Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиетінен ашық сабақ . "Ескендір - рухани тартыстар поэмасы"

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ . "Ескендір - рухани тартыстар поэмасы"

библиотека
материалов

Сыныбы : 9 б сынып

Пәні : қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы : «Ескендір» – рухани тартыстар поэмасы

Сабақтың әдіс – тәсілдері : сыни тұрғыдан ойлау, постер қорғау, белсенді тақтамен жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі : слайдтар, тақырыптық суреттер
Сабақ кезеңдері :

Ұйымдастыру бөлімі : 1. «Достық торы» тренингі. Шеңбер жасап тұрып, жіп орамасы арқылы бір-біріне өз тілектерін айтады.

2. Абай өлеңдері, қарасөздері, әндері жазылған қиықшалар арқылы үш топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту.1. «Болжау » стратегиясы. Таразы суреті.

hello_html_m2f2a42c9.jpg

- Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдер айтқызу.

- Ендеше,

Ойға түстім толғандым,

Өз мінімді қолға алдым... ,- деп Абай атамыз айтқандай ,

бойымыздағы қасиеттерімізді таразылай отырып, сабаққа

белсенді қатысайық.

2. «5 сұрақ» стратегиясы.

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?(А.Байтұрсынұлы)

2. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады...».
( Жетінші)

3. Абай өлеңін жатқа айт.

4.Поэма дегеніміз не?

Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.
5. Абайдың қандай поэмалары бар?   (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)

Сабақтың эпиграфы :
Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер, 
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! 
Ұятың мен арыңды малға сатып, 
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.

Мағынаны тану . «Алтын сақа» ойынының үлгісінде.

І .Табалдырық.

  1. Филипп патша баласы, ер көңілді,
    Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен...

Ол кім?
2. Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.

Ол не ?

3.- Таразыны әпкел де, сүйекті сал,
Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!

Кімнің сөзі?

ІІ. Әудем жер.«Түсініктеме күнделігі»

ІІІ. Қозыкөш. «Ішке - сыртқа» тапсырмасы.








ІҮ .Беласар .«Адасқан оқиғалар» стратегиясы.

  1. Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
    Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
    Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
    Қолын алып жұртына қайта көшті.

  2. Қақпадан лақтырды бір орамал,
    Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!
    Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
    Апар дағы ойланып, көзіңді сал!

  3. Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
    Дарияның суындай қандар ақты.
    Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
    Өкіметін қолына тартып апты.

  4. Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
    Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
    Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
    Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.

  5. - Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға.
    Тоя ма адам көзі мың мен санға?
    Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
    Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
    Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
    Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
    Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
    Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Ү. Жолайрық.

1 – топ . «Қарама - қарсы элементтер»;

2 – топ. «Клоуз» тест;

3- топ. «Түйінді сөздер» стратегиясы.

ҮІ . Алтын көмбе.

«Ойлан, бірік, бөліс»

1 – топ. Поэмадағы тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны. Жоба қорғау.
2- топ. Абай шығармасы түпнұсқаға ұқсас. «Қолдаймын, қарсымын».
3- топ. «Еркін жазу » стратегиясы. «Қанағат – қарын тойғызар».

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек».

Ой - толғаныс.
1.
Қанағатсыздық қайда апарады?

2. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?

2. Поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?

4. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?

5. Поэма арқылы қандай асыл қасиеттерді бойыңызға жинадыңыз?

Үйге : «Ескендір» поэмасын оқу, «Абай шығармаларының тәрбиелік мәні»ой толғау.

Рефлексия. «Чемодан» және «Қоқыс жәшігі»




Бағалау парағы. Бағалау критерийлері:   55-60– «5»;    40 -50 – «4»;    20-35 – «3»





 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бағалау парағы. Бағалау критерийлері:   55-60– «5»;    40 -50 – «4»;    20-35 – «3»





 

 


 




Бағалау парағы. Бағалау критерийлері:   55-60– «5»;    40 -50 – «4»;    20-35 – «3»






























«Клоуз» тест.

  1. Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды,
    .... құрдыртып, ортаға алды.
    Қанша ...... күміс пен салса дағы,
    Бір кішкентай .....аудармады.
    2. Ескендір .... айтты: «Бұл неткен су?
    Бәрің де ішіп, бұл .....бетіңді жу!
    Бір бай елден осы су шыққан шығар,
    .....барып, үстіне тігелік ту.
    3. ...... қуанып қолына ....,
    Сый алдым деп .....қайта салды.
    Қараса, ішінде бір .... .....,
    Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.

4.....жерден ..... алып барды,
Бір уыстап сүйекке .......
Ана басы ...... ...... жерге түсіп,
...... жоғары шығып қалды.

5. ....... өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа ..... сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен .... .......?!







«Түйінді сөздер» стратегиясы



Қанағат

Ашкөзділіктен сақтану

Арлы болу

Ақыл

Мейірімділік























«Адасқан оқиғалар» стратегиясы.

  1. Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
    Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
    Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
    Қолын алып жұртына қайта көшті.

  2. Қақпадан лақтырды бір орамал,
    Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!
    Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
    Апар дағы ойланып, көзіңді сал!

  3. Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
    Дарияның суындай қандар ақты.
    Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
    Өкіметін қолына тартып апты.

  4. Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
    Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
    Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
    Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.

  5. - Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға.
    Тоя ма адам көзі мың мен санға?
    Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
    Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
    Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
    Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
    Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
    Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.


















Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,


Қиыннан қиыстырар ер данасы.


Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,


Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.




Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.


Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы..
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын...









Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса,



біреу ауру, біреу сау болса,



біреу есті, біреу есер болса,



біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді –



бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп.








































Қозыкөш. «Ішке - сыртқа» тапсырмасы.













































Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодам1 қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындыға ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,
Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Түсе сала Ескендір басты қойды,
Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым-ақ.
Кепкен балық келтіртті сонда тұрып,
Сол суға балықты алды бір жудырып.
Исі, дәмі өзгеше болып кетті,
Таң қалды мұның бәрін суға жорып.
Ескендір қолына айтты: «Бұл неткен су?
Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!
Бір бай елден осы су шыққан шығар,
Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.
Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,
Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар.
Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.
Долдықпен хан Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды.
Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:
- Қақпаны аш! - деп барынша айғай салды.
Қақпаның ар жағынан біреу келді,
Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.
- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл - құдайға бастайтын қақпа, - деді.
- Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.
- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі - сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
- Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.
Қақпадан лақтырды бір орамал,
Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар дағы ойланып, көзіңді сал!
Орамалды қуанып қолына алды,
Сый алдым деп халқына қайта салды.
Қараса, ішінде бір қу сүйек,
Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.
Ашуланып, сыйына болды кекті,
- Ең болмаса білмеді сый бермекті.
- Осы менің теңім бе? - деп ақырып,
Лақтырып жіберді сол сүйекті.
Жолдасы Аристотель ақылы мол,
Лақтырған сүйекті алады сол.
Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,
Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».
Сол күнде Аристотель жеке дара,
Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:
- Таразыны әпкел де, сүйекті сал,
Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!
Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды,
Таразыны құрдыртып, ортаға алды.
Қанша алтынды күміс пен салса дағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармады.
Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды,
Бар қаруын алтынға қоса салды.
Енді қайтер екен деп қарап еді,
Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.
Аристотель хәкімге патша келді:
- Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.
Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы! - деді.
Хәкім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды.
Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,
Сүйек басы жоғары шығып қалды.
Ескендір мұны көріп аз тұрады,
Хәкімді аулақ жерге шақырады.
- Таң қаларлық іс болды мұның өзі,
Мәнісін айтып берші, - деп сұрады.
- Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.
Сый сұрадың, бергені - бір қу сүйек,
Мұны көріп,алыңыз сіз де ғибрат!
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-013823

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG