Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қайым Мұхамедханұлы –өзі музей,өзі архив,өзі тарих"""

"Қайым Мұхамедханұлы –өзі музей,өзі архив,өзі тарих"""

Скачать материал

Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы

ШҚО,Үржар ауданы 

«Благодарное орта мектебі» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

 

Қайым Мұхамедханұлы –өзі музей,өзі архив,өзі тарих

 

Қайым Мұхамедханұлы (05.01.1916 – 30.06.2004) – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы,  текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері,Қазақ ССР Гимнінің авторы,  КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы,1000-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Қайымның әкесі – М.Сейтқұлов (1870-1937) – аса мейірімді,   білімді,  жомарт, алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Сейтқұлов ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың алғашқы үш онжылдығында қазақ халқының рухани дамуына ықпал етті.

Ол көптеген қолжазбалар мен тарихи өлең-жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Мұхаметхан Сейтқұлов 1937 жылдың 2 желтоқсаны күні түнде атылды.  Кейін ақталған.   М.Сейтқұловтың үйіне Абай, Шәкәрім,  Абай шәкірттері, белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлер жиналатын. Үйдің үлкен залының бір бөлігін мазмұнға бай кітапхана алып тұратын, мұнда көптілді әлем классикасы, жаздырып алынған және әр жерден әкелінген сол заманның  газет-журналдары болды. Қайымның әкесі қазақ, орыс, татар, араб тілдерінде оқитын және аса жомарт адам еді. Сейтқұловтың қаржыландыруымен  «Сары-Арқа» газеті,  1918 ж. бастап  Ж.Аймауытов және М.Әуезовтың редакциясымен «Абай» журналы шығарылатын. Әлихан Бөкейханов Семейдің солжағалауында өткен жиында қалаға бастапқы «Алаш» атауын қайтару туралы мәселе көтерген кезде, Сейтқұлов оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» атауын қайтаруды нақтылы дәлелдермен қорғаған. Осындай заманалар мен дәстүр жалғастығының мысалдары аз емес. 

Туған үйдің жылуы, қоршаған ортасы, білім өрісі өзінің елі мен жерін шынайы сүйетін, сондай-ақ ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауды ниет еткен тұлғаны қалыптастырды. Қайым әкесінің жазушылар мен  композиторлар, халық ақындары, өнер адамдарымен жақын байланысын  байқады. Алаш зиялылары Семейдегі (Заречный слободкада, ескі атауы «Алаш») Сейтқұловтың үйін кездесу орны ретінде таңдады. Алты жастағы Қайым әкесінің үйінде алғаш рет М.Әуезовты көрді, ол мұнда жиі қонақта болатын. Қайымның әкесі М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» және т.б. пьесаларының алғашқы репетициясын жасауға қолайлы жағдайлар жасады.

Қайым жас кезінен әкесінің достары берген тапсырмаларды  орындайтын – мысалы, Ыдырыс Мұстамбаевтың тапсырмасы  – кітапты араб харпімен, көркем жазумен көшіру немесе түрлі тілдерге аудару.  Қайым өзінің алғашқы өлеңдерін үйге келген әкесінің достарына оқитын. М.Сейтқұлов 1921, 1928, 1932 және 1937 ж.ж. қуғын-сүргінге және тәркілеуге ұшырады. М.Сейтқұловтың үлкен ұлы Қайымға отбасын асырау үшін 15 жастан бастап көп жұмыс істеуге тура келді. Ол кемежайда жүк тасушы, жұмысшы, кадр бөлімі қызметкері, мәдениет қызметкері, мұғалімдік қызмет атқарды. Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін,  Семей пединститутына түсіп, 1941 жылы экстернмен аяқтайды.  Қайым 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады.Үздік педагог-тәлімгер өмірінің 60 жылдан астамын жастарды  тәрбиелеу және білім беру ісіне арнады. 

Әкесі тұтқындалғаннан кейін Қайым Педагогикалық институттан қуылады. Сол кезде жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда  қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Шәкірт ұстазына өмірінің соңына дейін адал болды. Адамдарды жақсы танитын М.Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. М.Әуезов Қайымды Абай туралы роман-эпопея жазу барысында түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады. Ол бұл кезде Алматыда еді, ал нақтылайтын жағдайлар тек шалғай ауылдардағы ақсақалдармен әңгіме кезінде, мұрағаттарда, түрлі қалаларға хат жазып, хабар алмасу арқылы ғана нақтыланатын.

 Қайым Мұхамедханов – Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы.   Қ.Мұхамедханов 1943 жылы конкурс жеңімпазы атанды – ол Республика Гимнін жазды, алғашқы жолдары  «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» - «Героический казахский народ издревле мечтал о свободе» деп басталады. Қайым Мұхаметқанұлы Қазақстанның ең алғашқы әнұранын жазғанда бар-жоғы 27 жаста ғана болатын. Бұл оның Ұлы Мұқаңның шәкірті атанып Абай әлеміне құлашын еркін сермеп еніп келе жатқан шағы еді. Бірақ, ғалымның тағдыры сияқты, шығармашылық жолы да аса даңғыл болмаған. Әнұранға қосалқы автор ретінде иелік еткісі келетіндер де табылды. Ал, алғашқы қазақ әнұраны ешкімге бөле-жара қатысы жоқ,тек Қайымға ғана тиесілі екенін айғақтау үшін тура 37 жылдай уақыт кетіпті. 1980 жылы арнайы  комиссия  оның жеке  дара  авторлығын растаған  шешім  шығарды.

Кезінде Қайым Мұхаметқанұлы  бұл оқиғаны былай еске алған екен .

-Қазақстан Гербін, Жалауын жасаған, енді елдің Гимні керек. Осыған конкурс жариялаған. Мұхтар Әуезов өзінің жерлесі, ақын Сапарғали Бегалинді шақырып алып: «Ал, Сапеке, осы гимнді екеуіміз жазайық, мен сізге гимннің мән-мағынасын, оған қойылатын талаптарды айтайын. Сіз соларды ескеріп жазыңыз. Бірақ мәтін сөзі ұзақ болмауы керек, онда елдің өткен өмірі, жүрген жолы, қазіргі жағдайы бейнеленіп, сонымен бірге ішінде партия көсемдерінің есімдері де аталуы тиіс» дейді. Уақыт тығыз. Екі күннің ішінде жазып бітіру керек. Сапекең айтылған уақытында жазып әкеліп, Мұхаңа ұсыныпты.
– Жаздыңыз ба, Сапеке?
– Жаздым.
– Ал оқыңыз.
Оқиды: «Кең далада ат тұяғы дүбірлеп…» деп бастай жөнеледі. Мұхаң:
– Ой, Сапеке, мынауыңыз келіңкіремейді, – деп қалай жазылу керектігін қайта түсіндіреді. Әртүрлі елдерден мысалдар келтіреді. Сапекең ұққандай болады. Ертеңінде тағы жөндеп алып келеді. Бірақ жазушының көңілінен шыға қоймайды.
Мен тыңдап отырып, «Мұха, бұл гимнді мен жазамын» дедім. Сол кезде Мұхаң шорт кескендей болып: «Әй, бұл сенің қолыңнан келмейді» деді. Мен болсам, көрші бөлмеге кіріп кетіп, мәтінді жазып шықтым. Мұхаң түн ортасы ауғанша жазу жазып, ұйықтамайтын. Келіп оқып бердім. Сөзін «Ел қазақ ежелден еркіндік аңсаған…» деп бастаған едім. Оқып бола бергенімде:
– Мынауың бірдеңеге келеді, әлі де біраз қарап өңдеу керек, – деп қуанышты шырай танытты. «Ештеңесін де өңдемеймін» деп конвертке салып, «Конкурсқа» деп жазып, поштаға салып жібердім де, ертеңінде Семейге кете бардым. Бір күні үйге бір жігіт кіріп келіп, сізді обкомға шақырып жатыр деді.
Бұрын істі болғаным ойыма түсіп, жүрексіне бардым. Обком хатшысы:
– Кәке, сіз Гимн жазыпсыз ғой. Сіздің нұсқаңыз байқаудан өтіпті. Тез арада Алматыға жетіңіз. Абай атындағы Опера және балет театрында қазақтың тұңғыш Гимні орындалайын деп жатыр, соған автор ретінде қатысуыңыз керек, – деді.
Мен гимн жазғанымды мүлде ұмытып кетіппін. Содан Алматыға асыға жетіп, айтылған мекенжайға келдім. Залда отырмыз. Шараны жүргізуші: «Қазір осы сахнада Қазақ ССР-нің тұңғыш гимні орындалады. Сөзін жазғандар – Қайым Мұхамедханов, Әбділда Тәжібаев, Ғабит Мүсірепов, ән авторлары – Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев» деп хабарлады. Сахна шымылдығы ашылды да, Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев сахнаға шығып, гимнді қосыла шырқады. Болған соң бәріміз орнымыздан тұрып, қол соқтық.

Мұқаң маған:
– Барып қаламақыңды ал, – деді. Алдым. Артынан: «Қалған авторлар алып па?» деп сұрады.
– Олар ертерек алып қойыпты,– дедім. Мұхаң Ғабит пен Әбділданы шақырып алып: «Әй, екеуің де қызық екенсіңдер! Сендерге осының атағы да болмаушы ма еді, гонорарды осы балаға бере салмайсыңдар ма!» деді. Олар менің бір-ақ сөзімді ғана өзгертіпті. Мен мәтінді «Ел қазақ…» деп бастағанмын, Ғабеңдер «Біз қазақ…» деп қана өзгерткен екен.

Сонау бір жылдары барша қазақстандықтар да әр таңын КСРО-ның мемлекеттік гимнімен атыратын. Республикамыздың гимні жұртты сол күннің игі істеріне еліктіретін, сендіретін, серпілтетін,салтанатты сәттерді күттіретін, еліміздің дауысы болып баурайтын.

    А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, тағы басқа да Алаш ардақтыларының өмірі мен шығармашылықтарына арнап 400-ден астам ғылыми мақалалар мен монографиялар жазып қалдырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхаметқанұлының ауыр да азапты қайраткерлік өмірі мен шығармашылық өнері туралы еш тебіреніссіз, толқусыз айтып шығу мүмкін емес. Қайсар ғалымның бірнеше жылы Карлаг лагерьлерінде өтті.Қайым аға Теміртау, Қарабас, Долинка лагерьлерінің бәрінде отырып шықты. Бүгінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайында» ол кісінің елге жазған хаттарының, айыптау қортындысының, сот шешімінің көшірмелері мен көптеген фотосуреттері сақтаулы.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Мұхаметханов. Көп томдық шығармалар жинағы І том Алматы: Алаш, 2005 ж. [343 б.]

2. Ж.Төлебаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі   «Ана тілі» газеті,21 қаңтар, 2016 ж.

3.Дина Мұхамедхан  Abai.kz

4.Қайым туралы сөз. Слово о Каюме: сб.воспоминаний     Ғ.Қабышұлы  Астана: Фолиант,2006 ж. [83-85 б.]

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері»

республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясына

қатысушының өтініші

 

Тегі:     Жарқынбаев

 

Аты:     Нұржан

 

Әкесінің аты:      Бейсенбекұлы

 

Жұмыс орны:   ШҚО,Үржар ауданы  ,«Благодарное орта мектебі» КММ

  

 

Қызметі:       Тарих пәнінің мұғалімі

 

Ғылыми дәрежесі :

Баяндаманың атауы: Қайым Мұхамедханұлы –өзі музей,өзі архив,өзі тарих

 

Қатысу түрі:           сырттай

 

Байланыс мекен –жайы:

 

Байланыс телефоны:  8 701  606 04 37 

 

e-mail:       jar_ nur75 @mail.ru

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қайым Мұхамедханұлы –өзі музей,өзі архив,өзі тарих""""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 727 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 707
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаркынбаев Нұржан Бейсенбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10830
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе