Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақ әдебиеті пәнінен презентация: "Бейімбет Майлин"

Қазақ әдебиеті пәнінен презентация: "Бейімбет Майлин"

Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті пәнінен презентация: "Бейімбет Майлин""

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 
Бейімбет МайлинМұғалім: Құсанова Б.Қ.

    1 слайд



    Бейімбет Майлин
    Мұғалім: Құсанова Б.Қ.

  • 1894 ж. қараша ішінде, Қостанай уезінің Дамбар болысында (Қазіргі Қост...

    2 слайд

    1894 ж. қараша ішінде, Қостанай уезінің Дамбар болысында (Қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Бейімбет аулында) дүниеге келген.
    Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бстаған “алыптар тобында” ірі ақын, іргелі прозик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте араласқан (1912 ж.) Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары-біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
    Ақын, жазушы, дрматург Б. Майлин 1938 ж. жазалауға ұшырайды.


    Өмірімнің бастауы

  • “Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға б...

    3 слайд

    “Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті” .
    Ғ. Мүсірепов
    Бейімбеттің есімі аса талантты, мол дарын дарыған адамның шоқ жұлдыздай жарқыраған тобында тұр. Ол- қазақ жазушысы, алғашқы журналист, әдебиеттің осы бір айырықша, жауапты және қызулы жанрына өзі бірінші болып жол салған кісі.
    Бейімбет, біріншіден, аса қамқор еді. Мен не оқыған оқуы жоқ, не көрген зиялы мәдениеті жоқ қараңғы әйел едім. Мені баладай тәрбиелеп, мәртебемді бәрінен жоғары қойды.Ол әсте өз басын ойлап көрген емес, жаны жібек еді.

    Жары Күлжамал Майлина

  • 4 слайд






  • 5 слайд

  • Б. Майлин-ақын. Ол әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады, қазақ поэзиясы...

    6 слайд

    Б. Майлин-ақын. Ол әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады, қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
    Б. Майлин-реалист. Поэзия, проза, драитургия салаларының қай-қайсысында да жазған шығармаларын алып қарасақта тұнып тұрған шындық.
    Б. Майлин-драмашы. Іргетасы төңкеріс күндерінде қалыптасып, өсіп-өрбуі енді-енді басталған қазақ даласындағы жасанды пролетариат әдебиетінің идеялық бағыты жаңа жүйеге сай келді, бірақ, оның мазмұн жағынан да, пішін жағынан да әр алуан және сала-сала жолмен дамуын өмірдің өзі талап етті. Сондықтан Бейімбеттің бірнеше жанрда, соның ішінде драматургияға қалам тербеуі заңдылық еді.
    Б. Майлин-сатирик. Әдеби шығармадағы сатиралық сыр мен сымбат бәрінен бұрын тіл арқылы танылады. Бейімбеттің қазақ аулындағы күні өтіп бара жатқан көнені улы мысқылмен турап, уытты күлкіге айналдыру арқылы қилы сатиралық мінез, сахналық мүсін жасады.

  • Бейімбет,,әсіресе,жаңа ауылдағы ескілікті, жаң...

    7 слайд





    Бейімбет,,әсіресе,жаңа ауылдағы ескілікті, жаңаның жолында кедергі болар кертартпа кеселді, келеңсіздікті ащы сатирамен әшкерелеуге, сықақтап-сынауға келгенде ол- сатирик алдына жан салмайды.

    Сатираларының ерекшеліктері:

    Күлкінің күші шыншылдықта, шынайылықта жатады.Бейімбеттің әр кейіпкері сахнаға шынайы шындық аясында аяқ басты;
    Майлин-сатириктің мірдің оғындай өткір мысқылы мен күйдіргіш күлкісі театр сахнсында тоғышар да топас характер жасады;
    Бар шығармаларына қарап, оның үнемі өсіп-өркендеумен болғанын байқаймыз.

  • 1925 ж. – араб қаріпімен Қызылорда қаласынан “Бейімбеттің өлеңдері”...

    8 слайд


    1925 ж. – араб қаріпімен Қызылорда қаласынан “Бейімбеттің өлеңдері” деген атпен шықты.
    1926 ж. – “Ел сыры” кітапшасы жарық көріп, 34 шығарма енді.
    1927 ж. – “Он жылда”, “Жол үстінде”, “Неке қияр” кітаптары;
    1928 ж. – “Құрақ”, “Сойқанды содырлдар” жинақтары;
    1929 ж. – “Көзілдірік”, “Кесінділер” кітаптары шала сауаттылар үшін жазылып, 80 мың данамен таратылды;
    1932 ж. – С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ә. Мәметовалармен бірігіп “Әдебиет тану оқу құралын”;
    1933 ж. – Ғ. Мүсіреповпен бірге “Сауат ашу үшін” оқулығын;
    1934-1936 ж.ж. – Ғ. Мүсірепов, Ә. Ситдықовпен бірігіп “Сауаттандырғыш” оқу құралын дүниеге әкелді. Алғашында 150 мың, кейін 250 мың, 75 мың данамен таратылды.
    Жинақ-кітаптары

  • Б. Майлин поэзиясының қасиеті

Жырлаған тақырыбында. Бейімбет қазақ кедейі-...

    9 слайд

    Б. Майлин поэзиясының қасиеті


    Жырлаған тақырыбында. Бейімбет қазақ кедейі-
    нің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне де-
    йін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.

    Бейнелеген образында. Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл,
    тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап шықты.

  • Бұл күнді де күн бар екен көретін,
Жасты иіп, тілекті Алла беретін.
Жаны ашып...

    10 слайд

    Бұл күнді де күн бар екен көретін,
    Жасты иіп, тілекті Алла беретін.
    Жаны ашып жол бастаған жастарға,
    Ел билейтін азаматтар еретін.

    Құтты болсын, алаш ұлы, теңдігің,
    Көп жыл жүріп, қолға түскен кеңдігің.
    Атқа мініп, ұраныңды шақырып,
    Бірлік үшін басты қосқан елдігің.

    Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы,
    Саф азамат бағылан болып жолдасы.
    Жарық сәуле ендіретін қазаққа,
    Мәңгі жылдар жасасын, Алаш орласы.
    (Қазан төңкерісіне 1 жыл толар кезде, Алаш қозғалысын қуаттап жазған өлеңі.)
    Ұлтым деген ұлы арман

  • Бейімбеттің есімі аса талантты, мол дарын дарыған адамның шоқ жұлдыздай...

    11 слайд


    Бейімбеттің есімі аса талантты, мол дарын дарыған адамның шоқ жұлдыздай жарқыраған тобында тұр. Ол- қазақ жазушысы, алғашқы журналист, әдебиеттің осы бір айырықша, жауап-
    ты және қызулы жанрына өзі бірінші болып жол салған кісі.
    Бейімбет, біріншіден, аса қамқор еді. Мен не оқыған оқуы жоқ, не көрген зиялы мәдениеті жоқ қараңғы әйел едім. Мені баладай тәрбиелеп, мәртебемді бәрінен жоғары қойды.Ол әсте өз басын ойлап көрген емес, жаны жібек еді.
    Жары Күлжамал Майлина
    Бейімбет творчествосы – көркем әдебиеттегі орнымен қоса, 20-30 ж.ж ел өмірінің тұнып тұрған болмысы мен тарихы. Тарих болғанда да мұнда сол бір алмағайып заманның трагедиясы тұнып тұр.
    Қ. Ысқақ
    Ерте оянған, ерте қадам басқан зерек жігіттің бірі.
    С. Құдаш
    “Шұғамыз” – театрдың үлкен бір ойыны. Бұл- драма күйінде үлкен бір шығарманың бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді.
    І Жансүгіров
    Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.
    Ғ. Мүсірепов
    жарық жұлдыз

  • Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан ке...

    12 слайд




    Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғұмыр-тіршілігімен тығыз байланысты. Өзі туралы : “Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді,- деп ашып айтты. - Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін кірісе алған жоқпын. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ”.
    Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы-қилы қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің желі тартып жатты. Бұл тақырыптағы өлеңдері: Ескілік, кертартпа салт-сана, “жер дауы, жесір дауы-кесір дауы” әлі өзгермей, әмеңгерге жесір сатып жүрген ақсақал-қарасақал озбырлығын әшкерелеген “Жазғы қалып”, қарекетсіз жалқауларды сынаған “Ауылда”, ел ішін алатайдай бүлдіріп, топ, жік, партия құрушы саяси алаяқтарды суреттеген “Садақбай”, кедей туралы “Мұқтаждық”, бай туралы “Мал”, “Байлыққа”, “Қарынға” т.б өлеңдерін жатқызамыз.
    Жырлағаным-кедейдің жыры

  • Бұл – қазақ әдебиетінде бұрын – сонды мұншалық бедерлі бейнеленбег...

    13 слайд

    Бұл – қазақ әдебиетінде бұрын – сонды мұншалық бедерлі бейнеленбеген, әлірек айтқанда, мұншалық жан – жақты жинақталмаған және дараланбаған, мұншалық ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип. Ол – төңкеріске дейін байдың малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр – тіршілігін құлдық пен қорлықта, азап пен бейнет астында өткізген, төңкерістен кейін ол, өз еркі өзіне тиіп, енді малға ие, жерге қожа боп, адам санатына қосылған, келе – келе өмірге көзін ашып, оңы мен солын танып, еңсесін көтере белін жазып, қашаннан шерге толы көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш енген соң аздаған жел бітіп, асып бара жатқан ерлік болмағанмен біршама ожар ерлікке басып, төңірегіне әнтек тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы – кейде кеж, кердең, кейде томырық, тұйық, кейде оспадар, ожырай... Өзінің оқығаны жоқ қараңғы , тұрмыстан тоқығаны да жоқ жақын көрбала, бірақ, әйтеуір күш біткен, ниеті дұрыс, пиғылы адалеңбек адамы – кедей.
    Мырқымбай – жиынтық кейіпкер – тип. “Мырқымбай” деген есімнің өзінде әжуамен пернеленген астар бар, атына заты – болмысы, мінезі, қылығы, қимылы, қауқары түгел сиып тұр. Мырқымбай десе Мырқымбай...


    Мырқымбай

  • Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!
Бай...

    14 слайд

    Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!
    Бай! бай! бай! бай!
    Жүрмейсің жай.
    Нең бар еді?
    Әй, құдай – ай!...
    “Мырқымбай”
    Бұл – мырқымбайды тұңғыш көруіміз. Заман, заң байыбына бармай сотқар баласының ат сұраған ауылнайды балағаттап, бейбастық жасағанына өкінген әке не істерін білмей:
    Бай! бай! бай! бай!
    Жарым ес – ай!
    Құның ба еді
    Бір шолақ тай!-
    дегеніне түсінбей:

    Ауылнай құдай ма ді? Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба? Бұл тұстағы Мырқымбай осыдан 15 жылғы емес, оянған, көзін ашқан, намыс біткен ширақ Мырқымбай. Мырқымбайға арналған өлеңдерінің бәрі кедейге, езгіге түскен халыққа, одан шығуға талпынып, еркіндікке шыққан бұқара суреттеледі. Бұл өлеңдердегі Мырқымбай – кедей қауым.







  • Қазақстанға кеңес үкіметі орнағаннан бастап, Бейімбет қазақ әдебиетіне Мырқ...

    15 слайд



    Қазақстанға кеңес үкіметі орнағаннан бастап, Бейімбет қазақ әдебиетіне Мырқымбай атты кейіпкер берді. Мырқымбай – қазақтың бар кедей атаулысының жақсы – жаман қылықтарын денесіне сыйдырған кейіпкер.
    С. Мұқанов
    І. Жансүгіров бір әңгімесінде, “Алматыдан кетерде Бейімбеттің бізге қосып жіберген адамы Мырқымбай болатын. Бұрын сырын білмейтін отағасымыз еді, буынып өлсе де әңгіме айтпайтын қорғасын кісі екен... Тек ол кісіні Бейімбетше ауыл тұрмысын жаздырып, кітаптан оқу ғана керек көрінеді”, - жазды.

    Ғ. Мұстафин “Дауылдан кейін” романында да бір эпизод суреттеледі. Қараға Бейімбеттің Мырқымбай өлеңінен Мырқымбайдың ауылнайды боқтағанына әкесінің налыған жерін жатқа айтқызады да, әкесі Сапарға мынандай түсінік береді:
    “Аға, бұрын Бейімбет деген ақын жазыпты,-деді Аман,-дәл біздің Байбол емес пе осындағы ауылнай?” – деп сұрайды. Бұлардан Бейімбет өз кейіпкері Мырқымбаймен ажыраспас дос болып кеткенін, солақай сынға іліккеннің өзінде бағасын өзгертпегенін көреміз

  • Поэмалары: “Қанай”, “Кемпірдің ертегісі”, “Бөліс”, “Өтірікке бәйге”, “Хан...

    16 слайд




    Поэмалары: “Қанай”, “Кемпірдің ертегісі”, “Бөліс”, “Өтірікке бәйге”, “Хан күйеуі”. Бейімбет поэмаларының бір тобы қазақ қыздарының, әйелдерінің теңдігі, бас бостандығы тақырыбына жазылған. “Байдың қызында” (1917), махаббат қадірін білмейтін жігіттің жас сұлуды қайғы-қасіретке ұшыратуы суреттелсе, “Қашқан келіншек” (1921) поэмасы кейіпкердің қатал дәстүр, заңға бой ұсынбай қарсы шығып, қаза табуымен, трагедиямен аяқталады. Осындай әйел, қыз тағдыры “Рәзия қыз” (1919), “Маржан” (1923) шығармаларында жазылған.
    “Қанай”, “Кемпірдің ертегісі”, “Досалыдан бір дастан” поэмалары ел бақыты деп жанын берген құрбандарды еске алады. Ақын тарихи оқиғаларды кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады.

    Туындылары

  • Романдары: “Азамат Азаматыч”, “Қызыл жалау”, “Қоңсылар”, “Тартыс”. “Азамат Аз...

    17 слайд

    Романдары: “Азамат Азаматыч”, “Қызыл жалау”, “Қоңсылар”, “Тартыс”. “Азамат Азаматыч” романы аяқталмаған. Азамат – жаңа заманға қарай өзінің есімін өзгертуден (Қожалақ Күркілдеков) бастап, бүкіл ішкі әлемін бейімдеуге ниет еткен бейне. Жазушы кейіпкерді шым-шытырық күрес пен тартысты өмірдің өткелдерінен өткізеді. Оқиға Азамат Азаматычтың Қарасай қаласына кеңес қызметкері ретінде келуінен бастап, оның түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынасын бейнелей отырып, қоғамдық-саяси орнын көрсетуді мақсат еткен. Романда қоғамдағы түрлі өзгерістер, тарихи оқиғалар Азамат, Мәриям, Медеу, Алексеев, Шаймерден, Рақым, Кәдірбаев т.б қатысуымен көрінеді.

  • Әңгімелері: Қазақ әдебиетінде  әңгіме жанрын дамытып, жаңа қырынан көтерген...

    18 слайд



    Әңгімелері: Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын дамытып, жаңа қырынан көтерген жазушылардың алдыңғы легі Бейфімбеттен басталады.
    Әңгімелерінің тақырыбы: ауыл өмірі. ХХ ғ. Бас кезіндегі аласапыран заманды (маусым жарлығы, патшаның құлап, кеңестің орнау, байларды тәркілеу, колхоздастыру, ұжымдастыру т.б.) қазақтың қабылдауы, түсінуі, халыққа жат әдет-ғұрыпты күшпен таңу, оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген. Әңгімелерінде ауыл кедейінің жаңа заманға бейімі, төселуі, қабылдауы, қазақ даласындағы өзгерістің түрлі қыры айтылады. Жазушының әңгімелерін тұтастай жинақтаса, сол кезеңдегі қазақ кедейінің жан-жақты бейнесі ашылад. Қоғамдық өзгерістер тудырған қайшылықтар түрлі кейіпкер іс-әрекетінен көрінгенмен, барлығында тақырыптық, идеялық сабақтастық бар.
    “Сексен сом” әңгімесінде асыра сілтеудің құрбаны болған Егеубай, коммуниске қазына асырайды деп жазылған Айранбай (“Айранбай”), белсенді кедей болғысы келген “Арыстанбайдың Мұқышы” (“Арыстанбайдың Мұқышы”), ауылнай болып сайланатын Бұқабай (“Кедей теңдігі”) т.б дүрбелең замандағы ауыл қазағының жинақталған, дараланған типтері.

  • Повестері: “Раушан-коммунист”(1927), “Әміржанның әңгімесі” (1932), “Берен” (...

    19 слайд


    Повестері: “Раушан-коммунист”(1927), “Әміржанның әңгімесі” (1932), “Берен” (1935), “Он бес үй” (1930), “Қырманда” (1933) т.б.
    “Раушан-коммунист” жаңа қоғаммен бірге шықан жаңа адамдар психологиясын суреттейді. Қазақ салтында әйел адамды отбасы, ошақ қасынан ұзап көп шығара бермейді. Төңкеріс әйелге теңдік беріп, ерлермен тең етті. Жазушы осы теңдіктің әр нәрсені білуге құмартып, ұмтылып тұратын Раушанға не бергенін, қандай өзгеріс әкелгенін көрсетеді. Шығармада жалаң идея жалпылап айта салмай, көркемсурет, қызықты та тартымды оқиғамен, қат-қабат бейнелермен ашылған. Повестегі Раушан, Бәкен, Демесін, Мәриям т.б. – қоғамдағы заман тудырған бейнелер.
    “Берен” повесі әйел теңсіздігі тақырыбына арналған. “Он бес үй” ұжымдастыру кезін суреттейді. Қырдағы он бес үйдің жаңа тірлікке көшуі оңайлықпен келмегенін жазады. Бір ел, бір ауыл ішін қойып бір отбасының ішіндегі қайшылық, тартыспен өткені суреттелген.

  • Драматургиясы: Қысқа, бір перделі “Шаншар молда”, “Ауыл мектебі”, “Жасырын ж...

    20 слайд

    Драматургиясы: Қысқа, бір перделі “Шаншар молда”, “Ауыл мектебі”, “Жасырын жиналыс”, Келін мен шешей“, “Қос қақпан” скечтерімен бірге көлемді “Амангелді”, “Майдан”, “Талтаңбайдың тәртібі”, “Көзілдірік”, “Біздің жігіттер” атты көп актілі драмалық шығармалары бар.
    “Шаншар молда” өзі надан молданың балаларды оқыту жайы баяндалады. Драматург білімсіз, надан молданың бейнесін бере отырып, осындай молдаға алданған елдің халін көрсетеді. “Ауыл мектебінде” кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы халықты оқыту, сауаттандыру саясатын көпшіліктің қабылдауы, түсінуі негіз болған. Осындай халық тұрмысын, салт, дағдысын суреттеген шығарма – “Неке қияр”. “Талтаңбайдың тәртібі” білімі жоқ, көкірек, көзі соқыр талтаңбайлардың ел ішіне келіп, өкіл болған жайы суреттеледі. Драмада Талтаңбаев сауатсыз, “шолақ белсенді” кейпінде суреттеле қоймай, білімсіздігі халыққа қауіпті, ісі жауапсыз, зиянкес деген астар да бар. Б. Майлиннің Амангелді“ пьесасы Ғ. Мүсіреповпен бірге жазған ұлт-азаттық көтеріліс басшысы Амангелді Имановтың күрес жолына арналған.
    Драматургтің “Майдан” пьесасы – осы саладағы қазақ драмалық шығармаларының ішіндегі ең көркемдерінің бірі.
    “Майдан” пьесасы 1930 ж. Жазылып, 1931 ж. Сахнаға шықты. Шығарма тақырыбы: ұжымдастыру.

  • “Шұғаның белгісі”
         1914-1915 ж.ж аралығында Б. Май...

    21 слайд

    “Шұғаның белгісі”

    1914-1915 ж.ж аралығында Б. Майлин “Шұғаның белгісін” жазып, қолжазба журнгалда жарияланғанда, қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл сы шығарма суреткерлік, шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ хикаятының үлгісі болып отыр. Хикаят оқиғасы дәстүрлі қалыпқа салынған.Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға деген сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, Әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босаттырады. Әбдірахман сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе, ару бұл дүниемен біржола қоштасқан еді.Өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасын көл қылып артында қала береді.

  • Қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын шағын хикаят былай баста...

    22 слайд


    Қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын шағын хикаят былай басталады:
    “-Біз елден шыққан күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен секілді тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады.”
    Бұл - әсем пейзаж. Дала, күз, сәске, бұлт, күн...Оқушы көз алдына табиғат суреті жайыла қалады және жай сурет емес, қозғалады, қимылдайды.
    Бейімбет осы суретке оққушы назарын әбден аудрып алады да, оған өзінше
    “Біз екеу едік” деп мәлімдейді. Бұлар кімдер? Бірі автор, екіншісі, қасына ерген, жолдасы – Қасымжан – “сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр”. Портретті де жай сыза салмайды, жандандыра сызады.
    Жазушының шеберлігі сол, ол хикаятты әңгіме ішіндегі әңгімеге, немесе прологтен бастайды.

  • Б. Майлин стилі туралы айтқанда – прозаның “қысқа сөз шебері”,...

    23 слайд

    Б. Майлин стилі туралы айтқанда – прозаның “қысқа сөз шебері”,
    көлемі аз, мазмұны, идеясы мол, аз сөзге көп мағына сыйғызатын ұқса-
    тымпаз шебер деуге болады.
    Б. Майлин – қазақ әдебиетінің сол кездегі барлық жанрына қалам тартқан, ұлттық қалыпты, қазақтық ортаны көркем суреттеген классик қаламгер.
    Б. Майлин мұрасы елі үшін қасқалдақтың қанындай сақтайтын қымбат қазына, үкілеп ұстайтын киелі дүние. Қаламының сиясы тамған әр парақ – біздің өткен күндеріміздің өшпес белгісі.

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 435 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2015 8798
    • PPTX 1.4 мбайт
    • 151 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құсанова Ботагөз Қаршығақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Құсанова Ботагөз Қаршығақызы
    Құсанова Ботагөз Қаршығақызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27560
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе