Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиеті пәнінен "Қаздар қайтып барады" тақырыбына арналған сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиеті пәнінен "Қаздар қайтып барады" тақырыбына арналған сабақ жоспары

библиотека
материалов

hello_html_m4b39cd21.gif13.03.2015 жыл

Қазақ әдебиеті

8 А - класс


Сабақ тақырыбы:

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Жалпы мақсат:

Жазушының оқырмандардың жоғары бағасына ие болған туындысының мазмұнын терең игеруде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, алған білімдерін қорыту, жинақтау.

Міндеттері:

1. Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шығарманы толық оқып, талдау жасайды,оған өзіндік пікірін айтады және дәлелдеуді меңгертеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Оқығаным - ойға тоқығаным


Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, оқулық, кеспе сұрақтар, тапсырмалар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудару. Милтон Оильсонның «Қаздардан үйренеміз» тренингін сабақта пайдалана отырып, түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты төрт топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде.

Осы екі көріністі мен не үшін сіздерге көрсетіп отырмын....

Қаздар аталған Қазақстанға белгілі адамдардың ұқсастығы неде?

.

3 мин

Теориясы «Білу» (Кім? Не?)

Қашан? Қайда? Не істеді?

Қаздар қайтып барады

Топтастыру стратегиясы.

3минут

Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)

  1. Автор сұлулықты қалай суреттейді?

  2. Байтас қарттың сапары?

  3. Қарттың алға ұмтылуына не жетеледі?

  4. Шөлін қалай қандырды?

  5. Ол неге тыныш ұйықтай алмады?

  6. Қарттың қауіптенуінің себебі неде?

  7. Байтас қарт неден шошып оянды?

  8. Қарттың ең соңғы тілегі не болды?

  9. Төлеутайдеген кім?

  10. Төлеутай шығармада қалай суреттеледі?

  11. Қарттың өмірінде немересі қандай орын алды?

  12. Атасы немересінен қалай айырылып қалды?

  13. Қарттың туған жеріне келгендегі сезімі

  14. Туған жеріне келіп, алдымен қайда барады?

  15. Әңгіменің соңында тәңірге не деп жалбарынады?

  16. Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады деп аталады?


10 минут

Практикасы «Қолдану»

Кейіпке кіру. Шығармадан үзінді көрсету


6 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

І топ. Композициялық сюжетіне талдау жасау

ІІ топ. Кейіпкерге сипаттама беру

ІІІ топ. Оқиғаларға байланысты мақал-мәтелдер ойластыру

ІV топ. Байтас қарт мұратына жетті ме жетпеді ме

8 минут

Теориясы «Жинақтау»

Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар. Топтастыру стратегиясы

4 минут

«Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

 «Менің пікірім»

Байтас қарт бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барды деп ойлайсыңдар?

Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар?

Байтас қарттың ісін қалай бағалайсыз?

Сіз Байтас қарттың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

7 минут

Үйге тапсырмасын беру

«Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол» Эссе

1 мин

Бағалау


Оқушы


ларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топ басшылары әр кезеңі бойынша бірден бағалау парағына бағалайды.

1мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін бас бармақты көрсету арқылы бағалайды
















7.02.2015 жыл

Қазақ тілі

8 А - класс


Сабақ тақырыбы:

Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.


Міндеттері:

Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;

Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілікке тәрбиелеу.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдарын қайталайды. Өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін жүйелейді, бекітеді, еске түсіреді.


Негізгі идеялар:

Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез


Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, стикерлер, оқулық, кеспе сұрақтар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, Венн диаграммасы, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

1.Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

2.Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не?

3.Жай сөйлемнің түрлерін ата.Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?

2. семантикалық карта

3 мин

Теориясы «Білу» (кім? не? қашан? қайда? не істеді?)


Салалас құрмалас сөйлем түрлерінің шылауларын атап, ауызша мысал келтіру.

4 минут

Теориясы «Түсіну» (неге? себебі? неліктен? не үшін?)

Ауызша мазмұндама

«Жақсы мен жаман» әңгімесін оқып, өз топтарына қатысты сөйлем арқылы ауызша мазмұндама өткізіледі

5 минут

Практикасы «Қолдану»

«Сыңарыңды тап ».( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)

  1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.

  2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.

  3. Мектеп бітіргендеріне біраз уақыт болды,бірақ олар өзінің ардақты ұстазын ұмытпайды.

  4. Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.

  5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.

  6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс.

  7. Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.

  8. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)


7 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Сатылай кешенді талдау



5 минут

Теориясы «Жинақтау»

1) Баламалы тест (ия-жоқ)

  1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.

  2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.

  3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.

  4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.

  5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.

  6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.

  7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.

  8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.

  9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.

  10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.

7 минут


«Бағалау»

белгілі-бір тақырыпқа өз пікірлерін жазады/ радация әдісі

7 минут

Үйге тапсырмасын беру

эссе жазу.

1 мин

Бағалау


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5»

2 мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.

2 мин







Мұғалімі:

Джабасова Эльнара Болатовна

8 класс

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы



Сабақтың мақсаты:



Білімділігі: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының, тақырыбын, идеясын ашу

Тәрбиелік: қазақ халқының өмірге, халықтық салт-дәстүрге бай халық екендігін баса айту мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардан мәтін мазмұнын көркемдеп өз сөздерімен жеткізуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу

Сабақтың түрі:

аралас сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі



сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, топтастыру, шығармашылық жұмыс,үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері



Көрнекіліктер:

слайд, кеспе қағаздар, интерактивті тақта



Ұйымдастыру кезеңі

І Сәлемдесу

ІІ Шаттық шеңберін құру

ІІІ топқа бөлу

Көпір тапсырмалары

Өткен тақырыптарды қайталау

Ой шақыру

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. М.Мақатаев туралы не білесің?

Жауабы: М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.

  1. Ақынның қандай шығармаларын білесің?

Жауабы: «Қош махаббат», «Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда»

  1. Поэманың негізгі кейіпкерін ата?

Жауабы: Поэманың негізгі кейіпкері – көл еркесі аққулар

Теориясы «Білу»

(кім? не? қашан? қайда? не істеді?)

Бос орынған қажет сөзді жаз

  1. Жетімкөлдің сұлулығы, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

Аққулар аман-есен қайтқанынша,

Суына жетімкөлдің шөлдейтұғын,

Суымен сырқаттарын емдейтұғын.

  1. Өлім ауызында жатқан баланың анасына тәуіп шал не деп кетті?

«Аққуменен баланы аластаңдар»

Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті.

  1. Баланың әкесі не деп жауап берді?

Апырай қалай, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?

  1. Баланың шешесі қандай жан?





Адуынды жан екен алған жары:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі?



Теориясы «Түсіну»

(неге? себебі? неліктен? не үшін?)


Тақырыбы

Басты оқиғалар

І.

Тау басына біткен сұлу көл

1.Қалай біткен мына көл тау басына?

2. Жетімкөл жетімсірейді.

3. Аққулар айдынына оралмады.

ІІ.

Ауру бала немесе шарасыз отбасы

1.Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.

2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.

3. Ананың шешімі.

4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.

5. Жетімкөлден сән кетті

ІІІ.

Бақташы қарт. Шарасыз ана.

1.Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.

2.Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.

3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.

4. Қасиет.Қасірет.

Эпилог

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы.

б) «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау.

Оқиғаның басталуы.

Жетімкөл туралы аңыздар.

Көл еркесі – сұлу аққулар

Оқиғаның дамуы.

Ауру бала, тәуіп айтқан ем.

Оқиғаның шиеленісуі.

Аққуды атқан ана.

Астан – кестен көл беті.

Оқиғаның шарықтау шегі.

Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.

Кие қасіретін тартқан ана.

Оқиғаның аяқталуы.

Аққуынан айырылған Жетімкөл.





Теориясы «Талдау»

(салыстыр айырмашылығы неде?)





Кестені толтырыңыз

Көңіл күйімді түсірген жыр жолдары

Мұқағалидің суреткер,шебер ақындығын қалай дәлелдейсің











Теориясы «Жинақтау»

(қорытынды шығар, анықтама бер)

Поэманың тәрбиелік мәні

Топтастыру стратегиясы





Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар болу керек)



І. топ.Рөлге бөліп оқу образға кіру

ІІ. топ.сюжетке байланысты мақал мәтел ойластыру

ІІІ.топ. төрт жол өлең шығару

ІV.топ.кейіпкерлерге сипаттама береді

Ана

Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.

Әке

Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.

Тәуіп шал

Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.

Бақташы қарт

Ақылы мол, көргені көп.





Практикасы Бағалау

(сен қалай ойлайсын? Не істер едін)



Ақын ойына қосыласың ба?

Өз ойынды жаз

Поэма сендерге қалай әсер етті?

Көл неге Жетімкөл деп аталады?

Поэманы сендер қалай аяқтар едіңдер?

Ананың әрекетін қалай бағалайсыңдар?

Үйге тапсырмасын беру

«Аққу-киелі құс...» Эссе

Бағалау



Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.


















































13.03.2015 жыл

Қазақ әдебиеті


7 - класс


Сабақ тақырыбы:

«Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Міндеттері:

1. Білімділік – Повесть идеясын ұғындыру, Жантаспен салыстыра отырып Қожа бейнесін талдау.

2. Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік – оқушыларға повесттің сюжеті арқылы адамгершілікке ізгілікке, мейірімділікке баулу, оқушылардың бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялту.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шығарманы толық оқып, талдау жасайды,оған өзіндік пікірін айтады және дәлелдеуді меңгертеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Оқығаным - ойға тоқығаным


Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, оқулық, кеспе сұрақтар, тапсырмалар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудару. Фильмнен үзінді көрсету.

Оқушыларды топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

. Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығын қайталау




3 мин

Теориясы «Білу» (Кім? Не?)

Қашан? Қайда? Не істеді?

«Мынау кім?»

  • Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш (Жантас)

  • Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)

  • Біз екеуміз таныс шығармыз деймін (Майқанова)

  • Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)

  • Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)

«Қай сәт бейнеленген?»

  1. «Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түргеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық теріп шығып кетті. Ох, шіркін-ай!» (орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағанда)

  2. «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт)

  3. «Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көріндей. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?» (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)

3минут

Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)

Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау

  1. Лагерьге жолдама бергені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

  2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па ?

  3. «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қатарылған жауап жауапболды да шықты. Балалар ду күліп жібердім» Қожа қандай бала?

  4. «Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?

  5. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?Өзіңмен салыстыр.

  6. Қара көже, мынаның не екенін білесің бе ? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Жантасқа қандай баға берер едің.

  7. Бұл кім?

  • Мен ғой, ата.Мен Қожамын.

  • Мұнда неғып отырсың?

  • Педсоветке келдім.

  • Онда сенің не шаруаң бар?

  • Мен жөнін мәселе қарап жатыр

  • Сені мұғалім етеміз дей ме?

  • Директор етеміз дейді.

Қожа қандай бала

  1. «Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылылық болды-ау» деген ойынан Қожаның қандай екендігі көрінеді?

  2. Мама, сен жылап жатырсың ба?

- Маматай, қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!- деп Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді.Қожа қандай?

  1. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін көрсетеді? Қалай ойлайсыңдар, Қожаның



10 минут

Практикасы «Қолдану»

Кейіпке кіру. Шығармадан үзінді көрсету


6 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

І топ. Композициялық сюжетіне талдау жасау

ІІ топ. Кейіпкерге сипаттама беру

ІІІ топ.Оқиғаларға байланысты мақал-мәтелдер ойластыру

ІV топ. Венн диаграмасы (Қожа / Қазіргі заман баласы)

8 минут

Теориясы «Жинақтау»

Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар. Топтастыру стратегиясы

4 минут

«Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

 «Менің пікірім»

  1. Қожаның жағымды қасиеттерін қай іс-әрекетінен көруге болады.

  2. Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар?

  3. Қожаның жағымсыз қылықтарын қалай бағалайсыз?

  4. Қожаның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

7 минут

Үйге тапсырмасын беру

РАФТ стратегиясы (үй тапсырмасы)

Рөл: Қожа

Аудитория: үй іші

Форма: ішкі ой

Тақырып: Ана реніші

1 мин

Бағалау


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топ басшылары әр кезеңі бойынша бірден бағалау парағына бағалайды.

1мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін қызыл, жасыл,көк түстерді көрсету арқылы бағалайды











































Мұғалімі:

Джабасова Эльнара Болатовна

9 класс

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы:

Граматикалық тақырыбы : Құрмалас сөйлем

Лексикалық тақырыбы: Шығыстанушы ғалым

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі: Оқушыларға жаңа ұғымды, құрмалас сөйлемді ұғындыру, білім мен білік дағдыны қалыптастыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы пысықтау, тексеру, бағалау.

Тәрбиелік: талдауға берілген мәтіндер арқылы оқушыларды адал дос бола білуге, жақсы қасиеттерге , білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалана отырып, жүйелі талдау, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі



сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, топтастыру, шығармашылық жұмыс,венн диаграмасы, топтастыру стратегиясы,сатылай кешенді талдау



Көрнекіліктер:

слайд, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, бағалау парағы.



Ұйымдастыру кезеңі

І Сәлемдесу

ІІ Шаттық шеңберін құру

ІІІ топқа бөлу

Көпір тапсырмалары

Өткен тақырыптарды қайталау

Жаңа сөздерді қайталау

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?Оларды ата

  2. Жай сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді?

Сөйлем түрлеріне қарай 2 топқа бөлемін

Теориясы «Білу»

(кім? не? қашан? қайда? не істеді?)

Кез-келген күрделі ой құрмалас сөйлем арқылы жетеді. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:

- құрмаластағы жай сөйлемдерде айтылатын ойдың дербестігі сақталады.

- әрбір жай сөйлемде бастауыш пен баяндауышы болады.

- құрмаластағы әрбір жай сөйлемнің дауыс ырғағына сай жігі айқын болады. Мысалы:

  1. Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба (Абай)

  2. Білім-арзан, білу- қымбат.

  3. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

  4. Асан сабаққа үлкен дайындықпен келсе де, баға алған жоқ

Құрмалас сөйлем құрамына қарай салалас, сабақтас, аралас болып бөлінеді.

Теориясы «Түсіну»

(неге? себебі? неліктен? не үшін?)

Жай сөйлем

Ортақ қасиеттер

Құрмалас сөйлем

  1. Бір ойды білдіреді

  2. Бір баяндауышы болады

  3. түрлері


  1. Сөйлем

  2. Тиянақты ойды білдіреді

  3. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер қатысады

  4. Белгілі-бір интонация арқылы айтылады

  1. Бірнеше ойды білдіреді

  2. Екі немесе бірнеше баяндауышы болады

  3. Түрлері






Теориясы «Талдау»

(салыстыр айырмашылығы неде?)





Әр топ берілген құрмалас сөйлемге сатылай кешенді талдау жасайды

Сөйлем

  1. Құрылысына қарай қандай сөйлем

  2. Бірінші жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтау

  3. Құрылысына қарай түрін анықтау. Жақты,жақсыз

  4. Жалаң, жайылма

  5. Толымды, толымсыз

  6. Баяндауышын табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  7. Бастауышын табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  8. Тұрлаусыз мүшелерін табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  9. Дәл осылай құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлеміне талдау жасау



Теориясы «Жинақтау»

(қорытынды шығар, анықтама бер)

-ал енді балалар оқулықтарыңызды ашыңыздар, бүгінгі лексикалық тақырыбымыз шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд туралы болмақ.

Слайд арқылы суреттер мен мәліметтер беру.

Берілген мәтінді оқып түсіну

Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма.Сөздердің мағынасын анықтау

Шығыстану,көрнекті,мәдениет,зерттеу, жариялану.

2 тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазу

3 деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 деңгей

  1. Мәтін бойынша он сұрақтан дайындау

  2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазу

2 деңгей

  1. Мәтіннен сөз тіркестерін құрап жазу

  2. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру

3 деңгей

  1. Жаңа сөздерді оқу, қайталау

  2. Берілген мәтінді жауып оқушылардан сұрақ-жауап арқылы мазмұнын сұрау



Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар болу керек)



Әр топқа семантикалық карты сызылған кеспе қағаздарын таратып, оны ауызша тексеру

Практикасы Бағалау

(сен қалай ойлайсын? Не істер едін)



Сонымен ,балалар, құрмалас сөйлем туралы не білдік?

Топтастыру стратегиясын толтыру



Құрмалас сөйлем











Үйге тапсырмасын беру

4 тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, құрмалас сөйлемдерді аяқтау

Жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау



Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады.

Рефлексия

Кері байланыс үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.



13.03.2015 жыл

Қазақ әдебиеті

8 А - класс


Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»

Жалпы мақсат:

Жазушының оқырмандардың жоғары бағасына ие болған туындысының мазмұнын терең игеруде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, алған білімдерін қорыту, жинақтау.

Міндеттері:

1. Білімділік – Оқушылардың М.Әуезовтың шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту, Бақтығұлдың іс-әрекетіне баға беру «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятын қорыту.

2. Дамытушылық – сыни тұрғадан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік – Ақыл-ой адамгершілік тәрбиесін беру, адалдыққа, жақсы қасиеттерге үйрету, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шығарманы толық оқып, талдау жасайды,оған өзіндік пікірін айтады және дәлелдеуді меңгертеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Оқығаным - ойға тоқығаным


Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, оқулық, кеспе сұрақтар, тапсырмалар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

Өлең жолдары оқылады

Сұрақ-жауап

  1. Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұлдың прототипі кім?

  2. Шығарма қандай тарихи оқиғаларға негізделген?

  3. «Қараш қараш оқиғасы» қашан жазылды?

  4. Шығармада қай кездегі шындық суреттелген?

  5. Осы шығармаға байланысты қандай кино түсірілді?

Біз «Қараш қараш оқиғасы» арқылы танысқан Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға – Рысқұл Жылқайдаров.

Ол қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі. Рысқұл 1904 ж. Желтоқсан айында өз еліндегі қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Саймасай Үшкемпіров деген болысты халыққа жасаған қиянаты мен әділетсіз іс-әрекетіне шыдамай атып өлтірген.

Сол кезеңде Рысқұлды Алматы түрмесіне жабады.

.

3 мин

Теориясы «Білу» (Кім? Не?)

Қашан? Қайда? Не істеді?

І топ. Хикаяттан басты кейіпкердің прототипін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.

Бақтығұлдың ерекше тұлға екенін жазушы қалай суреттейді?

ІІ топ. Бақтығұлдың монологын оқып, ондағы жазушы қолданған көркем образды сөздерді табу.

Талғар сайының пейзажын мәтіннен тауып оқы

ІІІ топ. Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып , жазушы оны кейіпкердің жан дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу.

ІV топ. Бақтығұлдың тұрмыс жадаулығы мен көңіл қаяулығын жазушы қалай суреттеген?

Боз биені олжалау кезіндегі Бақтығұлдың қандай қасиеттерін аңғаруға болады.

3минут

Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)

  1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?

  2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

  3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?

  4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсатта пайдаланды?

  5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды?Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?

  6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Содан кейін Бақтығұлдың өмірі қалай өрбіді?

  7. Бақтығұ Сәлменді емес неге Жарасбайды өлтірді?

  8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?

  9. Оқиға не себепті «Қараш қараш оқиғасы» деп аталады?

  10. Жарасбайға сипаттама бер.

  11. Жарасбай Бақтығұлдың қандай қасиеттерін байқады?

  12. Жарасбайды атқаннан кейін Бақтығұл қандай сезімде болды?

10 минут

Практикасы «Қолдану»

Осы шығармаға байланысты қандай мақал –мәтелдер қолданар едіңдер?

Оқиғасы

Мақал-мәтелдер











6 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Ол заман

ортақ

Бұл заман










8 минут

Теориясы «Жинақтау»

Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар. Постер қорғау.

4 минут

«Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

 «Менің пікірім» ротация әдісі

Бақтығұлдың іс-әрекетін құптайсыз ба?

Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде?

Хикаяттың соңын қалай аяқтар едіңіз?

Сіз Бақтығұлдың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

7 минут

Үйге тапсырмасы

«Әділдіктің жолы...» Эссе

1 мин

Бағалау


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топ басшылары әр кезеңі бойынша бірден бағалау парағына бағалайды.

1мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін бас бармақты көрсету арқылы бағалайды




























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров282
Номер материала ДВ-109520
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх