Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Қазақ дастарқаны. Табақ тарту жоралғысы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қазақ дастарқаны. Табақ тарту жоралғысы.

библиотека
материалов

Қазақ дастарқаны. Табақ тарту жоралғысы.

Қазақ өзінің кең пейіліне қарай дастарқанын да кең жайып ұстайды. ”Дастарқаның мол болсын, пиғылың кең болсын!” деп келетін бата да халқымыздың бай-шүлен көңілінен туса керек. Содан да үйіне қандай қонақ келсе де дастарқанын молынан жаяды. Оған бауырсақ, нан, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, қатық, жент-талқан, қант-кәмпит, өрік-мейіз, жеміс-жидек басқа тағамдармен көз жауын алардай толтырып, аққұйрық қою қаймақты шәй құяды. Қазақ әйелдері дастарқанның басында нәзік отырып, қонағын үзіліп кетердей үлбіреп күтеді. Келген қонаққа жаятын дастарқанның да рет-реті бар. Алдымен түрлі тағамды шәй құйса, соңынан жеңілдеу болса қуырдақ-ет, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Сөйтіп, қайтсе де дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді. Мұны қазақ кәдесінде ”Дастарқан дәмі” деп атайды. Дастарқан дәмі қай қонаққа да ортақ, дегенмен келген қонақтардың келуіне сай арнайы сый көрсететін сыбағалы дастарқан жайған. Ендігі әңгіме қысқаша болса да сол жөнінде болмақ.


Құдайы қонақ. Арнайы шақырылмаған, бұйрықша келген осындай қонақты қазақ ”Құдайы қонақ” деп атайды. Қазақтар Құдайы қонақты әсте ренжітпейді. Өйткені Құдай айдап келген қонақтың дәмін біздің шаңырақтан, дастарқаннан бұйырған, мұндай қонақтың артынан Қызыр еріп жүреді деп сенген. Құдайы қонақ риза болып аттанса, Қызыр қуанады, ал ренжісе, Қызыр шамданады, үйден бақ таяды, дастарқаннан ас айниды деп қорқады. Сондықтан, Құдайы қонаққа арнап жомарттары қой сойып, алыстан туысы келгендей сыйлайды, кісілігі кемімеген кез-келген үй ет асып, мол дастарқанмен мәре-сәре күтуді өз міндетіміз деп біледі.


Бас табақ. Дастарқанның ең сыйлы мәзірі. Атына сай онда сойылған қойдың басы тұруы шарт. Қой соярдан бұрын тірі малды есіктен алып кіріп, төрде жайғасып отырған қонақтарға басын қаратып тұрып бата сұрауды. Бас табаққа қойдың басын, жамбасын, ортан жілігін, арқасын, сүбе қабырғасын, жауырынын, белдемесін, кәрі жілігін, тоқ ішігі мен бүйрегін, сирағынмен түгел табаққа салып тартады. Сыйлы қонақ өзіне тиесілі еттен таңдағанын турап жей отыра, төменгі табаққа бас табақтан жілік ұсынуды да ұмытпайды.


Орта табақ. Бұл — қазақтың қонақ күту жолында, сый-сыбаға табақ тарту, ас ұсыну дағдысында үйге көп қонақ келгенде, бір қойдың етін түгел асады да, бастабақтан қалған кәделі жіліктерінен үлкендерден кейін отырған жасы кішілеу қонақтарға тартады. Мұны қазақ кәдесінде ”Орта табақ” деп атайды.



Аяқ табақ. Қазақтың қонақ сыйлау, ас ұсыну жолында келген қонақтарды жасына, сыйна қарай реттеп отырғызады. Аяқ табақ негізінде жас қыз бала, бозбалаларға тартылады. Аяқ табаққа асық жілік, төс, құйымшақ, қабырға, арқа, белдеме сынды кәделі жіліктерді тартады.


Сый табақ. Қазақтың қонақ шақыру, қонақ күту кәдесінде жіліктердің де өзіндік жолы, жоралғысы болады. Сыйлы қонаққа, жасы үлкен қарияларға, құда-құдағиларға арнап ”Сый табақ” тартады. Сый табаққа малдың басы, жамбасы, жылқы еті болғанда жал-жая, қазы-қвртв, белдеме, омыртқа секілді жылы-жұмсақ еттер асады. Сиыр-түйе сынды ірі қара болғанда белдеме, жая, өркеш, омыртқа, қарын-сұрын, қыймай асылады. Ең дәмді, майлы жіліктерді молынан салып тартса Сый табақ осы болады. Мұндай мол табақты кейде ”Төре табақ”, ”Құда табақ” деп те атап жүр.


Қонақтардың ат-атағына қарай тартылатын табақты түр-түрмен атап, әрбіріне өзінің сыйлы, кәделі жілік-мүшелерін тартатын салт бар. Мысалы, ”Күйеу табаққа” асық жілік, төс, сүбе қабырға, тоқ ішек салады. ”Қыз табаққа” төркіндеп келген қызына арнап сойған малдың жамбас, асық жілік, жауырын, белдеме, тіл-жақ, жүрек-бауыр, бүйрегін салады. Осылайша арнайы табақ тартуы — ”Қыздан қызық қалсын, көңілінде сызық қалмасын, сыз қалмасын” дегенді білдіреді. ”Жеңге табаққа” қойдың жамбасын, жауырынын, арқа-белдемесін, сүбе қабырғасын жүрек-бауырын, тоқ ішегін, қарын-бүйректерін салады. Оның да өзіндік тілі бар: Бауыр-жүрек, бүйрек салуы — қайыныңды бауырыңдай көрсең жүрегің бұрылып тұрар дегені. Ал жамбас асуы — жолың үлкен, шеше орнында сыйлаймыз дегені, қарын асуы — ішек-қарнымыз аралассын, сыр жасырыспайық дегені.


Табаққа да арнайы атау таққан қазағымыз ”Жезде табақ”, ”Құрдас табақ”, ”Бала табақ” дегендерді де ұмытпаған.


Осындай табақ тартылған сыйлы қонақтар үй иелерінің үлкен-кішілеріне өзіне тартылған табағынан арнайы жілік ұсынуды да ”Сыйға сый” ізеттіліктің белгісі, тамақтағы етті тек жеу үшін деп емес, көңіл-құрмет үшін деп те түсінгенін паш етеді. Содан, ”Бас ұсыну”, ”Құлақ ұсыну”, ”Тіл ұсыну”, ”Көз ұсыну”, ”Таңдай ұсыну” деген әдемі әдеттер әлі әдетімізден қалған жоқ.


Бұл қазақтағы теңіздей телегей мәдениеттің бір тамшы үлгісі ғана. Осыдан да кемел үлгісі, келісімді салтқа жетілген халқымыздың асыл қасиетін көреміз.


Болат БОПАЙҰЛЫ


жазушы-этнограф


”Аңсар журналы”, 2007 ж., №10 саны

______________ Ұқсас мақалалар ________

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров634
Номер материала ДВ-563111
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх