Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиеті пәнінен "Алтын сақа" атты ойын сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ әдебиеті пәнінен "Алтын сақа" атты ойын сабақ

библиотека
материалов


«Алтын сақа» ойыны



Мақсаты :

  1. 0қушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.

  2. Оқушылардың білім деңгейін байқау

  3. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру

Көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы слайдтар топтамасы.

Оқушыларды топқа бөлу

І топ :  «Тапқыр» тобы 7 «А»

ІІ топ :  «Намыс» тобы 7 «Ә»

ІІІ топ :  «Жігер»  тобы 7 «Б»

4-топ «Ұлан» тобы 6 «А»

5-топ «Тұлпар» тобы 6 «Б»

6-топ «Құлагер »

 

Сайыс бағдарламасымен таныстыру

  1. Жалғасын тап

  2. Кім шапшаң ?

  3. Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап

  4. Мәтін – мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту

  5. «Бес тас» ойыны

  6. Қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар

  7. Поэзия минуты

 

Кіріспе бөлім : 

 

Құрметті ұстаздар ,сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 6-7 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған  «Алтын  сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан  өздерінің  ұлттық намысын топпен бірге көрсете  алатын оқушылар қатысып отыр.

Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді.  Ендігі жалғастырушы келешек- жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік

«Алтын сақа»   сайысы  9 бөлімнен тұрады.

Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып  көрейік.

Ой  қозғау.

Ұландар   өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.

             1.тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

             2. Кафедра меңгерушісі:

            

 

 І кезең :     Жалғасын тап

 

Ойынның шарты:  Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ

жалғастырады. (осы кезеңде қай топта ұпай аз болады сол топ ойыннан шығады)

 

1 – топ :  Тапқыр тобы. 

1. андамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

2. Батыр туса ел ырысы,   …

(Жаңбыр жауса жер ырысы)


2-топ: Намыс тобы.

Асыл тастан шығады,    …

Өнер жастан шығады.

 

Отан … (оттан да ыстық)


3 – топ :  «Жігер»


Мектеп кеме, (білім теңіз)

Оқу инемен …. (құдық қазғандай)

4–  топ:   «Ұлан»  тобы

1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде……………………

Басқа пәле ...(тілден)

5-топ: «Тұлпар» тобы

Қына тасқа бітеді ...(білім басқа бітеді)

Өнер алды ...(қызыл тіл)

6-топ: тіл тас жарады..(тас жармаса бас жарады)

Он пәленің (тоғызы тілден)

ІІ. «Кім шапшаң?» ойыны

Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді. (осы кезеңде қай топта ұпай аз болады сол топ ойыннан шығады)


1 – топ : 

Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы қарашаш

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

 

2 – топ : 

Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта.

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта.

3—топ:       

Шеше, шеше, неше кесе,

Сынды кеше.

4-топ: Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ ақ қар жапты.

5-топ:

Шын еңбекшіл - өрмекші,
Өрмекші - шын өрнекші.

6-топ:

Түрің түрленіп, кідірмей оқы,
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.


Сұрақ – жауап. (осы кезеңде қай топта ұпай аз болады сол топ ойыннан шығады)


1 – топ :  Тапқыр тобы. 

1. Жеті атаны ата?  (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)

2. Тұсаукесер дегеніміз не?


1. «Ашамайға мінгізу» дегенді қалай түсінесіздер

2. Әнұранның авторлары ?    (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)


  1. Үш жұртты ата?  (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)

  2. «Қырқынан шығару» дегеніміз не?


1. «Тоқымқағар» туралы не білесің?

2. Қазақстан Туының  авторы ? (Ш. Ниязбеков)


  1. Әнді орындайтын адамды кім дейміз?   (әнші)

  2. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)

3. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)

4. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)


Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.

Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан

ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

                         І топ.      Алты түлкі

        Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын   бес түлкі :

-«Сенің құйрығың жоқ» – деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» – деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге :

- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты. (күлме досқа, келер басқа)

                         ІІ топ.     Атасы мен немересі

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.

Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.

Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» -дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»-дейді.

Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды

(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ.       Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.

Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.

Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;

Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;

-Ойбай! Бауырым-ай!-деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті

(Ұрлық-түбі қорлық)


«Бес тас » ойыны.шарт: оқушыларға бес асық беріледі сол асықтарды кезек – кезек лақтырып қағып алу керек.Барлық бес асықты қағып алған ойыншы жеңімпаз.

 

Қазақ тілі пәні бойынша :

1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?

2. Қазақ тілінде неше септік бар?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Мал – сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.

5. Жалғауы жоқ септікті ата?

 

Х. Поэзия минуты.

Тіл туралы бір шумақ өлең шығару. (5 минут уақыт)

(өлең шығарғанша қорытынды жасай береді)


ХІ. Қорытынды.

Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Құрметті балалар,  міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт- дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындылады..




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-167847

Похожие материалы