Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиеті 6 класс "Менің атым Қожа"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиеті 6 класс "Менің атым Қожа"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Кейікерлерге мінездеме. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»

әңгімесі бойынша «Түбінде адам болатын бала»

Сабақтың мақсаты а) оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру,ой-өрісін кеңейту;

ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: «Алтын сақа» ойыны түрінде

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1 Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі «Алтын сақа» ойыны белгілі жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша өткелі отыр. Қожа қандай бала?

Меніңше,Қожа соншалықты бұзық бала емес. Оны бұзатын –Сұлтан деген өзінен үлкен бала. Қожаға темекі тартуды үйретіп,өтірік айтқызып, ұрлық жасауға үйір қылған да сол—Сұлтан. Екеуі иесі жоқ үйге кіріп,кішкентай Дәулетке тиын-тебен беріп,анасының тығып қойған қымызын ішіп алады ғой. Ақшаға алданған Дәулет үйіндегі бүкіл затын,өзінің киім-кешегін түгел саудаға салады. Сонда Қожа «Оның ең соңғы белбеуіне дейін тонап әкету оңбағандық болар еді» деп аяйды. Осындай жақтарына қарап Қожаны адамгершілігі жоқ деуге бола ма?

--Жоқ ,әрине, Қожа қиялшыл,сезімтал,зейінді бала.

2. Ойын.

Табалдырық кезеңінде қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап беру

Сұрақтар. Қай сәт бейнеленген?

1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!

Жауабы: Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп,ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Жауабы: Педкеңес болып жатқан сәт.

Әудемжер кезеңінде 4 сұрақ қойылады.

Сұрақтар

1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,...деген аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды.Ол қандай есімдер?

Жауабы:Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт

2. Тағы да мамам тұрып,басын изеп,мақұлдап,бірдеңе айтты. Анасының сөзі.

Жауабы: Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді жүн етіп құртып бітті бұл оңбаған!

3. Лаула!Лаула жігер оты!-деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы:Самға қиял құсы! Асығатыным да,аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

4. Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын.Көңілім көтеріңкі,бойым сергек.

Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ.

Ойыншылар Қозыкөшке өтеді.

(Үшінші кезеңде 3 сұрақ қойылады.)

1. Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова. Ахметов не деп қостады?

Жауабы: -Оты бар,-деп қостады.

2. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылыды?

Жауабы: Жоқ,маматай, кетпеші,жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем,оңбай,көгермей кетейін.

3.Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

4. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

Сұраққа дұрыс жауап бере алмағандары ойыннан шығады,тең келгендеріне асық иіріледі.

Ойындар Беласарға келеді.

1. Қолтығымда добым бар.Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Қай команда ұтылған еді?

Жауабы: Біздің «Спартак» кеше «Қайраттықтардан» жеті де бес болып ұтылған еді.

2. Өзге ештеңең болмаса да әуелі оқулықтарың сай болсын,-деп Қожа қалай мақалдап еді?

Жауабы: Оқулығы сай бала-көңілі жай бала.

3. Саған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.

--Неге?

--«Неге болушы еді»-деп Майқанова қандай себеп айтты.

Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді.Ал,екіншіден,ең әуелі біз лагерьге үлгілі,тәртіпті оқушыларды жібереміз.

Ойыншылар Жолайрыққа өтеді.Бұл кезеңде қалған оқушыдан Алтын көмбені ойнау-ойнамайтындығы сұралады. Ал егер ойыншы Алтын көмбені ойнап,сұраққа жауап бере алмаса да «Алтын көмбенің» сыйлығына ие болады.

Сұрақ. Сабақты жақсы оқу-үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек.

Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті?

Жауабы: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.

ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын.

Жеңімпаздарды марапаттау

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Үйге тапсырма:Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров160
Номер материала ДВ-475901
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх