Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиеті. Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби (8 сынып)

Қазақ әдебиеті. Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби (8 сынып)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерзімі: 01.10.2014 жыл

Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби

Сабақтың мақсаты:

1.БілімділікӘбу Насыр әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, философ, әдебиет зерттеуші, ақын екендігін және дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы екендігін оқушыларға жеткізу;

3.Дамытушылықбалалардың өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз бетімен ізденуге баулу, ой-өрісін дамыту, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру;

2.Тәрбиелікрухани байлығын ізгілендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: іздену-зерттеу сабағы.

Формасы: топтық жұмыс

Әдісі: іздендіру, талдау, баяндау, салыстыру, топтастыру.

Көрнекілігі: портрет, баспасөз материалдары, әдеби материалдар, үлестірме қағаздар.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Немат Келімбетов. «Ежелгі дәуір әдебиеті»;

    1. «Елтұтқа»; 3) Абай. «Қарасөздер»; 4)оқулық.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру

Әр топқа ізденіс жұмысына тақырып, тапсырма алдын ала берілгендігі хабарланады.


Зерттеу жұмыстарын қорғау бағыттары:

Білім (тақырыпты зерттеу, аша білуі).

І топ: Әбу Насыр әл-Фараби – энциклопедист-ғалым.

ІІ топ: Әбу Насыр әл-Фараби –әдебиет зерттеушісі.

ІІІ топ: Әбу Насыр әл-Фараби –ақын.


Тапсырма.

І топ: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегіндегі көтерілген мәселелер.


ІІ топ: «Бақытқа жол сілту» еңбегінің басты тақырыбы.


ІІІ топ: Ұлы адамның бала тәрбиесіндегі қояр талабы.


Жаңа сабақ.

  • Балалар, өздеріңе тарихтан белгілі, Х-ХІІ ғасырла түркі халықтарының

қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу - ренессанс дәуірі болды.

Ислам әлемі мен христиан әлемі тынымсыз күрес жүргізіп жатқан дәуірде бүкіл түркі жұртының даңқын асырып, түркілерді әлемге танытқан энциклопедист ғұламалар тарихи аренаға шықты.

Осы ғұламардың бірегейі - Әбу Насыр әл-Фараби. Осы орайда өздеріңізге берілген тапсырмалар арқылы ой өрбітіп , пікір алмасайық.

  1. Білім (тақырыпты зерттеу).

І топ: Әбу Насыр әл-Фараби – энциклопедист-ғалым.

Әбу Насыр әл-Фараби философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша ғылыми еңбектер жазған.

Оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген, Фараби еңбектерінің тізімі ғана сақталған. Неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен б.з. дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені – 40-қа жуық деуге болады.

«Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғалымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. Ол философия ғылымына қоғамдағы адамдардың сана-сезімін оятатын парасат шамшырағы ретінде қарады. Философияның ұрпақтар арасындағы руани-мәдени сабақтастықты қамамасыз ететін құрал екенін дәлелдеді.

ІІ топ: Әбу Насыр әл-Фараби – әдебиет зерттеуші.

Араб ғылымы Ибн Әби Усайбанның (1203-1270) айтуы бойынша, Фарабидің өлең құрылысын зрттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі бар екен.

1. «Өлең өнері» еңбегінде өлеңнің композициялық құрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған ой жүйесіне лайық орына болу керек деген түйін жасаған.

2. «Өлең өнерінің қағидалары туалы трактат» зерттеуінде поэзияда екі түрлі құбылыс бар деп білген. Олардың бірі – софистика, ал екіншісі – еліктеу. Осы шығармада Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарастырады, әр топқа өзінше сипаттама берген. Бірінші топқа – табиғи дарыны мол, тамаша теңеулер табуға мейлінше бейім, бірақ өлең өнерінің сыр-сипатымен , яғни теориясымен таныс емес ақындарды жатқызады. Екінші топ – өлең өнерімен толық таныс ақындар, өлең жазу қағидасына да, бейнелеу құралдарын қолдануға да шебер болып келеді.

Үшінші топ – жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер, бұлардың әлі өзіндік жазу мәнері толық қалыптаспаған деп сипаттаған.



ІІІ топ: Әбу Насыр әл-Фараби – ақын.

Әбу Насыр әл-Фараби – өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Өлеңдерінің

негізгі тақырыбы – өмірдің мән-мағынасыжайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.

Отырар қаласында дүниеге келіп, Шам шаһарында көз жұмған жанның еліне деген сағыныш сезімі, аңсары мына өлең жолдарында айқын сипатталған:



Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен, Жанарым талды менің

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.


Өлең құрылысына талдау:


Бауырым қанша сүйгенмен, 8

Өтеді өмір күйбеңмен. 8

Шындыққа бас тік алаулап, 8

Пенделіктен болаулақ. 7

Өлең 4 тармақты, 7-8 буынды.


ІІ. Тапсырма.

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегінде көтерілген мәселелер. Бұл еңбегінде қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз еткен. Мемлекет басқаратын адмға мынадай биік талаптар қойды:

  1. Әділ; 5. Жақсылыққа жаны құмар;

  2. Инабатты; 6. Батыл;

  3. Мейірімді; 7. Жомарт;

  4. Білімді; 8. Өнер мен әдебиетті сүйетін.

«Бақытқа жол сілтеу» еңбегінде қандай мәселелер қамтылған?

Бұл еңбегінде этика, эстетика мәселесіне талдау жасай келіп, көркемдік,

сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыми негіздерін ашып көрсетеді.

Ұлы адамның бала тәрбиесіне қояр талабы. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мына үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екенін айтқан: 1) ынта-ықыласы, білімге құштарлығы; 2) ұстаздың шеберлігі, ар-ождан тазалығы; 3) сабақ үдерісінің алатын орыны.

Ғалым баланың дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің бір-біріне ықпалы зор екенін дәлелдеп көрсеткен.



ІІІ. Салыстыру жұмыстары (Интерактивті тақтамен және әдебиеттермен жұмыс)

Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты.

Біз қазір Абай атамыздың осы жолды зор білгірлікпен жалғастырғанын салыстыру арқылы дәлелдейміз.


Әбу Насыр әл-Фараби

Абай

  1. «Адам әуелден тоқымашы не

хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды...». «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» еңбегі.


  1. 19-сөзі: «Адам ата-анадан туғанда

есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.»

  1. «Жүрек – басты мүше, мұны

тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да – басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес». «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты.

  1. 17-сөз: Қайрат, Ақыл, Жүрек.

«Осы үшеуінің басын қос, бәрін де жүрекке билет...».

  1. «Әзілқойлық әзілді шектен тыс

қолданудан болады. Ал, әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейімбіз».

  1. 4-сөз: «...күлкіге салынған кісі не

шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек».


ІV. Бекіту кезеңі. «Топтастыру» стратегиясы.


энциклопедист-ғалым әдебиет зерттеуші

hello_html_m32e29641.gifhello_html_m3642882c.gifhello_html_80a259c.gif

еhello_html_57c953a3.gifhello_html_m49c0bd34.gifкінші ұстаз философ

hello_html_m5c9f65ae.gifhello_html_6486137a.gif

hello_html_m174d8c87.gifақын математик


музыка теоретигі



туған жерге сағыныш ұлы арман, ұлы мүдде

hello_html_m56cec87c.gifhello_html_m3642882c.gifhello_html_80a259c.gif

hello_html_57c953a3.gifhello_html_78eef194.gifшындық тамылжыған табиғат

hello_html_3d84f309.gifhello_html_6486137a.gif

аңсау, мұң адалдық


V. Қорытынды. Әбу Насыр әл-Фараби – тек қазақтың ғана емес, түркі

халықтарының , барша мұсылман қауымының ортақ перзенті. Сондықтан оның есімі ұрпақтан ұрпаққа мақтаныш болып, ғасырдан-ғасырға жасай беретіні анық.


VІ. Бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы:

1) Бір өлеңін жатқа оқу, өлең құрылысына талдау;

    1. Туған жер туралы эссе жазу.


Тексерілді: 01.10.2014 жыл _______________



Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров690
Номер материала ДВ-396319
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх