Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиеті " Асан қайғы "Не ғаріп?" өлеңі" 9 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиеті " Асан қайғы "Не ғаріп?" өлеңі" 9 сынып

библиотека
материалов

Сынып: 9 «А», мерзімі: 03.12.2015ж.

Пән: қазақ әдебиеті.

Мұғалім: Тулемисова Т.К.

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік

2.Дамытушылық

3.Тәрбиелік

Оқушыларға Асан қайғының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оқытып білімдерін тереңдету.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз бетімен ізденуге баулу, ой қорытуға дағдыландыру, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың рухани байлығын ізделендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі:

  • Жаңа оқу материалын беру сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

  • Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

  • Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Репродуктивті

Эвристикалық зерттеу

Шығармашылықпен оқыту

Сұрақ-жауап, пікіралмасу

Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу

Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау

Баяндама жасау, пікірсайыс, жарысу

Оқушының мәнерлеп оқуы

Тапсырма орындау

Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою

Шығармашылық тапсырмалар

Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс

Теориялық мәселелер

Проблемалық сұрақтар


Сабақтың жабдығы: видео, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, топпен, ұжымдық


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгендеу;

2.Сабаққа дайындықтарын бақылау;

3.Топқа бөлу.(Ақындар шығармашылығы бойынша)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ежелгі дәуір әдебиетін қортындылау.

Сұрақтар арқылы:

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай кезеңдер жатады?

  2. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер.

  3. Х-ХІІ ғ. жататын ойшыл, ғалымдар.Сол кездегі қандай қисса, дастандарды білеміз?

  4. Күлтегнін батырдың ерлік бейнесін қалай көреміз?

  5. Қорқыт ата мәңгілік өмірді қайдан тапты?


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпашылықтарымен ғана бағалы емес, елдің саяси - әлеуметтік тіршілігін, ой – санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білумен де бағалы.

Жыраулар көтерген негізгі тақырыптар қандай? Туған ел, оған деген сүйіспеншілік, елдің бірлігі.

XV-XVII ғасырдағы жыраулыр Асанқайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Ақтамберді жырау,Үмбетей жырау, Шал ақын, т.б.

Асан – өз заманының асқан ақылгөйі. Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның Желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.

Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік, бірақ ол кезде жаугершілік, басшылық, соғыс, құнарлы, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.


«Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқимыз.

  2. Ғаріп сөзі нені білдіреді?

  3. Енді балалар әдебиет теориясына тоқталып осы өлеңнің мән-мағынасын ашып тұрған суретті сөздерге тоқталайық.

  4. Суретті сөзге не жатады?

  5. Тапсырма: 1 топ-синоним сөздерді табады.

2топ-метафора сөздерді табады.

3 топ-эпитет сөздерді табады.




ІҮ. Қортындылау.

Асан қайғы жырлаған өлең тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)


Асан Қайғының "жерұйықты" іздеуі
Асан Қайға Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді.
Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты:«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісуің ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс» депті.
Осы күнгі Мерке десен жердегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер» деп жүріп кетіпті.
Баянауыл тауын к ө р г е н д е: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп Асан қазіргі Баянауылыд өзіне жайлау етіпті.
Әулиеатаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» депті.
Шыңғырлау өзенін көргенді, Асан тоқтап, Желмаясын суырады: Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің" деп сонда қонады.
Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.

Өз әркім үшін әртүрлі.
Ол өзінің туған жері!(видео)


Ү. Бекіту.

Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды.

Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған.

Осы заманда халықтың мұң-зары, арман-тілегі, туған жеріне иелік ету сол заманда Асан қайғы армандаған құтты қоныс, жайлы мекені бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.



VІ. Үйге тапсырма беру.

Бұл заманда не ғаріп?» өлеңін жаттау.

ҮІІ. Бағалау:

«5» «4» «3»




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2028
Номер материала ДВ-282291
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх