Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақ әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ "Абай және оның әндері" презентация

Қазақ әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ "Абай және оның әндері" презентация

Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ "Абай және оның әндері" презентация"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Абайды оқы, таңырқа...” 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің  аудан...

    1 слайд

    “Абайды оқы, таңырқа...”
    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық байқауына

    Сабақтың тақырыбы:
    “Абай және оның әндері”
    Музыка пәнімен Кіріктірілген сабақ


    Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі

  • Нагимова Гулсезим 
МарденовнаМұғалім туралы мәліметБілімі: Жоғары ҚазМемҚызПУ...

    2 слайд

    Нагимова Гулсезим
    Марденовна
    Мұғалім туралы мәлімет
    Білімі: Жоғары ҚазМемҚызПУ,2013ж
    Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
    Санаты: санатсыз
    Еңбек өтілі: 1 жылға дейін
    Әдістемелік тақырыбы:
    “Білім берумен тәрбиелеу үрдісінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту”

  • Сабақтың мақсаты:Абайдың ақындық, сазгерлік өнеріне тоқталу, Абайдың әндеріме...

    3 слайд

    Сабақтың мақсаты:Абайдың ақындық, сазгерлік өнеріне тоқталу, Абайдың әндерімен таныстыру, эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке баулу.
    Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
    Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау ,топтық жұмыс.
    Пәнаралық байланыс: музыка пәні
    Сабақтың көрнекілігі: компьютер,Абайдың портреті, фотослайд, М.Әуезов «Абай жолы» романы, “Түнгі табиғат көріністері “слайд. «Абай әндері» -танымдық ойындар.
    Күтілетін нәтиже:
    - оқушылар топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
    - табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды;
    -алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

  • Сабақтың жоспары: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Топқа бөлу;
2.Ой қозғау: І топ:...

    4 слайд

    Сабақтың жоспары:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Топқа бөлу;
    2.Ой қозғау: І топ: “Абайдың өлеңдері”;
    ІІ топ: “Абайдың қара сөздері”

    ІІ.Мағынаны тану: топтық жұмыс,постер қорғау;
    І топ: «Абай - сазгер»
    ІІ топ:«Абайдың аударма әндері мен күйлері»

    ІІІ. Толғаныс
    Музыкалық материал : Абайдың әндерін тыңдау;
    Пысықтау сұрақтары

    ІV. Қорытынды

  • Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
            Құлақтан кіріп, бойды алар...

    5 слайд

    Сабақтың барысы:
    І.Ұйымдастыру кезеңі:
    Құлақтан кіріп, бойды алар
    Жақсы ән мен тәтті күй
    Көңілге түрлі ой салар
    Әнді сүйсең – менше сүй!

    Бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың ақындығымен қатар сазгерлігіне тоқталып,Абайдың әндеріне шолу жасаймыз,әндерінің сазы мен мағынасына үңілеміз.
    1.Топтастыру, оқушыларды І-ІІ топқа бөлу/әр оқушы Абайдың өлеңдерінің сөздері жазылған парақшаларды таңдайды да , сәйкес өлең сөздері бар оқушылар 1 топқа бірігіп отырады/.
    2.Ой қозғау: І топқа тапсырма: “Абайдың өлеңдері”;
    ІІ топқа тапсырма: “Абайдың қара сөздері”
    /әр топтан 1-2 оқушы тапсырма бойынша жауап береді/.

  • ІІІ. Мағынаны тану
Топтық жұмыс/әр топ берілген мәтін бойынша  постер қорғайд...

    6 слайд

    ІІІ. Мағынаны тану
    Топтық жұмыс/әр топ берілген мәтін бойынша постер қорғайды/
    І топ: «Абай - сазгер»
    ІІ топ:«Абайдың аударма әндері және күйлері»
    І топқа: Абай атамыздың ақындығы туралы біз өте жақсы таныспыз. Абай өз өлеңдерінде табиғат көріністерін , жыл мезгілдерін жырлайды,адамдарға жаман әдеттерден аулақ болып, білім алуға , еңбекпен жақын болуға шақырады.
    Абай ақын ғана емес, Абай – сазгер, композитор, яғни ән шығарушы да болған. Абай басқа да халық арасынан шыққан әнші, күйші, композиторлар сияқты нота сауатын меңгермеген. Домбыра оның өмірлік серігі болды.
    Абай әндері әкеден –балаға, мұра болып, ауызша таралып осы күнге дейін жетіп отыр.
    Абай әндерін түрлі тақырыптарда жазды. Мысалы: табиғат туралы әндер, махаббат сезімі туралы әндері, үлгі-өнеге, тәрбиелік мәні бар, сыншыл әндері бар.
    «Көзімнің қарасы». Бұл әнде екі адамның жүрек сезімдері жырланады. Сонымен қатар әннен өкініш сазы да сезіледі. Абай бұл сезімді өлеңімен де, әнімен де өте дәл жеткізе білген. Ән асықпай, терең сезіммен орындалады.
    Махаббат тақырабына жазылған әндерінің бірі «Айттым сәлем, Қаламқас». Бұл әнге кең құрылымы мен саздылығы жөнінен орыстың қалалық әндерінің (горозкой романа) мәнерін енгізген.
    Ақын – сазгер Абай «Сегіз аяқ» әнінде надандықты, теңсіздікті ызалы саз үнімен шенейді. Ашу-ызасын тыңдаушыға жеткізу үшін бұл жерде қазақтың әндеріне тән әуездік өрістен әдейі бас тартады. Суреттемек бейнелерін қысқа, бірақ шебер суреттеп, тақпақтап жеткізбейді. Қазақтың халық музыкасында кездесетін терме, желдірме сипаттас сөйлеу тіліне жақын тіл табады. Сөйтіп, Абай сыншыл тақырыпта да ән шығарған.
    Жанға жайлы әсерлі әндерінің бірі «Желсіз түнде жарық ай». Бұл ән желсіз түндегі жарық ай астындағы тасыған өзенді, табиғаттың әдемі түнін елестетеді.Әуенінің өзі құлаққа жағымды естіледі.

  • ІІ топқа: Абайдың шығармашылығына үлкен қозғау салған орыстың демократиялық (...

    7 слайд

    ІІ топқа: Абайдың шығармашылығына үлкен қозғау салған орыстың демократиялық (озық ойлы) ойы мен әдебиеті болды. Ол орыс достарының көмегімен А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Крылов сияқты орыстың атақты ақындарының шығармаларымен танысты. Олардың кейбір шығармаларын қазақшаға аударып, оларға ән шығарды. Абайдың аударма әндерінің бірі – «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Немістің ұлы ақыны И. Гетенің «Горные вершины» өлеңін М.Ю.Лермонтов орыс тіліне аударған екен. Ал Абай оны қазақшаға аударып, оған ән шығарған.
    А.С.Пушкиннің “Евгений Онегин” поэмасынан Татьянаның хатын қазақ тіліне аударып, оған ән шығарады.Бұл ән қазақ даласына “Татьянаның әні” деген атпен таралып кетеді.
    Абайдың қаламынан туған тамаша өлеңдері мен әсерлі әндері қазақтың музыка тілін Абайдың өзіне ғана тән нақышымен толықтырды.
    Қазақтың халық музыкасымен сусындаған Абай өз шығармаларында сол музыкалық дәстүрлерді біріктіріп, қазақтың ән өнерін жаңа бейнелеу құралдарымен байытты. Оның атақты әндерінің өлеңдері әлем халықтары тілдеріне аударылып, кеңінен таралып кетті. Көптеген музыка мамандары , зерттеушілері Абай шығармашылығын зерттеу үстінде. Оның көптеген шығармалары ұмытылған, жоғалған. Соңғы деректерге қарағанда Абайдың «Тор жорға» және «Май күні» атты екі күйі бар екені мәлім болды.
    А.Құнанбаевтың 100 жылдығына арнап композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсын жазды. Ол алғаш рет сахнада 1944 жылы желтоқсанда қойылды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» атты роман –эпопеясын жазды. «Абай жолы» әлемнің 30-дан аса тілдеріне аударылды.

  • ІІІ.Толғаныс: 
1.Музыкалық материал: 
музыка пәні мұғалімі Утенова Маншук Саг...

    8 слайд

    ІІІ.Толғаныс:
    1.Музыкалық материал:
    музыка пәні мұғалімі Утенова Маншук Сагингалиевна орындауында
    Абайдың “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” әндерін тыңдау;
    2.Пысықтау сұрақтары:
    1. А.Құнанбаевтың туған жері және өмір сүрген жылдарын ата;
    2. Абай қай қалада білім алды?
    3. Абайдың жақын адамдарын ата?
    4. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
    5. Абайдың әндерін ата?
    6. «Абай» операсын кімдер жазды?
    7. «Абай жолы» романының авторы кім?
    2. Танымдық ойындар: Шрифтограмма «Абай әндері»
    Алдарыңыздағы шеңберлердің ішінде орналасқан сөз буындарын белгілі бір жүйемен құрастырғанда, Абайдың әндерінің аттары шығады.
    «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»
    «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы»
    «Қор болды жаным» , «Желсіз түнде жарық ай»;

  • Шрифтограмма «Абай әндері»

    9 слайд

    Шрифтограмма «Абай әндері»

  • 10 слайд

  • Үйге тапсырма:  Абайдың әндеріне шолу жасау,
 «Желсіз түнде жарық ай» әнін жа...

    11 слайд

    Үйге тапсырма: Абайдың әндеріне шолу жасау,
    «Желсіз түнде жарық ай» әнін жаттау.
    Қорытынды:
    Ұлы Абай атамыздың сазгерлігіне арналған сабағымызды мына өлеңі жолдарымен аяқтағым келіп тұр:
    Парасатты болып туған
    Шыңғыстаудың Абайы.
    Ән мен жырын мұра еткен
    Сарыарқаның Абайы.
    Нақылымен сана құйған
    Қазағымның Абайы.
    Ақылымен дана болған
    Бүкіл әлем Абайы!

  • Назарларыңызға 
рахмет!!!

    12 слайд

    Назарларыңызға
    рахмет!!!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 2129
    • PPTX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарова Алтын Бауыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базарова Алтын Бауыржановна
    Базарова Алтын Бауыржановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57082
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе