Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті Абай Құнанбаев 7-класс

Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев 7-класс

Скачать материал

  қазақ әдебиеті  7-класс

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларды халқымыздың  біртуар  перзенті  Абайдың өмірбаянымен,шығармашылық жолымен таныстырып,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып,ажырата білуге үйрету.

ә )Дамытушылық: оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеуі арқылы өнерге деген әуестігін,танымдық көзқарасын,жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: оқушыларды бірегей тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке,имандылыққа,білімді,өнерлі болуға,тілімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы,кітаптар,интерактивті тақта

Оқыту әдісі:  әңгімелеу,баяндау,өзбетінше жұмыс,топпен жұмыс

Сабақтың барысы :

1)  Ұйымдастыру  оқушылармен амандасу,кезекшімен диалог,жаңа сабаққа психологиялық дайындау.Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын сұрау  Махамбет Өтемісұлы Тарланым өлеңі.Оқушылар тақырып бойынша өз түсінгендерін және "Тарланым" өлеңін жатқа айтады.Оқушыларға қосымша сұрақтар беріледі.Оқушылар сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап береді.

1 М.Өтемісұлы 1804 жылы туылды.

2 Махамбет-лирик ақын

3 Тарланым өлеңі Исатай Тайманұлынан арналған

4 Махамбет өлеңдері ерлік пен елдікті,қаһармандықты жырлайды

5 Махамбет 1846 жылы дүние салды

 

3) Жаңа сабақ.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы  бұрынғы  Қарқаралы ауданына қарасты  Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келді.Шын аты-Ибраһим.Әжесі еркелетіп" Абай" деп атап кеткен.Абай бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскен.Болашақ ақын жас кезінен өлең,әңгімеге әуес болып әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын.Ауыл молдасынан арабша сауат ашқанАбайды әжесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді.Абай Ахмет Ризаның медресесінде оқиды.Медреседе оқытылатын дін сабақтарынан басқа араб,парсы тілдерін жақсы меңгереді.Бос уақытын кітап оқуға жұмсайды.Әкесі Құнанбай Абайдан үлкен үміт күтеді.Сондықтан оны оқудан шығарып алып,ел басқару ісіне баули бастайды.Әкесінің жанында жүріп,Абай сол кездегі атақты адамдарды көреді,шешен-билерден сөз айтуды үйренеді.Халқына пайдалы болудың жолын ол білімнен,оқудан,кітаптан,орыс мәдениетінен іздейді.Абайдың өлең шығару дарыны бала кезден байқалған.Ақынның шығармалары,негізінен,үш саладан тұрады:өзі шығарған өлеңдері қара сөздері және аудармалары.Ұлы ақын орыс әдебиетінің классиктері Пушкиннің,Лермонтовтың,Некрасовтың,Толстойдың,Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқиды.Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған.

Абай  Құнанбайұлы−ақын,ағартушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайраткер,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы.Ақынның 1890 жылмен 1898 жылы арасында жазылған шығармалары қара сөз деп аталады.Өзінің шығармашылығында ақын қара сөзге ерекше мән берген.Абайдың жалпы саны 45 қара сөзі бар.

Ұлы ақын адам мінезіндегі орынсыз мақтан,ойсыздық,салғырттық,күншілдік,көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтады.Естігенді есте сақтау,көргеннен үлгі-өнеге алу,жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау,ұстамды болу сияқты адамгершілік  қасиеттерді  насихаттайды.

Абай−қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы.Ұлы ақын жаратылыстың құпиясына,табиғат пен қоғамның,адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл,данышпан ақын,тарихи тұлға.

4)Оқулықпен жұмыс  Абай  өлеңдерін  кітаптан  мәнерлеп  оқу.

5)Тақтамен жұмыс  Тірек сызба бойынша тапсырманы орындау.

 Абай туралы мен не білемін? Не білдім?

6)Сөздікпен жұмыс  Оқушылар тақтадағы сөздіктерді дәптерлеріне көшіріп жазады.Қазақша сөздердің орысша баламаларын оқиды.

·        арқауы-основа       

·        ғалам-мир

·        ойсыздық-бездумье

·        күншілдік-зависть

·        кемеңгер-мыслитель

·        көрсеқызарлық-жадность  т.б

 

7)Қорытынды

 Бүгінгі сабақты Сағынғали Сейітовтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын.

Көрікті   көңілде   жыр, қолда   қалам

Өмірдің   өріне  өрлей  басқан  қадам

Қазақтың  өлеңінің  ұлы  атасы

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты-Адам.

8)Оқушыларды бағалау

9)Үйге тапсырма:сөздік жаттау,Абай Құнанбайұлы өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  оқып келу

қосымша: " Абай−ұлы ақын әрі ойшыл" тақырыбында реферат дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев 7-класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 1181
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асмагиева Жаныл Танатаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асмагиева Жаныл Танатаровна
    Асмагиева Жаныл Танатаровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2311
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе