128821
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИностранные языкиДругие методич. материалы«Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз» (мұғалімге көмекші құрал)

«Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз» (мұғалімге көмекші құрал)

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі В.Х.Койшыгалиеваның «Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»







Сын – пікір



Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабақа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы ерекше.

Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл-өмірдің заңдылығы. Сондықтан да ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Ойын балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, сабақты түрлендіреді, оқушыларды зеріктірмейді, олардың білімге деген құштарлығын, талпынысын арттырып, яғни, қабылдау, есте сақтау және зейінін дамытады.

Бұл кітапшаның мазмұны бағдарламада берілген тапсырмаларға сай, материалдар жүйелі тәртіппен жазылған. Тақырыппен тапсырма арасында өзара байланыс бар.

Жұмыстың тақырыбы толық ашылған, қойылған мақсаттар орындалған. Қолданылған іс-тәжірибелік материалдар сенімді, бұл жұмыс тәжірибелік маңызға ие. Пән мұғалімдеріне қажетті көмекші құрал. Сондықтан да бұл әдістемелік іс-тәжірибе жұмысын аудан және облыс көлеміндегі мектептерге қолдануға лайықты деп есептейміз.













Пікір жазған: Габдуллина Б.Б. Аудандық білім бөлімінің әдіскері

Исамбаева Г.К. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жоғары

санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі




Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі


САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Жұмыс: «Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»

Тақырыбы

Авторы Койшыгалиева Венера Хаировна жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

/Аты-жөні, лауазымы,жұмыс орны/

Жұмысты қай мекеме ұсынды:Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы

Әдістемелік кеңесінің

/кабинеттің әдістемелік кеңесі/ОПКБА және КДИ/орталығы, АӘ/ҚӘК/кеңесі, білім мекемелерінің әдістемелік кеңесі/


Бағалау өлшемдерінің қорытындысы

Бағалау өлшемі

Бағасы

1

Жұмыстың өзектілігі:

Ойын- ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі. Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген


Жалпы педагогикалық


Білім берудің жаңа моделіне көшуге әзірлік тұрғысынан

2

Жұмыстың ғылымилығы

Жұмыста тәжірибелі ұстаз –ғалымдардың жұмыстары үлгі ретінде алынды

3

Мазмұнының жүйелілігі

Жұмыс мазмұны жүйелі түрде құрылған

4

Баяндау қисындылығы

Әр сынып оқушыларының деңгейіне сай тапсырмалар алынған

5

Жұмыс формасының нақтылығы

Жұмыстың алдына қойған мақсаты орындалып, нәтижесі көрсетілген

6

Кімдерге арналған

5-6 сынып оқушыларына арналады

7

Теориялық құндылығы

Көптеген әдістемелік оқулықтар қолданылған

8

Практикалық құндылығы

Грамматикалық және лексикалық тапсырмалар бойынша жұмыс берілген

9

Қолдану мүмкіндігі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне қолдануға арналған

10

Материалдың жаңалығы

Ойын мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысы. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне көмекші әдістемелік құрал болып табылады

11

Авторлық үлесі

Мұғалімнің өзіндік ізденісі, тапсырмаларды топтастырып құруы арқасында кітапша түрінде ұсынылады

12

Баяндау мазмұнының сауаттылығы

Ойын тапсырмалары сауатты, оқушы деңгейіне сай жазылған

13

Рецензиялау сапасы

Ойын кітапшасын аудан,облыс көлемінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында таратуға ұсынамын


Сараптама қорытындысы:



Эксперттік кеңестің төрайымы: Жанекенова Б.Ж.

Эксперттік кеңестің мүшелері: Дакишева Э.М.

Габдуллина Б.Б.

Тасқала аудандық білім бөлімі



ЖББ Амангелді орта мектеп – балабақшасы

















«Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»

(мұғалімге көмекші құрал)

5-6 сыныптар үшін













Құрастырушы: Койшыгалиева В.Х.

Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі









2014-2015 оқу жылы





Аудандық білім бөлімінің эксперттік комиссия отырысының шешімімен ұсынылды



Хаттама № «______»_______________2014 жыл















Құрастырушы: ЖББ Амангелді орта мектеп –балабақшасының

жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Койшыгалиева Венера Хаировна













Рецензент: ЖББ Амангелді орта мектеп – балабақшасының

жоғары санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі, сынып жетекшілер әдістемелік

бірлестік жетекшісі

Бексейтова Венера Насиболлаевна





Бұл кітапша 5-6 сынып оқушыларына арналған. Бұл кітапшада 35 ойын түрлері берілген. Олар грамматикалық және лексикалық тақырыптарды қамтиды.Берілген ойындар оқушылардың сөздерді еске сақтауға, лексикалық сөз қорын байытуға, оларды ойландыру, іздендіру, өз бетінше еңбектеніп оқуға баулу, өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру міндеттері көзделген.

Пән мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Ойындар

1.«Choose your pair» ойыны.

2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.

3.«Find who» ойыны.

4.«Refresh 3 forms of the verb» ойыны.

5.«Auction» ойыны.

6.«Double or quits» ойыны.

7.«Football» ойыны.

8.«Animals» ойыны.

9.«Memory games» ойыны.

10.«Parts of the body» ойыны.

11.«Let’s draw a Rainbow!» ойыны.

12.«At the Zoo» ойыны.

13.« Family» ойыны.

14.«Don`t say “no” and “yes” » ойыны.

15.« Invisible Words.» ойыны.

16.«Good morning» ойыны.

17.«Who is the cleverest?» ойыны.

18.« Whose birthday is today?» ойыны.

19.«To write» ойыны.

20.«Colours» ойыны.

21.«Lottery» ойыны.

22.«Think and write» ойыны.

23.«Who is the last to finish the phrase» ойыны.

24.«True and false chair» ойыны.

25.«Correcting mistakes» ойыны.

26.«Fulfill the order » ойыны.

27.«Have you ever…? When did you…? » ойыны.

28.«Find who» ойыны.

29.«Roll the ball» ойыны.

30.«Noughts and crosses» ойыны.

31.«Interpreter» ойыны.

32.«Where is it ?» ойыны.

34.«Super secretary» ойыны.

35.«Who reads a lot» ойыны.

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы – оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.

Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.

Ойын-ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.

Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады.

Ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.

Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.

Ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады.

Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан-жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.

















1.«Choose your pair» ойыны.

Мақсаты: бұрыс етістіктің формаларын дұрыс қолдана білу;

Қажетті нәрселер: бұрыс етістіктің екінші және үшінші формасымен жазылған сөйлемдер;

Ойын барысы:

Барлық карточкаларды араластырып, әр оқушыға бір-бір сөйлемнен алу ұсынылады. Оқушылар алған карточкаларындағы сөйлемді іштей оқып қай формада екенін табады. Егер сөйлемде етістіктің екінші формасы болса, оқушы үшінші формасы бар сөйлеммен оқушыны табу керек және керсінше. Оқушыларға орындарынан тұрып, өз жұбын табуға рұқсат етіледі. Екі форманы да тапқан оқушылар жұп құрайды. Олар өз сөйлемдерін оқып, етістіктің негізгі формасын айтады.

Карточкалар үшін мынадай сөйлемдер алуға болады. Мысалы:

1.I went to school last year.


a﴿ He has gone there by tram.

2.We saw the film five days ago.


b﴿ They have already seen this play.

3.My mother did our flat yesterday.


c﴿ I have done my homework.

4.The birds flew to the south last month.

d﴿ They have flown to Astana recently.

5.A small boy drew his own house last Sunday.

e﴿ Asan has drawn a wonderful picture.

6.Asel rang me up yesterday.

f﴿ Sveta has rang me three times this morning.

7.The concert began at 7 o’clock.


g﴿ The film has already begun.

8.He took a bath two hours ago.


h﴿ You have taken my pen.

9.Berik wrote a letter last week.

i﴿ Mr.Smith has written many short stories.

10.The boy ate a ham sandwich.


j﴿ I haven’t eaten yet.

11.I knew him very well.

k﴿ They have known each other since childhood.

12.They rode in the park two days ago.

l﴿ The pupils have ridden three miles and are tired.

13.Marat swam much when he was in the country.

m﴿ He has swum very far, I can’t see him.

14.He fell suddenly and hurt his knee.


n﴿ The leaves have fallen and the trees are bare.

2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.

Мақсаты: жалпы сұраққа толық жауап беруді үйрету;

Қажетті нәрселер: Present Perfect және Past Simple сұрақтары бар карточкалар;

Ойын барысы:

Сынып 3 немесе 4 оқушыдан топ құрайды. Әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығады. Мұғалім Present Perfect және Past Simple қолданып, сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа толық жауап берулері керек, бірақ «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін қолданбаулары керек. Немесе ойынды жалпы сыныппен де өткізуге болады, әр оқушыға кезек-кезек сұрақ қою арқылы.

Мысалдар:

1.Have you seen your friend today?

2.Did you go to the cinema on Sunday?

3.Have you been to Astana this year?

4.Did your parents take you to Almaty last year?

5.Have you written any letters this week?

6.Did you get many presents for your birthday last year?

7.Did mother give presents on holiday to you?

8.Did father come home at 8 o’clock in the evening yesterday?

9.Did your family have fish for supper yesterday?

10.Have you eaten bananas this week?

11.Has your classmate given you a book today?

12.Did you fly to the Black Sea in summer?

13.Has your sister ever seen the Caspian Sea?

14.Did your brother swim in the Ural in August?

15.Has your grandmother ever told you about her childhood?

16.Have you made your bed today?

17.Did you drink tea with milk for breakfast?

3.«Find who» ойыны.

Мақсаты: Past Simple және Present Perfect формасында жалпы сұраққа толық және дұрыс жауап беру;

Қажетті нәрселер: әр оқушыға арналған тапсырмалар;

Ойын барысы:

Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобындағы әр оқушы тапсырма алады. Бұл топтың мақсаты Б тобындағы оқушылардың берілген тапсырмадағы іс-әрекеті орындағаны немесе істегені. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан сұрайды: «Did you go to the library yesterday?» әлде «Have you gone to the library this week?» т.б.

Егерде Б тобының оқушысы «иә» деп жауап берсе, А тобының оқушысы оның атын өз қағазына жазады. Берілген уақыт ішінде кім көп ат жасса, сол жеңеді. Ойын соңында барлық оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардың толық жауап берулерін қадағалайды.

Мысалдар:

Action

Names

1.to go to the cinema (2 days ago)



2.to go to the library (this week)



3.to meet a friend on the way to school (just)


4.to swim in the lake (in summer)



5.to buy apples (yesterday)



6.to drink milk for breakfast (in the morning)


7.to write letters in English (ever)



8.to sleep outdoors (ever)



9.to come back home at 2 o’clock after classes (yesterday)


10.to get many good marks (this month)








4.«Refresh 3 forms of the verb» ойыны.

Мақсаты: етістіктің 3 формасын дұрыс қолдануды үйрету;

Қажетті нәрселер: етістіктің 2-ші және 3-ші формалары жазылған карточкалар (мұғалім үшін), етістіктің 1-ші формасы жазылған карточкалар (оқушылар үшін), фишкалар.

Ойын барысы:

Ойынды барлық оқшылармен немесе топпен өткізуге болады. Оқушылар бір-бірден етістіктің негізгі формасы жазылған карточкалар мен фишкаларды алады. Карточкаларда әр түрлі етістіктер беріледі. Мұғалім өз карточкасын алып, 2-ші немесе 3-ші формасын айтады. Оқушылар оның 1-ші формасын тауып, өз карточкаларында болса фишкамен жабады. Өз карточкасындағы барлық етістікті бірінші жауып болған оқушы «Bingo» деп айқайлайды және ол жеңімпаз болып саналады. Мұғалім карточканың дұрыс толтырылғанын тексереді.

Мысалдар:

Оқушылар үшін:

Bingo

Eat

Give

Go

Buy

Show

Drink

Tell

Take

Fly

Hear



Drink

Мұғалімдер үшін:

Ate

Taken

Flown



Мұғалімнің әр карточкасында келесі етістіктер жазылып тұрады: sung, put, shut, sat, written, won, broken, bought, saw, told, left, stood, spent, drew, met, ran, found, built, ate, shown, gave, gone, were, knew, heard, lost, caught, said, could, had, came, flew, made, drunk, did, got, read, brought, swam, fought, begun, slept.







1 Карточка

Buy

Fly

Leave

Sing

Take

Swim

Know

Eat

Find

Drink

2 Карточка

Make

Sit

Bring

Show

Say

Put

Sing

Fly

Begin

Meet



3 Карточка

Draw

Go

Give

Hear

Write

Ride

Get

Can

Build

Leave

4 Карточка

Know

Say

Find

Fight

Think

Spend

Lose

Get

Go

Sleep



5 Карточка

Say

Come

Meet

Drink

Stand

Begin

Be

Do

Write

Catch

6 Карточка

Can

Buy

Eat

Give

Go

Fly

Show

Break

Tell

Drink



7 Карточка

See

Lose

Eat

Make

Meet

Ride

Take

Put

Hear

Can

8 Карточка

Buy

Leave

Take

Know

Find

Make

Sit

Show

Say

Tell



9 Карточка

Give

See

Have

Take

Come

Bring

Think

Sleep

Do

Go

10 Карточка

Fly

Sing

Swim

Eat

Drink

Ride

Lose

Fight

Take

Write











5.«Auction» ойыны.

Мақсаты: етістіктердің дұрыс формасын тауып, оларды қатесіз қолдана білу;

Қажетті нәрселер: балға, сөйлемдер жазылған аукцион қағаздары, оқушылар үшін нөмірлер, «ақша» және сөйлемдер жазылған карточкалар әр оқушыға;

Ойын барысы:

Ойынға барлық оқушылар қатынасады. Әр ойыншы нөмір, белгілі мөлшерде «ақша» алады. Оған олар тақтаға ілінген сөйлемдерді сатып алады. Бұл ілінген сөйлемдердің кейбіреуі дұрыс, кейбіреуі қате. Ойыншылардың мақсаты-тек қана дұрыс сөйлемдерді сатып алулары керек.

Сөйлемнің бастапқы бағасы-200, әрі қарай ойыншылар бағаны көтереді, ал мұғалім санайды: «Three hundred-one, three hundred-two», енді «Three hundred-three» деген де, сөйлем сатылады. Ойыншы «ақшасын» төлеп, сөйлемді алады. Қай ойыншы көп сөйлем жинаса, сол жеңімпаз атанады. Ойын аяқталғаннан кейін барлық сөйлемдер талданып, түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Мысалдар:

1.Have you had coffee for breakfast?

2.He has already finish his work.

3.I got this letter yesterday.

4.Were you ever in Astana?

5.He has been to London this year.

6.The children have found a kitten two days ago.

7.They have already built the bridge.

8.Where you spent your last summer?

9.He met his brother at the station yesterday.

10.My friend give did me an interesting book.

11.He not spent his childhood in the village.

12.Have they bought this newspaper never?

13.Erlan has made many mistakes in his work.

14.We wrote two tests this month.

15.Who has lose the pen?

16.Aisha hasn’t seen him today.

17.He has become a driver last month.

18.Who have sung this famous song?

19.Bolat already read this book.

20.He hasn’t visited his friend for two years.

21.Who did come to you yesterday?

22.She has just left.

23.We have studied English since 1998.

24.They haven’t saw their uncle for years.

25.Did you buy the carpet this week?

Жауабы:

Берілген сөйлемдердің ішінде дұрысы: № 3, 5, 7, 9, 13, 16, 20, 22, 23.

6.«Double or quits» ойыны.

Мақсаты: сөйлемнің дұрыс құрылғанын анықтау;

Қажетті нәрселер: сөйлемдер жазылған карточкалар, қағаз тиындар;

Ойын барысы:

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың мақсаты-көбірек тиын жинау. Мұғалім бір топ үшін сөйлем оқиды. 20-30 секунд талдаудан кейін топ сөйлемнің дұрыс құрылғанын тапса, екі тиын алады. Егерде топ сөйлемнің құрылғанының дұрыс емес екенін тауып және сол сөйлемді дұрыстап құрса 5 тиын алады. Қандай жағдайда топ қате жіберсе, ойынды екінші топ бастайды. Көп тиын жинаған топ жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

1.Did you listen to the concert yesterday?

2.Are you born in 2005?

3.He have had this dog for 3 years.

4.Have you already spoken to Samat?

5.When have you come home yesterday?

6.I saw this film two years ago.

7.Askar didn’t find the scarf yet.

8.We was at home after dinner.

9.Who did make breakfast today?

10.I have just broken my pencil.

Жауабы:

2.Were you born in 2005?

3.He has had this dog for 3 years.

5.When did you come home yesterday?

7.Askar hasn’t found the scarf yet.

8.We were at home after dinner.

9.Who made breakfast today?



7.«Football» ойыны.

Мақсаты: сөйлемдегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау және оны үйрету;

Қажетті нәрселер: футбол алаңының суреті, 2 доп салынған сурет, 2 ине, сөйлемдер жазылған карточкалар;

Ойын барысы:

Футбол алаңы салынған сурет тақтаға ілінеді, жолдын ортасы ойынның басы болып белгіленеді. Сол жерге ине мен доптар бекітіледі. Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа бір-бір сөйлемнен оқиды. Әр топтың ойыншылары сөйлемде етістіктің қай шағы қолданып тұрғанын айту керек. Егер топ дұрыс жауап берсе 1 бал алып, өз доптарын алға жылжытады. Қай топтың добы қарсы топтың қақпасына бірінші жетеді, сол топ жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

  1. Last week I gave a present to my friend.

  2. He had dinner with his sister two days ago.

  3. Jack has already done his homework.

  4. We lost our books last week.

  5. I have cut my finger with a knife.

  6. What games have they played today?

  7. Who has left the red scarf?

  8. We have never spoken about it.

  9. John took the pen, sat down at the table and began to write.

  10. Did you swim last summer?

  11. Have you brought your drawings?

  12. Have you ever read books by Christie?

  13. She didn`t understand the text yesterday.

  14. She hasn`t worn this dress since 1996.

  15. Who came to you yesterday?



Жауабы:

  1. P.S. 9. P.S.

  2. P.S. 10. P.S.

  3. P.P. 11. P.P.

  4. P.S. 12. P.P.

  5. P.P. 13. P.S.

  6. P.P. 14. P.P.

  7. P.P. 15. P.S.

  8. P.P.





8.«Animals» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың жан-жануарларды дұрыс айтуға жаттықтыру, to be етістігімен өздік есімдіктерді дұрыс қолдануды үйрету.

Қажетті нәрселер: жануарлардың маскасы немесе ойыншықтар.

Ойын барысы:

Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Әр ойыншы бір жануардың маскасын киеді немесе қолына сол жануары бар ойыншықты ұстап тұрады. Бастапқы ойыншы оң жағында тұрған көршісі туралы айтады және өзін таныстырады.

Мысалдар:

  1. P1: He is a rabbit. I`m a monkey

P2: He is a monkey. I`m an elephant. Etc.

B) Оқушылар өз жануарын атап, кез келген ойыншыға доп ляқтырады.

P1: I`m a monkey. You are a cat.

P2: I`m a cat. You are a crocodile. Etc.







9.«Memory games» ойыны.

Мақсаты: A) Оқушыларды адам келбетін бейнелеуді, суреттеуді үйрету;

B) «Жүзі», «Киім үлгісі» туралы сұрақ қоюды үйрету;

Ойын барысы:

  1. Мұғалім тақтаға екі оқушыны шақырып, бір-біріне кішкене уақыт қаратады, содан соң бір- біріне теріс қарап келбеттерін суреттеп бастайды. Соңғы сөйлемді аяқтаған оқушы жеңімпаз атанады.

  2. Оқушылар бір- біріне теріс айналып тұрған соң қалған оқушылар оларға сұрақтар қояды.

Мысалдар:

  1. P1: He has got blue eyes.

P2: She has got black hair.

P1: He has jeans on.

P2: She is wearing a black skirt. Etc.

  1. Ps:P1 – What colour are P2`s (his, Pete`s) eyes?

P1: His eyes are blue

Ps:P2 – What colour blouse is P1 (she, Ann) wearing?

P2: She is wearing a green blouse. Etc.



10.«Parts of the body» ойыны.

Мақсаты: дене мүшелерін дұрыс атауды үйрету;

Қажетті нәрселер: жануарлардың дене мүшелері бар карточка дайындау;

Ойын барысы: «Оқушылар, біздің жануарларымызға үлкен қиыншылық туып тұр, жалмауыз кемпір олардың ең керек дене мүшелерін алып кеткен, олар енді ұша алмайды, секіре де алмайды, көрмейді және естімейді. Енді сол жануарларға дене мүшелерін табуға көмектесейік»



Мысалдар:

Teacher: Whose tail is this?

Pupil: It is a pig`s tail.

Teacher: Whose ears are these?

Pupil: These are hare`s ears. Etc.



11. «Let’s draw a Rainbow!» ойыны.

Мақсаты: түстерді үйрету және оларды есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Қажетті нәрселер: түрлітүсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет;

Ойын барысы:

 Біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.

Мысалдар:

Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow! Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді ретімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.

Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.



12.«At the Zoo» ойыны.

Мақсаты :can модальді етістігінің қолданылуын үйрету;

Қажетті нәрселер: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар;

Ойын барысы:

 Оқушылардың біреуіэкскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы: балалар аюдың қасына барады.

Мысалдар:

Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.

Келушілер: Can it hop?

Экскурсовод: No, it can’t.

Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын әрі қарай жалғасады.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.

13.« Family» ойыны.

Мақсаты: отбасы мүшелерін ағылшын тілінде айтуды үйрену, жақсы қарым-қатынаста болу;

Қажетті нәрселер: отбасы бар фото суреттер;

Ойын барысы:

«Отбасы» тақырыбын бекіту барысында тақтаға бес оқушы шақырылады. Оның біреуі жүргізуші болды да,оған ойынның аты хабарланады, кім қандай рөлде ойнайды және ол не істейді, соны табуды ұсынады.

Мысалдар:

Жүргізуші сыныпқа кіреді де балалардан сұрай бастайды:

 -Who are you?

-I’m a son.

-What are you doing?

-I’m playing computer games. Etc.



14.«Don`t say “no” and “yes” » ойыны.

Мақсаты: жаңа фразаларды үйрену;

Қажетті нәрселер: суреттер;

Ойын барысы:

Мұғалім жаңа фразаларды (of course, certainly, with great pleasure, of course not, certainly not, by no means) тақтаға жазып, оқушылармен жұмыстанады. Ойын тез темпте өтеді. Мұғалім сұрақтар қояды, сол сұрақтарға жаңа фразалармен жауап қайтару керек, тек “yes” немесе “no” деген жауап болмау керек. “Уes” немесе “no” деген жауап қайтарған оқушы жеңіліп қалады.

Мысалдар:

T: Do you like ice-cream?
P: Of course.
T: Have you been to the theatre?
P: Certainly.
T: Will you go to the circus?
P: With great pleasure.




15.« Invisible Words.» ойыны.

Мақсаты: орфографиялық ережені жетілдіру;

Ойын барысы:

Жүргізушіні сайлап алу керек. Оның міндеті ауада сөздерді жазу. Қалғандар сол сөздерді дәптерге енгізу керек. Барлық сөздерді дұрыс жазған оқушы жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

Pencil, mother, school, blackboard, newspaper, clock, nose, cinema, monkey, ship, music, family.



16.«Good morning» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың тыңдау қабілеттерін дамыту;

Ойын барысы:

Тақтаға бір оқушы сыныпқа теріс қарап тұрады. Мұғалім қолымен оқушылардың ішінен біреуіне көрсетіп, “Good morning, Saken” дейді, ал тақтада тұрған оқушы дауысын танып “Good morning, Maral” деп жауап қайтарады. Енді Марал тақтаға шығып жүргізуші болады. Ойынды қиындату үшін оқушылар дауысын өзгертуге болады. Бастапқы сабақтарда оқушылар амандасу мен қоштасуды айтады. Келесі сабақтарда микро- диолог құра алады.

Мысалдар:

- Hello, Maral!

- Hello, Saken!

- Good bye, Maral!

- Good bye, Saken!


17.«Who is the cleverest?» ойыны.

Мақсаты: сөздерді дұрыс жазуға үйрету;

Қажетті нәрселер: каточкалар;

Ойын барысы:

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Сөздерді дұрыс жазған оқушы жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

to skate – skater, skating-rink, a skate, skates
to collect – collector, collection, collective


18. « Whose birthday is today?» ойыны.

Мақсаты: бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге үйретеді;



Қажетті нәрселер: карточкалар;

Ойын барысы:

Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”. Оқушылар сұрақтар бойынша кімнің туған күні екенін табу керек.


Мысалдар:

What colour is her hair?

What colour are her eyes?

What is her nose like?

What is she wearing?

What is her hobby?


19.«To write» ойыны.

Мақсаты: оқушыларды қатесіз жазуға үйрету;



Қажетті нәрселер: слайд

Ойын барысы:

Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім слайдқа қандай да бір сөзді жазады. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.



Мысалдар:

Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б.

20.«Colours» ойыны.

Мақсаты: ағылшын тілінде түстерді атап және дұрыс ажырата білу;


Қажетті нәрселер: түрлі түсті қарындаш, фломастерлер;


Ойын барысы:

Балалар, сіз жаңбыр жауып болған соң бұлттардың арасынан күн шыққанда түрлі түсті кемпірқосақ шығатынын білесіңдер. Қане бізде кемпірқосақ салайық. Тек сендер менің ағылшын тілінде айтуымша салуыңыз керек.


Мысалдар:
blue
red
yellow
orange
green
brown



21.«Lottery» ойыны.

Мақсаты: белгілі бір тақырыпқа сай оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;


Қажетті нәрселер: сөздер жазылған карточкалар, суреттер; 


Ойын барысы:

Тақырып «What we wear» , мұғалім осы тақырыпқа сай сөздерді тез-тез айтады. Ал оқушылар суреттермен сол сөздерді жабуға тиісті. Мұғалім қатарлармен жүріп, оқушылардың орындау кезіндегі барысын және кімнің бірінші орындағанын анықтайды. Жеңімпаз оқушы сөздерді оқып, сәйкес суреттерді көрсетеді. Одан кейін басқа оқушылар кезекпен орындаған тапсырмаларын оқиды.


Мысалдар:

A school uniform

Clothes

Shoes

a shirt

a coat

shoes

a skirt

an anorak

trainers

a dress

a pullover

slippers

a suit

a T-shirt

sneakers

a tie

jeans

tennis shoes



22.«Think and write» ойыны.

Мақсаты: тақырыпқа сай сөздерді дұрыс тауып айту және жаза білуге үйрету;

Қажетті нәрселер: сөзжұмбақ, әріптер;

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау, жазу қабілеттерін дамыту;

Ойын барысы:

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Мұғалім екі топқа екі түрлі тапсырма береді. Берілген уақыт ішінде топ оқушылары тез және қатесіз сөзжұмбақты толтырып шығулары керек. Алғаш бітірген топ жеңімпаз болып саналады, сөзжұмбақты оқиды, басқалары тыңдайды.

Мысалдар:

u






n






d






e






r



1.My aunt is a doctor and my … is an engineer.

2.This is a fork and this is a … .

3.We had English yesterday and we are going to have it …

4.I know seven colours: red, yellow, blue, black, brown and …

5.I don’t like washing with cold …

Жауабы:

Uncle, knife, today, green, water.

t






a






b






l






e



1.In my room there is a sofa, a wardrobe and a …

2.Books, exercise-books and many other things are made of …

3.I go to …. at nine o’clock.

4.There is an … near the apple-tree.

5.In winter we like to ski and to…

Жауабы:

Table, paper, bed, apple, skate.



23.«Who is the last to finish the phrase» ойыны.

Мақсаты: тез сөздерді тауып, қатесіз және ағылшын тілінде сөз тәртібін сақтай білуге үйрету;

Қажетті нәрселер: сөйлемнің бастапқы сөдері жазылған карточкалар;

Ойын барысы:

Мұғалім карточкалардан сөйлемнің басын бастап оқиды, әр оқушы бір-бір сөзден қосып, сөйлемді жалғастырулары керек. Ең сонғы сөзді айтқан оқушы жеңімпаз болады.

Мысалы:

Teacher: People go … One, two …

Pupil 1: People go to …

Pupil 2: People go to Scotland …

Teacher: One, two …

Pupil 3: In summer people go to Scotland …

Pupil 4: In summer many people go to Scotland …

Teacher: One. two, three. Samal you have won. One point to you. You were the last.



24.«True and false chair» ойыны.

Мақсаты: Past Simple немесе Present Perfect шақтарын қолданып үйрену;

Қажетті нәрселер: карточкалар;

Ойын барысы:

Тақта қасына екі отырғыш қойып, біреуіне «True» (дұрыс), ал келесіне «False» (дұрыс емес) карточкасын жабыстырылып тұрады. Сынып екі топқа бөлініп, әр оқушы бір бірінің артынан тұрады. Мұғалім сөйлем оқиды, ең бірінші оқушылар сөйлем дұрыс шақта құрылған болса «True» сөзі бар отырғышқа жақындайды. Егерде қате деп есептесе онда «False» деген отырғышқа барады. Содан кейін мұғалім келесі оқушыларға сөйлем оқиды, солай жалғасып кетеді. Қай команда дұрыс құрылған шақтағы сөйлемдерді көп тапса, жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

  1. I have never read this magazine. (True)

  2. They have lost the game last Sunday. (False)

  3. The brother has just gone to the library. (True)

  4. What has he said to you yesterday? (False)

  5. Have you ever ate such a fruit? (False)

  6. Yesterday the film began at 8 o`clock in the evening. (True)

  7. They have kept this animal for 4 years. (True)

  8. We have had this car since 1985. (True)

  9. He has lost the key in the park 2 weeks ago. (False)

  10. I was never in Moscow. (False)





25.«Correcting mistakes» ойыны.

Мақсаты: Оқушыларды етістік шақтарын тауып, қателерін дұрыстауға үйрену;

Қажетті нәрселер: 6 сөйлемнен тұратын карточкалар;

Ойын барысы:

Сыныпты 3 оқушыдан тұратын топқа бөліп: А, В және хатшы. А оқушы карточкада жазылған сөйлемді оқиды, ал В дұрыс құрылған сөйлем бе екенін анықтау керек. Егер сөйлем қате болса, В оқушы дұрыстап оқиды. Хатшы сөйлемді дәптерге түсіріп отырады. Екі сөйлем оқып болғасын, оқушылар орындарымен ауысады. Барлық алты сөйлем оқып болғасын, хатшының дәптерінен сөйлемді қарап нәтижесін шығарады.

Мысалдар:

  1. I have been in London 4 years ago.

  2. What present you got for your birthday this year?

  3. He became a driver last month.

  4. They haven’t built the bridge yet.

  5. Nick not went to the village in summer.

  6. Who brought you this book yesterday.

Дұрыс жауабы:

  1. I was in London four years ago.

  2. What present have you got for your birthday this year?

  3. He became a driver last month

  4. They haven`t built the bridge yet

  5. Nick didn`t go to the village in summer

  6. Who brought you this book yesterday?





26.«Fulfill the order » ойыны.

Мақсаты: Past Simple және Present Perfect-тегі болымды сөйлемдерді жаттықтыру;

Қажетті нәрселер: жаттығулары бар карточкалар;

Ойын барысы:

Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып, бұйрықты орындатады. Оқушы бұйрықтарды орындап болған соң не істегенін айтып береді. Қалған оқушылардан да тақтадағы оқушы не істегенін айтуды сұрайды.

Мысалдар:

  1. Go to the last desk, sit down; then stand up and come back.

  2. Take this book, come up to the boy in the front row and show him the title, give him the book and thank him.

  3. Clean the black board, write your name, read it, put the chalk into the box.

  4. The telephone is ringing. Run up to it, answer the call. Say “Hеllo!” Ask your friend to come to see you.

  5. Switch on (off) the light. Bring your pen, leave it on my table. Turn to the blackboard, draw a flower.





27.«Have you ever…? When did you…? » ойыны.

Мақсаты: Past Simple және Present Perfect-те сұрақ қоюды үйрену;

Қажетті нәрселер: іс-әрекеттер бейнеленген карточкалар;

Ойын барысы:

Оқушылар жұп бойынша жұмыстанады. Әр жұп адамдар іс-әрекеттер жасап тұрған карточкалар алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Егер де сол әрекетті жасаған болса қашан орындағанын айтады.

Мысалдар:

  1. Have you ever played hide-and-seek?

  2. Yes, I have. I have played hide-and –seek.

  1. When did you play hide-and seek?

  2. I played hide-and-seek last summer.



28.«Find who» ойыны.

Мақсаты: Past Simple және Present Perfect бойынша сұрақ қоюды үйрену;

Қажетті нәрселер: әр оқушыға тапсырмасы бар карточкалар;

Ойын барысы:

Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобының оқушылары тапсырмасы бар карточкалар алады. Ойынның мақсаты Б тобының карточка бойынша әрекеттер жасаған оқушыларды табу. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан «Did you go to the library yesterday?» “Have you gone to the library this week?” сұрақтар қояды. Егер Б тобының оқушысы «Иә» десе, А тобының оқушысы қағазына түсіреді. Берілген уақыт бойынша есімдерін көп жазған оқушы жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

Completion sheet

Action

Names

1.to go to the cinema (2 days ago)


2.to go to the library (this week)


3.to meet a friend on the way to school (just)


4.to swim in the lake (in summer)


5.to buy apples (yesterday)




29.«Roll the ball» ойыны.

Мақсаты: ағылшын тілінде жаңа сөздерді меңгеру;

Қажетті нәрселер: доп

Ойын барысы: Оқушылар мен ұстаз шеңбер құрып тұрады. Мұғалім допты бір оқушыға бір сөз айтып лақтырады, енді допты алған оқушы жаңағы сөзге ұқсас сөзді айтуы керек.

Мысалдар:

Doll – ball

Hare – bear

Dog – frog

Mouse – house


30.«Noughts and crosses» ойыны.

Мақсаты: сөйлемде үстеуді дұрыс қолдана білуді үйрету;

Қажетті нәрселер: кестелер;

Ойын барысы:

Сынып оқушылары А және Б тобына бөлінеді. Тақтаға кесте ілінеді. А тобы өздеріне бір кестені алып, үстеулерді қосып сөйлем жазады. Егер де сөйлем дұрыс жазылса, алынған кестеге х қойылады. Ал қате сөйлемге ештеңе қойылмайды. Содан кейін Б тобы сөйлем құрады. Дұрыс сөйлемге о қойылады. Тапсырманы қатесіз тез орындаған топ жеңіске жетеді.

Мысалдар:

Мұғалім өз таңдауы бойынша мынадай үстеулерді қолданады: ago, just, yet, last, already, yesterday, in 1999, never, ever.



31.«Interpreter» ойыны.

Мақсаты: оқушыларды ағылшын тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен ағылшын тіліне дұрыс аударма жасауға үйрету;

Қажетті нәрселер: әр топқа арналған сөйлемдер жазылған қағаз;

Ойын барысы:

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топтан 1 оқушы ағылшынша сөйлем жазылған қағаз алады. Ол қағазын басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек. Тапсырма алған оқушы сөйлемді оқып, аудармасын қазақ тілінде сол қағазға жазады, қағазды орайды, ағылшынша жазылған сөйлем көрінбеу керек. Келесі оқушы қазақша сөйлемді енді ағылшын тіліне аударуы керек. Осылай ойын жалғаса береді. Топтағы барлық ойыншы қатынасып болсымен ойын тоқтатылады. Дұрыс аударма жасаған топ жеңімпаз атанады.

Мысалдар:

1.We haven’t met for 3 years, but yesterday he came to see me.

2.I have never been to this city, but last week I saw an interesting film about it.

3.I have known this man for 3 years, but yesterday he told me about his family for the first time.

Жауабы:

1.Біз 3 жыл кездескен жоқпыз, бірақ ол кеше маған келді.

2.Мен бұл қалада ешқашан болған емеспін, бірақ та өткен аптада осы қала туралы қызықты фильм көрдім.

3.Мен бұл адамды 3 жылдай білемін, бірақ та ол кеше бірінші рет маған өз отбасы туралы айтты.



32.«Where is it ?» ойыны.

Мақсаты: демеуліктерді, сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету;

Қажетті нәрселер: кітап, дәптер, сызғыш, доп, сөмке, бор, шүберек т.б.

Ойын барысы:

Екі топ ойнайды. Көптеген нәрселер әр түрлі жерлерге қойылады. Уақыт беріледі. Әр топтан кезекпен кезек тапқан нәрселерін және қайда тұрғандарын айтады. Дұрыс жауапқа балл алады. Қай топтың балл саны көп, сол топ жеңіске жетеді.

Мысалдар:

1.There is a book on the top of the door.

2.There is a bag behind the window.

3.There is a pencil under the table.

4.There are flowers on the window.

5.There are pictures on the wall. Etc.



33.«Super secretary» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың есту, қабылдау және жазу қабілеттерін дамыту;

Ойын барысы:Сынып топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, мұғалім оқыған сөйлемді қатесіз жазуы керек. Ойын топтың барлық оқушылары бір-бірден шығып болғаннан кейін тоқтатылады. Әр дұрыс сөйлем 5 баллмен бағаланады. Қате сөйлемге 1 балл шегеріледі.

34.«Finish my story» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту;

Ойын барысы:

Мұғалім бір әңгіменің басын бастайды. Ең қызықты жеріне келгенде тоқтайды да, ойыншыларға 2-3 минут уақыт беріледі. Оларың міндеті әңгімені қызықты аяқтау. Мұғалім мен оқушылар жеңімпазды бірігіп анықтайды.

Мысалы:

«Yesterday I was at home. I was waiting for my friend John who promised to come, but he didn’t come. I was lonely and decided to go out. I put on my cap and jacket and went out into the yard. But as soon as I closed the door I heard a terrible cry. I turned round and saw …». Etc.



35.«Who reads a lot» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың білімдерін байқау, толықтыру, көркем әдебиет оқуға баулу;

Қажетті нәрселер: жазушылардың портреттері, әдеби шығармалар;

Ойын барысы:

Сынып 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші бір топқа жазушының аты-жөнін айтады, сол топтан әр оқушы бір-бір сөйлемнен жазушы туралы мәлімет берулері керек. Сөйлем айталмаған оқушы болса, топқа балл қосылмайды.

Мысалы:

Teacher: About Mark Twain

Student 1: Mark Twain is an American writer.

Student 2: He wrote many books for children.

Student 3: I like his book «The Adventures of Tom Sawyer» very much. Etc.









Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Изучаем английский язык играя 5-6 классы» И.В.Голышкина, З.А.Ефанова, 2006г.

  2. «Английский язык. Обучающие игры на уроках», Г.В.Данилова, Волгоград. 2008г.

  3. «Комплексная программа обучения английскому языку для детей», М.Л.Филина, Волгоград, 2009г.

  4. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №6, 2009

  5. «Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі» №1,2014.

  6. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №6, 2010

  7. «Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі» №4,2013.

  8. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №1, 2010

  9. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №3, 2010

  10. «Ағылшын тілі мектепте» журнал №6, 2009

  11. «Английский язык в школе»№5 (17) 2014

  12. «Английский в таблицах и схемах для младших школьников» О.Д.Ушаков Санкт-Петербург 2012 г

  13. «Английский для детей» Ю.А.Комарова, О.И.Гусева Санкт – Петербург«КАРО» Москва 2007 г

  14. «English занимательные задания» Т.Ю.Журина «Лист Нью» Москва 2001г

  15. «English for children» Е.Б.Полякова Москва 2007 г

  16. «Английский язык» Е.Л.Ткачева Волгоград 2012 г

  17. «Английский язык для детей» В.Скультэ Москва 2010 г





















Краткое описание документа:

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы – оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.

Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.

Ойын-ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.

• Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады.

• Ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.

• Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.

• Ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады.

 

Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан-жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.

Общая информация

Номер материала: 178965

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Немецкий язык: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс «Польский язык»
Курс «Английский язык для начинающих (Beginner)»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика билингвального обучения иноcтранным языкам»
Курс повышения квалификации «Теория и методика преподавания основ латинского языка с медицинской терминологией в организациях СПО»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.