Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Айлакер Алдар көсе" тақырыбындағы сабақ

"Айлакер Алдар көсе" тақырыбындағы сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m60beb98c.gifhello_html_7468f950.gifhello_html_m216f72ca.gifhello_html_m216f72ca.gifhello_html_m78f16f02.gifhello_html_49556020.gifhello_html_49556020.gifАудандық оқушылар үйі

















(ашық сабақ)



C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1366123018_aldarkose.jpg







«Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі - Жаудатова Перизат











Жосалы кенті

2015 жыл

«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйінің

директоры: _______ Н.Наурызбаева

«___» «____» 2015 жыл



Сабақтың тақырыбы: Айлакер Алдар көсе


Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: қазақ аңыз әңгімелеріндегі айлакер Алдар көсе

жайлы ақпараттарын кеңейту, қосымша мағлұматтар беру;

Ә) дамытушылық: шәкірттердің ой белсенділігін дамыту, өзіңдік ізденісін

дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін

ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.




Б) тәрбиелік: оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы

мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта

құру.


Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, бағалау.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, перфокарта, таратпалар, теңгелер.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушылардың түгелдігін тексеру.

Мұғалім: - Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі күндерің сәтті өтсін деген тілегімді білдіремін. Сабағымызды бастайық.

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз аялдамаларға тікелей байланысты болмақ. Ең соңғы аялдама «Тұрар» кеңсе заттарын сататын дүкен. Сол дүкеннен өздеріңе қажет заттарды алуларыңа болады. Бірақ ол үшін сендерге ақша қажет. Әр тапсырманы мұқият орындасаңдар, мен сендерге ақша беретін боламын. Жинаған қаражаттарыңа дүкеннен зат алуларыңа болады.



ІІ Үй жұмысын сұрау

1-аялдама. № 30 мектеп ғимараты.

Перфокарта пайдалану. Бағалануы: толық жауап-20 теңге, жартылай жауап-10 теңге.

Мұғалім: - Балалар, үйге берілген «Жиреншенің хан сынағына түскені» аңызының мазмұнын қалай меңгергендеріңді анықтау мақсатында мен сендерге тапсырма жазылған перфокарта беремін. Толық жауап жазуға тырысайық.



Перфокарта



1.Сұраққа жауап беріңіз.

Хан неліктен Жиреншені сынаққа салады?







2.Ханның Жиреншеге қойған сынақтарын ретімен жазыңыз.





3. Жиренше мен Қарашаш өмірде болған адамдар ма? «Иә» деп ойласаңыз бірінші дөңгелекті, «жоқ» деп ойласаңыз екінші дөңгелекті бояңыз.

Оқушының аты-жөні:



Мектебі: Сыныбы:



ІІІ Жаңа сабаққа даярлық

Өлеңді оқып беру арқылы сабақ тақырыбын анықтау.

Қызығушылықты ояту.

Кедейлерге жақ болған.

Сараң да емес, бай да емес,

Ақшақұмар жан да емес.

Табыңдаршы жанды осы.

Сөздікпен жұмыс

Көсе-сақалы жоқ адам.

ІV Жаңа сабақ

Шешендік сөздердің бастауын ертегі-аңыздардан іздеу керек. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы– қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.  Халықты қанаған, әділетсіз әрі тоғышар байлардан халықтың есесін күшпен емес, қызыл тілмен, ақылмен қайтарған кейіпкер ретінде белгілі. «Алдар көсе» туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға алғаш жеткізгендердің бірі - Шәкен Айманов. «Алдар Көсе» фильмі 1965 жылы  түсірілген. Басты рөлдерде: Шәкен Айманов, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов.



V Жаңа сабақты бекіту

Мұғалім:-Сендер Алдар көсенің қандай ертегілерін білесіңдер?

2-аялдама. Темір жол өткелі. Бағалануы: толық жауап-40 теңге. Жартылай жауап-20 теңге.

«Атауын тап!» ойыны.

Ойынның шарты: Қима қағаздарға ертегілерден үзінді жазылған. Оқушылар үзіндінің қай ертегіден алынғанын табуы қажет.

1

-Мен де саған оңай беріле қоймаспын. Мен де оңай жарылатын жаңғақ емеспін. Сен ойлағандай бола қоймас. Қазір ол құрғырға тақияны қалай тігуді мен үйретейін. Көрсетейін! Қарай көр мұны?!

Атауы: «Он тақия».

2

Баяғыда екі ағайынды өмір сүріпті. Ол екеуі жұрттың бәріне нағыз айлакер болып танылған екен. Бірде олар Алдар көсені мазақтағысы келеді.

-Әй, Алдар көсе, бізбен бірге мейрамханаға жүр. Қонағымыз бол. Саған біз жақсылап тұрып сый көрсеткіміз келеді.

Атауы: «Атасының тақиясы».



3

Күндердің бір күні хан аяқ астынан ауруға шалдығып, төсек тартып қалады. Ханды емдемекші болып сарай дәрігерлері жинала бастайды. Хан:-Өй-и-и-и, ай-ай,-ай, маған керегі тұлпарыма мініп алып, құйғыта шауып, бетіме ұрып тұрған самал желді сезіп, қолыма қайта қылышымды алсам ғой, шіркін! Мені емдеген адамға бар қазынамды аямай-ақ беретін едім.

Атауы: «Алдар көсе ханды солай емдепті».

4

Бай:

-Әй, бәйбіше, ет, қазы қайда? Дастархан неге жайылмаған?

Бәйбішесі:

-Қайдағы дастархан? Қайдағы қазы саған?

Атауы: «Оқымысты қоян».

5

Әй,аңғал неме-ай! Киіміңе рахмет! Менің бойыма тұп-тура екен.

Алдар көсе: - Ол не дегенің? Сонда бұл жақта менің аппақ қойым да жоқ па?

Атауы: «Алдар көсе мен ұры».

6

Маған керемет палау жасап бер. Керемет болсын! Дәмді болсын! Ақалай-мақалай. Дұғаны айтқан сайын көзіңді міндетті түрде жұмып тұруың керек.

-Әй, бәйбіше, тез, уақытым жоқ. Қожайының тез май мен ет берсін дейді.

Атауы: «Сиқырлы қасық».

7

Бірде қыстың күні аяз қақап тұрғанда қар басқан жолмен бір бай үйіне асығып келе жатады. Басында түлкі тымақ, үстіне қымбат тон кигенмен, жаурағаны сонша тісі тісіне тимей қалтырап, дірілдеп келеді екен. Сөйтіп бүрісіп келе жатқанда байдың алдынан Алдар көсе кездесе кетеді.

Атауы: «Сиқырлы тон».

8

Баяғыда Алдар көсенің іргесіне екі жуан бай қоныстанып, көрші болыпты. Содан бастап Алдарға атар таң, көрер күн болмапты. Алдар көсе: -Әй, көршім! Бүгін базарда естігенімді айтайын. Біздің елге бір тибет сопысы келіп, барған жерінде қошқар мүйізін сұрап жүр екен.

Атауы: «Қошқар мүйізі».

9

Бірде бай тон сатпақшы болып шала бүлініп дүкен ашыпты. Бірақ сараңдығы ұстап тондардың құнын көтергені сонша дүкеніне келген жұрттың бәрі бағасын көре сала қаша жөнеледі екен. Бай бір айла жасамақшы болады. Жұрттың көзін қызықтырып, дүкеніне алдап кіргізбекші болып көрінісіне жарнама орнатады.

Атауы: «Тегін сыйлық».

10

-Осы жұрт сені дүниедегі ең қу, айлакер адам дейді. Сол рас па?

-Жұрт айтса қалт айтпайды ғой, хан ием. Мүмкін солай шығар.

-Иә, Алдар, олай болса менің үш сұрағыма жауап бересің.Егер жауабын дұрыс айтсаң үлкен сыйлыққа кенелесің. Айта алмасаң басыңды аламын.

Атауы: «Сый».

11

-Ау, қайырымды жандар, түнеп шықсам бола ма? Жолдан әбден шаршадым.

-Әй, кет әрі,түрің құрсын. Жоғал әрі! Қойдың қасына барып түне.

-Қайырымды жандар дегенің осы ма?

Атауы: «Күтпеген қонақ».

12

-Әй, мыналар менен неге сонша қорқады? Әлде мен көріксіз болғаным ба?

-Керемет жігіт болып шыға келдің.

Атауы: «Тақыр шайтан».



3-аялдама. Темір жол вокзалы ғимараты. Бағалануы: толық жауап-30 теңге, жартылай жауап-15 теңге.

Оқушыларға ертегіден үзінді көрсетіледі. Жалғасын жазуға тапсырма беріледі.

Сергіту сәті. «Сөзден сөз» ойыны. Ойынның шарты: Мұғалім бір сөз айтады. Келесі оқушы сол сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз айтуы қажет.

4-аялдама. «Тұрар» дүкені. Бағалануы: 4-6 сөз – 10 теңге, 7-11 – 15 теңге, 12-ден жоғары - 20 теңге.

«Алдар көсе» сөзінен сөздер құрау.

Кесе, дара, лас, көсе, ес, ер, асар, адал, елес, дала, аласа, сөре, ас, ара, ала.

VІ Сабақты қорытындылау.

«Сұрақ-жауап» әдісі.

1.Алдар көсе қандай адам?

2.Алдар көсені қалай суреттеп берер едіңдер?

3.Оның шешендік өнермен байлынысы бар ма?

4.Алдар көсенің қандай қасиеттерінен үлгі алар едіңдер?

 

Оқушыларға сабақ барысында жинаған теңгелерінің жалпы санын шығартып, дүкенге шақыру.



VІІ Бағалау

Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктеріне және білім деңгейлеріне қарай бағалау.



VІІІ Үй жұмысын беру

Алдар көсенің ертегілерінің бірін мазмұндау.

Адалдық, мейірімділік туралы мақал-мәтелдер жазу.



Қорытынды сөз:

Мұғалім: - «Керек болса шайтанды да алдармын» дейді Алдар көсе. Халықты қанаған, әділетсіз әрі тоғышар байлардан халықтың есесін күшпен емес, қызыл тілмен, ақылмен қайтарған кейіпкер ретінде белгілі айлакер Алдар көсе жайлы сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа қатысқандарың үшін барлығыңа алғыс айтамын.























«Шешендік өнер» үйірмесінде өткен «Айлакер Алдар көсе» тақырыбындағы ашық сабақтың

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

03.12.2015 ж. күні «Шешендік өнер» үйірмесінде «Айлакер Алдар көсе» тақырыбында қазақ аңыз әңгімелеріндегі айлакер Алдар көсе жайлы ақпараттарын кеңейту, қосымша мағлұматтар беру, шәкірттердің ой белсенділігін дамыту, өзіңдік ізденісін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау, оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру мақсатында ашық сабақ болып өтті.

Ашық сабақ аукцион сабақ түрінде, әр кезеңі аялдамалар арқылы өтілді. Сабаққа 10 бала қатысып, өз белсенділіктерін көрсете білді. Оқушылар әр аялдамалардағы тапсырмаларды орындау арқылы теңге жинап отырды. Тапсырмалар легі Алдар көсе ертегілерінің желісі бойынша оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылды. Әр аялдамадағы берілген тапсырмаларды орындауда жекелей жұмыс жасап, өз жауаптарының қаншалықты дұрыс не бұрыс екендігіне көз жеткізді. Аукцион сабақта оқушылар Алдар көсе туралы мәліметтер алып, оның ертегілеріне деген қызығушылықтарын танытты.

Аукцион сабақ соңында әр оқушы жинаған теңгелерін есептеп, кеңсе заттарын қалаулары бойынша сатып алды.

Ашық сабаққа аудандық оқушылар үйінің әдіскері А.Әбдіреева, үйірме жетекшілері Қ.Манасова, Ж.Омарова, А.Смагуловалар қатысып, сабақты «жақсы» деп бағалады.







«Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі: П.Жаудатова


Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров212
Номер материала ДВ-313418
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх