Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Айналамен таныстыру. Экология. Тақырыбы: " Қысқы саяхат".

Айналамен таныстыру. Экология. Тақырыбы: " Қысқы саяхат".


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Павлодар қаласының №11 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдык кәсіпорыны














АЙНАЛАМЕН ТАНЫСТЫРУ. ЭКОЛОГИЯ

Тақырыбы: «Қысқы саяхат»










Тәрбиеші: Камарья Кабыкенқызы Бүркітбаева










Павлодар қаласы. 2016 ж.

Ұйымдастырылған оқу әрекеті

ІІ. Білім беру саласы : «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет»

Бөлімі: Тіл дамыту. Сауат ашу. Сурет. Айналамен таныстыру. Экология

Тақырыбы: «Қысқы саяхат»

Мақсаты: Балаларды моделдеу көрнекілігі арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Түбірлес сөздерді жасауға және қолдануға жаттықтыру. Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу. Монологтік мәтіндерді байланыстырып дұрыс рет-ретімен айтуға үйрету. Сұраққа жауап беруге және сұрауға өзін әдепті, байсалды ұстау іскерлігін дамыту. Сөзге дыбыстық талдау жасау және сөзді буынға бөлуді бекіту. Табиғаттағы қыс мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді, ерекшеліктерін ажыратып айта білу дағдыларын қалыптастыру. Дәстүрлі емес әдіс арқылы қыс көрінісін бейнелей білу, ұжыммен жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көркем сөз пайдалану, түсіндіру, көрсету, сөзжұмбак жасыру, тәжірибе.

Көрнекілік: Қыс туралы сурет – 3, сөзжұмбақ, тірек-сызбалар, белгілер, тапсырмалар, қалташа, жарты ақ қағаз – 20, қарындаштар, ақ қағаз А-3 (4), майшам, көк гуашь, губка, майлық.

Алдын ала жұмыс: Қыс туралы суретті әңгімелеу, өлең-тақпақтар жаттау, жұмбақтар шешу, қарды бақылап зерттеу, халық болжамдармен таныстыру.

Сөздік жұмыс: Ызғарлы, шағылысып жылтырайды, сықырлайды, омбы қар, үйме қар.

Ұйымдастыру түрі: Топпен, топшамен, жұппен.

Мотивациялық

қозғаушы



Іздену-

ұйымдастырушы


















































































Сергіту сәті:

































































Рефлексивті коррекциялаушы


«Жүректен жүрекке » өлең айтып, достық шеңберін ұйымдастыру.

- Қандай көңілді, тату балалар!

- Ал жұмбақ шешуге қалайсыңдар?

Жұмбақ жасыру:

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

(Аяз)

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Бұл қай кезде болады?

(Қыста)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

(Қар)

Дұрыс, міне мен қарды әкелдім. Ол қандай деп ойлайсындар?

Сабақтын соңында, осы қар туралы бір қызықты нәрсе көреміз.

Бүгін біз тек қыс туралы әңгіме жүргіземіз.

Сондықтан Қыс Ханшайымы бізді саяхатқа шақырады (қыс туралы сурет көрсету).

Бірақ біздің алдымызда қарлы дөнбектерден бөгет тұр. Олардан өту үшін, біз Қыс Ханшайымының тапсырмаларын орындауымыз керек. Кәне, дайынсыңдар ма?

1 тапсырма

«Қыс туралы не білесін?»

Қыс қандай болады?

І топ:

Символдарды рет-ретімен қойып шығындар. Қыс қандай болады екенін айтып беріңдер.




hello_html_m7830cc0.jpg

hello_html_m277630d.png

hello_html_m277630d.png

hello_html_m277630d.png



hello_html_mc572cb5.jpg

hello_html_40c47aad.jpg


ІІ топ:

Белгілерді кезенімен қойып шығыңдар.

Қармен не болады?

hello_html_m277630d.png



hello_html_m4b0cef09.jpg

hello_html_40c47aad.jpg



hello_html_m277630d.png


hello_html_m33f5fa8b.jpg

hello_html_40c47aad.jpg













2 тапсырма

«Сөз ойла»

Қыста жерде үнемі не жатады?




«Қар» - деген сөзге түбірлес сөздерді жинақтаңдар (ұлпақар арқылы сөздерді ойлап айтады).





Сұрақ: - Тағы басқа не жауады?

Не ериды?





Не жылтырайды?

Барлық балаларға тапсырма беру:



Қыс туралы суретке қарап, сөйлем құрастырып, сызба жасаңдар.




3 тапсырма

«Сөзжұмбақ»



Барлық балаларға тапсырма:

«БОРАН» деген сөзге дыбыстық талдау жасау.

Сұрақ қою: «боран» деген созде неше дыбыс бар? Неше дауысты дыбыс бар? Неше дауысссыз дыбыс бар?

«БОРАН» деген сөзді буынға бөлу.

«Боран» деген сөзде неше буын бар?

Бірінші буынды атап бер.

Екінші буынды атап бер.



4 тапсырса

«Сергіту сәті»


Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады ө қатады,

Жып-жылтыр боп жатады


5 тапсырма

«Сурет сал»

Майшаммен сурет салу. Ұжымдық жұмыс.

І топ:

Қар жапалақтап жауып тұрғанын салады.

ІІ топ:

Қысқы орман қар жамылып тұрғанын салады.



























Көрме ұйымдастыру. Жұмыстарын талдау, мадақтау.

Балалар қараңдаршы, бағанағы ақ, жұмсақ, таза қармен не болды?

Қардың суы таза ма?


Сондықтан, қарды ауызға алуға болмайды, себебі қар ақ болса да, ол лас екен, оны бала жесе ауырады.


Қыс Ханшайымы қонаққа келеді:

Амандасады:

- Балалар мен өте құаныштымын! Менің сарайыма келгенше, алдарында қандай бөгет болды? Сендерге қандай тапсырмалар қиын болды? Қай тапсырма оңай болды?

- Қандай ақылды, білімді, тәртіпті балаларсыңдар!

- Міне, менің сендерге арналған сыйлығым бар! (тәтті сыйлықтарын таратады).



Балалар шеңбер құрып өлеңнің сөзін айтып, қимыл жасайды.


Жауап береді

Жумбақты шешеді







Жауап береді: ақ сүттей, ақ қанттай, ақ бұлттай, жұмсақ мамықтай, мақтадай.







Жауап береді: Қыс – суық, ызғарлы, қарлы, боранды, қыраулы, көңілді, сәнді, жылы. Символдарды қойып шығады.


Белгілерді кезенімен қойып шығады. Жауап береді: жауады, ағашты жабады, күннің сәулесіне шағылысып жылтырайды, аяз күні сықырлайды, еріп су болып ағады.






Жауап береді: Қар.



Қар адам, ұлпа қар, ақшақар, қарлы, омбы қар, үйме қар.



Жауап береді: жаңбыр жауады.

Мұз, балмұздақ ериді.

Су, күн, айна жылтырайды.




Сөйлемге сызба жасайды.Жауап береді.



Бір бала сөзжұмбақты шешіп, әріптерді қояды.



Дыбыстық талдау жасайды

Жауап береді



Сөзді буынға бөледі

Жауап береді







Қимыл қозғалыс жасайды





Балалар сурет салады.

Әр топ салған суретіне байланысты өлеңді оқиды:


І топ:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Аралайды даланы,

Үзілмейді жақсы әні.


ІІ топ:

Қалғиды қысқы орман,

Мұлғиды қысқы орман, Ақ желек жамылып,

Көк моншақ тағынып,

Ұйықтайды қысқы орман.

Жауап береді: қар еріді, суға айналды.





Су лас, кір.

Балалар жауап береді




Күтілетін нәтиже:

1. Арнайы тірек-сызба арқылы байланыстырып әңгіме құрастыра білу

2. Түбірлес сөздерді ойлап табу, сөйлем құрастыру.

3. Дәстүрлі емес әдісін қолданып сурет салу




Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров73
Номер материала ДБ-051202
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх