3783.JPG

«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылым












«Отан қорғаушылар» патриоттық әндер музыкалық ертеңгілік

D:\картинки\101NIKON\DSCN3198.JPG



«Отбасы портреті» ойынынан көрініс


D:\картинки\101NIKON\DSCN3209.JPG





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров286
Номер материала ДВ-170296
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх