Инфоурок Всеобщая история КонспектыҚазақ даласының даналары (10сынып)

Қазақ даласының даналары (10сынып)

Скачать материал

Қазақ даласының даналары

Бұл  дара да дана тұлғалар хақында сыр шертетін тәрбиелік әсері мол ел­еулі еңбек

Таяуда «Дәуір» баспасынан белгілі журналист Қаражан Сердалиев құрастырған «Да­­ла даналары» деген жаңа жинақ жарық көрді. Аты айтып тұрғандай, бұл ежелгі қа­зақ даласы тудырған дара да дана тұлғалар хақында сыр шертетін, тарихи деректері мол, кейінгі ұрпақ үшін тәрбиелік әсері мол ел­еулі еңбек. Белгілі ақын Қазыбек Исаның басылым беташарындағы аңдатпасынан аңға­рылғандай, кітап мақсаты – өткеннің өне­ге­сін бүгінгі биіктен саралау. Тарихтан тағы­лым алып, қазіргі өлшеммен таразылау».
Жаңа жинақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбековтің «Ұлы істер үндемей тындырылады» деген көлемді мақаласымен ашылған. Еліміздің Өзбек­стан­дағы, Ресейдегі елшісі болып істеген белгілі дипломат халық тарихымен қатысты игілікті істер жайын сөз етеді. Атап айтқанда, өзі басы-қасында жүріп, ұлтжанды азаматтарды топтастырып, 2009 жылы Өзбекстанның Нұр­ата жерінде салтанатты жағдайда ашқан Әйтеке би кесенесінің салыну тарихын байсалды баяндайды. Мақала мазмұны автор­дың: «Мен де қазақтың бір баласы ретінде өзімнің өмір жолымда ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімін қайта жаңғыртып, басын көтеріп, тарихи мұрасының сақталуына, сондай-ақ маңызды мәдени ескерткіште­рі­міздің қорғалуына әрдайым назар аударып, жете көңіл бөліп, бұл іске бар пәрменіммен перзенттік парызымды қосып келе жатырмын», деген сөздерінің шындығына көз жеткізеді.
Бұдан бұрын Бәйдібек баба, Домалақ ана, Бес ана кесенелерін қалпына келтіріп, жаң­ғыр­ту жұмыстарымен айналысқан Зауытбек Қауысбекұлының көрші республикаға елші болып келген кезінде Елбасымыздың мақұл­дауымен Әйтеке биге кесене тұрғызу сынды «барша қазақтың соңғы 20 жыл бойы жүзеге аспай келе жатқан асыл арманын» елжанды азаматтармен бірлесіп ойдағыдай орындаға­ны қай жағынан да ілтипатқа лайық болса керек.
Үш биіміздің екеуінің асыл сүйегі қазіргі өзбек топырағында дамылдап жатқаны мә­лім. Нұрата жерінде еліміздің еңсесін биік­теткен Әйтеке би кесенесі пайда болуының қыр-сыры егжей-тегжейлі баяндалған «Ұлы істер үндемей тындырылады» атты мақала Ташкент шаһарындағы Төле би кесенесінің жаңартылуымен жалғасып, соған қатысты қызықты жайларды ұсынуымен де маңызды.
Зауытбек Тұрысбековтің кейін Қазақ­стан­ның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған кезінде Ішкі қазақ ордасының негізін салушы Бөкей хан Нұралыұлына Астрахань өңі­рінде күмбезді кесене орнатудың саяси және ұйымдастырушылық жұмыстарын оңтайлы шешкенін, соның нәтижесінде екі елдің шекарасында көршілік хақының куәсіндей болып бағалы ескерткіш бой көтергенін де аталмыш кітаптан ықыласпен оқуға болады.
Белгілі қаламгер Әмірхан Меңдекенің «Сердалы Бекшорин» аталған көлемді еңбе­гінің осы жинаққа енгізілуінің өз заңдылығы бар. Сердалы – Шоқан Уәлихановтың замандасы, Шоқанмен дос, сырлас болған, оның қолынан естелікке сағат алған азамат. 1892 жылы Бұхара әмірімен кездескен қайраткер. Мақалада Сердалы Бекшорин сынды қазақ даласының талантты ұлының заман таныған суретшілік өнері мен ел билеген қайраткер­лігі қатар суреттеледі. Сердалы Бекшорин 1892 жылы Нұратадағы Сейітқұл бабасының басына алғаш рет төрт құлақты сағана салса, арада 116 жыл өткенде Сейітқұл әулие мен Әйтеке би бабаларының кесенесін заманға сай жаңарту сол Сердалының шөберелері Қаражан мен Бернардқа және Зауытбек Тұ­рысбеков, Рахат Байзақов, Шаһарбек Усманов, Есенғали Байменов, Ибадулла Қалы­беков, Алтынсары Үмбетәлиев сияқты атпал азаматтарға бұйырды.
Бұл жалпы аталмыш жинақтағы мақала­лар­ға тән тақырыптық және идеялық тұтас­тықты білдіреді әрі оны дала даналарының (Төле би, Әйтеке би, Жалаңтөс баһадүр, Салқам Жәңгір, Сейіт баба, Бөкей хан, Ораз қажы, Сердалы Бекшорин, т.б.) дүние дида­рындағы өлмес те өшпес тұлғасын ұрпақтар зердесіне жеткізу мақсатын көздеген шығар­машылық ізденіспен байланыстыруға болады. Ыдырыс Орынбасардың «Зиярат ету – зиялылықтың белгісі», Доқтырхан Тұрлы­бек­тің «Тұлпардың тұяғы» мақалаларының өзекті желісі де жоғарыда айтылған ізгі ниетті ой аясында жалғасқан. Жинақ материалдарына түрлі-түсті жаңа фотошежіренің қоса берілуі ортаға түскен өнегелі әңгімелер мен ой-толғаулардың мазмұнын көрнекілеп, мағыналық әсерін күшейте түскен.
Қорыта айтсақ, «Дала даналары» атты мән-мәністі кітап перзенттік парыздан туған. Жинақ ұлы тұлғаларды ұлықтау мен ар­дақ­тау жолында отаншыл, ұлтжанды азаматқа лайық мәрт-мінез көрсеткен отандастары­мыз­дың өнегелі, парасатты ісін жұртшылық жүрегіне жеткізе отырып, елдік бірлігіміз бен ұлттық тұтастығымызды насихаттайтын ең басты ерекшелік-қасиетімен құнды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ даласының даналары (10сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2016 7721
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толегенова Айгул Оразбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Толегенова Айгул Оразбеккызы
    Толегенова Айгул Оразбеккызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12850
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек