Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтық формаларының жасалуын үйретудің тиімді тәсілі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтық формаларының жасалуын үйретудің тиімді тәсілі.

библиотека
материалов

Ағылшын тілін оқып үйренуде оқушыларға елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы – етістік. Етістік іс – қимылды, әрекетті білдіре отырып, осы іс - әрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сәтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді.

Қазақ тіліндегі тәрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта 3 – ші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жақ категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек to be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.

Ал, шақ категориясы өте күрделі. Active Voice –те 16 шақтық форма, Passive Voice - те 10 шақтық форма. Осы шақтық формалардың барлығын бір – бірімен шатастырмай жаттап алу оқушыға қиындық тудырады.Мұғалім міндеті – оқытудың неғұрлым тиімді әдіс – тәсілін қолдана отырып, оқушыны өздігінен , қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы қағиданы оқушыларға жете түсіндіріп берсе, бұл оқушының материалды меңгеруін оңайлата отырып, осы шақтық формаларды оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік береді

Ағылшын тілінде етістіктің шақтары басты 4 шаққа Present, Past, Future, Future – in the Past негізделеді. Бұл топтар мағынасы мен жасалуына қарай әрқайсысы 4 түрге бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:




Indefinite

( - )

Continuous

( be + V4 )

Perfect

( have +V3 )

Perfect

Continuous

( have been + V4 )

1

Present ( V1 )





2

Past ( V2 )





3

Future

( will +V1 )





4

Future – in the Past

( would +V1 )






Кестеден көріп отырғанымыздай, Present – V1 ( етістіктің 1 – ші формасы ), Past – V2 (етістіктің 2 – ші формасы ),

Future – will + V1 ( will көмекші етістігі және етістіктің 1 – ші формасы ), Future – in the Past – would +V1 ( көмекші етістігі және етістіктің 1 – ші формасы ) арқылы жасалады.

Ал енді топтарға келсек, Indefinite – те өзгеріс жоқ, Continuous – be +V4, Perfect – have +V3, арқылы жасалады. Мұны оқушыға жете түсіндіріп берсе, оқушы Perfect Countinuous – ты осыған сүйене отырып, өзі жасап шығара алады. Ол үшін мына әдісті қолданамыз:

Perfect Continuous


have + V3 be + V4

Көмекші етістік алдында тұрған етістіктің формасына ауысады, яғни Present Continuous – have + be +V4 немесе have + been + V4 арқылы жасалады. Мұндай соңғы етістік сөйлемнің мағынасын ашатын негізгі етістік екенін оқушыға түсіндіріп кетеміз. Осы әдіспен оқушының өзіне төменде берілген кестені толықтыруға болады. Мысалға to invite етістігін алайық.

V1 V2 V3 V4

invite invited invited inviting

Осы етістікті Past Indefinite - те жазуға тапсырма берсек:

Past – V2 , Indefinite - те өзгеріс жоқ, олай болса Past Indefinite - те етістік invited болып түрленеді. Немесе Future Perfect Continuous - те жазсақ:

Future Perfect Continuous


will+V1 have+V3 be+V4

Олай болса to invite Future Perfect Continuous - те will + have + been + inviting болады. Осы қағиданы оқушыға жете түсіндіргеннен кейін кестені толтыруға тапсырма береміз.




To invite



Indefinite

Continuous

Perfect

Perfect

Continuous

1

Present





2

Past


was/were+

inviting



3

Future




Will + have + been +

inviting

4

Future-in the Past






Past Continuous

V2 be + V 4 бұдан was/were + inviting шығады.

Бұл қағиданы меңгерген оқушыға Passive Voice шақтарын да өзі жазып шығу қиынға түспейді. Оқушыға Passive Voice - те етістіктің Perfect Continuous тобы мүлдем жоқ екeндігін, Continuous тобында Future және Future – in the Past болмайтынын ескереміз.


Passive Voice – be + V3



Indefinite

Continuous

Perfect

Perfect Continuous

1

Present





2

Past



had + been +

invited


3

Future





4

Future-in the Past






To invite

Past Perfect Passive


V2 have + V3 be + V3 бұдан had + been + invited шақ формасы жасалады.

Мұғалім осы тәрізді біраз жаттығу жасатқаннан кейін әр оқушыға бір етістіктің барлық шақ формаларын жасап кесте толтыруға тапсырма беріп, тақырыпты бекітуіне болады.

Бұл әдіс материалды меңгеруді оңайлатумен қатар оқушыларды белсенділікке, өздігінен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландырады.








































hello_html_m34e49db.gif







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ағылшын тілін оқып үйренуде оқушыларға елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы – етістік. Етістік іс – қимылды, әрекетті білдіре отырып, осы іс - әрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сәтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді.

 

Қазақ тіліндегі тәрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта 3 – ші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жақ категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек to be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.

 

Ал, шақ категориясы өте күрделі. Active Voice –те 16 шақтық форма, Passive Voice - те 10 шақтық форма. Осы шақтық формалардың барлығын бір – бірімен шатастырмай жаттап алу оқушыға қиындық тудырады.Мұғалім міндеті – оқытудың неғұрлым тиімді әдіс – тәсілін қолдана отырып, оқушыны өздігінен , қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы қағиданы оқушыларға жете түсіндіріп берсе, бұл оқушының материалды меңгеруін оңайлата отырып, осы шақтық формаларды  оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік береді

 

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5289
Номер материала 304708
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх