Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Қайырымдылық - жылы шуақ

Қайырымдылық - жылы шуақ

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Жалпы білім беретің Бұлан орта мектеп – балабақша кешені





«Қайырымдылық – жылы шуақ»














Өткізген: Тұрғаналиева Ж.Г






2015-2016 оқу жылы


Қайырымдылық – жылы шуақ


Сабақтың мақсаты:

Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі және оларды шетелге сату мәселелеріне тоқталу.Ұл-қыздарымызды қайырымдылыққа,имандылыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер.

Сабақтың барысы:


Құрметті оқушылар! Сіздермен Қайырымдылық – жылы шуақ

атты тәрбие сағатында кездескеніме өте қуаныштымын.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар дөңгелене тұрып, бір бірінің қолын ұстаған күйі шеңбер бойымен жүреді.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Әңгімелесу:

«Ойланайық» сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргізу:

-Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қайырымды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қайырымды іс жасадың ба??


Мұғалім:

Қоғамдағы әлеуметтік өткір мәселелердің бірі-тірі жетім балалардың көбеюі.Соңғы жылдардың деректеріне сүйенсек,тастанды балалардың саны жылдан-жылға көбейіп отыр.Соңғы кезде халықтың хал-ауқаты,елдің экономикасы түзеліп келеді.Сонда бұл қайшылық қайдан пайда болуда?Сірә,сана-сезім,ата-аналық борыш,ата-баба дәстүріне ақау кіріп,санамызда мүгедектік пайда болған сияқты. Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді.Сәби ата-анасы қасында болып,анасының ақ сүтін тоя еміп,мейірімді алақанның жылуын,әкесінің асқар таудай қорғаны екенін сезініп өссе,ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған парасатты азамат болып өседі.

Ұлханым:
Ана-дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана  дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –бәйтерегі өмірдің,
Ана деген –алтын қазық,алтын бақ.

Рашид:
О,ата-ана!
Таянышы,тірегі!
Бар бақытты бір басыңа тіледі.
Балаларым жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің,

Инабат:
Ана сүтінен барлық адам  нәр алған,
Ол азығың өзіңменен бірге жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш-қуат боп өн бойыңа тараған.

Нұрәділ:
Өмір берсе жаратқаным жетімге,
Берді оған күшпен тірлік етуге.
Күресуге келмесе де шамасы
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.

Арайлым:
Көңілінен ана сөзі кетпейді,
Әрбір күні өкінішсіз өтпейді.
Тұрса-дағы мейірбандар алдында,
Ананың ақ жүрегіне жетпейді.

Назерке:
Жылап жүрсе қазақтың бір баласы,
Ішінде оның ашу,ыза наласы.
Болмас еді жетім деген сөз мүлде,
Өз баласын тастамаса анасы.

Мирас:
Ата-ананың жоқтығына өкінген,
Қиындықпен күресуге бекінген.
Ұғынсаңшы,анасы,сенің балаң бұл,
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.

Мұғалім:
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы 76-бабының 2 тармағында  балаларды Қ.Р-ның аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін делінген.Осы заңды негізге ала отырып,балаларды шетелге беру мәселесін асыра орындап жатқандаймыз.

Соңғы жылдардағы деректер бойынша Қазақстаннан жалпы саны  5394 бала жат елдік атанса,оның  4750-і Америкаға кеткен.Олардың  басым бөлігі өз қаракөздеріміз екені жанға батса да шындық.Шетелдіктер алғашында ұлдарды асырап алуға қызықса,соңғы жылдары олардың арасында қыз балаларды асырап алушылар жиілеп кеткен.Жетімдерді шетелге асырауға беру мәселесі турасында көпшілік қауым екі ұшты пікір айтады.Оны қолдайтындар тастанды балалар көздері жәудіреп жетімдер үйінде жүргенше,шетелге кеткені дұрыс деп есептейді:Олар Америкада бақытты отбасында тіршілік етіп жатыр.Кәмелеттік жасқа толған соң олар өз Отанын табады деген жұбатуларға сену қиын.Ал бұл пікірлер мен келіспейтіндер де аз емес. «Шетелге беру деген жетімдерімізді далаға қаңғытып жібергенмен бірдей.Онда қалай өсіп,қандай тәрбие алып жатқанын кім біледі?
Шетелге кеткен жетімдерді асырап алғандар өз баларымызды өзімізге қарсы қоймасына кім кепілдік бере алады?

Ұлболсын: «Жетім көрсең, жебей жүр» деген бабалар өсиетін ұмытқандар балалардың шетел асып жатқандарына еш қынжылыс танытар емес.
Тағдырынан онсыз да опық жеп үлгірген жәдуір көз сәбилеріміздің шетел асуына тосқауыл қашан қойылар екен?

Темірхан: «Жерде жетім жыласа,көкте періште күңіренеді» демекші,
 Мемлекеттің жетім балаларға қамқорлығын көрмеуге болмайды,былайша айтқанда,дәмді тамақ,жаңа киім,аппақ төсек.Олар мемлекеттің қамқорлығында,кең де жарық жылы үйде,тамақтары тоқ,киімдері бүтін,барлық ем-шара,толық қамтылған тәлім-тәрбие алып шығады.Бірақ,олар тамырсыз бұтақтар ғой.

Мұғалім: Бүгінде біздің облысымызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1947 бала бар.Олардың 1216 –сы жақын-жуықтарының немесе бөгде жандардың қамқорлығында болса,731 өрен балалар үйлерінде тәрбиеленуде.Елімізде патронатық тәрбие 2004 жылы бастау алды..Алғашында біздің облысымызда тек 11 патронаттық отбасы болса,бүгінде 131 шаңырақта барлығы 193 бала тәрбиеленуде. Ата-ананың аялы алақанына зәру,ауыр науқастардан зардап шегіп жүрген ұл-қыздарды «Бөбек» балалар қоры қамқорлығына алып отыр.Қордың президенті – еліміздің бірінші ханшайымы Сара Алпысқызы Назарбаева. «Бөбек» қоры сол кісінің бастамасымен 1992 жылдың 27 наурызында өмірге келді.   Бірнеше қалада « SOS – балалар тұрағы»  атты халықаралық жоба аясында отбасылық қалашықтар бой көтерді.Олардың әрбірінде тәрбиешілер мен бірнеше бүлдіршіндерден құралған жанұялар тұрады.Сондай,ақ, «Бөбек» қоры республика аумағындағы балар ауруханаларын жабдықтауға,дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөліп келеді.      

 Мәтінмен жұмыс: Оқушылар дәптерлеріне өздерінің қайырымды істерін жазды.                        

Қорытындылау

Сабақ барысында оқушылардың меңгерген білімдері мұғалімнің көмегімен тұжырымдалады:

Қайырымдылық адамдар арасындағы ізгі қарым қатынас. Адамдарға қайырымды бола білу үлкен адамгершілікті білдіреді. Ол адамдардың жанұясы әрекеттерінен көрінеді. Адамдарға қайырымды бола білсең, олар да саған қайырымдылық көрсетеді. Осындай қайырымдылық қарым қатынастардан адамдар қуанышқа бөленеді, тату тәтті жақсы өмір сүреді.

Жүректен жүрекке:

Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айтады.

Досыңа көмектес

Үлкенді сыйла

Үлкеннің жолын кеспе

Жылы сөйле

өтінемін деген сөзді ұмытпа

Рахмет деген сөзді естен шығарма

Әдепті бол

Жақсылық жасап жүр

Жақсы көңіл күйде бол

Арамшөп пен гүл сияқты жақсы мен жаманды ажырата біл

Үнемі күліп жүр

Ешкімді жамандама

Көмек көрсетуден қашпа, жалықпа

Құрмет көрсет

Ізет көрсет

Жақсы сөздер айт

Әдемі болып жүр.


-Біз бір бірімізге жақсылық сыйлаймыз!

-Біз бір бірімізге қайырымдымыз!

-Біз өте көңілдіміз, қуаныштымыз!

-Біз әрқашан біргеміз!

-Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!










Анықтама



Сыныбы: 5

Оқушы саны: 11

Өткізілген күні: 18.01.2016

Өтілген орны: Информатика кабинеті

Тақырыбы: «Қайырымдылық – жылы шуақ»

Мақсаты: «Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі және оларды шетелге сату мәселелеріне тоқталу.Ұл-қыздарымызды қайырымдылыққа,имандылыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының тақырыбы «Қайырымдылық – жылы шуақ» .Тәрбие сағаты барысында сыйластық, достық,шаттық, мейірім, қайырымдылық жайында айтылды. Олардың мағынасы туралы сөз қозғалды. Оқушылар қайырымдылық туралы тақпақтар оқып, берілген тапсырмаларды орындады.Сабақтың соңында оқушыларға жүректен жүрекке атты психологиялық тренинг жүргізілді.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров79
Номер материала ДВ-424443
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх