Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Айналайын, Ана, мерекеңізбен! "тәрбие сағаты" (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Айналайын, Ана, мерекеңізбен! "тәрбие сағаты" (2 сынып)

библиотека
материалов



«Айналайын, Ана, мерекеңізбен!»

Мақсаты:1. Ана жайлы тамаша сөздер , өлеңдер , әндер арқылы әжелерді , аналар мен қыздарды мерекелерімен құттықтау.

2.Ананың мейрімін , махаббатын, жақсылығын түсініп оған балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу.

3.Ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, шарлар, гүлдер, сыйлықтар, үнтаспа т.б

Барысы:

Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сіздерді сегізінші наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел-Ана өмірдің өзегі тіршіліктің күре тамыры ыстық ықылас пен ыждаһаттың пәкттік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Ел ордамыздың мерейінің үстем болуында да қашан да нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға жүректеріңізді жырға бөлесін.

1- жүргізіуші Наурыз күні- Ана күні, әлем күні

Әлемді тербендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім , сендер мұны

Адам баласы үшін аяулы ең қастерлі сөз – Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүіспеншілік , мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол - 8наурыз мерекесі.

2-жүргізуші. Бүгін бізде аналарымызды осындай мейраммен құттықтау үшін «Айналайын, Ана мерекеңізбен!» атты тәрбие сағатымызды өткіземіз.

Бірге: Қош келдіңіздер құрметті аналар!

1-жүргізуші. Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанды шашайық

2-жүргізуші. Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты мерекең



1-оқушы. Баланың да тірегі

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

2-оқушы. Мәмпелейсң мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпырып өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Ән. «Бақытты балалық шақ»


3-оқушы. Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

Апатай өзің менің асқақ әнім

Өсірдің әлдиледің аяладың

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

4-оқушы. Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.

  • 5-оқушы. Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

«Кім тапқыр» ойыны балалар аналарының дауысы арқылы танулары керек.

6-оқушы. Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсын

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсын.

7-оқушы. Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

8-оқушы. Ана –біздің күніміз

Ана- біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

9-оқушы.Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз- адамның

Анаға айтар лебізі

10-оқушы. Анам , анам ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.



11-оқушы. Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болсын бар адам

Шаттық кетпес баладан.

12-оқушы. Мен үшін не керек –бәрін іздеп табасын

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасын

Қайтып мені көргенде

Шын сағынып қаласын.

13-оқушы. Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп.

14-оқушы. Мерейлі сәт мерекеге ұласып

Сегізінші наурыз келді қыр асып

Қыз-келіншек нәзік жандар мейрамы

Көктемнің шапағатын тұр шашып.

15-оқушы. О, Періштем анам

Келді көктем күнің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін.

16-оқушы.Кетті қысқы ызғар

Еріп жатыр мұздар

Мерекеңіз бүгін

Қызғалдақтай қыздар.

17-оқушы.Үмітіндей көзіме

Көп қарайсың үңіліп

Еркелеген сөзіме

Ертеңіңіз тұр күліп.

18-оқушы. Тау қопарып, тасты үгіп

Тұрғыздың сен де қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана.

19-оқушы. Өзіңсің өмірдегі бар ардағым

Жыр жаздым тұңғыш саған ән аранадым

Анашым айтарым көп сөз жетпейді

Бір сендей асыл жанды таба алмадым.



Би «Сыған биі»

20-оқушы. Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған ,

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.




21-оқушы Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ән «Аяулы анам»

2-жүргізуші –Олжас , менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

1-жүргізуші. –Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын, үй де жыинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен

2-жүргізуші. –Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

1-жүргізуші. –Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Мұғалім. –Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз баласын тапқызу

1-жүргізуші. Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз,

2-жүргізуші. Ана- отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын тілейді.

Бірге. Біз аналарымызды сыйлаймыз , құрметтейміз.

Ән «Тұлпар» ұлдар тобы

Би «Шығыс биі»

Би «Қамажай биі»

1-ж .-Менің анам алтын

2-ж. Менің де анам алтын

1-ж.Аналарды құрметтеп

2-ж. Қол соғыңдар жалпың

Аналарды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші. Келесі сөз кезегін құрметті аналар өздеріңізге береміз.

Бірге. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.





Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДБ-085640
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх