Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Қазақ әдебиеті пәнінен "Қазақ хрестоматиясы" тақырыбында сабақ жоспары (9 сынып)

Қазақ әдебиеті пәнінен "Қазақ хрестоматиясы" тақырыбында сабақ жоспары (9 сынып)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5757f819.gifШынтаева Рауан Жайлаубековна D:\По предмету\аттестация\ашык сабак 2014\189_0201 2\IMG_7763 - копия.JPG

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бәйтерек ауылы

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

«Қазақ хрестоматиясы»

( 9 - сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Қазақ хрестоматиясы» жинағының мазмұнымен таныстыру, өлеңдері, әңгімелері, аудармалары және халық аузынан жинаған әдебиет үлгілері туралы білім беру, алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын орындай алуға үйрету, оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білу қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: ағартушы шығармалары арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету, басқалардың көзқарасын сыйлауға баулу.ibray2

Сабақтың міндеті:

1.Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып, әңгімелерді тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;
3.Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: іздену сабағы

Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жекелік

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі – иллюстриативті, репродуктивтік,

проблемалық (эвристикалық, жартылай іздену), СТО

Сабақтың тәсілдері: әңгімеге тарта отырып дәріс беру, көрсету, баяндау,

өздік жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, халықтық педагогика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің портреті, шығармалары,алт

интербелсенді тақта, сызбалар, кестелер, кеспе

қағаздар, «Тұжырым» кестесі, суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жан-жақты білімін тексеру (Сыныпты төрт топқа бөлу)

  1. Ы.Алтынсариннің өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

Маңызды оқиғалар


Қостанай облысы Затабол ауданында туған.


Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық

орыс-қазақ мектебіне барған.


Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.


Торғайдағы мектепті ашады.


«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.


Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.


Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.


Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.


Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


  1. Тест – интервью

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Оның шығармаларын ата.

  3. Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім?

  4. Ыбырай қандай қызметтер атқарды?

  5. Ыбырай қандай бағытта жұмыс жасады?

  6. Ыбырай туралы кімдер зерттеді?

  7. Ы.Алтынсарин туралы жазылған «Дала қоңырауы» атты поэманың авторын ата.C:\Users\user\Desktop\фото\SAM_5006.JPG


  1. Топтастыру стратегиясы



Ыбырай

Алтынсарин

туралы не

білеміз?




  1. Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестені толтыру

Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

1

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен


2

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.


3

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.


4

Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.


5

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

1. Ой ашар

- Әңгіме жанры туралы не білеміз? (Әдебиет теориясы)

- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.

Әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша үлгісі. (З.Қабдолов)

Ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза. (А.С. Пушкин)

2. Мұғалім сөзі

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Оның шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.

Ағартушы 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың қазақ – орыс мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім".

Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар: C:\Users\user\Desktop\фото\IMG_7616.JPG

  1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.

Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан,

көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

  1. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

  2. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

  3. Қазақтың мақал –мәтелдері.

"Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Ыбырай бұл еңбегінде халық-ағарту идеясын көтерді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме – новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу – өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай.

«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты. C:\Users\user\Desktop\фото\SAM_5115.JPG

«Қазақ хрестоматиясы» - қазақтың ана тілінде оқу кітаптарын шығарудың мүмкін екенін тарихи дәлелдеген, қазақ тілінің тарихы мен өміршеңдігін қорғаған бірінші еңбек.

3. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беру.

  1. «Қазақ хрестоматиясы»

  2. Өлеңдері

  3. Әңгімелері

  4. Аудармалары

4. Хрестоматиямен жұмыс

Оқушылар әңгімені оқып, өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

  1. «Сәйкестендір» стратегиясы («Жан-жануарлардың дауласқаны»)

Кейіпкерлер

Дұрысы

Шығармадан үзінді

1

Жылқы


Мен болмасам, адам үйіне немен жабар еді; жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күпі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады.

2

Түйе


Мен болмасам, сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді, сенің бәріңнің мал бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп-абалап, иеме хабар беремін.

3

Сиыр


Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді, мен таңертең тұрып шақырып, хабар айтамын, таң атты деп...

4

Қой


Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

5

Ит


Мен, адам үстіме мінсе алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ...

6

Тауық


...Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса – көде, жусан болса – жусан, не кез болса соны қорек етіп... жүре беремін...

7

Тышқан


Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май алады.


  1. Сатылай кешенді талдау («Бақша ағаштары»)

  1. Шығарманың тақырыбы

  2. Шығарманың авторы

  3. Жанр түрі

  4. Оқиға орны

  5. Кейіпкерлері

  6. Идеясы

  7. Шешімі


  1. Әңгіме негізінде көрініс қою («Таза бұлақ»)



  1. «Үш жақты күнделік» стратегиясы («Асыл шөп»)

  1. Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді

  2. Түсініктеме беру

  3. Лайықты мақал (топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)


Сергіту сәті. «Өз орныңды тап!» C:\Users\user\Desktop\фото\SAM_5037.JPG

  1. Же1 екен 1қазан,

«Кел, жемді же, 1қазан!»

1-ақ сәтте қойды жеп,

Күбір етті: «Тойдым!» - деп.

Естіп 1кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.


  1. Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр к2лік:

- 2леніп, с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншіде 2ңді

Көрсетпе!» - деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

Ш2кіспеді таласып.

«Жоймасам ба 2мді!»

Деп б2кінген с2лді.

5. Тарих беттеріне үңілгенде...

Ыбырай Алтынсариннің қазақ тарихындағы орны, оның салған мектептері, мұражайы таныстырылады (слайд)

6. Ыбырай Алтынсарин туралы ойлар...

1. Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды. («Оренбургский листок» газеті, 1889 жыл)

2. Ірі ағартушы, өнерлі ақынның артына қалдырған ізіне қарап отырсақ, көңілге алғысқа толы ойлар келеді. (М.Әуезов)

3. Ыбырай қалдырған мұралардың құнды бір саласы – оның хаттары. Жазушының хаттары үлкен суретшінің зор бейнесін айқындай түсетін мәнді еңбектер. Бұлар, әсіресе, ақынның дүниеге көзқарасын, қоғамдық ойларын, әлеуметтік бетін, саяси бағытын айқындау үшін қажетті материал. (Х.Сүйіншәлиев)

ІV. Жаңа білімді меңгергенін тексеру

Кубизм әдісіC:\Users\user\Desktop\фото\SAM_5074.JPG

1. Суретте (Ыбырай шығармаларында не туралы айтылады?)

2. Салыстыр (Ы. Алтынсариннің шығармаларына ұқсас қандай шығарманы білесің?)

3. Зертте (Ы. Алтынсарин туралы тағы не білесің?)

4. Қолдан (Шығарманың ұнаған жерінен үзінді келтір)

5. Есте сақта (Қандай деректер білдің?)

6. Талда, қолда, қарсы шық. (Ағартушы еңбегіне деген өзіндік көзқарасың)


V. Сабақты бекіту кезеңі

«Ой салыстыру» стратегиясы

(Қазақ сахарасының жұлдыздары: Ыбырай, Шоқан, Абай)

Элементтері

Шоқан

Ыбырай

Абай

1

Қызметтері

Зерттеуші, саяхатшы, этнограф

Педагог, жазушы, инспектор

Ақын, жазушы, композитор, аудармашы

2

Байланысы

Байланыс бар

3

Байланыс функциясы

Халықты білімге шақыру, елінің тарихын зерттеу

7

Нәтижесі

Елінің тарихын, салтын зерттеді

Мектеп салып, балаларды оқытты, кітап жазды

Өлең, қарасөз жазды, ел билеу ісіне араласты


VІ. Сабақты қорытындылау

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясыC:\Users\user\Desktop\фото\IMG_7622.JPG

- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы... (Оқушылар жалғастырады)


VІІ. Үйге тапсырма

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша ой-толғаныс:

«Тәрбие басы – тал бесік» Ыбырай әңгімелері бойынша шағын эссе жазу.


VІІІ. Рефлексия кезеңі
Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?»



Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров4677
Номер материала ДВ-064224
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх