Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / " Қайнатылған ұзақ профитрольдер дайындау "

" Қайнатылған ұзақ профитрольдер дайындау "

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімдік жоспары

Технология

10-сынып

қыздар

Күні

27.10.2015

Сабақтың тақырыбы




Қайнатылған ұзақ профитрольдер дайындау

Сабақтың мақсаты



Білімділік: оқушыларға профитрольдер дайындау туралы толық мағлұмат беру;


Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;


Тәрбиелік: өз қолымен әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Кондитерлік өнімді безендіру, дайындау туралы толық және жетік білуі қажет

-          Топтық, жұптық  жұмыс жасап үйренеді.

-          Пікірін ашық, иеркін жеткізеді.

-          Сыни көзқарас пайда болады.

-          Тағамдарды безендіріп үйренеді


Сілтеме

Қолданатын,сүйенетін ақпараттар: оқулық

Сабақта қолданылатын материалдар

А-4 парағы

тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Оқулық

Оқыту әдістері

Теориялық және практикалық

АКТ

СТО

Топтық жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар зейінін сабаққа аудару, түгендеу,топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату, топ ережесін еске тусіріп іліп қою


Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады

  1. Кондитерлік өнім дегеніміз не?

  2. Жұмсалатын шикі зат түріне қарай неше топқа бөлінеді?

  3. Кондитерлік өнім дайындайтын қандай кәсіпорындарды білесің?

Жаңа сабақ

Ecler.jpgКлассические Профитроли

Слайд арқылы кондитерлік өнімдер туралы видео ролик арқылы жана сабақты ашу

Профитроль— қайнатпалы қамырдан пісірілетін сопақша пішінді, ішіне крем (тәтті немесе кейде тұздылау дәмді.) салынған жабық пирожный. Пирожный сыртына шоколад ерітпесі немесе кувертюр жағылған. Жақсы сақталынатын болғандықтан сауда орындарында көп тарайды. Нағыз (француздық) эклердің рецепті төмендегідей болады: Қамырға 250 мл су, 50 г сары май, 150 г ұн, 4 жұмыртқа, бір шымшым тұз, қамырға жағатын май және тақтаға себілетін ұнқажет. Салмаға 375 мл сүт, 30 г балалар тағамының ұнтағы (құрғақ сүт қоспасы), 65 г құмшекер, 75 г сары май, 200 мл қаймақ, глазурьлеуге қажетті 100 г кувертюра немесе шоколад, 3 асхана қасығымен лимон шырыны, 1 пакет ванилді қант, бір шымшым тұз қажет.[1

Дайындау тәсілі: 1. Қайнатпалы қамыр дайындау үшін май, тұз салынған суды қайнатып алып, оттан түсіріп үстіне ұн салып араластырады. Содан соң ыдысты қайта отқа қойып қамыр түйіршіктері түзілгенше ұдайы араластырып отырады. Пайда болған қамырды шұңғыл кәрлен ыдысқа салып үстіне бұлғанған жұмыртқаларды қосып, қамырды суытпай араластырады. Осы тәсілмен дайындалған қамырмен кондитер қапшығын немесе шприцін толтырады. Майланған және үстіне ұн шашылған тақта үстіне қапшық немесе шприц арқылы ені 3, ұзындығы 10 см болатын пішіндер сықпаланады. Осы пішіндер ішіндегі температурасы 220°С болатын тұмшапештерде 25 мин-тай пісіріледі. 2. Салма дайындау үшін төрт қасық сүтке балалар тағамының ұнтағын салып араластырады да, қайнап жатқан сүттің үстіне салады. Содан кейін ыдысты оттан түсіріп, үстіне ванилді ұнтақ, лимон шырынын қосады. Қаймақты миксерде бұлғап, тоңазытқышқа қояды. Кремді араластыра отырып салқындатады да, үстіне бұлғанған қаймақ салып араластырады. 3. Эклер дайындамаларын салқындатып, ішіне шприцпен сары майлы-кремді сықпалайды. Дайындамалар сыртына глазурь жағып, қатырады.[1]

Тапсырма


Крем салынған профитролдің бір түрін дайындау

Қажетті құрал: миксер, тостақанша,қасық т.б

Қажетті ингредиенттер: май -200гр,кілегей-1,заварной қамыр


Сергіту сәті

оқушылардың көңіл-күйін дамытуға  арналған психологиялық 
жаттығулар

 «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.




Пысықтау

1,тағамды дайындау кезінде қандай сурақтар пайда болды?

2. Профитроль дегеніміз қандай өнім ?

3.Тағы қандай кондитерлік өнімдерді білесің?

4.Бүгін сабақта қандай өнімді безендіріп үйрендің?


Қорытындылау

Тақырыпқа арналған тест тапсырмаларын орындау

Үйге тапсырма

Тамақ пісіру тақырыптарына тест жасақтау

Бағалау

  1. Үй тапсырмасына жауап беруіне

  2. Жаңа сабақ бойынша тағам пісіруіне

  3. Сабақ қорытындылау сұрақтарына, тестке

Қарай бағалау















Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров314
Номер материала ДВ-550470
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх