Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті пәні Абай Құнанбаев (6-класс)

Қазақ әдебиеті пәні Абай Құнанбаев (6-класс)

Скачать материал

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Хлебодаровка орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оразаева Айнұр Өмірзаққызы

 

Қазақ  әдебиеті      6-класс

Сабақтың тақырыбы: Абай  Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

1)    Ғылым таппай мақтанба өлеңін оқытып, өлеңнің мазмұнын, мағынасын түсіндіру. Ақынның бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына - ғылым, білім, өнер екендігін, кейінгі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандығын айтып, ақын шеберлігін ашу.
2) Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрістерін дамыту.
Сөздік қорларын арттыру.
3) Оқушы жүрегіне Абайға деген сүйіспеншілікті ояту. Ғылым білімге шақыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тіл дамыту
Көрнекіліктер: Абай портреті, шығармалары жинақталған кітап көрмесі,слайд презентация
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

2)    Оқушылардың көңіл-күйін анықтау.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Слайд: Абай кім?
/Қазақ халқының ұлы ақыны/
2. Қай жылы, қай жерде туған?
/Семей жерінде, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келді/
3. Абайдың достары кім?
/Михаэлис, Долгополов/
4. Оның қандай шығармалары бар?
/«Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» және т б/
5 сыныпта сендер осы өлеңдермен таныс болдыңдар. Естеріңде бар ма?
Кім айтып береді?

ІV Жаңа тақырып:

 Мұғалімнің алғы сөзі.  

 Жаңа сабақ эпиграфы:

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның 
Әлемнің құлағынан әні кетпес!                  Мағжан Жұмабаев

Абай Құнанбайұлы   (1845-1904 )

Абай - қазіргі Семей обл., Абай ауданында дүниегге келген.
   Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:


Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым, -


   Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
   
    Ұлы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған. Бүгінгі сабағымызда  «Ғылым таппай мақтанба» деп аталатын ұрпағына өсиет ретінде жазылған өлеңін өтеміз.Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына ғылым, білім, өнер екендігін айтады.
V Сөздік жұмысы: /слайд/
Ғылым - наука
Мақтанба - не гордись
Ойнап босқа күлуге - время нельзя безтолку проводить
Баптанба - не успокаивайся
Қашық бол - остерегайся
Тілеуің, өмірің алдында - вся жизнь впереди
Терең ой - глубокая мысль
Талап - стремление, требование
Қанағат - довольствоваться малым, скромность
Болмасаң да ұқсап бақ - подражать, быть похожим
Жамандықтан жиренсең - отрекаться от плохого
Жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру

VІ Оқулықпен жұмыс
/Мұғалім/ мен оқимын ал сендер қарындашпен түсініксіз сөздерді белгілеп отырасыңдар.
- мәнерлеп оқу
- мазмұнын түсіндіру
- оқушыларға оқыту
VІІ Сұрақ жауап
1. - Ақын жастарды неге шақырады? / Ғылым, білімге, өнерге /
- Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?
/ Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек/
- Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер? /Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым/
Сын тұрғысынан ойлау жұмысы
2. Өлеңдегі бес асыл істі тауып, дәптерге жазып қойындар.
3. Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Қалай түсінесіңдер? / Ақын жасөспірімдерді білімді болуға шақырды, әрбір адам өмірінде бір кәсіппен терең шұғылдану керек деген ойларын жеткізбекші болған. Ал ол үшін адам өзін бес нәрсеге тәрбиелеу керек дейді.
Ғылым, білім, өнер туралы мақал - мәтелдерді еске түсіру арқылы «Кім жылдам ойыны» ойнаймыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз -
деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
/«Өнерлі, білімді болу үшін жақсы оқыған адамнан үйрену керек. Өзіңді бей - жай ұстамай, ғылым жолында қиындықтан қорықпай ұзақ еңбектеніп, өз мақсатыңа жетуге болады».
4. «Дүние де өзі, мал да өзі,
ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын дәптерлеріне жазып алып, түсіндіру

/Білімді болсаң, сол білімді тек өз басыңа жаратып қоймай, біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл/
Ребус шешу: Ғылым – теңіз, білім – қайық / слайд/
VІІІ Қорытынды
   Балалар бүгінгі сабағымызда біз Абайдың қандай өлеңімен таныстық? «Ғылым  таппай  мақтанба».Үйге  тапсырма: осы  өлеңді  жаттап, сөздікті  оқу.

Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда:

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»,-дейді.
     Абай өлеңдері балаларға өмір жолын үйретуді
, болашағына жол сілтейді деп тұжырым жасап, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті пәні Абай Құнанбаев (6-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 916
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразаева Айнұр Өмірзаққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразаева Айнұр Өмірзаққызы
    Оразаева Айнұр Өмірзаққызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19180
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе