Инфоурок Другое КонспектыҚазақ әдебиеті пәнінен "Жыр алыбы-Жамбыл"

Қазақ әдебиеті пәнінен "Жыр алыбы-Жамбыл"

Скачать материал

 

 

 Күні: 23.02.2016 ж. ………………..

Тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл

Сабақтың мақсаты: Екі ғасырдың куәсі болған Жыр алыбы - Жамбылдың өмірі мен                      шығармашылығы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту.

 

а) Білімділік: Жамбыл ақын шығармаларын оқыта отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, поэзиялық шығармаларға талдау жасауға үйрету. Оқушылардың ақын шағармалары туралы  теориялық білімдерін жетілдіре түсу.

б) Дамытушылық: Оқушыларға ақын шығармаларын оқыту арқылы өмірге деген дүниетанымдық көзқарастарын, білім – білік дағдыларын  қалыптастыру. Ауызша сөйлеу мәнерін дамыту, дағдыландыру.

в) Тәрбиелік: Ж.Жабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиесі, ұлағаты мол өсиет сөздерін оқыта отырып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, иманды болуға тәрбиелеу. Поэзияны сүюге, ақын есімін құрметтеуге, шығармашылық ізденуге баулу. 

 

Сабақтың көрнекілігі:

тірек-сызбалар, плакат, сөзжұмбақ,компьютер, интерактив тақта.

Пәнаралық байланыс: 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар.Өздеріңізге және бір-бірлеріңізге сәттілік және жақсы көңіл-күй тілеңіздер. Көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күле қараңыздар.

Мұғалім сөзі: Балалар, елімізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты. Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық.

Бүгін сіздермен бірге біз «жас зерттеушілер» ретінде жұмыс жасаймыз. Мына құралған әрбір топ кішігірім ғылыми зертхана болады, сіздер өз араларыңыздан осы зертхананың ғылыми жетекшісін сайлап алыңыздар. Яғни сіздердің бүгінгі зерттеу жұмыстарыңызға жауап беретін осы жетекші болады. Алдарыңызда сонымен қатар, бағалау парағы берілген. Яғн әрбір берілген тапсырмалар орындалып болғаннан соң, әр оқушыға баға қойылып отырады. Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңыздар.Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

 

ІІ. Өткен сабақты қайталау: 

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді.

Оқушы: Ж.Жабаев мазмұндау

Олай болса үй тапсырмасын сұрақ қоя отырып қорытындыласақ.

Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде  дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы,  Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған).
Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)
Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
(“Ленинградтық өренім” )
Жамбылдың анасының атын атаңдар

 (Ұлдан)
Ақынның “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?
(“Правда”)

 

III. Жаңа сабақ

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық.

 

hello_html_m5fb951a3.gifСөзжұмбақ

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Тігінен:

1. Жамбылдың әкесі. (Жабай)

2. Жамбыл айтысқан ақынның бірі.  (Бақтыбай)

3. Жамбылдың шәкірті Кенен...(Әзірбаев )

4. Жамбылдың баласы.  (Алғадай)

5. Жамбылдың өлеңі.   (Шалтабайға)

6. Жамбылдың алғаш жазған өлеңі. (Шағым)

7. Жамбылдың сүйген қызы. (Бұрым)

8. Жамбылдың туған жері. (Жамбыл)

 

 

 

 

VI Хронологиялық кесте

 

Жылдар

Оқиғалар

1846 жылы

 

1881 жылы

 

1913 жылы

 

 

1937 жылы

 

 

1941 жылы

 

1943 жылы 

 

1945 жылы

 

1946 жылы

Қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келді.

Құлмамбетті жеңіп, «Жетісудың атақты ақыны» аталды.

 

«Өстепкеде» деген өлеңін шығарды.

1917 Қазан төнкерісінің куәгері болды

1919жылыЖамбылЖетісуақындарының слётынақатысты. 

Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді.

 

Мемлекеттік сыйлық берілді

 

Ақынның ұлы Алғадай қаза тапты

Өмірден өтті.

 

Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті.

 

 

V "Өлең құрастыр" ойыны.

Оқушылар ақынның қандай өлеңдері, жырлары, поэмалары бар. Есімізге түсірейікші?

Дұрыс айтасыздар. Олай болса мен сіздерге ақын өлеңінің әрбір сөзін қиып беремін. Ал, сіздер одан өлең құрастырасыздар.

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.

 

Ақынның қай өлеңінен алынған?

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас,-

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке.

"Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті"дер, әке.

 

VII Оқулықпен жұмыс

(Аян)  1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып, мағынасын ашып, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Үйсін,Найман саңлағы,                       Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың.                        Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер,                         Келтіріңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып.                        Бек қорланып күйіндім.

  Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.

Күйіндім-етістік, қалай?-бек қорланып пысықтауыш.

Бек-зат есім, қор-зат есім, лан-етістік туд.жұрнақ, ып-көсемше, күй-зат есім, ін-етістік туд.жұрнақ, ді- жедел өткен шақ, м-т.жалғау 1жағы

 

(Айзада) “Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Авторы – Жамбыл Жабаев.

·         Тақырып –Отанға  деген  сүйспеншілік.

·         Жанр түрі – поэзия (өлең).

·         Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.

 

48-шумақ

171 тармақ

Буын саны-7,8 буын

·         1 бунақ.

·         Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.

·         Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.

·         Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.

 


Биопоэма

Аты
Тегі
Сізді суреттейтін 3-4 сын есім

Туыстық қарым-қатынасыңыз
Басыңыздан өткен оқиға
Жетістіктеріңіз
Неден қорқасыз
Мекен-жайыныз

 

 

Бекіту

X ТЕСТ тапсырмалары.

1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

А)1945 ж. С)1947ж.

В)1948ж. D)1944ж. Е)1946ж.

2. «Жамбыл» журналы қай жылы жарық көрді?

А) 2000 ж. С) 2004ж.

В) 1946ж.   D) 1948ж.

Е) 1847ж.

3. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

А)1945ж. С) 1941ж.

В)1942ж. D)1943 ж Е)1947ж.

4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?

А)1884ж. С) 1885ж.

В)1881ж. D)1887ж. Е)1890ж.

5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.

А) Табиғат, жер С) Кедейлердің аянышты халі

В) Адамгершілік қасиет D) Достық Е) Білім, өнер

6. Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?

А) Шашубай С) М.Өтемісұлы

В) Қалқа ақын D) С.Аронұлы Е) Құлмамбет

7. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

A) «Алынбас қамал» C) «Айтыстары үшін»

B) «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» D) «Ворошилов туралы поэма»

E) «Өлеңдері үшін»

8. Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.

A) «Гималай» C) «Сыр сандық»

B) «Жетісу суреттері» D) «Көрұғлы» E) «Мырқымбай»

9. Ж.Жабаевтың  шәкірті кім?

А) С.Аронұлы      С) Д.Бабатайұлы               Е) М.Жұмабаев

В) К.Әзірбаев        Д) Ш.Құдайбердіұлы

10. «Жеңіс жыры» атты өлеңі қай жылы жазылды?

А) 1847 жылы        С) 1945 жылы                  Е) 1946 жылы          

В) 1941 жылы         Д) 1846 жылы

Дұрыс жауаптары

 

Қорытынды.

 (4-5 мин)

 

Оқушы сабак баға

 

Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры – осындай жыр. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы.

 

Үйге тапсырма: «Жыр алыбы-Жамбыл» шығарма жазу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті пәнінен "Жыр алыбы-Жамбыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2016 1402
    • DOCX 175.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боштева Гульзира Толепбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9910
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов