Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиетінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Қазақ әдебиетінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4a7c6af8.gifhello_html_16da7d51.gifhello_html_298e664f.gifhello_html_30c469f1.gifhello_html_15c4e381.gifhello_html_76e1edbe.gif20 Қазақ әдебиеті 5 сынып

05.02.16ж

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі – оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру, ақынның табиғат лирикасымен таныстыру;

ә) дамытушылығы – оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру жәнеөлеңді құрылысына талдау дағдысын қалыптастыру;

б) тәрбиелігі – ұлы ақынның шығармаларынан үлгі-өнеге алу, өнерді құрметтеуге, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Абай, Ыбырай суреттері, шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, қар суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Шеңбер құрып, қасындағы досының есіміне басталатын әріпті қолдана отырып, сын есімдер айту арқылы таныстыру.

Оқушыларға шаттық шеңбер құрғызып бір-біріне жылы лебіздерін білдіртемін.

Б)Қар ұлпаларының суреті арқылы шағын топтарға бөлу.

1-топ 2-топ

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



Описание: 1245223057_new_ibrai-altinsarin









ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Дәптерге күнді жаздыру.

Ақпанның бесі.

Бағалау тәсілімен таныстыру.

«Жапондық бағалау»

Әр стратегиядан кейін бағалап отыруды сұраймын.

ІV. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

  1. «Ой шақыру» стратегиясын қолдану.

Қазақтың ұлы ақыны Абай туралы не білетіңдерін?

  1. Абай туралы мәтінді түсініп оқу.

«Топтастыру» стратегиясы

Абай туралы білгендерін жазу

Абай

1. Абай кім?

2. Қашан, қай жерде дүниеге келген?

3. Абайдың шын есімі кім?

4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Қандай әндерін білесіңдер?

6. Қанша қара сөзі бар?

7. Әжесінің есімі кім?

8. Ал, шешесінің ше?

  1. Сөздік жұмысын жүргізу. Сөздердің мәтіңде қолданылу аясын көрсету:

Әуес болу, еліктеу – увлекаться

Ынта – прилежание

Сауат ашу – учиться грамоте

Медресе – высшее духовное учебное заведение в дореволюционном Казахстане и Средней Азии

Шебер жырлау – мастерски (искусно) воспевать

  1. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды. (үзінді)...

  1. Осы өлеңде не туралы айтылғанын анықтау.

-Қысты ақын кімге теңеп тұр?

-Оны ақын қалай бейнелеген?

-Соқыр, мылқау дейтін себебі не?

-Түсі суық дегенді қалай түсінесің?

3. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырамын.

  • Өлеңде түсініксіз сөздер бар ма?

Сөздік жұмыс.

Ақ киімді – в белой одежде

Бұлттай қасы – брови, как тучи

Басын сіліксе – когда мотает головой

Долдану – злиться

Домбығу – слегка обмерзать

  1. Сергіту сәті

Өлеңнің алғашқы шумағын дене қимылымен оқу.

  1. Топпен жұмыс.

1-топ: «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен кесте толтыру:

Қандай? (сөз)

Сөз тіркесі

Сөйлем





2- топ: Қыс мезгілінің суреттелуін оқи отырып, көз алдарына келген суретті салып көрсету.

3- топ: «Сөз сыры» айдарымен берілген сөздр қатарын толықтыру.

  1. Сабақты бекіту.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Қыс

Салқын, аязды

Мұздатады, үсітеді, тоңдырады

Қыс мезгілі салқын болады.

Жаңа жыл

  1. Сабақты қорытындылау:

    Оқушының аты-жөні

    Сұрақтарға жауап беру

    Жұппен жұмыс

    Топпен жұмыс

    Қорытынды баға






  2. Рефлексия кезеңі:

    Мен

    Бұрын Абай туралы не білетің едім?

    Бүгінгі сабақта не білдім?

    Болашақта не білгім келеді?




    Абайдан қандай үлгі алдым?


  3. Үйге тапсырма:

  1. Абай туралы баяндау білу.

  2. Қыс туралы жұмбақтар біліп келу.

  3. Абайдың «Қыс» өленің жаттау.




Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДВ-416985
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх