Инфоурок Другое Другие методич. материалыАйтарын ашып айтқан абайламай...

Айтарын ашып айтқан абайламай...

Скачать материал
Скачать материал
    • 26.12.2014 479
    • 518.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергалиева Жулдыз Смагуловна
    Ергалиева Жулдыз Смагуловна

    ІІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

    • На сайте: 10 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49314
    • Всего материалов: 9

    Об авторе

    Мектептің жаны - мұғалім. « Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар , оқыта білетін мұғалім » деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген , үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім – тәрбие ісінен жалықпайтын , баланы өзіне тарта алатын тәлімгер шығармашылықтағы адам - нағыз ұстаз. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Оқуға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтамақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық істердің ұйытқысы болуға тиіс. Әр оқушының қабілеті мен талантын, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға жол ашуда бүгінгі білім беру саласының алтын діңгегі – ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей, тұлғаға бағытталған білім беруде әр шәкіртінің интеллектуалдық даму деңгейін тани білу қажеттілігі туындайды. Әр бала – болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта көңілі ояу, көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын, көзқарасын білдіріп, шешімін таба білу шарт. Ізденіссіз еңбегің жемісті болмайды. «Болмасаң да, ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай, өз іс – тәжірибемде жаңашыл ұстаздардың әдіс-тәсілдерін басшылыққа алып, оқыту жүйесін түрлендіріп өткізуді ұстаздық міндетім деп білемін.

Жұмыс парағы «Өнер және оның түрлері»

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
3039
6
24.12.2024
«InfoLesson»‎
Жұмыс парағы «Өнер және оның түрлері» тақырыбына арналған. Балаларға қоршаған ортаны зерттеуге, бақылау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Мектепке дейнгі жастағы балаларға және 1 сынып оқушыларына арналған.Тапсырма мазмұны:Бояуларды немесе қарындаштарды алып, көркем бейне сал. Нені салғаның туралы айтып бер!Өнер туралы қандай қызықты деректерді білесің? Оларды жаз немесе айтып бер.Суретшіге осы заттардың қайсысы керек? Оларды күлгін қарындашпен қорша.Белгілі өнер туындыларын қалаған түстермен боя. Танымал өнер туындылары нағыз суретшінің қолында жарқын және көңілді болсын!Кім немен айналысады? Мамандық атауларын олардың құралдарымен байланыстыр.Қосымшаны ашып, өзіңнің жеке өнер туындыңды жаса!

Краткое описание методической разработки

Жұмыс парағы «Өнер және оның түрлері» тақырыбына арналған. Балаларға қоршаған ортаны зерттеуге, бақылау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамытуға көмектеседі. 
Мектепке дейнгі жастағы балаларға және 1 сынып оқушыларына арналған.

Тапсырма мазмұны:
Бояуларды немесе қарындаштарды алып, көркем бейне сал. Нені салғаның туралы айтып бер!
Өнер туралы қандай қызықты деректерді білесің? Оларды жаз немесе айтып бер.
Суретшіге осы заттардың қайсысы керек? Оларды күлгін қарындашпен қорша.
Белгілі өнер туындыларын қалаған түстермен боя. Танымал өнер туындылары нағыз суретшінің қолында жарқын және көңілді болсын!
Кім немен айналысады? Мамандық атауларын олардың құралдарымен байланыстыр.
Қосымшаны ашып, өзіңнің жеке өнер туындыңды жаса!

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 615 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрметті, кешіміздің қонақтары мен ұстаздар және оқушылар!

(Мұқағали Мақатаевтың 83  жылдығы мен Қадыр Мырзалиевтің 79  жылдығына орай өмірі мен шығармашылықтарына арналған «Айтарын ашып айтқан абайламай...» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз!

 

Бүгінгі кешіміздің мақсаты қазақ әдебиетінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған  ақындарымыздың өмірінен мағлұмат алу, өлеңдерімен таныстыру, Мұқағали мен Қадырдың  поэзиясының халыққа кең таралуының және оның өлеңдерінің сыры неде екенін таныту, ақын шығармалары арқылы шындыққа,адалдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Нағыз ақын өмірдің қуанышы мен мұңын, қайғысы мен қасіретін халық ортасында етене араласа жүріп жырлайды, өз жүрек сөзін айтады, жасандылыққа, жалғандыққа бармайды. Мұқағали өлеңдерінің жалпы жұртқа жақын болуы ең алдымен осы сипатынан негіз алса керек. Туған күндері і қарсаңында ақын поэзияларының  ей қырын қамтыған мақала және іс-шаралар үлгілерін бір топтап жібергенді жөн көрдік.Ой- жүйемізден орын алған Мұқағали мен Қадыр бейнесі  «Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» демесін. Бүгінгі әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:  Халықтыңрухани байәдеби мұрасынан күш-қуат алған  Мұқағали – қазақ әдебиетінде, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Мұқағали Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарымен сәйкес келген.

 

Сұлтанмұратов Жандос «Арыз жазып кетейін...»

 

Жүргізуші: Сол кезде аупарткомда өзінің білімімен, адамгершілігімен көпке үлгі болып жүрген Мұхамедқали есімді жігіт болыпты.Сол жігіттей еліне елеулі азамат болсын деп бұл есімді нағашысы қойған.Жеңгелері пайғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп,оны Мұқағали деп атап кеткен екен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар» деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді.

 

Исатаева Шынар «Жырласам ба екен»

 

Жүргізуші: «Жазыларестеліктер мен туралы» ,- дейді Мұқағали. Жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр. Аңыз бен ақиқат жарысып қатар жүр.  Оның поэзиясы – ұлттық байлық, қазақ халқының рухани сауаты. Ол халқымен бірге биіктеп бірге жасайтын ақын. 

 

М. Мақатаевтың сөзіне жазылған ән «Есіңе мені алғайсың» орындайтын: Төребаева Қалдыгүл

 

Жүргізуші:Мұқағали ақын: «Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуға тиісті. Барым менің , балам менің, жарым, жақсылығымменің –поэзиям , тек сені ғана сақтап қалсам екен!»- дейді.

 

Даңатарова Айнұр  «Поэзия»

 

Жүргізуші: Мұқағали аға балаларды жанындай жақсы  көрді. Қандай ашуы келсе де, балаларды көргенде майдай ериді екен. Оған «Тоқта, балам, атаң келеді артыңда», «Сәби болғым келеді » деген өлеңдері куә.

 

М. Мақатаевтың сөзіне жазылған ән «Сәби болғым келеді» орындайтын: Жақсылықова Анар

 

Жүргізуші: Өлең өнер,өлең дерт , оны туа біткен дарын иесі , шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағазда иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне ән жазылып,сахна төрінде  шырқалып жүр.

 

Ақын сөзіне жазылған «Фаризаға»   (Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі)

Орындайтын мектебіміздің мұғалімі Демеуов Есен

 

Жүргізуші: « Күнді уақыт итеріп, көкжиектен асырса » депұлы Абай айтқандай,жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана,биіктей түседі. Тау биіктегенімен,теңіз тереңдегенімен дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті , өлеңдерімен көрікті.

 

Жанадилова Айгерім «Жүрегімде жүрген-ай бір қауіптің»

 

Жүргізуші: Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып,егемен еліміздің апанында, азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.

                         «... Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,

                         Еңбегінің қызығын да көре алмай

                         От боп жанып өтіп кеткен ақынға

                         Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай »,- деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын жырлағандайөлең өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те  өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

 

Ақын сөзіне жазылған «Сенің көзің» Орындайтын мектебіміздің мұғалімі ершуақов Жандос

 

Жүргізуші: Ендігі кезекте қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі ақын Қадыр Мырзалиевтің поэзиясына кезек береміз, сахнаға Қадыр атамыздың өміріне арналған деректі фильмді ұсынамыз. Тақтадан слайд көрсетіледі  

                                                                                                       

Қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі ақын Қадыр Мырзалиевтің өмір тарихын таныстыру үшін сөз мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Қарабалин Жаңабай ағайға береміз.

 

Жүргізуші:      Өмір деген – құр шылық,

                           Алдамшы бір тіршілік.

                           Біледі алты алаш,

                           Өмір деген - жанталас!   

           

Баймұратов Ақжол «Өлең – ол ауыл ең алыс»               

Басбаева Жансая « Өмірге келдің »

 

Жүргізуші

Қазақ осы

Дала дейтін                                                                               

Күн дейтін,

Қазақ осы

«Өнер алды- тіл» дейтін

Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін.

 

Ақын сөзіне жазылған ән: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

Орындайтын : Демеуов Есен

 

 Жүргізуші : Жұлдыз ойға толса екен деп жыр түнің

                       Әлі күнге тапқан жоқпын бір тыным

                       Жамап жүрмін көңілдерді сөгілген

                       Жамап жүрмін жүректердің жырығын.

 

Хожағалиева Гүлнар « Өмір деген бір ағым »

 Онбаева Гүлзат «Төлегенге»

Ақын сөзіне жазылған ән:  «Асыл әжем» Жақсылықова Анар

 

Жүргізуші:

                             Уақытпен таппай жарасым,

                             Таусылған жұрттың шарасы.

                             Ғұмыр дейміз-ау!

                             Ғұмырың

                            Қас  пен көздің арасы!                                

Сұлтанмұратов Жандос « Мен - Қадырмын»

Ақын сөзіне жазылған ән: « Атамекен» Орындайтын: Даулетбаев Ибраһим             

 

Жүргізуші:   Мәңгілікке өзіменен ала кетер

                        Менің нәзік жанымды кім түсінер?!...деп қынжыла жазып , өмірдің базарынан жылап қайтқан, қарапайым да жұмбақ тағдыр иелері Мұқағали Мақатаев пен Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылықтарына арналған «Айтарын ашып айтқан абайламай...» атты әдеби  – сазды кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 241 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Урок Личное Финансовое Планирование
  • Учебник: «Экономика. Базовый и углублённый уровни (в 2-х частях) 10-11 классы», Лукашенко М.А., Пашковская М.В., Ионова Ю.Г., Потапова О.Н., Рубин Ю.Б., Соболева И.А., Михненко П.А., Турчанинова Е.В.
  • Тема: § 12.1. Финансы семьи, предприятия, государства
  • 03.10.2020
  • 2577
  • 157
«Экономика. Базовый и углублённый уровни (в 2-х частях) 10-11 классы», Лукашенко М.А., Пашковская М.В., Ионова Ю.Г., Потапова О.Н., Рубин Ю.Б., Соболева И.А., Михненко П.А., Турчанинова Е.В.
Исследовательская работа "Я помню я горжусь"
  • Учебник: «Детская риторика в рассказах и рисунках. Учебная тетрадь для 4 класса», Ладыженская Т.А., Ладыженская Н.В., Ладыженская Т.М., Марысева О.В.
  • Тема: Говорю, пишу, читаю, слушаю
  • 03.10.2020
  • 398
  • 0
«Детская риторика в рассказах и рисунках. Учебная тетрадь для 4 класса», Ладыженская Т.А., Ладыженская Н.В., Ладыженская Т.М., Марысева О.В.
Сценарий интеллектуальной игры "Знатоки изобразительного искусства"
  • Учебник: «Школьная риторика (в 2-х частях)», Ладыженская Т.А., Ипполитова Н.А., Антонова Л.Г. и др.; под ред. Ладыженской Т.А.
  • Тема: Вспоминаем изученное
  • 03.10.2020
  • 731
  • 6
«Школьная риторика (в 2-х частях)», Ладыженская Т.А., Ипполитова Н.А., Антонова Л.Г. и др.; под ред. Ладыженской Т.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 219 055 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Профессиональный навигатор: стратегии развития интереса к учебе и самоопределения в цифровую эпоху

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие и коммуникация для профессионального роста

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Репутация и имидж компании

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 615 курсов