Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиеті: Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында» 6 сынып

Қазақ әдебиеті: Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында» 6 сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ






ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ:





Мұхтар Әуезов

«Біржан сал Абай аулында»


















Құрастырған: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА


















2014 – 2015 оқу жылы

Күні: 12-18.12.2014 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов

«Біржан сал Абай аулында»

Сабақтың мақсаты:

а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;

ә) теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,ойлау қабілеттерін,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,шығармашылық ізденіістерге баулу;

б) қазақтың салт-дәстүрін білуге,қарапайымдылыққа,адамгершілікке,қонақжайлылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , СТО стратегиялары т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,Қазақстан картасы,плакаттар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, география,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І Жансүгіровтың «Ана тілім» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Автор өміріне шолу.Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер? Автор өмірін биопоэма әдісі бойынша топтастырады.

«Топтастыру» стратегиясы пайдалынады. Абай кім?

Абай ----ақын-----ағартушы----сатирик----данышпан---кемеңгер---аудармашы


Мәтіннің мазмұнын төмендегі жоспар бойынша айту,түсіндіру.

1. Сый қонақ

2. Абай ықыласы.

3. Біржан құрметі

4. «Жанбота» әні

5. Әмір

6. Орал мен Керімбала

7. Үмітей

8. Әйгерім

9. Абай әсері

10 Иіс кемпір

11 Қайтқан қонақтар.

12. Ұлжан батасы.


Мәтінді композициялық құрылысына талдату.

  1. Оқиғаның басталуы—ауыл жастары,ойын-сауық. Абай аулына Арқаға аты шыққан,асыл сөз,әсем үнімен ұйытқан Біржан салдың келуі.

  2. Оқиғаның дамуы—Біржанның ән айтуы

  3. Шиеленісуі-Жастардың әнге деген құлшынысы.

  4. Шарықтау шегі—Ұлжаннан бата алып Біржанның еліне аттануы,қайтуы.

  5. Шешімі—Біржанның әнін тыңдауы, жаз бойы қорытындысы ретінде әннің шығуы.

Білімді бекіту:

кішіпейілділік

әңгімеден қандай тәрбие аламыз?


қонақжайлылық ұйымшылдық


қарапайымдылық адамгершілік сыйластық





Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай

білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Біржан сал Абай аулында» әңгімесін оқып келу



Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров475
Номер материала ДВ-099031
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх