Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииҚайратым – қайсарым. 3 сынып

Қайратым – қайсарым. 3 сынып

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы.doc

Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев. Өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жұбан Молдағалиевтың өмірі, ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.

ә) тәрбиелік: Жұбан шығармаларының тақырыбын аша отырып, оқушыларды Жұбанның бойындағы жақсы қасиеттерге баулу. Өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

б) дамытушылық: Жұбанның шығармаларын оқыта отырып, оның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру. СТО технологиясының әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту, өз ойларын ашық айтып, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологияларының әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Жұбанның өміріне, шығармашылығына  байланысты интернет желісінен алынған деректер, Жұбанның суреттері, Жұбанның  ескерткіштері бейнеленген суреттер.

І. Қызығушылықты ояту.

         Ең әуелі оқушылар 3 топқа бөлініп отырды. Оқушыларға Жұбанның суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:

1.     Тақтада бейнеленген ақынды танимыз ба?

2.     Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?

3.     Осы ақынымыздың ең атақты поэмасы туралы не айта аласыз?

 

«БҮҮ» әдісі

   Білемін                                   Үйренгім келеді                      Үйренгенім

-                                                              -                                          -

ІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақ, жоспары:

1.     Жұбанның білім алуы, қызметі.

2.     Жұбан жырлаған тақырыптардағы ұлы рух.

3.     «Мен қазақпын» поэмасының ерекшелігі.

Пузырек для мыслей: облако: ... Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған, даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз... 

         Сабақтың эпиграфы

 

 

 

 

 

Мүсілім Базарбаев

Свиток: вертикальный: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Жайып салдым сырымды дос алдына,
От басында, өрісте, қос алдында.
 - Жан-жүрегі көзінен көрінетін
“Қазақ”, - дедім отырған осы алдыңда.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске – 
Айта бергім келеді, айта бергім!... 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 «ЖИГСО-1» әдісі.

І топ.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған.

1940—1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді.

Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады.

Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі.

Соғыс жалдарында жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады.

Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды.

ІІ топ.

Туған жері туралы "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964).

ІІІ топ.

Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,                                

"Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, —  деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы больш келеді.

Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді.

Жұбан Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев сияқты ұлы ақындармен дос болған. Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев сияқты ақындардың шығармашылығын қолдап өткен.

Жұбан денсаулығына байланысты 1988 жылы дүние салды.

 

 

 

Ү. Сергіту  сәті: «Мені қалай қабылдайды?» (псих-қ тренинг)

Блок-схема: ИЛИ: 1	      3

  2          4

1 бөлігіне жазылған аң тәрізді орта тап қабылдайды;

2 бөлігіне жазылған аң тәрізді үй іші қабылдайды;

3 бөлігіне жазылған аң тәрізді ұжымдастары;

                                                      4 бөлігіне жазылған аң тәрізді достары.

ҮІ. Білімді бекіту:

Ой толғаныс.

«Әдеби диктант» әдісі.

ü Жұбан Молдағалиев–

ü Жұбанның мынадай өлеңдері бар:

ü “Мен – қазақпын” поэмасы:

ü Жұбан жырлаған тақырыптар...

     «Бес жол өлең»  әдісі бойынша оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергендігін анықтадым. Оқушылар алған ақпаратты түйіндеп айтуға, өздерінің ойларын аз сөзбен, бірақ нақты жеткізуге жұмыстанды.

Оқушылардың жауабы:

Жұбан

Білімді, шыншыл

Сүйеді, шығарады, баурайды

Қазақ әдебиетінің ірі өкілі

Ақын

 

 «БҮҮ» әдісі.

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Жұбан Молдағалиевтың шығармашылығы туралы қосымша деректерден іздену.

Эссе «Ақын шығармаларындағы Отанға деген махаббат»

 

ҮІІІ. Бағалау.

                  

ХІХ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

      Тақырыпқа байланысты материалдар.

                     

      

 

 

 

 

 

 

 

    

      Сабақ сәттерінен көріністер.

     «Қызығушылықты ояту» бөлімінде оқушылардың «БҮҮ» әдісімен жұмыс жасау кезі

DSC06590

   «ЖИГСО-1» әдісі бойынша топпен жұмыс

 

DSC06582

 

 

    «Бес жол өлең» әдісі бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары

DSC06599

    «Сергіту сәті» үстінде

DSC06604

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қайратым – қайсарым. 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.ppt

Скачать материал "Қайратым – қайсарым. 3 сынып"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • 

Жұбан Молдағалиев өмірі
(1920-1988)

    2 слайд



    Жұбан Молдағалиев өмірі
    (1920-1988)

  • Үйренгім келедіБілемінҮйренгенім

    3 слайд

    Үйренгім келеді
    Білемін
    Үйренгенім

  • Мүсілім Базарбаев... Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын к...

    4 слайд

    Мүсілім Базарбаев
    ... Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған, даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз...

  • Жұбан 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында, Жыланды деген же...

    5 слайд

    Жұбан 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында, Жыланды деген жерде туған.
    Оралдың ауыл техникумында оқиды.
    1939 жылы “Комсомол ұрпағы” атты жастар газетінде “Ленин тірі” деген өлеңі жарық көреді.
    1940 жылы әскерге, шақырылып, ҰОС-н қарсы алады.
    Кейін ақын “Лениншіл жас”, “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” редакцияларында қызмет атқарады.
    Қазақ Жазушылар одағында басшы қызмет атқарады.
    1949 жылы “Жеңіс жырлары” тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді.


  • Жұбанның алғашқы жырлары (“Әлия”, “Ер қабірі”, “Батыр туралы баллада”)өлеңдер...

    6 слайд

    Жұбанның алғашқы жырлары (“Әлия”, “Ер қабірі”, “Батыр туралы баллада”)өлеңдері ерлікті, Отан сүюшілікті, жеңіске деген сенімді жырлауға құрылған.

  • Туған елге
Қазақстан! Сүйікті! 
Туған үй, туған елімсің. 
Асық атып, доп қуып...

    7 слайд

    Туған елге
    Қазақстан! Сүйікті!
    Туған үй, туған елімсің.
    Асық атып, доп қуып,
    Асыр салған жерімсің.
    Бөленіп гүл мен нұрыңа,
    Бағыңда ойнап күлгенмін,
    Таңында сайрап бұлбұлға
    Ән қосып жырлан жүрекпен.
    Сен есіме түскенде
    Көңілім бұлттан ашылып.
    Тасиды жаңа күш менде,
    Жабыққаным басылып.
    Сен есіме түскенде,
    Құшағын апам ашқандай.
    Жауыма қарсы өшпенде
    Шабамын оқтан жасқанбай.
    Ойымнан, сірә, қалмайсың,
    Жүрсем де майдан төрінде.
    Жүректің отын жалғайсың
    Жеңістен соңғы өмірде.
    Туады сол күн біздерге,
    Дұшпанды жеңіп келемін,
    Күлімдеп қарап жүзіңе,
    Баурыңа еркін енеміз.

  • Соғыстан кейінгі жылдары туған халқының жаңа өмірін жырға қосып, халық тағдыр...

    8 слайд

    Соғыстан кейінгі жылдары туған халқының жаңа өмірін жырға қосып, халық тағдыры туралы толғаныстарға көп барады. «Қанат туралы толғау», «Өлкем туралы ойласам» сияқты салыстырмалы өлеңдер шығарады.
    “Бәйге”, “Егер сен от болсаң”, “Дарынсыз адам – даңққұмар” сияқты жырлардан шеберлігі, тапқырлығы көрінеді.

  • Жұбанның лирикалық жырлары адам сезімінің әр жағдайдағы көрінісін бейнелеуге...

    9 слайд

    Жұбанның лирикалық жырлары адам сезімінің әр жағдайдағы көрінісін бейнелеуге құрылады. Ол адамды сүю, жар сүю, ана сүю, Отан сүю сезімдерін тоғыстыра , үлкен бір идеяға айналдырады. “Аққу”, “Махаббат ерлігі”, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам”, “Махаббат ерлігі” сияқты өлеңдері бұған айғақ.

  • Жұбанның лириктік таланты “Ғашық көзбен”, “Айттым сәлем” сияқты жинақтарында...

    10 слайд

    Жұбанның лириктік таланты “Ғашық көзбен”, “Айттым сәлем” сияқты жинақтарында ерекше шарықтап өсті. “Ғашық көзбен” кітабы үшін оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген.

  • “Жыр туралы жыр” (Мұса Жалел), “Жесір тағдыры” – ақынның елеулі шығармалары....

    11 слайд

    “Жыр туралы жыр” (Мұса Жалел), “Жесір тағдыры” – ақынның елеулі шығармалары. Ақынның ең даңқты шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы.

  • “Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жыл...

    12 слайд

    “Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
    Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
    Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
    Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...”

  • Ақынның жинақтары: “Жыр туралы жыр”, “Нұрлы жол”, “Заман  тынысы”, “Қыран дал...

    13 слайд

    Ақынның жинақтары: “Жыр туралы жыр”, “Нұрлы жол”, “Заман тынысы”, “Қыран дала”, Байқоңыр баспалдақтары”,т.б.

  • Жұбан Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев сияқты...

    14 слайд

    Жұбан Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев сияқты ұлы ақындармен дос болған. Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев сияқты ақындардың шығармашылығын қолдап өткен.

  •  Жұбан денсаулығына байланысты 1988 жылы дүние салды.

    15 слайд

    Жұбан денсаулығына байланысты 1988 жылы дүние салды.

  • Жұбанның шығармашылығы

    16 слайд

    Жұбанның шығармашылығы

  • Қазіргі таңда ақынның жары - Софья,
 4 баласы, 8 немересі, 
4 шөбересі өмір с...

    17 слайд

    Қазіргі таңда ақынның жары - Софья,
    4 баласы, 8 немересі,
    4 шөбересі өмір сүріп жатыр. Ақын өзінің құдай қосқан
    қосағына – 1947 жылы 22 қарашада үйленген.

  • 18 слайд

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • 27 слайд

  • 28 слайд

  • 29 слайд

  • 30 слайд

  • Білімді бекіту

    31 слайд

    Білімді бекіту

  • 1. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

    32 слайд

    1. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  • 2. Ақын шығармаларының тақырыптары қандай?

    33 слайд

    2. Ақын шығармаларының тақырыптары қандай?

  • 3. Ақынның отбасы туралы не айта аласыз?

    34 слайд

    3. Ақынның отбасы туралы не айта аласыз?

  • 4. Ақынның қандай шығармалары бар?

    35 слайд

    4. Ақынның қандай шығармалары бар?

  • 5. Жұбан кім деген ақындармен дос болып, жақсы араласты?

    36 слайд

    5. Жұбан кім деген ақындармен дос болып, жақсы араласты?

  • 6. Ақынның алғашқы жинағы қалай аталады?

    37 слайд

    6. Ақынның алғашқы жинағы қалай аталады?

  • Әдеби диктант
Жұбан Молдағалиев– 

Жұбанның мынадай өлеңдері бар:

“Мен – қ...

    38 слайд

    Әдеби диктант
    Жұбан Молдағалиев–

    Жұбанның мынадай өлеңдері бар:

    “Мен – қазақпын” поэмасы:

    Жұбан жырлаған тақырыптар...

  • Сергіту  сәті: «Мені қалай қабылдайды?»  1           2

   3          4

    39 слайд

    Сергіту сәті: «Мені қалай қабылдайды?»

    1 2

    3 4

  •      “ Бір айналым сөйлесу”

    40 слайд

    “ Бір айналым сөйлесу”

  • САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

    41 слайд

    САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2016 1951
    • RAR 14.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шингожина Саркытжан Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5094
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тифлопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями зрения)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения зрения)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие мышления и речи детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции