Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / «Айман-Шолпан» жыры" талдау жұмыстары

«Айман-Шолпан» жыры" талдау жұмыстары

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Баян Мурынбаева,

187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы



«Айман-Шолпан» жыры


Өлең өлшеміне келер болсақ, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының өлшеміне сай келеді.

«Айман-Шолпан» жырында да он бір буынды қара өлең ұйқасымен берілген. Бунағы үшеу және соңғы бунағы төрт буынды.Ұйқасы толымды.


Кезі еді күні өткен үлкен соғыс,

Маман бай Торғай бойын қылған қоныс.

Жайлауы ел Шектінің Еділ,Жайық,

Қараған Орынборға жүз отыз болыс...


Маман бай мал біткенге болыпты мас,

Жігіттер мына жалған қолда тұрмас.

Кіші жүз,Алшын-Жаппас,Шөмекейден,

Бір кісі өлген екен,беріпті ас.


Маманға айуан малдың берді бағын,

Жаратты Маман батыр арғымағын.

Бір тұтқа Кіші жүзде бай еді деп,

Шөмекей Маман байға айтты сауын.


Сауынды тұтқалы елде ептіге айтты,

Былғайтын егескенді кектіге айтты.

«Бір сүзбе Қара тауда ер еді»,-деп,

Көтібар өзі батыр Шектіге айтты.


Сөйлейді Маман батыр ауық-ауық,

Байлатты бес жүз інген түйе сауып.

Саба артып тоғыз нарға Маман келді,

Он алты масатыдан кілем жауып.


Ас берген Алшын-Жаппас,Шөмекейдің,

Бар екен алтындаған жалғыз үйі.


Маманға сөздің затын білгізеді,

Шектінің Қара таудан келгізеді.

Маманға лайықты осы орын деп,

Маманды алтынды үйге кіргізеді.


Мынау үй Маман байға епті келді,

Былғайтын егескенді кекті келді,

Шай,қант пен тоғыз нарға тоқаш артып,

Көтібар өзі батыр Шекті келді.


Жырдың оқиғасының бастауы осылай өрбіп әрі қарай дами береді.Жырдағы баяндаулардан географиялық атаулармен айтылған қазіргі кезде біз білетін көпте-ген жер-су,қала аттарын білеміз. Торғай,Еділ,Жайық,Орынбор,Қара таулардың аталуына қарағанда жыр Исатай-Махамбет көтерілісінен кейін тууы мүмкін деген Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиевтердің пікіріне қосылуға болады.

Жыр Қазақстанда феодалдық рудың даму шыңына жеткен,қоғамдық құрылыстың ыдырауы капитализмнің енуіне жол ашқан мезгілге,ескі мен ескінің іштей

тірескен бәсекесі-көшпенділік пен отырықшылықтың тізе қағысы,тартысын Маман мен Көтібар арқылы көрсетсе керек.

Жырда аталатын ру аттары тарихи кезеңдерде болған адам есімі екендігі,сол аталардан тараған ұрпақтар ауыл-ауыл болып,өздерінше рулық тайпалар құрағандығы қазақ халқының тарихынан белгілі.

Оның үстіне жырдың бас қаһармандарының бірі Көтібар,оның баласы Есет -тарихта нақты болған адамдар. Арыстан да тарихта болған кісі делінеді.

Есет Көтібаров халықтың қамын жеген батыр ретінде суретімен баспасөздер-дің бірінде бастырылып,оқырмандарға таныстырылғаны да бар.(«Қазақстан мекте-бі» журналы)


Далаға шықсам ат ойнатқан Есетпін,

Үйге келсем,құрт қайнатқан Есетпін.

Қатын ауру,бала жас,шай қайнатып,

Нан жауып,келі түйіп жатқан Есетпін,-


деп Есет айтыпты деген халық аузында қалған аңыз сөздер бар.

«Айман-Шолпан» жыры тұрмыс-салт жырларын бойына мол сіңірген халықтың белгілі бір дәуірдегі тұрмысын,әдет-ғұрпын,салт-санасын,мінез-құлқын танытатын тарихи жырлардың бірі болумен қатар ,қоғамдық құрылыстың да ауысу қайшылығын,жаңа мен ескінің өзара тартысын көрсететін тарихи жырлардың асыл мұрасы деп қарау артық болмауға тиіс.

Жырдың тақырыбы күні өткен батырлық пен байлық емес,ақылды да айлалы адал еңбекпен жаңа қоғамның бірлік тыныштығын көксеген жастардың ескіге қарсы тартысын,күрес жолын көрсетуге негізделген.

Жырдағы ақын идеясы - күні өткен Маман мен Көтібардың құрғақ кеуде қаққанынан әрі аса алмай өздернің тозған дәуірімен бірге тозып,жаңа қоғамның жаңа адамдары алдында дәрменсіз,шарасыз билік,бітімін баяндауға арналған.

Жырдың көркемдік ерекшеліктерінде кейіпкерлерді образдауға мынадай көркемдк әдістерді қолданады.

Баяндау,монолог,диалогтар қажетті жерлерінде ұтымды пайдаланылады.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында кездесетін пейзаж,портрет,сурттеу,жанама мінездеулер кездеспейді,кедескеннің өзінде жоқтың қасы.

Өлеңнің ішкі ұйқасы жағынан сөз мағынасымен терең қиюласқан.Жырда өлеңнің құрылысында он бір буынды қара өлеңнен басқа 7-8 буынды жыр өлшемі де жиі кездесіп отырады.

Бұл жырдың оқиғасын ойнақы,ойды еркін жеткізуге мүмкіндік туғызу үшін пайдаланған ақын тәсілі болса керек.

Жырда мұнан басқа қара сөз үлгісін түсінік беруге пайдаланып, кейіпкер-

лердің іс-әрекетін,ойын,көздеген мақсаттарын білдіру үшін пайдаланған. «Айман-Шолпан» жырында қара сөз үлгісі мол ұшырасып отырады.

Кейде авторлық баяндаумен берілсе,кейде кейіпкер ойы-монолог және екі адамның сөйлеуі-диалог арқылы беру тәсіліне пайдаланады.

Бұл жырдың оқиғасы мен мазмұнын тыңдаушысына ұғымды етіп жеткізу мақсатында туған болса керек.

«Қобыланды батыр» жырынан басқа біз өткен жырларда қара сөз бен он бір буынды қара өлең өлшемінің және 7-8 буынды жыр өлең өлшемінің араласып келуі кездеседі.Әіресе «Айман-Шолпан» жырында мол қамтылған.

Жырдағы кейіпкерлер образын беруде тікелей автор атынан баяндаулар ар-қылы беріліп отырады.

Портрет,табиғат көріністерімен байланыстырып кейіпкер образын ашу өте сирек,жұтаң пайдаланылады.

Жырдың кейіпкер образын ашуға көбірек пайдаланған әдісі - жанамалап сипаттау мен бірі-бірімен сөйлескен сөздері-диалогтер арқылы беру.

Маман образын жырда Тамадағы байлығы жаннан асқан,жылына бес жүз інген баталатқан,бес айғырдың терісін саба қылып, «түйе мойнақ» атанған,бәйгеге қосуға жаратқан үш арғымағы барын,тоғыз нарға саба артып,он алты масаты кілем жауып Алтын-Жаппас,Шөмекейдің асына келгені арқылы танытады.

Көтібар образы жырда Қаратауды жайлап жатқан Шектінің ері еді,егескенді есесіп кетіретін батыр еді,тоғыз нарға шай,қант,тоқаш артып,Шөмекей асына келіп еді деп баяндау арқылы беріледі.

Екі жақтан асқа келген екі мықтының бірі-бай,бірі-батыр екенін хабардар етеді.Екі мықтының арасындағы басталған егестің сылтауы - алтынданған жалғыз үйге таласуы.

Маман байға ас-тойдың егелері Алтын-Жаппас,Шөмекейлер Көтібарды осы үйге түсіргісі келіп жағдай айтады.


Мамеке-ау,үш жүз кісі Шекті келді,

Былғайтын егескенді кекті келді.

Жадағай киіз үйге түспей отыр,

Сіздің үй бұл мейманға епті келді.


десе, Маман:


Үй таңдап біздің елден не қылады,

Су артқан Қаратаудан қума кедей?


Аузына ақ тимеген қу кедейдің,

Алтыннан бақтырулы үйі бар ма?


Астында қамыс үйдің жатқан кедей,

Үй таңдап біздің елден не қылады?-


деп,менмендік көрсетіп,Көтібарды өзінен кедейсініп үйді босатпай ірілік танытады.

Маман мен Көтібар образдарын екеуінің бір-бірімен шарпысқан,кектескен,

серттескен сөздерінен тұрмыс-тіршілігін,салтанат-байлығын,мал мен басын тереңі-рек біле түсеміз.

Маман байлығы асқанмен баласы жоқтығын,Айман,Шолпан атты екі қызы бар екенін,Көтібардың жайдақ нарға мінгізіп,Айманды тоқалдыққа алып,бәйгеге қосқан күреңінің шаппақ болғаны,бәйгеге қосқан күреңінің шаппай бәйгесін сұрағанынан хабардар боламыз.

Бір-біріне айтқан ауыр,зілді сөздерінен Маман мен Көтібар образдарын ішкі мінез бітімі жан-жақты ашылып қайсысының қандай қадір-қасиеті барлығы,мінез-құлқы,іс-әрекеті,дөрекі-топастығы,сыртқы дөң айбаты келекеге ұшыратар уытты шындықпен ашыла түседі.

Байлық пен қара күш топас ойдың жетегінде жекпе-жекке шыққанын көріп таңырқаймыз.

Кейіпкер образын ашуға пайдаланылған тәсіл-диалог,жырда ұтымды ықпал етіп,өз образдарын өздеріне Маман мен Көтібар арқылы аштырып тұр.

Арыстан образы ушыққан сөзді басып,серттескен Маман мен Көтібар арасын бітістіруге ұмтылу арқылы көрінеді.

Арыстан:


-Дәулеті әр пенденің бөлек-бөлек,

Көтеке,ашуды қой,ақыл керек.

Қымыздың қызуына желік қылған,

Шайтан сөз топ,ішінде неге керек?


«Менмендік екі батыр,тастаңыз» деп


-Көтеке-ау,атыңыз еркін болса жеке келер,

Келгенін аттың жеке әркім көрер.

Қосып тұр Маман батыр үш көк мойын,

Келерін кімнің аты құдай білер,-


деп,екі менмен,әумесер батырлар арасын бітістіруге күш салып,сол арқылы екі

елдің бітімшілігін,тыныштығын тілейді.

Үш жүз аттан жеке келген күрең аттың бас бәйгесіне жүз жамбы алған Көтібар желпініп,жеті жүз қол жинап,Маманды шабуға аттанады.

Арыстан ағасы Көтібарға сөзін өткізе алмаған соң,өзі бірге аттанады.

Көтібар Маманды Үрпек бастың түбінде шауып алып,қорадан мың түйесін айдап шығады.Маман қасқырдан қорыққан жаман иттей жүні жапырылып қалады.

Айман образын осы тұстан бастап жырдың айғына дейін үзіліссіз жан-жақты баян-дайды.

Кигені Айман қыздың көкше кебіс,

Ақ мамық,алтын тақты жатқан қызға,

Келеді жаудың даусы еміс-еміс.


Ақ Айман бұл дауысты қош алмайды,

Ұйқысын шыт мамықтан аша алмайды.

Ақ мамық,алтын тақта жатқан сорлы,

Аяғын қорыққаннан баса алмайды.

Айманның ақ білектей білегі бар,

Майысқан жез қармақтай сүйегі бар.

Мінгізіп жайдақ нарға жөнелгенде,

Тілейтін жаудан қыздың тілегі бар.

Жырдағы осы баяндау мен жанамалап суреттеуден Айманның сырт келбеті-нің қандай екенінен біршама мәліметтерге қанығып,Айман образының алғашқы қырын көреміз.

Айман қасындағы сіңілісі Шолпанмен екеуі ішкі зары мен мұң-наласын Көтібарға естіртіп әрі әкесі Маманның Көтібармен серттескен ауыр халін көрсе-тіп,зарын айтады.

Айман Көтібар мен Арыстанға арнап айтқан зары арқылы өзінің сұр жорға-сын Шолпанға алдыртып мінгізеді.

Айман образы өз сөзі арқылы тереңдеп ашыла түседі.Айман өткір тілді,

терең ақылды,жауына есесін жібермейтін айлалы да жалынды,есті қыз ретінде танылады.

Көтібар бір аттан басқа ат бермеген соң Айман Көтібарды қасына шақыр-тып,Көтібардың көзінше бақырған түйені «Қу түйе ел шапқанға обалың» деп ба-сына ұрады.

Бұл Көтібардың өз басына ұрғанмен бірдей әрекет.Осы сөзбен түйе басына тиген қамшы Көтібардың өз басына тиген қамшы мен сүйегінен өткен ауыр сөз –Айманның Көтібарға тартқан алғашқы сыйы.

Айман образында кездесетін бұл әрекеттер Айманның Көтібар ыңғайына оңайлықпен көне кететін қыздардың бірі емес екенін танытады.Айманның іс-әре-кеті,сөзімен де дәлелденіп отырады.

Арыстан ұялып,Айманға бір жорғасын шайқалтып әкеліп мінгізеді.

Айман Көтібар мен Арыстаннан екеуінің бірін аулына қайтаруын сұрайды.

Көтібар үндемей тұрған соң,Арыстан біреуіне қайтуға рұқсат береді.

Бұл Айманның үлкен жеңісі еді.Айман Шолпанға ауылға қайт десе,Шолпан апасы Айманның қайтуын қалайды.Бұған Айман тұрып: «Сенің қайтқаның артық болар,егер сен қайтпай бұлармен бірге барсаң,бір күннен кейін отын алып,от жа-ғып күн болып кетерсің.Мен ажалым жетпей өлмеспін,ешкімнің қорлығына көн-беспін,»-деп,Шолпанды оңаша алып шығып,еліне сәлем айтады.

Айман образы жырдың дамуымен бірге дамып,жарқырап ашыла түседі.

Биік қызыл құмның күн бетінде ақ сандық ішінде осындай үш есе мал бар және қасындағы ақ қобдида он бес алтын,қырық күміс табақ бар,төрт жағланда бес жүз өң шапан және жалғыз шыбық түбіндегі төрт теңде үш жүз ішік бар екенін,

аралға айдап тастаған бес жүз ат,сексен інгенді алып пайдалануды тапсырады.

Өзінің сүйген жігіті Әлібек Орынбордан қой айдап келген соң,алпыс күн мер-зімнен кейін,гауһар түймелі ақ бешпентті үстіне киіп, мені құтқарып алсын,оған дейін ешкімге басымды кеспей мен тимеймін деп қайта-қайта мықтап тапсырады.

Айманның осы сөздерінен болашағын болжайтын,көреген ақылдылығын,

адамгершілік тазалығын,сүйгеніне деген адал махаббатын,бас бостандығын қорғау-ға ерік-жігері толық жететін қайратын танимыз.

Жырдың бас кейіпкері Маман мен Көтібар емес,Айман екені айқындала бер-гендей болады.

Арыстанға Шолпанды өзі апарып салуға қолқа салады,себебі он бес шалың малға қызығып сатып кетсе,он бес жас жігіттің өзара төбелсіп Шолпанның мазасын алар деп қауіп қылады.

Айманның бұл ойында да үлкен есеп,көрегендік жатыр.Арыстанның теңі-Шолпан болса,Шолпанның теңі-Арыстан екенін білу бар.Екі жастың арасына байланыс орнату -Айман әрекетінен туындап отыр.

Шолпанды Арыстан қасына он бес жігіт ертіп алып аулына жеткізіп салып,

қызыл құмның басында Шолпанмен қоштасар кезде :«Бұл малды тірі болсам қайтарамын,»-деп уәде беріп қайтады.Арыстан : «Бұл малды Көтібар ашуын басқан соң қайтарамын,»-деп Маман байға Шолпаннан сәлем айтады.

Арыстанның бұл әрекетінен,сөзінен ел бітіміне ден қойған ақылды жастық образы танылады.

Жырда Шолпан образы Айман образын ерекшелендіріп ашу үшін ғана қосал-қы бейне ретінде алынғандай көрінеді.Айманмен салыстырғанда өзіне ғана әлі келер көп қыздардың бір ғана.Арадағы байланысшы,сәлемші сияқты бейнеде көрінеді.

Жайдақ нарға мінген Шолпанды құтқаратын да Айман,басына бостандығын алып беретін де Айман.Шолпанның образы Айман сөзімен де толық көрінеді.

Шолпан Айман сәлемін Әлібекке,Арыстан сәлемін Маман байға жеткізуші бейне ретінде алынады.

Шолпан арқылы Айманның айтқан сәлеміне Әлібек тоқталады.Әлібек те Айманнан аса алмайтыны және сүйгені Айманға шексіз сенетіні көрінеді. Алпыс күннен соң келіп, айырып алсын делінеді.

Әлібек образы күні өткен батырлықты дәріптеуге емес,жаңа қоғамның жаңа жастарының бейнесін көрсетуге негізделген.Көзсіз қара күшке сүйенбей, «Айласыз бір іс болмас» деген айла-амалға сүйеніп,жинаған жеті жүз қолды тоқтатады.

Әлібек Айманға сенсе,Айман Әлібекке сенеді.Жастардаң бас бостандығын мақсат еткен идеяны Айман мен Әлібектің бір-біріне деген сенімі мен сүйіспеншілігінен танығандай боламыз.Бұл да ескі әдет-ғұрып,салт-сананы бұзуға қарсы қойылған жастардың жаңа образын толықтыру үшін алынса керек.

Айман образы Көтібар мен Арыстан ақылдасып ,елсізде мол үлескенде өзінің үлесін сұрауы арқылы да өткір,өжет қыз екенін және жүз нар олжа алғанын алдына тартып,Көтібар олжа сұрағанда ақылмен алдын орап,ретті де орнықты сөз айтып тоқтатып тастағанынан да ашыла түседі.Көтібар Айманнан сөзден жеңіліп, «Той қылып,неке қиып аламын» деп үй ішін қуантпақ болып аулына озып кетеді.

Айман қасындағы жігіттерден Көтібар мен Арыстанның жеті жасар ұлы барып сұрап алып,бір жарғақ,бір шалбар кестелейді.

Көтібардың әйелі Теңгені жігіттер мазақ етіп, «Айманның сүйіншісіне бе-реміз» десе,Теңге күрең атқа мініп, Көтібарды Айманнан қызғанып,Айманды көру үшін алдынан шығады.

Теңге бейнесі де күлкілі образдардың біріне жатады.Теңгенің бет-пішіні жырда берілмесе де,істеген ерсі істері мен сөйлеген сөзі арқылы ақылынан ашуы тез,көк долы қарапайым әйелдің бірі екенін көреміз.Теңгенің атқа міне шауып,

Айманның алдынан шығуы,шапанын тартқылап: «Әлгі ат ... салып әкелген күң осы ма,өзі қандай неме?»-деуі Теңгенің жағымсыз күлкілі бейнесін көрсетеді.

Теңге образы жігіттер сөзі мен Айман жауабында ерекше берілген.


Қай дөңге,мына дөңге,өңге-дөңге,

Көңілден,көзден кетсе болады өзге.

Бар еді Көтекемнің үш қатыны,

Сұрасаң мұның аты сұлу Теңге.


Тағы да өңге-дөңге,өңге-дөңге,

Көңілден,көзден кетсе болады өзге.

Бар еді Көтекемнің үш қатыны,

Нақ сүйер ең кішісі-сұлу Теңге,»-


деген жігіттер сөзі Теңгенің кім екенін анық хабардар етсе,Айманның:


Базарда Теңге болсаң бұл боларсың,

Қолыңа құрық алсаң құл боларсың.

Батырдың айтқан сөзі рас болса,

Қолыма су құятын күң боларсың,»-


деген сөзінен Теңгенің Айманды Көтібар алатын күн болса,күні қиындап,берекесі болмайтынын келекелеп есіне салып,Теңгені Көтібарға қарсы қояды.

Көтібар жеме-жемге келгенде Теңгеден аса алмай,долы қатынның ығынан шыға алмай қалады.

Теңге бейнесі арқылы Көтібардың күні өткен күйкі тірлігін келемеждеп,

мазақ етеді.

Айманға керегі де осы жағдай болса,оны Айман ақылдылықпен шебер пайда-ланады.

Айман Арыстанның аулына түсіп,Көтібардың ұлы Есетті қолына алып,

сыйлыққа жарғағы мен шалбарын берсе,бала байғазысына Арыстаннан Айманға алпыс күнге неке қимау туралы Көтібардан уәдесін алып береді.

Есеттің қолқасын Арыстан алып берген соң,Көтібар Айманнан айырылғанын сезіп,бас шайқап,санын соғады.


Үйінен батыр неғып шықпай қалды,

Отыр ма батыр қорқып қатынынан,»-

деп Айман өлтіре сынап,Көтібардың әлсіз жағын тура айтып,бетіне салық қылады.

Бірақ Көтібарда Теңгеден асар күш,билік жоқтығы анықталды.

Мұнан әрі Айман Көтібарды емексітіп,атын және қару-жарағын қолға түсіреді.Мұндағы ойы Айманның екі елдің арасын жауластырмай бейбіт келісім-мен біріктіру еді.

Әлібек уәделі күні мың төрт жүз жігітпен Көтібар аулына Айманды құтқаруға келгенде алдынан Айманның өзі шығып,Әлібекке Көтібар аулын шаппай тұра тұруды тапсырады.Әлібек сөзінен Айман сөзі қайталанып,образы тағы ашылады.

Әлібек уәдеде тұрып,Шектінің басқа аулын шауып,бес нарға жиырма қызды міңгестіріп малын айдатып,өзі он адаммен Көтібарға келген жерінде Айман екі батырды өзі төрелік беріп бітістіреді.

Айман жеке бастың кегін қумай екі жақтың мал-басын тегіс қайтартып,

Шолпанды Арыстанға күйеуге ұзатып,өзі Көтібарды өкіл әке қылып Әлібекке күйеуге шығып бітістіреді.

Жырдың басты кейіпкері Айман образы ел қамын жеген жастардың жақсы үлгісі ретінде жырланады.Айманға қолынан келген қамқорлығын аямаған Арыстан образы да жағымды кейіпкерлердің жақсы үлгісі болып суреттеледі.

Жыр махаббаттан бұрын тұрмыс-салт жағдайындағы ел бірлігінің ынтымағын жырлауға негізделіп,аяғы жақсылықпен бітіді.

Қарапайым халықтың тыныштық күйді армандаған мақсат-мүддесін көрсе-

ту – жырдың басты идеясы.



















































Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров452
Номер материала ДБ-083164
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх