Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті "Ақан сері" 10-сынып

Қазақ әдебиеті "Ақан сері" 10-сынып

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы :   Ақан сері өмірі мен  шығармашылығы   
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік:
Ақан сері поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз – ақ өз өнерлерін  дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз – ақ көрсете білгенін түсіндіру;
2.  Дамытушылық: өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
3. Тәрбиелік: қазақ халқының өнерімен таныстыру, халық өнерін 
бағалай білуге тәрбиелеу  Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: БЛУМ, сәйкестендіру тесті, топтық жұмыс, зерттеу, салыстыру, пікір айту
Көрнекіліктері: Сабаққа қажетті плакаттар, компьютер, Ақан сері портреті, баспасөз материалдары, презентация

Күтілетін нәтиже: Ақан сері - эстетикалық сезімі нәзік, сұлу, талғампаз, пирик ақын. Халқы ардақтаған Ақанның жан-жақты таланты мен оның еліне, Құлагеріне деген махаббаты негізінде оқушыларды адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелей отырып, көркемөнерді бағалай білуге баулуды, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру. 
Сабақтың эпиграфы: "Оның өнері - ертегідей әдемі, сұлу өмір". М.Жұмабаев.

II. Үй-тапсырмасын сұрау

1.Блиц турнир

1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің?

2. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы?

3. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не?



Сал-сері сөзінің айырмашылығы Венн диаграммасы

Сал Сері

Жұрттың ортақ салтында жоқ,ерекше, күлкілі,көз тартарлық әлемішті киімдер киініп,жарқылдақ моншақтар тағады. Киімдері кең тігіледі. Жомарт болады.

Өрескел мінез,оғаш қылық болмайды. Мейілінше сыпайы,орнықты, ибалы, сәнді киімге,бекзаттыққа үйір. Серілер тобымен бірдей киініп жүреді.

Сегіз қырлы,бір сырлы,яғни,ақын,әнші,күйші,композитор. Олар-халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері









Сынып екі топқа бөлінген. Сал және серілер тобы

Сабақ барысы
III. Жаңа сабақ: 

1. Бейнебаян «Балқадиша» әнін тыңдату.
2. Шағын пікірталас: - Әннің көтерген тақырыбы неде деп ойлайсың? Ән авторы кім? (Ақан сері)

«Балқадиша» әнінің түпнұсқасын білесіз бе? Ізденіс кезеңінде


Топпен жұмыс

Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.  

І тапсырма.  І топ  «Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )

ІІ топ    «  Егіліп әндеріне сөзін тыңдап ...» ( Ақан әндері ,оның шығу тарихы)

Қонақкәде

Құлагер” – Ақан трагедиясы
Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді. 
Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

Сәйкестендіру тесті

Шығарманың аты

Өлеңінің тақырыбы

Қысқаша мазмұны

«Желдірме»

Махаббат құмарлық

Ғашықтық

Ғашықтық бір ыстық күн,желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық..

«Жайықтың ақ түлкісі»,

«Ақ көйлек»

Сен болсаң,ал қызыл гүл,асыл еркем,

Мен –бұлбұл сайрап тұрған иран бағы,-

«Балқадиша»

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боласың қандай жанға,Құдай-ай,жар Қадиша,-

«Сырымбет»

Туған жер

Ауылым қоған сырымбет саласында,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

«Екі жирен»,Қараторғай»


Келеді Қараторғай қанат қағып,

Астына қанатыңның маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан,беу,қарағым

Айырылдым қапияда сенен неғып,-

«Мылтық пен мергеншілік»

Саятшылық

...Оқудан соңғы өнер-мылтық деген,

Халайық,құлақ қойсаң,тілге нанып,-

«Бара-бар крестьянға

тең болмадық»

Саяси

...Бара-бар крестьянға тең болмадық,

Қалайша малмен,жермен тең болмадық

«Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар», «Құлагер»

Атына деген ерекше көңілі

Құлагер шешең-сұңқар,әкең-тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар...

...................................................................

Шынымен өлгенің бе,Құлагерім,

Басылмас бір шырқамай менің шерім,-



Қорытынды

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы: Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы,  Ілияс Жансүгіровтың « Құлагер » поэмасы ,  Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың  « Ақан сері » өлеңі , Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы , «  Құлагер » фильмі .
Бүгінгі сабағымызды заманын әнге қосқан, ұрпағына мәңгі  тозбас ескерткіш соққан Сері туралы айтқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мына сөзімен қорытындылаймыз:

 «Ақан сері – заманының сұңқары,тұяғы тозбас тұлпары, орып айтатын отауызды қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі,шешен сөздің ағытылған тиегі, сал мен серінің көсемі, ән мен күйдің,өткір сөздің шешені.»

Кері байланыс
Рефлексия парағына жауап:
1. Меңгердім:----------------------------------------------
2. Мені қызықтырды:------------------------------------
3. Сұрағым бар:-------------------------------------------
4. Менің тілегім:------------------------------------------
Бағалау парағын жинастыру.


Үй тапсырмасы. 1. “Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған” (ойтолғау жазу)
2. Ақынмен сырласу хат.



















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті "Ақан сері" 10-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 281 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 1442
    • DOCX 31.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдаболова Кунсулу Толешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айдаболова Кунсулу Толешовна
    Айдаболова Кунсулу Толешовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9444
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек