Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Статьи / Қазақ әдебиетін оқыту аясында Елтану курсын енгізе отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту және рухан дүниетанымын байыту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиетін оқыту аясында Елтану курсын енгізе отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту және рухан дүниетанымын байыту

библиотека
материалов

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі

коммуналдық мемелекеттік мекемесі















Қазақ әдебиетін оқыту аясында «Елтану» курсын енгізе отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту және рухани дүниетанымын байыту



Дайындаған: Қазақ тілі және әдебиет пәнінің

мұғалімі А.А.Досмагамбетов
















Шұқыркөл ауылы, 2015



Тақырыбы: қазақ әдебиетін оқыту аясында «Елтану» курсын енгізе отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту және рухани дүниетанымын байыту

Оқушылардың қазақтың тарихи мәдени мұрасымен ел, жер, ккөне өркениет рындары, ұлттық салт-дәстүр, қолөнерін насихаттау және ұлттық мәдени құн-дылықтарды құрметтеуге бағытталған 2015-2016 оқужылында «Елтану» факультативтік бағдарламасы 7-сыныпқа 34 сағат жүктеме ретінде құрылған болатын.

Бағдарлама оқушыларға мәдениет пен өркениеттің қалыптасуы мен тарихы, шығу тегін білу сияқты танымдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту көзделген.

Бағдарламаның міндеттері төмендегідей қойылған:

  • «Елтану» бағдарламасы аясында қазақ хандығы, батырлары, ғалымдары, қазақтың салт- дәстүрлері, ұлттық бұйымдары, жер- су атаулары, дәстүрлі киім үлгілері, зергерлік өнер, бұйымдар, көне қалалар мен мәдени орталықтар жайында мағлұматтар бере отырып, оқушыларды елдің тарихына, ұлт құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу;

  • Көне тарихи мәдени орталықтар: Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан, Испиджаб және т.б. туралы деректерді келтіре отырып, қазақ хандығының қалыптасу тарихына терең бойлату арқылы оқушылардың қоғамдық -гуманитарлық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту;

  • Ел, жер, көне қалалар атаулары, мәдени ескерткіштер ұлттық тарихтың қалыптасуы, ұлттық салт- дәстүрді оқушыларға тәрбиелеу құралы ретінде қолдану;

  • Тұлғаның мәдени сауаттылығын қалыптастыру

Күтілетін нәтижесі:

  • Оқушылар ұлттық салт- дәстүр, көне қалалар мен мәдени орталықтар, батырлар, қазақ хандары, жерсу атаулары, шежіре туралы дерек-термен танысып, танымдық қабілеттері және сауаттылығының қалыптастырып дамуы арқылы өздігінен оқып тануы, жоба жазуға бағдарланады.

  • Мәдени құндылықтарды құрметтеу , ұлттық, патриоттық сезімдерін оянып, адами құндылықтары қалыптасады;

  • Туған жерін, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиеленеді

Қазақ әдебиетін оқыту аясында «Елтану» курсы бағдарламасы мазмұны жағынан сан қырлы сұрақтар: киіз үй және оның бөлшектері, тарихы, пайда-лануы, жүннен жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, қазақ халқы-ның киімдері, ерлер, әйелдер киімі, қазақтың музыкалық аспаптары: қобыз, жетіген, той дәстүрі, жеті ата, үш жұрт, қазақ хандығы, көне қалалар, тілдер әлемі, қазақ хандары мен батырлары туралы айтылады.

Туған жер тарихы мен атаулы адамдар, ескерткіштер, мұралар мен мұрағат-тар жайында оқушылар өз шығармашылық ізденісін реферат, баяндама, презен-тация түрінде жұмыстарын орындайды.

Оқушылардың туған жеріне, еліне және Отанына деген сүйіспеншілігі өз шығармаларынан айқын көрінуде. Жас қалам иегерлері өз өлеңдерінде арман мен қиялын, бар тілегін жырларында суреттей отырып, өз сезімін ашық білдіре алады. Өлеңіне қосқан бар махаббаты мен сезімі Абай атамыздың лирикасы іспеттес, жаңа буында жарқын көрінуде. Менің шәкірттерімнің шығармалары әртүрлі байқауларда орын алып, мәреге жетуде. Ұстаздық қызметтің сан қырлы және қызықты тұстары баршамызды шабыттандыра, қуаттандыра отырып, шәкірттерімізді алға жетелеуде күш қуат беруде. Жас қалам ұстаған шәкірттер нені жазу керек? Неден бастау керек? Деген сұрауларды бағындыруға өз ой түйгенін және жүрегінен шыққан ащы дауысты сөзбен саптап, суреттей отырып, жеткізері баршамызға мәлім емес пе? Шығармышылық ол да қасиет, оны әр баланың бойынана аша білген мұғалім нағыз ұстаз демекпін. Көп жылдары жаңа буында оқыту мен тәрбиелеуде менің де балаларым «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, талай тыраштанып, талпынып жазған қыл қалам жолдары өздерін сан белдер мен қияларға жетелеуде. Бала бойына нәзіктік пен іңкәрлік, тазалық пен ақиқат дәнін себе отырып, әр мұғалім диқаншы іспеттес, жұмыс істейді. Көп жылдардың нәтижесін артынан жиған бағбан ретінде мен де алда берген мақсатты жолдарымды өз ойындай мәресіне жеткізсе, бұл да мен үшін үлкен жеміс емес пе?

Шығармашылық сауаттылық мақсатында оқушымен бірлескен жұмыс мен үшін үлкен табыс.

Соған дәлел 7-сынып оқушысы Жеңіс Жанерке өз шығармашылығымен ау-данда көпке танымал. Жас қаламгер сөз саптап, атқа қонған уақыты мен үшін ізгілік жолын жалғастыруда. Ақындық қасиеті баланың болмысынан болса, ту-ған жері -Шұқыркөл мекені әсерін тигізбей қоймаған. Жерінің табиғаты мен киелі рухы өз арманына шақырған жас балғынды баурап, қиял әлеміне жетелеуде. Соған куә менің де оқушалырым: Қараменді Әйгерім мен Бүркітбай Олжас.

Қорыта келгенде, «Елтану» курсы оқыту мазмұны жағынан бай және тарихи және мәдени барлық өзекті сұрақтарды қамтып отыр. Курстың - мазмұнды және маңызды рухани бай дүниесі қазақ әдебиетін оқытуда көмекші құрал болмақ.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров117
Номер материала ДБ-022669
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Қазақ әдебиетін оқыту аясында "Елтану" курсын енгізе отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту және рухани дүниетанымын байыту тақырыбындағы мақалада 7-сынып оқушыларына 34 сағаттық Елтану факультативтік курсының бағдарламасын оқыту бойынша әдістемелік негіздері қарастырылған. Қазақ әдебиетін оқыту үрдісіне енгізе отырып, оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға бірден-бір құрал екені дәлелденеді

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх